Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы
Реферат, 13 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы– тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде.
Файлы: 1 файл
айнаш.doc
— 161.00 Кб (Скачать файл)
Тәрбие, тәртіп туралы:
- Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
- Тәртіпті – елдің ұлы.
- Тәртіпке бас иген құл болмайды,
- Тәртіпсіз ер болмайды.
- Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.
- Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.
- Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігі.
- Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.
- Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.
Отан, Ел туралы:
- Опасызда Отан жоқ.
- Отаның үшін отқа түс – күймейсің.
- Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.
- Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.
- Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.
- Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.
Қайрат, жігер туралы:
- Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.
- Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.
- Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.
- Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.
- Қайрат – қамал бұзады.
- Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі.
- Жігерлендіру дегеніміз – рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй.
Өлім мен өмір туралы:
- Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.
- Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ.
3 бөлім Бауыржан Момышұлының атына берілген нысандар
3.1 Қазақстанда батырдың атымен берілген қалалар мен көшелер
Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы даңғылы көшеге батырдың аты берілген.
Тараз қаласында Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауыржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген.
№45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған.
Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы бар.
Шымкент қаласында Бауыржан Момышұлы даңғылы батырмен есімімен аталған.
Алматы (№131), Шымкент (№42) және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттары да батырдың есімімен аталады
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылған.
3.2 Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары
1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз
айдан соң полковник шеніне көтеріледі. 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз»,«Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы жарлық шықты.Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеутүбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған
«Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды
3.3 Бауыржан Момышұлы туралы...
- Ел басына күн туса (фильм) - 1967 жылы режиссер Мажит Бегалин түсірген фильм.[1] Фильмде Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының аяулы перзенті Бауыржан Момышұлының жайында. Фильм 1941 жылда болған Мәскеу түбіндегі шайқас жайында баяндайды.
- Қазақфильм Ұлттық компаниясы «Қазақтың Бауыржаны» атты жаңа деректі фильм түсірді. 1942 жылы Мәскеу түбінде дивизия штабыңдағылар кеңес Одағының батыры атағына ұсынған болатын. Бірақ ол Алтын жұлдыз араға 48 жыл салып Баукең көз жұмған соң ұлы Бақытжан Момышұлына тапсырылды. Мынау сол тарихи сәт. Ерліктің жарты ғасыр еленбеуін тарихшылар Мәскеудің қитұрқы саясатынан көріп келген еді. Бірақ мұрағаттан табылған жаңа деректер бұл жорамалға керағар болып шықты.
- 14 қазан. ҚазАқпарат - Желтоқсан айында «Бауыржан Момышұлы» көркем фильмінің бірінші бөлімі «Хабар» телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлады телеарнаның ресми порталы.«Режиссер Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлы туралы көркем фильм түсіруде. Авторлар көрермен назарына Кеңес Одағы батырының генерал Панфиловпен танысып, батальон командирі болған кезіне дейінгі тарихи өмір жолын ұсынбақ», - делінген хабарламада.Фильм сюжеті Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесі негізінде өрбиді. «Волоколамск тас жолының» жазылуына Бауыржан Момышұлының өзі тікелей қатысқандығы белгілі. Сондықтан да, менің ойымша, фильмде барынша шынайы тарих ұсынылатын болады», - деді режиссер.Басты рөлде М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актері Еркебұлан Дайыров ойнайды. Ал Б.Момышұлының әйелінің рөлін еліміздегі танымал актриса Әсел Сағатова сомдаса, генерал Панфиловтың рөліне Виктор Ашанин бекітілген.
- Бақытжан Момышұлының «Восхождение к отцу» кітабындағы Бауыржанның парыз туралы айтқан ойлары терең тамырлы дәлелдерімен назар аудартады
- Биыл қазақ халқының қаһарман ұлы, Кеңес Одағының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының туғанына - 100 жыл толады. Бәукеңнің сонау сойқанды Отан соғысы жылдары көрсеткен қаһармандық ерліктері жайлы, аз жазылған жоқ. Әлі де жазылады. Батыр атамыздың өмірде біз бен сіз білмеген ерек қасиеттерін, келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» роман-эссесінен оқып білген едік. Ата аманатына- адал Зейнеп апайды қалың қазақ ұрпақ тәліміне тер көккен ұлағатты ұстаз ретінде таниды. Мына репортажымыз - Момышұлы әулетінің ардақты анасы Зейнеп Бауыржанкеліні туралы.
- Зейнеп Ахметова қарапайым отбасынан шыққандықтан болар, өзі жайлы жарнамалауды жақтырмайтынын аңғартты. Мені он орап алатын қазақ әйелдері жетеді ғой, менің артықшылығым тек Бауыржан Момышұлының келінімін. Соның өзі жетіп жатыр,- дейді. Зейнеп апай қазір Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы қарсаңында бұрын жарияланбаған суреттерден құрастырылған жаңа альбомды бастырып шығарғанын көрсетті. Енді кеңес заманында жарық көрген «Шуақты күндер» кітабына кеңестік цензураның кесірінен енбей қалған тұстарын бір кітап қылып баспаға дайындап қойыпты. Тек әзірге оны бастыруға- қолы қысқа.
Қорытынды
Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ
халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери
адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның
еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына
сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын
көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес МОМЫШҰЛЫ болатын.
Қазірге кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және
құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың
атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен
аталатын мектеп пен көше бар. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған
«Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының
100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері
өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған,
бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгер әріптестері Мәлік
Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.
Б. Момышұлының өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»
(1976) роман-диалогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы, «Ел
басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва акад. драма театры
Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.
Қорыта келгенде, халық педагогикасының асыл мұраларын кеңінен қолданып, әрбір ұлттық салт-дәстүрлермен сабақтастырып отырсақ, жас ұрпақтың рухани байлығы арта түсер деген сенімдемін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Момышұлы Б. Музей апа. Т.6: (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер, 2009.- 248б.-
2. Момышұлы Б. Соғыс қателікті кешірмейді. Т.14: (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер,
2009.- 304б.- (Үркер). қазақ, орыс тілінде.
3. Момышұлы Б. Ұшқан ұя: повесть, әңгіме, нақылдар/ құраст. Н.Ақбай.- Алматы: Атамұра, 2003.- 240
б.- (Атамұра кітапханасы).
4. Момышұлы Б. Ұшқан ұя: шығармалар.- Алматы: Санат, 2005.- 224 б.
5. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Курляндия майданы: романдар.- Алматы: Ан Арыс, 2010.- 320б.- (Алтын
Қалам).
6. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Т.1: көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2008.- 248б.- (Үркер).
7. Момышұлы, Б.Шежіре. Т.26: көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2010.- 200б.- (Үркер).
8.. Момышұлы Б. Шығармалар. Екі томдық. Т.1.- Алматы: Жазушы, 1968.-322с.
9. Момышұлы Б. Шығармалар. Екі томдық. Т.2.- Алматы: Жазушы, 1968.- 265 б.
10. Момышұлы Б. Шындығын айтқанда. Т.15: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.-
Алматы: Өнер, 2009.- 340б.- (Үркер). қазақ, орыс тіліндерінде.
11. Бектасова Г.А Бауыржан - қазақтың рухы // Түркістан.- 2010.- 5 тамыз (№31) - 1, 3 б.
12. Бектасова Г. Ұлтын сүйген ұлы адам: Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған ғылыми конференция // Түркістан.- 2010.- 4 қараша.- Б.11.
13. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының хаты. Қазақ тілі туралы пікір: Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Абдыхалықов жолдасқа //
Саясат.- 2005.- №9.- 5-7 б.
14. Ғаббасова С.Х. Бауыржан Момышұлы: ана тілі және ұлттық тәрбие // Психология в школе.- 2007.-
15. Сманқызы Р. Баукең тілдің де жанашыры еді // ана тілі.- 2010.- 22-28 сәуір.- 4 б.
16. Шағатай Ж. Бауыржан - қазақтың ар-намысы: Жамбыл жерінде Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті // Түркістан.- 2010.-
№39, 30 қыркүйек.- 1, 9 б.
17. Тұрысов Е.Таңғы елес: Бауыржан аға және оның жел қанатты тұлпары жайлы әңгіме // Ана тілі:
Ұлт газеті.- 2010.- №51, 23-28 желтоқсан.- 6-7 б.
18. Түймебаев Ж. Тау тұлғалы батыр Баукең // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 7-13 мамыр.- 4 б.
19. http://kk.wikipedia.org/wiki/
20. http://lib.enu.kz/wp-content/
21. http://kaz2.docdat.com/docs/