Ұйым элементтері және басқару үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 13:49, лекция

Описание работы

Менеджер жұмысындағы жалпы факторлар. Менеджерлердің негізгі басқарушылық ролдері. Төменгі, орта, жоғары сатындағы менеджерлер. Менеджменттің маңызы, оның дәйектері, әдістемесі, менеджмент саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері, плюарлизм дәйегі.Ұйым, ұйымның негізгі сипаттамалары, түрлері, көлденеңнен және тігінен еңбек бөлінісі, ұйымның жетістігі.Басқару ойларының дамуын сипаттау. 1990 жылға дейінгі басқару және ұйымдар: ежелгі ұйымдар; басқарудың дамуы ғылыми пән ретінде. Менеджмент мектептері: ғылыми басқару мектебі, әкімшілдік мектебі, ,, адамдар қатынасы ” мектебі.Менеджментке қазіргі кездегі көзқарастар. Қазақстандағы менеджменттің проблемалары, міндеттері.

Файлы: 1 файл

Д-ріс №1. Менеджмент -ылым ретінде. Бас-ару ойыны- эволюциясы (1).doc

— 934.50 Кб (Скачать файл)

Стратегиялық жоспарлау процесі. Ұйымның басты міндеті құрылады – миссия ұйым мақсаты.

Сыртқы ортаны талдау және бағалау  ұйымның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу. Стратегиялық альтернативаны оқу, стратегияны таңдау, стратегияны жүзеге асыру, стратегияға баға беру.

Бақылау сұрақтары:

                                       Стратегияны жоспарлау.

  1. Стратегияның мәні
  2. Жоспарлау және ұйымның жетістігі немесе табысы
  3. Ұйым мақсаты
  4. Стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру
  5. Стратегиялық жоспарға баға беру
  6. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды басқару.

Әдебиеттер:

Ахметов А. А Менеджмент негіздері. – Алматы 2005

Бердалиев К.Б. и др. Основы менеджмента. – Алматы:  КазГАУ, 1995

Виханский О.С., Наумов Л.И. Менеджмент. — М.: Гардарина, 1996.

Мескон М.Х. и др. Основы менеджмента /Пер.с англ. — М.: Дело, 1992.

 

 

 

Дәріс №7

Менеджменттегі мотивация

Дәрістің мақсаты: Қазіргі замандағы мотивация теорияларымен танысу

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Мотивация түсінігіне анықтама беру..

2. Мотивацияның мазмұнды теориялары 

3. Мотивацияның процессуалды теориялары 

Тақырыптың қысқаша  мазмұны

Мотивация - өзін және басқаларды ұйымның мақсатына жетуге ояту және ынталандыру процесі. Мотивация әдістері: 1. қамшы және пряник әдісі. Қамшы мен сабаған және пряникпен ынталандыру. 2. еңбек ақыәдісі. Капитализм кезінде ұсынған. 3. Нормативтер негізінде еңбек ақы төлеу 4. адамдар қатынасы әдісі.

 Мазмұнды теориясы – бұл  теория бойынша адамдар әрекеті  біріншіден олардың қажеттіліктермен сол қажеттіліктерді қанағаттандырумен анықтады.

Мотивацияның мазмұнды теориясы үш негізгі ғылыми теоияға бөлінеді және негізделеді. 1. Маслау бойынша  қажеттілік теориясы 2. Маклеланд теориясы  3. Герцбергтің екі факторлы теориясы. Маслоу американ зерттеушісі. Ол адамдарға байланысты қажеттіліктің 5 негізгі деңгейін айқындап көрсетті.

Жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер  төменгі деңгейдегі барлық қажеттіліктерді  қанағаттандырылғаннан кейін маңызды  болады.

  1. Ең төменгі деңгей физиологиялық қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерге адамдар күнделіктітағамға, суға, ауаға қажеттілігі жатады.
  2. Қауіпсіздікке деген қажеттілік
  3. Қарым – қатынасқа немесе әлеуметтік қажеттіліктер
  4. Қоршаған ортаның тұлғаны сыйлауды деген қажеттіліктер
  5. Алға қойған мақсатқа жетуде өзін - өзі толығымен қолдана алу қажеттілігі.

Маклеланд теориясы Маслоу теориясын  толықтырған және үш негізгі қажеттіліктерді  айқындап көрсеткен:

1.Билікке деген қажеттілік, яғни  адамдар әрекетіне әсер ету  ниеті.

2.Табысқа қажеттілік, яғни белгілі  бір деңгейде тәуекелге бастіге отырып табысқа жету ниеті.

3.Қатынасу қажеттілігі, яғни  қатынас жасау сөйлесу және  тағы басқа ниет ету.

Герцбергтің екі факторлы теориясы. Герцберг қажеттіліктерді екіге  бөледі:

  1. Гигиеналық 2. мативация

Гигиеналық факторға фирма саясаты, жұмыс жағдайы, еңбек ақы, жеке тұлға арасындағы қатынас бақылау дәрежесі жатады. Мотивация табыс, қызмет бойынша жоғарлау, жауапкершілік шешімдерді қолдау, іскерлік және творчестволық өсу. Гигиеналық факторлар сыртқы ортамен байланысты мотивация жұмыстың мәнімен мінезімен анықталады. Гигиеналық факторлардың болмауы немесе жеткіліксіз болуы адамның жұмысқа деген қанағатсыздық тудырады.Бірақта олардың жеткілікті болуы жұмыста қанағаттануы толығымен қамтамасыз етпеді.

Процесуалды теориясы – бұл теория адамдарәрекеті тек қажеттілікпен ғана емес сонымен қатар басқа да ситуациялық фактормен анықталады.

Процесуалды теорияға келесі теориялар  енеді: 1. виктор Бруманның күту теориясы. 2.Әділдік теориясы 3. Портер лоулер моделі

Виктор Броуманның күту теоиясы 60 жылдардың басында паида болған. Ол адамдардың әрекетін қажеттіліктерімен қатар жағдайлардың орындалуынан пайда болатын табысты күтуден анықтауды көрсетті. Виктор Броуманның 3 негізгі бағытын айқындады :

  1. Уәде етілген сый ақынның құндылығы қандай.
  2. Тапсырылған міндетті орындағаннан кейін уәде етілген сый ақынның нақты төлену ықтималдығы.
  3. Белгілі бір шығындардың жұмсалуының әкелу ықтималдығы қандай

Әділдік теориясы адамдар әрекеті  қажеттіліктерімен қатар субъективті  бағалаумен түсіндіріледі. Кез келген адам алған сый ақысын жіберген мүмкіндіктермен салыстырады. Осы салыстыру арқылы мына үш шешімге келеді:

  1. Мені артық бағалайды
  2. Мені әділ бағалайды
  3. Мені дұрыс бағаламайды.

Портер Лоулер моделі мотивация  қажеттілік күту жұмысшылардың әділ функциясы болып табылады және осыған негізделеді. Портер Лоулер моделі бойынша еңбек шешімі қажеттілікті қанағаттандылықты жалғастырады.                                                         

Бақылау сұрақтары:

1. Мотивацияның мазмұнды теорияларын атаңыз?

2.. Мотивацияның процессуалды теориялары атаңыз?.

3. Мотивация және компенсация?

Әдебиеттер:

Ахметов А. А Менеджмент негіздері. – Алматы 2005

Бердалиев К.Б. и др. Основы менеджмента. – Алматы:  КазГАУ, 1995

Виханский О.С., Наумов Л.И. Менеджмент. — М.: Гардарина, 1996.

Мескон М.Х. и др. Основы менеджмента /Пер.с англ. — М.: Дело, 1992.

Дәріс №8

Менеджменттегі бақылау

Дәрістің мақсаты: Қазіргі замандағы мотивация теорияларымен танысу

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1.Бақылау және оның түрлері.

2. Бақылау процесі

Тақырыптың қысқаша мазмұны

 

Бақылау – бұл ұйымның мақсатына жетуді қамтамасыз етуші процес. Пайда болған мәселелерді алдын ала шешу үшін қажет және табысты қызметті ынталандыру үшін қолданылады. Бақылау бұл маңызды және күрделі басқару функциясы. Бақылау басқару процесінің негізгі елементі жоспарлауды ұйымдардың құрылымын құруды. Мотивацияны бақылаудан толығымен бөлек салып қарастыруға болмайды. Бұл жағдай бақылаудың негізгі 3 түрімен танысқаннан кейін түсінікті болады.

Бақылау түрлері: 1. Алдын ала бақылау 2. Ағымдағы бақылау 3. Қорытынды бақылау.

Бақылаудың бұл түрлері жүзеге асыру формасы бойынша бір  ғана мақсаты алдына қояды. Нақты  алған шешімдердің талап етілетін шешімдерге жақындығын қажет етеді. Бақылау түрлері жүзеге асырылу  уақытына сәйкес бөлінеді, алдын ала  бақылау жұмыстың нақты бастауына дейін, ағымдағы бақылау жұмыс жүргізіліп жатқан уақытта жүргізіледі. Қорытынды бақылау аяқталғаннан кейін алдын ала бақылау еңбек, материал және қаржы ресурстарыта қатысты жүргізіледі. Бақылау процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады: 1.Алдын ала бақылау 2. Нақты шешімдермен салыстыру 3. Қажетті түзетуші объектерді қабылдау.

Тиімді бақылау мінездемесі. Бақылау  тиімділігін анықтайтын фактор бұл  адам әрекеті.

Бақылау өзінің маңызды міндетін орындату үшін келесі белгілері болуы керек. 1.Бақылаудың стратегияға бағытталығы 2. Уақыттылығы 3. Икемділігі 4.Қарапайымдылығы 5. Нақты шешімдерге бағытталуы  6. Іске байланыстылығы 7. Үнемділігі 8. Ұйым жұмысын шет ел нарығына жүзеге асыра, бақылау функциясы қосымша күрдерірек дәрежесіне ие болады. Бұл кезде бақылау халықаралық масштабта жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:....

 

1. Бақылау мәні?

2. Бақылау түрлері?

3.бақылау принциптері ?.

Әдебиеттер:

Ахметов А. А Менеджмент негіздері. – Алматы 2005

Бердалиев К.Б. и др. Основы менеджмента. – Алматы:  КазГАУ, 1995

Виханский О.С., Наумов Л.И. Менеджмент. — М.: Гардарина, 1996.

Мескон М.Х. и  др. Основы менеджмента /Пер.с англ. — М.: Дело, 1992.

3 БӨЛІМ

Маркетинг ұғымы және тұжырымдамасы

 

Дәріс №9

Маркетингтің  теориясы және тұжырымдамалары

Дәрістің  мақсаты: Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары түсіну

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы.

2. Маркетинг тұжырымдамалары.

3. Маркетингтің түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары.

4. Маркетингтің қағидалары және қызметтері.

5. Маркетингтің негізгі мақсаттары.

6. Қазақстандағы маркетингтің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.

 

Тақырыптың қысқаша  мазмұны

Маркетинг ірі ауқымды өндіріс  қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен  жағдайларында өндірісті басқару  және өнімді өткізу әдісі ретінде  ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Еуропа елдерінде пайдаланыла бастағанына бір ғасырдан асты. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылыми тұрғыдан негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, 70-жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады.

«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан, ал «инг»  жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді  сипаттайды. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.

Менеджменттің әйгілі маманы Питер  Друкердің ұйғарымы бойынша: «Бизнес  мақсатының тек бір ғана дұрыс анықтамасы бар, ол – тұтынушыны жасау. Фирманың болашағы мен табыстылығы үшін тұтынушы оның тауары туралы не ойлайды, тауар құндылығы деп нені есептейді, осының барлығы бизнестің мәнін анықтап, түпкілікті маңызын білдіреді, фирманың табысқа жету жолын айқындайды (2,37-б).

Маркетинг – бұл ұйымдағы әрбір  қызметкердің ойлауын түбегейлі  өзгертуді талап ететін бизнес философиясы.  Осы тұжырымдамадағы маркетингтің мәнін терең түсінбегендіктен отандық  компания басшылары, қызметкерлері  көп қателеседі. Олар маркетинг бөлімін құрумен, өткізуді нығайтумен, жарнама кампанияларын өткізумен, немесе ақпараттық проспектілерді жаңартумен ғана шектеледі. Мұндай компаниялар маркетингтен гөрі өткізуге бағдарланған болып табылады.

ьМаркетинг жүйесінде нарық – нақты және әлуетті (потенциалды) тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты тауарды сатып алу мүмкіндігі және қажеттіліктері бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру болып табылады.

Практикалық маркетингте «нарық» категориясының нақты сипаты бар және оның параметрлерін сандық түрде өлшеуге болады.

Тауар – маркетингтік бүкіл іс-әрекеттің  қозғаушы күші, оған байланысты маркетингтің саясаты мен стратегиясы жасалады. Тауарға маркетингтік тұрғыдан қарау ең алдымен оның тұтыну ерекшелігімен нақты бір қажеттілікті қанағаттандыратын мүмкіндігін ескеруді керек етеді.

Тауар – бұл адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және айырбасқа түсетін өнім. Тауарлар материалды (шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар, азық-түлік) және материалды емес (қызмет, идеялар) сипатта болады.

Тауардың пайдалылығы және оны  жасаушылардың барлық жұмсалған  күш-жігері маркетинг теориясында  маңызды орын алатын айырбас барысында  айқындалады.

Айырбас – өндірушілер мен тұтынушылардың арасында баламалы (эквивалентті) негізде жүзеге асырылатын қоғамдық байланыс түрі.  Айырбасқа екі немесе одан да көп жақтың  қатысуы керек, олардың әрқайсысында құндылығы бар тауар және сонымен қатар айырбасқа түсу ниеті болуы тиіс. Екі немесе одан да көп жақтың тауармен айырбас жасауы трансакция немесе мәміле деп аталады.

Мәміле – белгіленген шартқа байланысты тауар мен қызметті (жеткізу) іске асыру үшін екі немесе бірнеше жақтардың өзара келісімі. Мәміленің екі түрі бар: біріншісі ақшалай, мұнда тауарлар ақшаға айырбасталады, екіншісі бартерлік, ол ақша қаражаттарынсыз тек тікелей тауар айырбасы негізінде жүзеге асырылады. Бартерлік мәмілелер толық дамымаған нарықтарға тән. Қазақстан Республикасының  нарыққа көшуінің алғашқы кезеңінде экономикалық дағдарыс, кәсіпорындардың ақшалай қаражатының жоқтығына немесе жетіспеушілігіне байланысты бартерлік мәмілелер экономикада елеулі рөл атқарды.

Маркетинг жүйесінде сұранысты  зерттеу – нарықты кешенді  зерттеудің басты кезеңі, ол нарықтың жалпылама сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Фирманың нарықтағы табысты жұмысы тауарға сұраныстың сипатын және күйін мұқият анықтаумен, оның өзгеру тенденцияларын білумен тығыз байланысты болады.

Сұраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс адамның қажеттілігін ғана емес, ең бастысы оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерін де білдіреді.

Сұраныстың екі деңгейі бар: жалпы нарықтағы (немесе ғаламды) сұраныс және фирма өніміне (не маркасына) сұраныс.

Информация о работе Ұйым элементтері және басқару үрдісі