Бауыржан Момышұлы
Реферат, 17 Декабря 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.�Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
Файлы: 1 файл
Бауыржан Момышұлы 9в Айдана.pptx
— 239.50 Кб (Скачать файл)Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ
ауылында туған.
Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш
өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен
оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты
адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш
ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал
болатын. Имаш атасы қартайған кезінде
барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған.
Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында
ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған.
Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан
3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында
өседі.
1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына
түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл
сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы
жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен
бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті
үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына
оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев
деген кісі болатын. Жас баланың қатты
суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің
кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына
бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы
қағаз бойынша ақша алатындығын және сол
ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай
тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.
- Бауыржан
Момышұлы
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. - 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
- Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.
- 1936 жылы жаңадан
құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл
кезде рота командирі, полкштаб
ы бастығының көмекшісі болады. - 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы
қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына
1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты.
316 атқыштар дивизиясының жасақталуына
белсене атсалысып, сол дивизия құрамында
майданға аттанады.
1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк
командирі етіп тағайындайды.
1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық
дивизияның батальон, полк командирі,
соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның
командирі болады.
1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен
марапатталады.
1944 жылы денсаулығына байланысты
Алматы госпиталіне жіберіледі.
1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға
келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы
әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу
ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы
кейінрек "Соғыс психология" деген
атпен кітап болып басылды. Алғашында
тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек,
2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына
орай қазақ тілінде де жарық көрді.[3]
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық
ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери
шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше
рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен
алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол
кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып
жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі
жазушысы А.Бек«Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс»)
повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше
тілге аударылады.
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы
әскери академияның тыңдаушысы болады.
1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары
қызметін атқарады.
1952 жылы Кеңес Армиясы
Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери
академияны тәмамдайды.
1953 жылы академик Ван-Чон-Худың
басқаруымен келген Қытай делегациясымен
кездеседі.
Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери
академиясында сабақ береді. 1956 жылы
полковник атағымен отставкаға шыққан
cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс
табылмайды. Өмірбек Жолдасбеков Қазақ
Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына
жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық
болған көрінеді. Батыр енді толықтай
шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып,
өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына
арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір
шындығының негізіндегі тамашароманы мен әңгіме, повес
Бауыржан соғыс уақытында "Серігім",
"Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге",
"Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға",
"Ана тілін ардақта", "Досыма",
"Толғау" атты өлеңдер жазған.
1952-1956 жылы "Офицердің
күнделігі", "Бір түннің тарихы",
"Біздің семья" деген алғашқы кітаптары
жарық көрді.
- Соғыстан кейінгі жылдары
Бауыржан
Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның
шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында
Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің
реті келмейді, бірақ інісі Рауль Кастромен
кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады,
Куба әскерилерінің алдында дәріс оқиды.
Кубаға барған саяхаты жайында "Куба
әсерлері" атты кітап жазады. Бауыржан
Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че
Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.
1963 жылы Куба үкіметінен
бірнеше қайтара шақыру келгендіктен,
10 күндік сапармен барып келеді.
Кеңсайдағы Момышұлының бейіті
1982 жылы 10 маусымда
71 жасына қараған шағында Алматыда дүние
салады. "Кеңсай" зиратына қойылды.
- Кубаға сапары
2010 жылы
қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың
Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке
таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен
Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына
арнап режиссер Қалила Омаров түсірді
2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы
28 панфиловшылар саябағында совет-герман
соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан
Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты
жағдайда ашылды Жалпы биіктігі 6 метрлік
ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың
мүсіні қоладан құйылған.
2010 жылы Республика
бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына
арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
2010 жылы қыркүйек айында
Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар
жинағы жарыққа шықты.
2010 жылы 10 желтоқсан
күні Алматы қаласында Бауыржан Момышұлына
арналған ескерткіш ашылды.
- Батырдың 100 жылдығы
- Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы