Қазақ ұлттық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2014 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы
1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.
Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
Қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі.
ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.docx

— 80.05 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

           Кіріспе

1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу   тарихы           

1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.

    1. Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
    1. Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
    1. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
    2. Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
    1. ХХ ғасырдың  20-30 жылдарындағы  қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
    1. Қазақ этнопедагогикасының  қайта жанданған, даму дәуірі.
    1. ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген. Мемлекетімізде ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар болса, соның бірегейі «Мәдени мұра» бағдарламасы болып табылады. Ұлт тарихын түгендеу, ұлт руханиятын қайта түлету мақсатында жасалынған бұл бағдарлама ұзақ мерзімге бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың мазмұнын құрайды. Бағдарлама елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл мақсаттың тиімді шешімін табуда әлемдік ғылыми ой-сананың, ұлттық мәдениет пен өнердің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау міндеті қойылып отыр. «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын. Біз ең алдымен, өзіміздің тарихымызды нақты айқындап алуымыз қажет, бұл - әрбір ғылымның саласына қатысты мәселе. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі саяси жүйеде қазақ ұлтының өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Кеңес дәуірі кезінде қазақ ұлы ойшылдарымыздың еңбектерінің педагогикалық мәнін ашып көрсете отырып, олардың қазіргі қазақ педагогика ғылымының өзінің зерттеу пәні бар ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде қалыптасуының алғашқы көзі болғанын әдіснамалық тұрғыдан айқындау және оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолдану бойынша нақты ғылыми тұжырымдалған ұсыныстарды жасау қажет. Қазіргі кезде ұлы түрік ойшылдары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің бай мұрасы философтардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, әдебиетшілер мен педагогтардың басты назарында екендігі белгілі. Түркі халықтарының педагогикалық ой-пікірлері мен қазақ педагогикасының қалыптасуын зерттеу барысында әдіснамалық тұрғыдан А.С.Аманжоловтың, Ғ.Айдаровтың, В.Бартольдтың, Э.Бертельстің, А.Валитованың, Л.Н.Гумилевтің, М.Жолдасбековтың, О.Караевтың, С.Г.Кляшторныйдың, А.Кононовтың, С.Е.Маловтың, Н.М.Мелиоранскийдің, В.Радловтың, т.б. еңбектерінің әсері мол болды. Ұлы әл-Фарабидің Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екендігін алғаш дәлелдеп, кіндік Азияда фарабитанудың атасы атанған Ақжан әл-Машанидің қазақ ғылымының дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі таңда Ш.Абдраманның құрастырумен ғалымның фарабитану саласындағы мол мұрасы жинақталып, халықтың рухани игілігіне айналып отыр. Зерттеліп отырған мәселенің ғылыми-философиялық негіздері Ж.Алтаевтың, Ж.Әбділдиннің, М.С.Бурабаевтың, Ғ.Есімнің, Ә.Нысанбаевтың, А.Х.Қасымжановтың, А.А.Қасымжанованың, М.Орынбековтің, М.М.Хайруллаевтың, т.б. еңбектерінде қарастырылған. Әдебиеттану және тіл білімі саласында да түрік ойшылдарының әдеби мұрасы зерттеліп, олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесі айқындалды. Көрнекті ғалымдар Ә.Дербісалиевтің, А.Егеубаевтың, Н.Келімбетовтің, Ә.Қоңыратбаевтың, М.Мырзахметовтың, Х.Ш.Сүйіншәлиевтің, т.б. қомақты еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Проблеманың көкейкестілігін педагогика ғылымында түркі тектес халықтардың педагогикалық идеяларының қалыптасуы мен дамуын тарихи тұрғыдан зерттеуге арналған Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының еңбектері нақтылай түседі. Орта ғасырдағы шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері өзбек ғалымдары Х.Х.Тллашевтің, У.Алеуовтің, түрікменстандық ғалым Г.О.Чарыевтың, қырғыз ғалымы А.Э.Измайловтың зерттеу еңбектерінің арқауы болды. Қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, А.К.Көбесовтің, Ә.Н.Көшербаеваның, К.Ж.Ибраеваның, Т.Ә.Ахметовтың, У.Жамированың, К.М.Калиеваның, А.Қ.Жұмабековтың және т.б. осы тақырып бойынша орындалған еңбектерінің құндылығы өте жоғары. Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясын» құрастыра отырып, ортағасырдағы түркі халықтарының тәлімдік ой-пікірлерінің (Йоллығтегін, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари және т.б.) нұсқаларын ұсынады, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беру хақындағы6 педагогикалық көзқарастарына сипаттама береді. Қазақстанда педагогика және білім беру тарихы бойынша орындалған Т.М.Әлсатовтың, К.Б.Бержановтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, А.Н.Ильясованың, И.Б.Мадиннің, К.Қ.Құнантаеваның, А.И.Сембаевтің, Қ.Б.Сейталиевтың, Т.Тәжібаевтің, Г.А.Умановтың, I.Р.Халитованың, Г.М.Храпченковтің, В.Г.Храпченковтің еңбектері мен диссертациялық жұмыстары менің қарастырып отырған тақырыбымды зерделеуге және педагогика тарихының даму бағыттарын айқындауға үлкен септігін тигізді. Көрнекті ғалым Б.Әбдікәрімұлының ғылыми жетекшілігімен қазақ педагогикасының тарихы бойынша орындалған Алашорда қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының, А.И.Сембаевтың педагогикалық мұрасын зерделеуге арналған кандидаттық диссертациялардың да қазіргі қазақ педагогика ғылымының мазмұнын жетілдіруде алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогикасын зерттеу бойынша едәуір жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде докторлық және кандидаттық диссертациялардың, монографиялар мен ғылыми-әдістемелік басылымдардың үлкен ерекше бір шоғыры дүниеге келді. Олардың ішінде С.Қ.Қалиевтің, С.А.Ұзақбаеваның, Ж.Ж.Наурызбайдың, К.Ж.Қожахметованың, Ә.Табылдиевтің, М.Х.Балтабаевтың, Р.Қ.Дүйсембінованың, Қ.Бөлеевтің, С.Ғаббасовтың, Қ.Қ.Шалғынбаеваның, Ш.И.Джанзакованың және т.б. еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Дегенмен де, жоғарыда көрсетілген зерттеулер мен ғылыми еңбектерді жан- жақты оқып-үйрену және терең талдау оларда әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қазақ педагогикасының мазмұны анықталмағанын көрсетті. Зерттеу проблемасының теориялық және практикалық жағдайын талдау бірқатар қайшылықтарды айқындауға мүмкіндік берді: - қазақ педагогикасы тарихының зерттелуіне тоталитарлық жүйенің кері әсері мен қазіргі таңдағы тәуелсіз елдің рухани ахуалына сәйкес педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуын өркениеттік бағытта қарастыруға жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттігі арасындағы қайшылықтар мазмұны мен әдістемесін жасау. Зерттеудің нысаны: қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы ұсынады. Зерттеудің міндеттері: 1) әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын көрсету және оның алғашқы рухани бастау көздерін нақтылау; 2) түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттарын анықтау; 3) түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің даму тарихын зерделеу және олардың мазмұндық сипаттамасын беру; тарихи талдау әдістері: тарихи-философиялық, тарихи-генетикалық, тарихи-жүйелілік, мәдениеттану, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті; - салыстырмалы-педагогикалық зерттеу әдістері: жүйелілік-құрылымдық, жүйелілік-талдау, ғылыми зерттеулерді және мұрағат материалдарын оқып- үйрену және теориялық талдау, жұмыс нәтижелерін болжау. Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 1) қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуының әдіснамалық және функционалдық мәні негізделіп, оның әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретіндегі орны ашып көрсетілді; 2) түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік-мәдени шарттар айқындалды; 3) қазіргі қазақ педагогика ғылымының рухани бастаулары ретінде түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің мазмұны анықталды. Зерттеудің мақсаты: студенттерге қазақ ұлттық педагогикасының даму тарихын таныстыру.  Курстың жұмыстық құрылымы: жұмыс кіріспеден, төрт тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Тәуелсіз Қазақстандағы  жаһандану үдерісі әлеуметтік  және гуманитарлық ғылымдар алдына  түбегейлі реформалау міндетін қойып отыр. Әлемдік өркениетке ену жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғыртудың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қажеттілігі туындап, педагогика ғылымын әрбір халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін қарастыру көзделуде. Кеңес дәуірінде педагогика ғылымы шектен шыққан идеологиялану нәтижесінде үлкен дағдарысқа ұшырағанын жоққа шығаруға болмайды. Педагогиканың идеологиямен етене теңестіріліп, түгелінен мемлекеттік бола түсуі әлеуметтік шындықтың нақты қайшылықтарын сыни және объективті түрде талдау мүмкіндігін шектеді. Педагогика ғылымының тұжырымдамаларын қоғамдық өмірдің ағымын өзгертуге болатын әлеуметтік технология ретінде қолдану бұрынғы кеңес заманындағы педагогикалық білімнің тиісті деңгейде дами алмауына себепші болды. Педагогика ғылымы саласындағы дағдарыстың себебі болатын тағы бір құбылыс рухани мәдениеттің бедерсізденуі болып табылады. Бұл үрдістер қазақ халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар көздері мен түп- тамырларын елемеуге әкеліп соқтырды. Педагогикалық ілімдер тәрбиенің абстрактылы, қайшылықсыз үлгілері ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайлар ресми мәдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана қалыптасуы мүмкін еді. Ал нақты өмірде, әсіресе қазақ халқының бай рухани әлемімен және ұлттық психологиясымен түйіскенде бұл теориялар әр түрлі қайшылыққа толы қорытындылар жасайтыны айғақталды. Сырт көзге дұрыс болып көрінетін абстрактылы қағидаттар халықтың тіршілік әлемінен, тәрбие ортасынан оқшау тұрғандықтан, өзінің дүниетанымдық маңыздылығы мен әлеуметтік құндылығын жоғалта бастады. Педагогикалық теорияның мемлекеттік идеологияның ықпалында болуы, ұлттық рухани мәдениеттің ерекшеліктерін елемеушілігі отандық педагогикалық ілімнің әлемдік педагогикалық бірлестіктен оқшаулануына алып келді. Әлемдік педагогикалық мектептердің негізгі бағыттарымен идеялық текетірестік жағдайында болу өзара тиімді дүниетанымдық және әдіснамалық үнқатысуды жүргізу мүмкіндігін шектей түскен болатын. Біздің педагогиканың томаға-тұйықтығы тәрбие мен білім беру мәселелерінің практикалық шешімін іздеуде догматизм мен әдіснамалық әлсіздікке әкеліп соқтырды. Екінші жағынан, педагогика ғылымындағы осындай қайшылықтардың тамырлары әлеуметтік жаттану үдерістерімен астасады. Бұл адамның меншіктен жаттануы, өзінің ұлттық тарихы мен халықтық педагогикасынан жаттануы, тіпті адамның өз мәнін, тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін жатсынуы болып табылады. Соның салдарынан адамдар әлеуметтік үдерістердің қарапайым құралы мен объектісіне айналды. Сондықтан қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында халқымыздың рухани ахуалына сәйкес педагогика ғылымы өз мазмұнын әлеуметтік жаттануды еңсеру жолдары мен ерекшеліктерін анықтауға бағыттауы тиіс. Мұның өзі біздің ұлттық болмысымызға сай қазақ педагогикасының әдіснамасын жасауды қажет етеді. Қазақ педагогика ғылымы әлемдік педагогика тұрғысынан қазақтың ұлттық рухы, менталитеті мен тәрбие ерекшеліктерінің қалыптасуы мен даму тарихын тұжырымдай отырып, өз бойында әлемдік мәдениеттің жетістіктерін жинақтап, жалпыадамзаттық тәрбие тәжірибесін танытатын ғылым болуы тиіс. Педагогика ғылымының әдіснамасы философия заңдылықтарына сүйенетіні белгілі. Философиялық ғылымдар педагогикаға тәрбиенің мағынасы мен мақсатын анықтауға, адамзат болмысы мен ойлауының жалпы заңдылықтарының әрекетін дұрыс түсінуге көмектеседі, ғылым мен қоғамда болып жатқан өзгерістер туралы шұғыл ақпарат бере отырып, тәрбиенің бағытын нақтылауға жәрдемдеседі. Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Педагогика материалистік диалектиканың қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы және терістеуді тегістеу сияқты негізгі заңдарын тәрбие, білім беру және оқыту процестерінде шығармашылықпен пайдалануды көздейді. Қазақстанда қазақ философиясының әдіснамасы мәселесі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ең көкейкесті мәселе ретінде көтеріліп, бүгінгі таңда Ж.Алтаев, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім сияқты көрнекті тұлғалар бұл мәселенің түйінін шешу үшін қыруар еңбек еткенін айтқан абзал. Қазақ философиясы туралы осы ғасырдың басында академик Ә.Нысанбаев былай деген еді: «Қазақ философиясы осыдан бірнеше жыл бұрын ғана бұл термин ойдан алынған болып көрінуші еді. Барлығымыз классикалық неміс философиясының идеялары мен маркстік принциптерді дамытқан «диалектиканың қазақстандық мектебін» білдік және құрмет тұттық. Норма мен үлгі ретінде ғылым тәріздес, жүйелі «философиялық хаттың» батыстық түрі мойындалды, оның басында үздік шебер Гегель тұрды. Қазақстан даласындағы Гегель мен Маркс – міне, кеңес дәуіріндегі философия тарихындағы философиялық парадокстар осындай болды. Әрине, дәуір тағдырын көп жағдайда анықтаған неміс ойшылдарын дала халқы түсіне де, қабылдай да алушы еді, бірақ олардың өз дауыстары, өз үндері болды. Міне, бүгін бұл дауыс, бұл үн естілетін уақыт жетті. Қазақстанда бүгін ең көкейкесті философиялық тақырып көшпелі өркениеттің дүниетанымдық сан-салалығы мен философиялық ой түйіндеуінің шығыстық ерекшеліктерін және ғылымның шығыстық әдіснамасын тұтас тұжырымдамалық тұрғыдан саналы түрде ой елегінен өткізу болып табылады». Қазақ философиясының қалыптасуын докторлық диссертация көлемінде зерттеген белгілі философ ғалым Ж.Алтаевтың «Бұрын «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тарихы» деген ұғымдарды білсек, енді «Қазақ философиясы» деген ұғымның біздің санамызға кіре бастауының теориялық, практикалық маңызы зор» деп айтқанындай, педагогика ғылымында да бетбұрыс жасап, егемендік алғанымыздың он жетінші жылында «Қазақ педагогикасы» ұғымын батыл енгізетін уақыт жетті. Әрбір халық «өз тарихын, философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес» - деген болатын Л.Н.Гумилев. Қазақ педагогикасы ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу болашақтағы ұлан-ғайыр ізденістердің бастамасы болуға тиіс. Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол жеткізуіміз керек. Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ педагогикасы рухани мәдениет дамуының қалыптасқан белгілі бір бағдары, деңгейі болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын зерттеу барысында мынадай екі талапты басшылыққа алу керек: - тарихи-педагогикалық танымның әдіснамасы; - тарихи-педагогикалық ілімнің құрылымы. Осы уақытқа дейін қазақ педагогикасының әдіснамасының жасалмауы мен оның теориялық деңгейде толық зерделенбеуі қазақ этнопедагогикасы мен қазақ педагогикасын бір мағынада қабылдауға алып келгені ақиқат. Оған қазақ педагогикасы нысанының, мазмұндық құрылымы мен пәндік ерекшелігінің анықталмауы себеп болып отыр. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік ұлттық сипаты бар педагогиканың бір саласы болып табылса, қазақ педагогикасы адам тәрбиелеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қамтитын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ педагогикасын бірден ұлттық тарихтың немесе ұлттық сананың, тәжірибенің үлгісі ретінде қараушылық айқын. Мұның өзі оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасуына, әрі дамуына кедергі жасап отыр. Сондықтан қазақ педагогика ғылымының әдіснамасын жасауда мынадай мәселелер өз шешімін табу керек деп есептейміз: 1. Қазақ педагогика ғылымы қалыптасуының тарихи кезеңдерін, әлеуметтік тегін талдау, оның басқа ғылымдармен өзара ықпалдастығы мен байланысын ашып көрсету. 2. Қазақ педагогикасының негізгі идеялары мен рухани бастауларын көркемдік – философиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдау. 3. Қазақ педагогикасының қайнар көздері көшпелілер мәдениеті мен түркі өркениетінен нәр алатынын ғылыми тұрғыдан негіздеу. 4. Қазақ педагогикасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің ұлттық деңгейі мен көрінісін қамти отырып, жалпыадамзаттың рухани мұқтажын өтеуге қызмет ететіндігін дәлелдеу. 5. Қазақ педагогикасы ғылымының әдіснамасы мен оның мазмұндық құрылымын жасау. 6. Қазақ педагогикасының келешегін айқындау, яғни болашаққа қызмет етуін қамтамасыз ету. Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына назар аудару басым. Қазақ педагогикасының әзірге болашаққа қызмет ететін әдіснамасы жасалмағаны анық. Сондықтан да қазіргі кезде қазақ педагогика ғылымын мойындамаушылар, оның табиғатына күмәндана қараушылар аз емес екені шындық. Ұлттық ұстаным – халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп- өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды. Қазақ педагогикасы ғылыми білімдер жүйесінде арнайы ғылым болып табылады деуге толық негіз бар. Ғылым болу үшін оның зерттеу нысаны мен пәні, зерттеу әдістері мен ұғымдық аппараты болу керектігі мәлім. Сондықтан қазақ педагогикасын ғылымның басқа салаларымен тығыз байланыста қарастыра отырып, оның дербес ғылым саласы ретінде орнын анықтаудың маңызы зор. Қазақ педагогикасы ең алдымен, түркі өркениетінен бастау алатын қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады, қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен ағымдарын, іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды қоғамдық құбылыстармен, ғылымдармен, идеологиямен, т.с.с. байланыста зерттейді. Басқа кез келген ғылымдар сияқты, қазақ педагогика ғылымы да фактілерді тек ашып қана қоймайды, оларды түсінуге мүмкіндік жасайды. Ғылымға тән нағыз шынайы ерекшелік оның табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдарына қатысты болуы, оларды ашу және танып-білу болып табылады. Философияда заң, заңдылықтар деп объективті, мәнді, тұрақты және қайталанатын себеп-салдар байланысты айтатыны белгілі. Осыдан қазақ педагогикасы көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым деген қорытынды жасауға болады. Қазақ педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтары әлемдік педагогикамен тығыз байланысты, мұнда тек ұлттық сана-сезім мен ұлттық ерекшеліктерге байланысты тәрбиенің болмысында өзіндік сипат болады. Әрбір заңдылықтардың арасында өзара мәнді байланыстар айқын көрінеді. Атап айтсақ: - мектеп пен педагогиканың арасындағы, бір жағынан, қоғамның экономикалық деңгейі, екінші жағынан саяси даму деңгейі тұрғысынан; - қоғамның саяси жағдайы мен қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар, педагогикалық теорияның даму қарқыны мен тәжірибе арасындағы; - қазақ педагогикасы мен басқа ғылымдар (әсіресе, қазақ философиясы, қазақ психологиясы) арасындағы; Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой- пікірлердің дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары, т.б.) болып табылады. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардың жастарға, кейінгі өскелең ұрпаққа лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастау түрінде берілуімен тәрбиелік мәні орасан зор. Олардың педагогикалық мазмұнын талдай отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады: - бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар тұлғаның адамгершілік бейнесінің қалыптасуын, адамның үйлесімді дамуын дәріптейтін құнды педагогикалық идеялар айқын көрінеді; - ескерткіштердегі жазулардың негізгі басты түйіні халқы, елі үшін адал қызмет ету, «қасық қаны қалғанша» күресу, халқының бірлігін сақтап, елдігін жоғары көтеру болып табылады, мұның өзі елінің қажетін өтейтін, халқына қызмет ететін саналы азаматтың тұлғасын тәрбиелеу мақсатына бағытталады; - Күлтегін мен Тоныкөк бейнесі арқылы ақылдылықты, батырлықты, данышпандықты, қайсарлықты, адалдықты, табандылықты дәріптейді, бұл ескерткіштердің мазмұны тұлғаның бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруды қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді; - ескерткіштерде тәрбиенің мазмұнын адамгершілік, патриоттық, еңбек және ақыл-ой тәрбиесі туралы ой-пікірлер құрайды. Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. «Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады. Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді.

 

 

     Этнопедагогика ғылымдары  орыс, Батыс елдерінде ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардан бастап  қолға алынған болса, алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

    Бірінші кезең-ХІХ  ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт- дәстүрлері жайында тұңғыш  зерттеу еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай  сияқты демократ ағартушылар мен орыс, Батыс саяхатшы, этнограф ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С.Паллас,  А. Вамбери,  А. Левшин,  В.Радлов,  А. Янушкевич, Н. Г. Потанин,  Н.Л. Зеланд т.б) қолжазбалары десек, екінші кезең-ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев,  А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,                      Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов,                   Н. Құлжанова, М. Әуезов, т.ю  болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп, қараймыз. Үшінші кезең  - 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2005ж.ж) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.

   Қазақ этнопедагогикасының  бастау бұлағы ХІХ ғасырдың  екінші жартысында өмір сүрген  қазақстың оқымысты демократ-ағартушылары  Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев  ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты  болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс –тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет демекпін.

 

    1. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ұлттық педагогикалық ойлар

      Адамгершілік асыл қасиеттерге байланысты  тағылымдық ой пікірлер Асан Қайғының нақыл сөздерінде, толғау-жырларында  кең көлемде орын тапқан. Мәселен,

Еділ бол да, Жайық бол,                                                                                                         Ешкімменен ұрыспа,                                                                                                            Жолдасыңа жау тисе,                                                                                                                                                Жаныңды аяп тұрыспа.                                                                                               Ердің құны болса да,                                                                                                                                Алдыңа келіп қалған соң,                                                                                                                        Қол қусырып барған соң,                                                                                       Аса кеш те қоя бер,                                                                                                                         Ақың болса біреуде                                                                                                                              Айыбын тапта ала бер.                                                                                                                                 Ерегесіп ұрыспа                                                                                                                                  Сенікі жөн болса да                                                                                                                                                   Атың шықпас дұрысқа.                                                                                                           Мінезі жаман адамға                                                                                                                                Енді қайтып жуыспа.                                                                                                                     Тәуір көрер кісіңмен                                                                                                                                    Жалған айтып суыспа.                                                                                                                        Өлетұғын тай үшін,                                                                                                                 Көшетұғын сай үшін,                                                                                                                    Желке терің құрысып                                                                                                                                          Әркімменен ұрыспа.                                                                                                                               Ашу-дұшпан, артынан                                                                                                                     Түсіп кетсең қайтесің                                                                                                                                    Түбі терең қуысқа?!-                                                                                                             деген  шумағы жастарды  ұстамдылыққа, достыққа кешірім болуға шақырса, тағы бір өлең шумақтарында өмірде қандай да бір белеске көтерілсең де  оған қалай  жеткеніңді, кімдердің өзіңді қолдағанын, қандай ортадан шыққаныңды ұмытпа де ескертіп  тұрғандай.                                                                                                                Асан Қайғы жастарды  отанын, туған жерін, елін сүюге қадірін түсіне білуге, қиындық бола қалса қорғай білуге үндейді.

    Шалкиіз жыраудың  жырлары болса жақсыдан жаманды айыра білуге, жақсының жақсылығын кезінде  бағалауға шақырады.                                                                                Әділ төре ел бастар,                                                                                                                                      Батыр жігіт қол бастар,                                                                                                                    Шешен адам сөз бастар,-                                                                                             деп жастарға  айтқан ақыл –кеңес, халықтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген түсінігімен ұштасып жатыр.                                                                                                                 Шалкиіз  өзінің жырында батырлардың ерліктерін, өзіндік ерекшеліктерін, кескін келбетін балаларға үлгі-өнеге етіп ұсынады.

    Жыраудың көптеген  нақыл сөздері сол кездің өзінде  –ақ мақал- мәтелге айналып, халық  арасында тарап кетті. Мәселен, «Ақылсыз  достан, ақылды дұшпан артық», «Жаманнан  туған жақсы бар,адам айтса  наңғысыз;  Жақсыдан туған жаман бар, бір аяқ асқа алғысыз», «Жақсылардың өзі  өлсе де сөзі өлмейді», т.б. мақалдардың ең алғашқысы Шалкиіздің аузынан шыққандығын бүгінгі таңдағы зерттеушілер дәлелдеп отыр.

    Тағылымдық ой-пікірлер  Шалкиіз дәстүрін жалғастырушылардың  бірін –Ақтамберді жырау шығармашылығында  көптеп кездеседі. Оларда қазақтардың  ой-арманы, болмысқа деген өзіндік  көзқарасы, мақсат-мүддесі, өмірі,  тұрмыс-қарекеті, мінез-құлық ерекшеліктері, қонақжайлылығы, меймандостығы  бейнеленеді. Оны  жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп»  деген толғауынан байқау қиын  емес.                                                                                Сөз орайы келіп тұрғанда,қазақ  халқының осы қасиеттеріне кезінде, яки Қазан төңкерісіне дейінгі  Қазақстанға келген еуропалық  зерттеушілердің арасында назар  аудармағаны кемде-кем екені жайлы  айта кеткен жөн.

   Мәселен, қазақ жерінде   табаны күректей тоғыз жыл болған поляк халқының перзенті Б. Залесский өзінің  1865 жылғы Парижде жарық көрген «Қазақ даласының тіршілік-тынысы» атты еңбегінде: «Қазақтар қонақжай халық...., ең құрметті қонағын төрге отырғызады..., әңгімелескенді  жақсы көреді..., шешен келеді..., және өздері мұны тәлім-тәрбиенің немесе жақсы тектен шыққандығының дәлелі деп санайды. Жоғары мәртебелі кісі әңгімеге бел шешіп араласқан кезде шешендік сөздер мен әдемі теңдеулер шегінен аса төгіледі дейсің...,үй иесінің қонағына ұнаған затты сыйлап жіберетін де дәстүр бар. Осы дәстүрдің негізінде бізде көп кешікпей кіршіксіз достығымызды бастағандай болдық. Үй иесі бізге бірнеше ат, тіпті бір түйесін сыйға тартты», -деп қазақтардың қайырымдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлылығын достық сезіммен суреттейді.

   Жырау өзінің жырлары  арқылы жеткіншектер мен жастарды  ерлікке, батырлыққа, табандылыққа  шақырды, туған елін,жерін дұшпаннан  қорғап қалуға, олармен аянбай  күреске шығуға жігерлендірді.

     Бұқар толғаулары  да басқа ақын-жыраулардікі сияқты  адамгершілік асыл қасиеттерді, достық қарым-қатынасты, отбасындағы  қарым-қатынасты, адамдардың жас-кезеңдерін, батырлардың ерлігін сипаттайды,  сөз өнеріне мән береді. Жыраудың  сөз өнеріне мән беруі, оның  қыр-сырын жете меңгеруі,оған  деген көзқарасы да жеткіншіктер  үшін үлгі-өнеге болды.       

   Жыраудың ел бірлігін  жырлауы, яки қазақ руларының  өзара татулықта болуын, «Өлетұғын  тай үшін, көшетұғын сай үшін»  құр бекерге жанжалдаспауын насихаттайды. Бірлік болмай, тірлік  болмайтынын, алауыздықтың аранға жығатынын  айтады,

   Жыраулардың ішіндегі  ірі тұлғалардың бірі- Дулат Бабатайұлының  шығармашылығы тағылымдық  сарында  жазылған. Онда жырау бала тәрбиесінің  дұрыс қалыптасуын ата-ана мен  жақсы адамдардың үлгі-өнегесімен  байланыстырады. Жақсы өнеге текті  адамдарда ғана болуымен шектелмейді. Ол тәрбиеге байланысты. Адамның  адамдығы асыл сөз, тіл өнерінен, сөйлеу мәдениетінен, адамның мінезінен  байқалады.

   Адамның адамгершілік  қасиеттерінің қалыптасуына , рухани  –мәдени деңгейінің, ақыл-ойы мен  дүниетанымдық  көзқарасының жетілуіне  оқу білімінің ықпалы зор екендігін  баса көрсетеді.

   Сонымен  қазақ  даласының ойшылдары мен ақын-жыраулары  шығармашылығың дүниеге келуіне  де, басылым көруіне де біраз  ғасыр өткенімен, олардың мазмұны  бүгінгі күннің талабынан шығып  отыр. Балалар өткендегі шығармаларды  оқи отырып, халықтың ғұлама  ойшылдары  жыршы-жырауларының адамгершілік  ережелерді қолданып, оны көркейтіп, жетілдіргенін түсіне бастайды. Бұл ережелерді ұстамағандар, тарихтың  дәлелдеуі бойынша, көптеген еңбек  адамдарын келеңсіз жағдайларға  душар еткен.

    Махамбет Өтемісұлының  шығармашылығы болса, жеткіншектердің  патриоттық тәрбиесінің, патриоттық  сезімінің негізін қалыптастырудымаңызды  рөл атқарады десе, артық болмайды. Махамбет жырының әрбір жолы тәрбиенің осы бір саласын бүгінгі таңда жүзеге асыруда назардан тыс қалмайтыны сөзсіз.

 

 

 

 

2. Қазақстан педагогтарының  еңбектері мен ой –пікірлерінің  қалыптасуы және дамуы

2.1. Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым (1835-1865ж.ж.)

 

 Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог, этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Құсмұрын бекінісінде (Көкшетау  облысы), Абылайханның немересі, қазақтың  сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың  отбасында дүниеге келген. Ауыл  мектебінде  оқыған, кадет корпусын  бітірген (1853). Батыс Сібір Генерал-губернаторында  әскерлік қызмет атқарған. Орта  Азия мен Қытайға  жасалған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862ж.ж. Петербургке барған кездерінде А. Шапов пен Т. Елисеев т.б. тобындағы, тәрбиесіндегі демократиялық бағыттағы интелегенциямен араласады. Н.Г. Чернышевскийдің «Современник» және А.И. Герценнің  «Колоколымен» танысады. Ғылым Академиясының және орыстың географиялық қоғамының жұмысына белсене араласады.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасы