Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы

Реферат, 13 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы– тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде.

Файлы: 1 файл

айнаш.doc

— 161.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

«Жұртым деп- жұмылып,

елім деп- езіліп қызмет ет»

                                 (Б.Момышұлы)

  

Елдік  пен  ерліктің киесіндей, батырлық  пен  батылдықтың  иесіндей, асылдық  пен  жасындықтың  үлгісіндей  аты  аңызға  айналған  баһадүр  батыр Бауыржан Момышұлы– тау тұлға. Ол кісінің  өмір  жолы, сұрапыл  соғыс  жылдарындағы  жанқиярлық  ерлігі, өжеттігі  мен  өрлігі, алғырлығы  мен  көрегендігі – біле білгенге  ұлы  тәрбие, үлкен  өнеге  мектебі. Батыр  Бауыржан Момышұлы  – алмас  қылыштай  өткір де  қайсар, дана да данышпан, шешен  әрі  ақын, «сөз  қадірін  өз  қадірі, өз  қадірі  ел  қадірі»  деп бағалаған  айбынды  азамат. Осынау  дара  тұлғаның  бүкіл  саналы  ғұмыры, ғибратқа  толы  істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген  сөздері, терең  мағыналы ойлары әркімнің  көкейінде.                                                                                                                        Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың  символы, көркем  бейнесі  іспетті. Батыр атамыз  Б.Момышұлы жеке  басы  ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен,  дарындылығымен,  жоғары  адамгершілік  қасиеттерімен  елеулі. Баукең – әлем   халқының  ортақ         перзенті  дәрежесіне  дейін  көтерілген  азамат. Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен танылған еді.Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды.

  Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық. «Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады.

  Бакең үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру.

  Бауыржан үйреткен тағлым - Ұлт ар - намысына, ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.

Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі ерекше қымбат. Шынында да ол ұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды. Ұлттық асыл қасиеттің қадірін бағалай алатын, терең түсінетін адам мұны біледі.

Ал, тарихи кесек тұлғалар тұғырында Б.Момышұлы өнегесі сол баға жетпес байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды. Адамдыққа тәрбиелейді. Алаштың аты аңызға айналған аяулы перзенті Б.Момышұлының асыл аруағына тағзым етіп, атын ардақтағанда біздің ойымызға оның елі үшін еткен ең ересен еңбегі, ең қасиетті еңбегі алдымен оралады.

  Б.Момышұлы жөнінде көркем дүние де көп жазылды. Мәселен, Баукең хақында көзі тірісінде - ақ жыр жазбаған ақын кемде-кем шығар.

Қазақтың қасиетті топырағы - Жуалы жұрты өз перзентіне тағзым етті.

Бауыржан аға ғибраты санаға сіңіп, көңіл көгіне жетті. Осы уақытқа дейін Бауыржанға таңдану басым да, оның болмысын ашу кем болды. Әрине оның өзіндік себебі бар еді. Кеңестік империя Момышұлын тек соғыс батыры, Москваны қорғаушы, қолбасшы ретінде ғана көргісі келді.

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі.

Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу

Зерттеудің мақсаты.

Жалпы ақынның өмір жолымен  тереңірек танысу. Сонымен қатар, «Ұшқан ұя» повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.

Зерттеудің міндеттері.

-  Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы туралы нақты мәліметтер беру;

- Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс – әрекетіне талдау жасау;

- Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері – соғыс тактикасына қосқан жаңалығының ерекшелігін талдау;

-  Батырдан қалған өсиеттері жөнінде айтылмаған дүниелерді көрсету;

-  Бауыржан Момышұлының дүниетанымындағы патриоттық сезімін анықтау;

Зерттеу әдістері.

 Жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім Өмірбаяны

 

 

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 ж) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

  Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің, 1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.

 

 

1.1 Бауыржан Момышұлының балалық шағы

 

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жеті жылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

 

 

1.2 Соғыс алдында

 

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте  ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық  атқару комитетінің жауапты хатшысы  ретінде қызмет атқарады. Аудандық  милицияда 6 айдай жұмыс істейді.

  1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.

  Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.

  1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.

  1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.

 

 

1.3 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары

 

1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының  нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.

  1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

  1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.

  1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.

  1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.

  Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

 

Москва үшін шайқас

  Москва түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.

  1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.

  Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады.

  Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.

  Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.

 

19 гвардиялық атқыштар полкінің  командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша  күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.

  Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.

  1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.

  Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.

  1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.

Информация о работе Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы