Қазақ ұлттық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2014 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы
1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.
Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
Қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі.
ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.docx

— 80.05 Кб (Скачать файл)

   Қ.Р. Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы» (1966), «Развитие психологический мысли в Казахстане» (1968), «Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық ой-пікірлері» (1998) еңбектері арқылы Қазақстандағы психологиялық  ой-пікірдің дамуын, оның әр-түрлі тарихи  кезеңін  тереңнен тартып талдайды. Осы жоғарыдағы еңбектердің барлығында да Құбығұл Бозайұлы сан ғасырлық  тарихы бар, қазақ халқының көне заманнан бергі тәлім-тәрбиесін, психологиялық және педагогикалық  оқу-ағарту туралы ой-пікірдің қалыптасу бағыттарын сараптап, бүгінгі өмірдің  талаптарына  сәйкес зерттеп, жазды.

   Қ.Жарықбаевтың ғылыми- ізденіс бағыттарының негізі- ағартушылықты: тәрбие, оқу-ағарту, білім беруді, оның  ішінде  психологиялық ілімді  зерттеуді өзінің биік  межесі  етіп ұстаған. Ғалым- жаңа рухта  жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез-құлық қалыптастыру  қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде  іске асырып қоймай, бұл мәселелерді  теориялық тұрғыдан да терең  зерттеген.

  2003 жылы «Қазақ психологиясының  дамуы мен қалыптасуы» туралы  психология  ғылымының докторы  дәрежесін алу үшін дессертация  қорғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                          

   

 

  

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасы