Қазақ ұлттық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2014 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы
1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.
Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
Қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі.
ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.docx

— 80.05 Кб (Скачать файл)

   Шоқан Уәлиханов  мұсылман дін басшылары халық  ағарту ісін өз қолына алғанын, мектептер мен медреселер құнды  оқушыларға құрғақ жаттататынын, оның маңызын түсінбейтінін, сол  кезең үшін, оның ешбір пайдасыз  екенін қатты сынады. Қазақтардың  білім сипатының, оның мәнділігі  мен маңызын, сол кезең үшін  гумандық, халықтық- деп түсінген  Шоқан, білім мен оқу ғана қазақтарды  әлеуметтік-әділетті күреске жұмылдырады, тек білім мен оқу көшпенділерді  қоғамдық прогресс пен еркін  дамуға жол көрсетеді-деген үлкен  гуманистік ой-пікірде болды.

   Шоқанның көзқарастары  материалистік бағыт ұстады. Психологияны, оның ішінде  этнопсихологияны, оның  этнопсихологияның табиғатын түсінуі, оның әртүрлі факторларын  толықтыруы  соны көрсетеді. Орта Азия, Қазақстан  мен Шығыс Түркістан халқының  психологиялық ерекшелігі  туралы  мәселені Ш. Уәлиханов жалпы мәдениетті  дамыту және «халықтық рухты» қайта ояту проблемаларымен берік байланыста етіп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық мінезінің сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта қарастырды. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шығармаларында халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, тілін, өзара  қарым-қатынасын,дінін, оның әрқайсысының ерекшелігін асқан дәлдікпен талдау жасады.

   Ш.Уәлихановтың оқу  –ағарту қажеттілігі туралы ойы, ғылым халықты дамытатынын, олардан  оқу-тәрбиедегі маңызды жол ұрпақ  тәрбиесінің бастауы екенін дәлелдеуі, оның прогрессивтік көзқарастарының  ерекшеліктерін  көрсете отырып, Қазақстандағы қоғамдық ойдың  дамуына айтарлықтай әсер ететінін  дәлелдейді.

    Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген  тілдерін білуі әр түрлі қайнар  көздерге  сүйене отырып, көне  жазбаларды, жылнамаларды салыстыра  зерттеуге, тарихи шындықты ашуға  мүмкіндік  туғызды. Шоқан өз ойын  нақты дәлелдеу үшін Орта Азия  халықтарының  тарихын көп зерттеген Жолбарыс әулетінен шыққан Абылғазының «Түрік шежіресі» атты белгілі кітабына жүгінеді. «Түрік шежіресін» толықтыра  түсу мақсатында ол «Қазақ шежіресі» еңбегін жазады.  «Қазақтардың  көшпелі еркін тірлігі  Азияда дүниеге келіп, дамығаны күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз, орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды»,- деп баяндайды да, сол кездегі  көптеген авторлардың  еңбектерінде шолу жасайды, олардың деректерінің шежірелерімен салыстырады.

   Қазақтың әрбір  ру басылары өз ру-тайпасының  шежіресін-шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып  заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың  басынан өткен тарихи жайларды  көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен  үйреніп, өзінің шешендік өнерін  шыңдауда аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты  асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын, сондай дайындығы бар билердің  аузынан шыққан сөздерді халық  ұйып тыңдайтынын, ол нақыл сөздердің  өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған.

    Зерттеуші-тарихи  аңыздар- тарихи деректер жаңғырығы  деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын  ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан. Тарихи аңыздардың маңызын ашуда  Шоқанның асқан білімпаздығын танытатын мұрасының бірі- Оңтүстік  Сібір тайпаларының тарихынан жазбалар». Зерттеуші бұл еңбегін жазу үстінде дүние жүзі шығыстанушыларының бұрын-соңды  жарық көрген шығармаларына жүгінгенін көреміз. Левшин, Риттер, Клапрот зерттеулеріндегі пікір қайшылықтарын, неміс шығыстанушысы Вильгельм Шоттың және орыс этнографы Евгений Огородниковтың якут (саха) халқының тарихы туралы айтқан пікірлеріндегі бұрмалаушылықты, қателер мен үстірт жорамаларды ғалым аталған еңбегінде сынайды, өзінің батыл ойларын айтады.

   «Қазіргі қолда  бар деректерді ел аузындағы  аңыздармен, ноғайлармен қарым-қатынас  жайлы орыстың елшілік фактілерін  Жалайридың «Жылнамалар жинағымен»  салыстырған жөн»-деп жол сілтеген  кемеңгер ғалым «Қырғыздар туралы  жазбаларында» Орта Азия көшпелілерінің  өздерінің ата-бабаларының, даңқты  батырларының ерлік істерін баяндайтын, құйма-құлақ аңызшылар аумай-төкпей  жеткізген аңыздары бар, бұл аңыз-ертегілер  халықтың  өткендегі өмірінің  қысқаша тарихи суретін бейнелейді, өздерінің батырлары мен халық  арасындағы оқиғалары туралы  аңыздарды жырға айналдырып, келешек  ұрпаққа от басындағы  естелік-әңгіме  ретінде жеткізіп отыру барлық  көшпелілерге тән салт»,- деген  салиқалы қорытынды жасады.

   Ш.Уәлихановтың әдеби  мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғылымның «Бұқардың Абылайға айтқаны», «Абылай туралы жырлар», «Шора», «Орақ жырлары», ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы  тарихи аңыздар т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылады. Сондай-ақ Шоқанның «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» еңбегі поэзиямыздың  теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің  қатырына жатады. Ал атақты « Жоңғар очерктері»,   « Қырғыздар туралы жазбалар»сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған.

    Ш.Уәлиханов қазақ  өлеңдері мен ауыз әдебиеті  туралы алғаш деректер жинаған  Н.П.Рычковтың 1770 жылы жарық көрген  «Күнделік жазбаларын», А. И. Левшиннің  1832 жылы баспадан шыққан «Қырғыз-қазақ  немесе қырғыз-қайсақ ордалары  мен даласы туралы жазбаларын»  т.б.  ғылыми-саяхатшылардың жазғандарын  ой елегінен  өткізіп, сын-ескертпелер  жасағанын айта кеткен жөн.

   Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді  теріс түсіндіруді көздегендерге  батыл наразылық білдірген Уәлиханов  өзі бас болып әдеби мұрамыздың  шынайы мәнін ғылыми негіздеуге  арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады.

   Ғалым өзінің «Жоңғар  очерктерінде» халық аузындағы  нақыл сөздерді зерттеудің этнография  үшін орасан зор маңызы бар  екенін, оны өзінен бұрынғы ғалымдар  да сан рет аңғарғанын, өйткені  одан халықтың тұрмысы мен  әдет ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған. «Ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы  жеткізіліп отырады».

   Қазақ маақалалары  ықылым замандағы көріністі,сенімді  айқындай түсетін құрал ретінде  пайдаланатынын жазады. Қазақ тілінде  халықтың мінез-құлқын, жалпы ерекшелігі  туралы ұғымды нақты білдіретін мақалдар да бар екенін айта келіп,  мақалдарды бір тілден екінші тілге аударғанда  мәні кететінін, оны дәл аударудың  қиындығын айтқан және өзінің үш жүздей мақал  жинағанын да білдірген. Зерттеуші халықтың тұжырымды ойға құрылған мақал- мәтелдерінің қайсыбіреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып орыс тіліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.

    Әпсаналар мен  аңыздарда әр қырынан көрінетін,бүкіл  түркі тілдес халықтарға ортақ  тарихи  тұлғалардың бірі-ұлы  бабамыз  Қорқыт Ата туралы  Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен  мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді.  Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз –әдебиетінің үлгілері жайлы  баяндағанда Қорқыт Атаның да  көптеген халықтарға танымал  бейне екеніне тоқталады. « Жоңғар  очерктерінде»  Қорқытқа байланысты  ертегі, жырлар территориялық және  тіл жағынан жақын халықтардың  әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізгенін айтады.

   Әлемдік әдебиет  пен мәдениетпен және оқу-ағарту  ісінен хабардар болған Шоқан- түркі тектес халықтардың әдеби мұраларын да бірлікпен зерттеген ұлы ғалым. Әсіресе, қырғыз елінің «Манас» жырына айрықша көңіл бөледі. «Манасты» өркениетті елдерге тұңғыш таныстырушы Ш.Уәлиханов  екенін мақтан етуге тиіспіз.

   Зерттеуші өзінің  «Қырғыз туралы жазбалар» еңбегінде  халық есінде, тамаша философ  ретінде сақталған Асанқайғының  Жырғаланда көшіп- қонып  жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес көрші қырғыз еліне де мәлім болып, «Манас» жырында кездесетінін, зираты Ыстықкөлдің маңында екенін айтқан.

   Шоқан аса қабілетті  қайсыбір жыршылар мен жыраулардың  өміріне, ол туралы айтылған естелік  аңыдарға, жыршылар мен жыраулардың  өздері шығарған өлеңдерге айтарлықтай  мән берген. Ол «ХҮІІІ ғасыр  батырлары туралы тарихи аңыздар»  деген мақаласында Бұқар жырауға  қатысты біраз мәліметтер келтіреді.  Жыраудың Абылай алдында айтылған  өлеңінің аудармасын жасайды. Сөйтіп, Бұқар жырауды орыс оқырмандарына  тұңғыш рет Шоқан таныстырады.

   Шоқан қазақтан  импровизаторлық өнерге шебер  келетінін атап көрсетеді. Зерттеушінің  көшпелі елдердегі суырып салушылық  өнердің жоғарғы дәрежеде дамығандығы  жайлы пікірлері назар аударарлықтай мәнді. Өлең сөзді суырып салып айту, кідіру-мүдіру дегенді білмеу себебінен қзінші топшылай келіп, Шоқан: «Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызды, көк, ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, ол қазір бізге мәлімсіз»,- деп жазады және «қазақ ақындарының импровизаторлық  өнері көшпелі елдің  салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде  туып, дамыды»... «Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақындары көшпелі араб ақындарынан бір де бір кем түспейді»,- деп салыстыра ой түйеді.

   Естеліктерден  Ш.Уәлихановтың  өнерге, оны баяндаушыға деген  сүйіспеншілігін, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын қадағалаған қамқоршы екенін және халық арасында  жылт етіп көрінген игі нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғарамыз.

   «Қазақтар жаратылысының  өзінен-ақ қабілетті, дарынды және  ғажайып сезімтал келеді... Сұлтандардың  ерлік істері мен естеліктерін  жырлайтын суырып салма ақындары  олардың барлық руларында  кездеседі. Қазақстардың батырлық эпосы  мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді».

   Шоқанның бұл пікірлері  поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің  ойларымен үндес келеді: «.. мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақ трубадуралары, даланың бардтары- ұлы ақындары.

   Олардың өлең шығаруы  мен қазақтардың көбіне тән  орындау дарыны осы халықтың  ақыл-ойы қабілетін тамаша айғақтайды, қазақтар еңбекке де бейімділігін  байқатады».

   «Қытайлар мен  мұсылман жазушыларының деректері  бойынша, ертедегі қазақтардың өз  жазуы болған және басқа көшпелілерге  қарағанда мәдениеттің анағұрлым  жоғары сатысында тұрған». Шоқанның  мұндай қортындыға келуіне  оның  Орхон-Енисей, Талас жазба нұсқаларымен  де таныс болуы, Қасым ханның  тұсында Қазақ хандығының ішкі  және сыртқы саяси жағдайының  нығайғаны, сондай-ақ Қазақстан мен  Ресейдің арасындағы алғашқы  саяси байланыстар осы кезеңде  жасала басталғаны, мұндай дипломатиялық  қатынастардың болғандығын 1575-1584 жылдары  жүргізілген патша  архивінің  тізімдері айқындайтыны, «38-ші жәшікте  Қасым ханның тұсындағы қазақ  кітаптары мен көшірмелері бар» деген деректі дәлел, басқа да көптеген көне жазба нұсқаларда сақталған нақты фактілер себепші болған сияқты.

   Шоқан Уәлихановтың  әдебиет зерттеу ғылымына қосқан  үлесі оның И. Н. Березиннің «  Хан жарлығына» жазған пікірі  мен Жалайридің  «Жәмих- ат- тауариғы» («Жылнамалар жинағы») тарауларын  алғаш орыс тіліне аударып, ондағы  шығыс терминдерінің сөздігін  жасағанын да көрінеді.

   Ш. Уәлиханов «Профессор  И.Н.Берзиннің «Хан жарлығы» кітабына  ескертпе» деген шығармасында  Сеадат- Гирей жарлығында ноғайлының  Орал ордасындағы рубасы, ақтастық  Әли биді қазақ жырларында  күні бүгінге дейін айтылатын  Кіші орданың батыры Шораның  қалай талқандағаны суреттелген.

   Ш. Уәлиханов зерттеулерінде  «тарихи жыр» терминін қолданған. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш»  еңбегінде тарихи жырдың жанрлық  ерекшелігіне  мынандай анықтама  берілген: «Тарихи жыр деп, тарихта  болған оқиғалар, қазақтан шыққан  адамдар турасында басқа жұраттардың  тарихында жазылған мағлұматтар  бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары  толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады». Шоқан ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға  зор мән берген. Ғалымның «ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде тарихи жырларда, аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын, тарихи тұлғаларға, олардың қаһармандығына ғылыми дәлдікпен, көркем барлау жасаған.

   Шоқанның «ХҮІІІ  ғасыр батырлары турла тарихи  аңыз» шығармасында атақты Баян  батырдың қазасы, қалмақ әйелдерінің  жоқтау зары, елшілік алмасу дәстүрі  және басқа да жайлар қамтылған.

   «ХҮІІІ ғасыр батырлары  туралы тарихи аңыз»-белгілі сюжетке  құрылған, оқиғасы қызғылықты, адам  психологиясын терең ашып суреттеген  асыл мұра, әрі қысқа, әрі нұсқа  туынды. Ұлы зерттеуші осынау  құнды шы,армасында тарихи кейіпкерлерді  қандай шебер шоғырландырған, заман  тынысын қалай дөп басып, естен  кетпестей айшықты бейнелеген  десеңші! Көз алдыңызға кесек  бітімді, мәрт мінезді ірі тұлғалар, жанды қаһармандар келеді. Өзіңізді  қазақ даласындағы ұрыс майданының  араласып кеткен дей сезінесіз. Бұл қаламгер дарынының сиқырлы құдіреті болу керек!

   Ш. Уәлиханов өзінің  атақты «Жоңғар очерктері» арқылы  әлемге танылды. Бұл ғылыми, ідеби, тарихи, публицистік құнды еңбек  өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында  Еуропа ғалымдарын, шетел баспасөзін, әсіресе неміс зиялыларын елең еткізді. «Жоңғар очерктері» Шоқынның ардақты есімін дүниеге асқақтата шарлатты.

   Онда саяси-әлеуметтік  мәні бар оқиғаларды ұлы  ғалым  жалынды публицистикаға тән сипатта  шебер баяндайды. Философиялық терең  ой түйіп, батыл пікірлер айтады. Сөйтіп, ғылыми очерктерді саяси  деңгейге көтереді. Ал өзінің  аса көрнекті мұрасы «Сот реформасы  туралы ғылыми хатында» саяси  көзқарасын бұрынғыдан да тереңдете  түскен.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасы