Қазақ ұлттық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2014 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы
1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.
Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
Қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі.
ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.docx

— 80.05 Кб (Скачать файл)

   Ол өмірінің алғашқы  жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды:                                                                                                                                  Адамдық диқаншысы –қырға шықтым,                                                                                                                             Көлі жоқ, көгалы жоқ- құрға шықтым.                                                                                                     Тұқымын, адамдықтың шаштым, ектім,                                                                                                       Көңілін көтеруге бұл халықтың-деп  бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер-білімге, мәдениетке жетектеді.

  Бұл тұста 1890 жылдар  үстінде  Ахмет Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқын өзге де қазақ азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарады. Сол жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырады. Осы кезеңде қазақтарды оқыту Ахметтің ой-түюінше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы –деп  түсінеді. Байтұрсыновтың осындай мақсаттарды көздеп, саяси-көзқарастарын шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1897 жылдар кезеңімен байланысты. Осы жылдары оның айналасаына қазақ зиялылары топтала бастайды.

   Байтұрсынов 1907-1917 жылдар  арасында Орынборға  жер аударылып сонда тұрған жылдарында ғалым, білімге  бұрынғыдан да терең үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиет, өнері, тарихы, мәдениеті туралы өрен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз әдебиетін-эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылыми- зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.

   Ахмет Байтұрсыновтың  қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына  сәуле құюға байланысты жасап  жүрген еңбектері  елге тарай  бастайды. 1913- 1918 жылдар арасында  бейресми газет «Қазақ» газетінің  редакторы болып жұмыс істеген  жылдарында –газет бетінде  халықты  оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке  шақырған ойларын  газет бетіне  ашық жариялағанды.

   Қазақтарды надандық  шырмауынан  шығарудың бірден-бір  жолы ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту  жұмысымен айналысу деп түсінген  Байтұрсынов бұл пікірін «Қазақ»  газетін жариялауға ұдайы ұмтылыс  жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін күреске шақырып, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағын оятайын, ойландырайын- деген мақсат көздейді.

    Сары маса болып  ызыңдаған өзі екенін, Ахмет Байтұрсынов, 1909 жылы Петербургте басылған  «Қырық мысал» атты еңбегінде  « Малшы мен Мысал» туындысында  жасырмай ашық айтады.

   «Айқын» журналы  мен «Қазақ» газеті бетінде  көптен көтеріп жүрген, елдің  санасына  көтеруден бұрын, сауат  ашар «Әліп-би» тіл құралын  жазу үшін графика және қазақ  тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен  Байтұрсынов 20 жылдар еркін айналысады. Ол әуел баста араб графикасына  бейіл береді. Дәл осындай құралдың  ересектер үшін де аса қажет  екенін ескеріп «Әліпбиді» жазады,  бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейден басылып шыққан. Ал «Тәл құралы» 1914 жылдан бастап  жариялана бастайды.

   Ахмет Байтұрсыновтың  ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз-өзінен  бұрынғы үш ғұламаның Абайдың  ақындығын, Ыбырайдың ағартушылығын, Шоқанның ғылымдығын, оны бір  өзі таңдап алғандай.  Байтұрсыновтың  бойынан осы үш қасиет бірдей  табылған. Өлеңін, ақындық шеберлігін Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты шенейді, саналылыққа ел болып бірігуге шақырады.                                                 Бұл неткен жұрт ұйқышыл,                                                                                                                     Болсын кедей, болсын бай,                                                                                                    Жатыр бейқам жым-жырт жай –десе, енді бірде                                                                                                                                Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,                                                                                        Адалдық, алтыбақан, дертпен кірдік,                                                                                                           Жан-жақты жаратқанға күзеттіріп,                                                                                                  Жақынмен ырылдасып, иттей үрдік –деп сол кездегі шындықты жарлайды.

   Қаршадайынан елім-деп  езіліп, халқым –деп қайғы жеген  Ахмет Байтұрсыновты- азап пен  тозақтың бәрін басынан кешірген, ақыры қаратүнек надандықтың  құрбаны болған, оның өнер, білім, оқу- тәрбие, тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа  сақталып, ұлы адамның  аты –әр  адамның, бүкіл жұрттың жүрегінде  мәңгі сақталары даусыз.

 

 

 

    1. Мағжан Жұмабаев –ағартушы педагог

(1893-1938)

   Мағжан Жұмабаев- қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз бақытын  құрбандыққа шалғандардың бірі.  Қынаптағы семсердей, халқының игілігіне  не істеуге жұмсада даяр болған.  Ол ұлтының патриот ақыны, оның  ерекше ұлт жандылығы, жастарды  патриоттық сезімге тәрбиелеудің  үлгісі болды. Ол бір жағы ұстаздары, бір жағы әріптестері Ахмет  Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов біреуі тіл маманына айналысып кетсе, біреуі бір қолымен роман, бір қолымен есеп оқулығын жазса, Мағжан ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстіне оқу-әдістемелік құралдарын жазған. Ал, ақынның «педагогика» кітабы, айтарға жоқ, қазақ баласын тәрбиелеуде күні бігінге дейін мұғалім, жалпы қазақ қауымы үшін таптырмайтын үлгі, тұңғыш қолтума оқулық.

   Мағжан Жұмабаевтың  «Педагогика» оқулығы- әрі оқулық, әрі әдістемелік тұрғыда, автордың  көзінің тірісінде екі мәрте  жарық көрген. Бірі 1922 жылы Орынборда, екіншісі 1923 жылы Ташкент қаласында  басылған.

   Мағжанның «Педагогика»  кітабы он бес бөлімнен тұрады. Онда рухани жан тәрбие мен  дене тәрбиесі жан-жақты терең  қамтылған Жұмабаев кітабының  Орынборда шыққан нұсқасына М. Жоодыбаевтың қазаққа «Педагогика»  кітабы қажетті де ғажап дүние, тұңғыш оқулық деуінің маңызы үлкен.  Мағжанның пайымдауынша бұл кітап, баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй-тәй басқан әр қадамына, елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады-деп толғануы ғажап пікір, нағыз педагогикалық толғаныс таза шешім.

   Кітапта тәрбие  деген не?- деп сұрақ қойып анықтама  беріледі. Педагогиканың қандай  пән екеніне түсінік беріле  отырып, жалпы педагогика оның  ішінде дене тәрбиесіне жан-жақты  талдау жасалады. Тәрбие бөлімдері  туралыда нақты әдістемелік материалдар  бар. М. Жұмабаев балалар әдебиетінің  классигі мысалы әртүрлі эпостар, балаларға арналған фольклорлық  туындылардың авторы. Ең бастысы  баланы бесіктен еңбекке тәрбиелеудің  негізін салған ұстаз- жазушы. Мағжан  туындылары бала тәрбиесінің  таптырмас құралы, әдістемелік түп  нұсқасы, қолтума дүние деуге  әбден болады.

 

 

Жүсіпбек Аймауытов- жантанушы

(1889-1931)

   Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар  уезіндегі Қызылту болысының  Бірінші ауылында  өмірге келген. Жастайынан білімге құштар болып, алдымен ауылдағы  молладан, кейін  Баянда, содан соң қалада дәріс  алған. 1914 жылы Семей қаласындағы  мұғалімдер семинариясына түседі  де, оны 1919 жылы бітіріп шығады. Сауатты  жас азамат сол ХХ ғасырдың  бас кезіндегі  үлкен-үлкен саяси-экономикалық  өзгерістер мен төңкерістерді  тек газет бетінен оқып қоймай, оларға тікелей қатысады. Халықтың  өркендеуін жеделдетуге қатысқысы  келді, өзі байқаған дағдарыстардан  шығу жолдарын да іздеді. Елеулі екі үлкен романы- «Қартқожақ» пен «Ақбілегі» оған куә бола алады. Күрескер, жазушы, ақын, драматург Жүсіпбекті біз қазақ философиялық ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз. Оның шығармашылық мұрасы- философиялық толғауы терең рухани қазынамыз: қазақ болмысы, ұлтаралық қатынастар, дала шаруасының санасы, әйел теңдігі, адамгершілік нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі кезеңдегі билік нысаны сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем әдебиет құралы мен тілі арқылы сөз болды, өзіндік шешім тапты. Ал «Психология» аталатын оқулығы осы күнге шейін маңызын жойған жоқ.

   Абайдан сусындаған, оның жан-жақты да күрделі дүниетанымын  өз заманына өте жақсы түсінген, ұлы абайтанушы М. Әуезовпен көп  мәселелерді түсінуде терезесі  тең Жүсіпбек өзінің  шығармашылығы  мен қоғамдық қызметін,  Абай  өсиетін жүзеге асыруға қолынан  келген бар мүмкіншіліктерін  өмірінің ең соңғы  күндеріне  дейін  аянбай қолданады.

   Абайды өзінің  бас ұстазы санаған Жүсіпбек  ұлы ақын тағылымының қазақ  елінің ертеңі үшін әлі де  берері көп  екенін жақсы түсінген. Абайдың шығармалары мен асыл  сөздерінен алған  сабағын былай түсіндіреді: « Ақынды дана, рахымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді.  Қазақтың әдебиетіне жан берген: сөздің сырын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. « Өнер тап, оқы, харекет  қыл, тәрбие ал, ынсапты адам бол», -деп қақсап өткен Абай еді. «Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет»,- деген Абай болатын. Өмір жолында  Абайдың айтпағаны аз. Ақыл білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда, Абай –қазақтан шыққан философ данышпан».

  

Тәжібаев Төлеген- қазақтың тұңғыш психолог- ғалымы, академк.

(1910-1964)

   1910 жылы ОҚО, Арыс ауданы, 9-ауылда туған. 1928 жылы Шымкенттегі Педагогикалық техникумды, 1935 жылы Москвадағы Н.К.Крупская  атындағы Коммунистік  тәрбие академиясын  бітірді. Еңбек жылын 1938жылы Абай атындағы  педагогикалық институтының  педагогика және кафедра меңгерушісі қызметінен бастаған Тәжібаев, одан кейінгі мерзімдерде Халық ағарту комиссиясының 1-орынбасары, Халық ағарту комиссары қызметтерінде болды.  1944 жылдан бастап  Қазақ ССР сыртқы істер Министрі, Қазақтың  әл-Фараби атындағы  мемлекеттік  ұлттық университетінің  ректоры және қазақ ССР  министрлер советі председателінің  орынбасары болды.

   1957-1961  жылы Үндістандағы  СССР  елшілігінің кеңесті өкілі  болды. Ал, 1961 жылдан аль-Фараби атындағы  ұлттық университетінің  педагогика  және  психология кафедрасының  профессоры және меңгерушісі қызметін атқарады.

  1938 жылы педагогика  ғылымының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болды.  1954 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының академигі  Т. Тәжібаев Қазақ ССР педагогика қоғамының президенті, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы т.б. қоғамдық жұмыстар атқарады.

   Т. Тәжібаев жауапты, қоғамдық, мемлекеттік қызметтер  атқарумен бірге зор ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізді. Оның К.Д. Ушинскийдің  психологиялық көзқарасы туралы  зерттеулерінің зор ғылыми маңызы  болды. Ол жас ғалым-психологтарда  көп еңбек сіңірді. Тәжібаев Қазақстандағы  педагогикалық ой-пікірдің дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан  саналады.

 

Жарықбаев Құбығұл-Қазақстанның көрнекті психологы (1929)

  Әл-Фараби атындағы  Қазақтың Ұлттық Университетінің  профессоры, педагогика ғылымының  докторы  Қ.Б. Жарықбаевтың  тәрбие тағылымы мол адам. Жүсіпбек  Аймауытовтың сөзімен айтқанда  «Тәрбиелі адам, демек иманды адам, ол білімін өз орнына, игілікке,  адамзаттың гүлденуіне жұмсайды»,-деген екен.  1946 жылы Ақтөбе оқытушылар  педагогика институтын бітірген балаң жігіт  Құбығұл Бозайұлының ойына Жүсіпбек Аймауытовтың  осы бір тәрбие туралы ғұламалық даналығы, аталық сөзі кірмегенде шығар, немесе елес берді ме оны сол кезден бастаған тәрбие туралы талпыныс пен білім алу туралы үлкен ұмтылыс, зор арман Алға қазақ орта мектебінде ұстаздық жылы алғаш Төлеген Тәжібаев ұйымдастырған әл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық Университетінің «Логика және психология» бөлімін бітіріп шықты. 1951-1977 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, және Шымкент педагогикалық институтында доцент, психология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1977 жылдан бері әл-Фараби атындағы  ұлттық униветситеттің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі кейінгі жылдары «Этнопсихология және педагогикалық психология» кафедрасының  профессоры болып қызмет атқарып жүр. Аңсаған арманы оның  басындағы мінез-құлықтық психологиялық ерекшелік психология ғылымын  зерттеуге тұлғалық берілгендігі, оны биік межеге жетелейді. Сөйтіп ол алғашқы еңбегін «Абай қазақ халқының ұлы ағартушысы» және «Қазақ  ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы» еңбектері  жарыққа шыға  бастағаннан бері қарай, ол елуге тарта психология саласын қамтитын  оқулық пен оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын жазды.  800-дей ғылыми мақаланың авторы. Мұның барлығы  психологияның маңызды мәселелеріне арналған. Демек Құбығұл Бозайұлы  ХХ ғасырың соңғы  ширегінде педагогика, әсіресе психология  ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым. Қазақстанның психология  ғылымының  негізін салушылардың бірі. Абай атындағы  АлМУ-дың  педагогика кафедрасындағы докторлық ғылыми кеңестің және  әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің психологиядан докторлық  ғылыми дәреже беретін кеңестің мүшесі.

   1962 жылы қазақ тілінде  жазған тұңғыш психология оқулығы (1970-82-94) қайтадан үш рет  басылды. Сонымен бірге Махамбет Өтемісұлының  жастар тәрбиесі хақында» (1976),  «Әл-Фараби» (1977), « Аталар сөзі-ақылдың  сөзі» (монография 1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (психология очерктері, 1987) жазылды. Осы еңбектерінде автор халықтың тәлім-тәрбиелік нұсқасын  психологиялық ғылыми негізге айналдырып жастар және ұрпақ тәрбиесінің психологиялық негізін салды. Сонымен қатар ол « Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір антологиясы» (1955), «Этнопсихология» (1988), «Қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процесінің этнопсихологиялық мәселелері» (1987) еңбектері әл-Фарабиден бері қарайғы  қазақтың этнопедагогикалық немесе  халықтық педагогиканың  күні бүгінге дейінгі дамуына талдау  жасайтын тарихи  тағылымы мол, жастар тәрбиесін  халықтық педагогика негізінде  тәрбиелейтін және білім беретін тарихи еңбектер.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасы