Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 20:53, курсовая работа

Описание работы

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады.

Файлы: 1 файл

курсовой психология.docx

— 104.57 Кб (Скачать файл)

І. Кіріспе

      Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

    Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға  тәрбиешінің берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; баланың кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты

 

тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу –жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.

      Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.            «Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатар  интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: «Сен ненің суретін салдың? деп баланы ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (Бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.

 

         І. Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері

     Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

           Ерекше жаратылыс иесі адамдардың  ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.  
Қабілеттің дамып, қалыптасу үрдісі әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.

 

ІІ. Шығармашылық қабілеттерді дамытуға әсер ететін факторлар

       Шығармашылықтың қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағышығармашылық қабілеті ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір

 

жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.  
Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ. 
     Қабілеттілікті  жіктеу:

  1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
  2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.

Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.

       Шығармашылық қабілеттің дамуындағы нышандар. Қандай бір қабіле ттің  нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі», - деп тұжырым жасайды. Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.

      Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл  тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

 

ІІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

        Жаңа «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

 

     «Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.

      «Шығармашылық» білім саласының базалық мазмұны:

-          сурет салу;

-          мүсіндеу;

-          жапсыру;

-          музыка.

     Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі.

 

 

 

 

 

 



 

 



 


 

                    1. Сызба

 

   Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:

- эстетикалық талғамы  бар, оны балаларға қабілетті;

- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;

- өзінің шығармашылық  қабілетін қандай да бір іс  – әрекет аясында көрсетеді;

- әр баланың шығармашылық  әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.

       Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

- баланың өзінің шығармашылық  ойын еркін білдіруге мүмкіндік  беру;

- баланы нәтижелі, бейнелеу  іс – әрекеттеріне жағдай жасау;

- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға   

  ынталандыру;

-табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;

-қазақ және басқа да  халықтардың әдеби, музыкалық және  халық ауыз әдебиеті шығармаларын  тыңдау;

-жетістікке жету жағдайын жасау; баланың қабілеті мен бейімін зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау.

      Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

Информация о работе Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері