Қазақ ұлттық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2014 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы
1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.
Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
Қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі.
ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.docx

— 80.05 Кб (Скачать файл)

   Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық  принцип ретінде поэзиялық- тәрбиелік  туындыларында да, қарсы сөздерінде  де үнемі атап көрсетіп отырады.

   Ғылым-білімді, оөу-тәрбиені  уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары  бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге  болсын ақыл-таразы, дүниенің сырын  танып білуде адамгершіліктің  ақылдың мүмкіндігі шексіз мол  деп санайды.

   Абай ақыл туралы  айтқанда. Ақылдылық, естелік деген  ұғым мен ақылмен танып-түсіну  қабілетін білдіретін ұғымды  ажыратып, оларды екі нәрсе деп  қарайды. «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» дегенге Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынада екі ұғым деп қараған Абай «суық ақыл» мен «ыстық жүрек» бір-бірін толықтыратын деп санайды.

   Абай жастарды  тәрбиелеудің әр түрлі жолдардың, ең алдымен отбасында, мектепте  және әдебиет арқылы тәрбиелеуді  ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын  және мінезін қалыптастыруда  отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.

 

 

 

  1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі
    1. Шәкәрім Құдайбердіұлының тәліми көзқарастары

(1858-1931)

   Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері көшпелі елдің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін жинап-сақтап ғылыми педагогиканың бастау бұлағы болғаны дау тудырмайтын жәйт. Халықтық тәлім-тәрбиенің ғылыми педагогикадан айырмашылығы оның тәжірибелік бағытта екендігінде, сонда халық тәрбиесі дегеніміз ең алдымен жанұядағы тәрбие тәжірибесі болғанына күмән жоқ.

   Ақын ағартушы  Шәкәрімнің көзқарастары қыр  халқының жас ұрпақты өсіру  мен оқытып тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп негізделген.

   «Түрік , қазақ-қырғыз  һәм хандар шежіресінде» Шәкәрім өзінің тұлға ретінде қалыптасуына демеуші болған үш кісінің есімін атаған. Солардың біріншісі- үлкен атасы тобықты руының биі Құнанбай қажы Өскенбайұлы.

    Ерен әділдігімен  ел ортасында құрметке бөленген  Құнанбай қажының отбасы елге  үлгі болып, бала тәрбиелеуде  өз дәстүрлерімен ерекше көзге  түсетін. Бұл ошақта Абай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар  дүниеге келді. Шыққан тегіне, дәулет-байлығына  мастанбай қажы әулетә балаларының  әрбіреуі киіз үйді құру мен  бұзу, бүркіт салу, аң аулау, құс  ату, ет бұзу, темір-терсек соғу, арба  мен сағат жөндеу, бұдан да  басқа тұрмыс жұмыстарын атқарған. Үлкен атасы немере-шөбересінің  ақыл-ойын, санасын, мінез-құлқын, қол  өнерін халықтың әдет-ғұрпын сақтай  тұрып ретімен дамыта білген.

    Туған жұрттың  өсіп-өнуін армандаған, келешек ұрпақты  тәрбиелеу тәсілдерін іздеген, жеке  тұлғаның жан-жаұты дамуына қамқорлық  жасауды көздеген Шәкәрім өзі  шыққан отбасының, атасы Құнанбайдың  тәліми тәжірибесін үлгі тұтты.

  Атасынан кейін ол  ағасы Абайға соның жетелеуімен  ержеткені үшін ризалық білдірген. Ұлтының мақтанышы болған ағалы-інілі  тек қан жағынан туыс болып  қоймай, олардың жан сырлары, рухани  ізденістері ұштасып жатты. Әдебиетке  біртабан жақын блған Шәкәрім  жастайынан ақыл-кені блған халықтың  ауыз әдебиеті шығармаларын: жырлар  мен өлеңдерді, айтыс пен термені, қисса мен дастандарды көп  білуге тырысты. Фольклор арқылы  ақын туған даланың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, тарихын жетік білді  десек, тау тумас. Сынды көзбен  қарап қазақ елінің этнопедагогикалық  талаптарын өз бойына сіңірді.

   Халықтың тәлім-тәрбиеден  ғылыми педагогикаға жол алғанының  бір белгісі -19 жасынан бастап  Шәкәрімнің шежіре жинауға кірісуі. Бұл еңбектің мақсаты тек қазақ  рулары мен хандары, жүздері мен  батырлары тарихын зерттеп игеру  еместін. «Шежіреде» ақын –педагог  тарихи  оқиғаларға орай өз түсініктерін айқындап, қазақ жастарының тарихи санасын, өзіндік этикалық санасын жетілдіру мақсатын көздегенді.

   Фолькло арқылы  ақын қыз бала мен ұл бала  тәрбиелеудегі ата –ана рөлін, әке шешеге деген балалардың  сүйіспеншілігін, әйелге деген қамқорлықты, адам өмірінің құндылығы мен  маңызын тапты. Ауыз әдебиеті  қазақ халқының қоғамдық өмірін  қалыптастырудағы, елді бірлікке, жұртшылықты  адалдыққа, адамгершілікке баулудағы  әсері туралы ол әңгіме етіп  тұратын. Жастар өзінің туып-өскен  жерлерінде осындай шығармалардың  бар болғанын біліп, адамгершілікті  жоғары дәріптеген туыстарынан  тәлім алсын деп ойлаған.

   Шәкәрім нағыз  таза ұлттық ортадан шығып, дала  педагогикасы объектісі болып, ұлттық  рухтағы тәлімді өз басынан  өткізген кезі келгенде ұлттық  пен жалпы адамдық педаггиканың субъектісі мен зерттеушісіне айналған.

   Неше тіл білсең-сонша  рет адам боласың дейді халық  нақылы. Таза қазақы ортадан шыққанына  қарамай ақын араб, парсы, татар, шағатай, өзбек, рыс тілдерін еркін  меңгерген. Оның лингвистикалық  талаптары дүние жүзіндегі  елдердің  ғұламаларымен таныстырып, солардың  демократтық, гуманистік идеяларына  сәйкес өзіндік көзқарастарын  түйіндеуге мүмкіндік берді. Шәкәрім  Шығыс және Батыс мәдениетін меңгеріп, жалпы адамдық құндылықтарын, соның ішінде этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, моральдық концепцияларды философиялық лирикасында, ғылыми аңсарларында шынықтырып дамытқан.

  Шәкәрімнің психологиялық тұжырымдамаларының көп жыл бойы   Шығыс пен Батыс мәдениетін танып білуінің нәтижесі. Ақынның психологиялық көзқарастары философиялық лирикасында «Үш анық» және «Мұсылмандық шарты» аңсарларында айқындалған. Психологияға деген қызығушылық оның 1919ж. Қазақ тілінде шыққан психология оқулығына пікір жазуға себеп болды. Ол « жансыры» деген терминді «психология» деп атаған.

   Ең алдымен ақынды  психологияның философиялық негіздері  қызықтырған. Ол өзінің жан туралы, жанның қасиеттері мен қажеттіліктері  туралы түсініктерін философияның  негізгі мәселесімен ұштастырып  қараған. Материя мен сананың  қарым-қатынасы туралы сұраққа  идеализм тұрғысынан жауап бере  тұра, бар болмыстың себепкері  жаратушы- құдай деп, Шәкәрім тек  өзіне тән дәлелдерді келтіреді.

   Өз заманына сай  ғылыми көзқарастарға ие болған  ағартушы адамның психикалық  қызметінің табиғатын ашқында, таным  процестерінің механизмін көрсеткенде  діни түсініктерден аулақ болған. Осы орайда айтып кеткен жөн болар: Шәкәрім ортағасырлардағы ұлы қазақ ғұламасы, энциклопедист әл-Фараби және қазақ ойшылы Абай салған жолмен жүріп, солардың ой-пікірлерін дамытса, Шәкәрімнің еңбектері Ж.Аймауытов пен М. Жұмабаевтың оқулықтарына жол сілтейді.

   Психикалық қызметтің  формалары туралы ойларында Шәкәрім  гилозойстармен панпсихистарға  бір табан жақын. Оның ойынша, жан адамдарға да, жануарларға  да, өсімдіктерде де бар, бірақ  өсімдік пен хайуанат әлемінде  түйсік дәрежесі төмен болады. Шәкәрімнің адам танымы мен  жәндіктердің психикасының сапалық  айырмашылығы туралы жазған ойлары  қазақ қоғамындағы гнесеология  дамуындағы жаңа сөз, ой-кікір, жаңа  кезең және саты ретінде  Қазақстанның  ғылыми психологиясының негізін  қалағаны анықтан анық.

   Ойшыл- рационалистің  ерекше назарын аударған мәселенің  бірі –таным процесінің табиғаты, түп-тамыры. « Біз әр нәрсені  денедегі сезімімізбен білміз. Мұқым  барлықтың бәрі жаралыс жолмен  еріксіз бар болып жатқанын  көріп, біліп тұрамыз... Тән сезіп, құлақ бермек. Бесеуінен мидағы  ой хабар алып, жақсы жаман, әр  істі сол тексермек».

   Ақын-философ шығармаларында  таным процестері материалистік  диалектикадағыдай белгілі үш  дәреже, сатыларға бөлінбеген.

  Сонымен, Ш. Құдайбердіұлы  халықтық тәлімді сынды електен  өткізіп, дүниедегі сан түрлі  педагогикалық тұжырымдарды жан-жақты  қарастырып, этникалық және ғылыми педаггикалық ой-пікірлерді өзара байланыстырып туған қоғамның қазынасына айналдырды.

   Шәкәрімнің тарихи, ғылыми, философтялық, психологиялық, педаггикалық көзқарастары Қазақстан  ғылымының негізін салған кәсіби  педагогтар, психлгтар, философтар  мен тарихшылардың оййларының  қайнар көзі болды.    

 

 

    1. Жамбылдың тәрбие –тағылымы

(1846-1945)

  Жамбылдың тұңғыш  кітабы 1944 жылы «Песни и поэмы»  деген атпен орыс тілінде әуелі  Алматыда, соңынан Мәскеуде шықты. Толық жинағы қазақ тілінде  Сәбит Мұқановтың бас мақаласымен 1946 жылы шықты. Кітаптың беташарында  бірсыпыра фактылармен, қазақтың  тоқсаннан асқан қарт ақыны  бас-аяғы бір-екі жылдың ішінде  одақ көлеміне қалай әйгілі  блғаны айтылғанды.

   1936 жылы Мәскеуде  қазақ өнері мен әдебиетінің  он күндігі болғана Жамбыл  мен Сәкен Сейфуллин екеуі  Еңбек Қызыл ту орденін алды.

   Жамбыл бүкіл Жетісу  өңіріне аты шыққан дарын ақын  болды. Қазақтың қараңғылық халі  қырық бөлініп қаналған мешулік  жағдайы, оның өрісін бұдан әрі  жібермейді. Соның өзінде, ізсіз  ұшарсыз өшіп қалмай, жер бетіне  жарып шығып, жұрт көзіне жоталы  дарын иесі екенін таныта алуы, кейін осы қалып дәрежеде Мұхтар  Әуезовтың «Абай жолы» романына  елеулі бір ақындық образына  негіз салуы –Жамбылдың көптің  бірі емес,ілеуде бір ұшырасатын  ерен талант екенінің айғағы.

   Баспа жүзінде  қазақ оқушысы Жамбыл есімін ең алғаш 1923 жылы Шамғали Сарымбаевтың «Қазақтың революцияға дейінгі ақын-жыраулары» атты мақаласында таныды. Бұдан кейін Жамбыл есімі он екі жыл баспа жүзінде көрінбей кетті.

   Бірақ Жамбыл жырынан  тиылған емес, ешкім ерен көңіл  бөлмесе де қарт ақын өз  төңірегіне революция заманы,  жаңалықтарына әрдайым үн қосып, халқының күрес жолын, бақыт жолын  жырлап тырды. Алайда, сондағы жырларының  көпшілігін ешкім жазып алмағандықтан, ізсіз-түзсіз жоғалып кеткен. Тек 1927 жылы Жетісу жері Түркістаннан  бөлініп Қазақстанға қосылғанда  шығарған «Қазақстан тойына», 1927 жылғы жер бөліс науқанына  арналған «Заман ағымы» 1928 жылы «Өркенің өссін еңбекшім» деген бірен-саран жырлары  ғана сақталған. Бұл осы екі-үш жырының өзін бүгін оқып тыңдасақ қарт жырау сол жылдары қазақ жеріндегі жер бөлінісін, оның еңбекке байланыстылығын, барлық байлық жер қойнауында деп, егіншілікпен айналысқан бау-бақшамен гүлденген Жетісу жерін жырлайды, халықты, қалың жұртшылықты сол жырлардағы еңбекшілердің бірігуін еңбек етуге шақырады.

   Еңбекшіге арналған  бұл өлең жырының өзінде еңбекшілерді  бірлесіп еңбек етуге, жастарды  еңбекке, білімге  тәрбиеге нұқсаған  қаншама өсиет қнеге жатыр. Сол  жылдары одан кейінірек те  жазылған.

   Жамбылдың өлең-жырларында  патриоттық сезім, тәрбиенің күші  бар, тәрбиенің күшіне  сенген  –ақын, тәрбие тағылымын, үлгісін  әрбір өлеңнің арқауы ете білді. Қарт жырау Жамбыл бұл жерде  өлеңдерін педагог, мұғалім, оқушыларға  тура арнап  жазбағаны белгілі. Алайда, ол сол  өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамның әлеуметтік- экономикалық күйін, жаңа мәдениетін, халықтың бүкіл қоғамның тарихи дамуын, дәуірге, белгілі бір кезеңге байланысты оқу- ағарту процесінің ұқалыптасу үлгісін жырына қосты. Бүгінгі педаггикалық тұрғысынан қарап, ақын жырларын талдап, зерттесек, ол адамгершілік, ақыл-ой ,дене тәрбиесін, патриоттық, идеялық- саяси тәрбиені, еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарап көп жырларында еңбекті, еңбек тәрбиесінен бастап тәрбиенің  барлық түрін, еңбек тәрбиесінің  құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Мұның ішінде тәрбиесінің негізгі категориялары  ақылдылық, даналық, адамгершілік, ұлағаттылық пен парасаттылық Жамбыл өлеңдерінің өзекті проблемалар ретінде қаралды, соны жырға қосады.

   Жамбыл 1930 жылдардың  соңында жазған «Абай жастар  жыршысы»,  «Абайды еске алу», «Абай ізімен» атты өлеңдерде Абайша толғанысқа, Абайша халқын сүюге, жастарын оқу, өнер, білімге шақырады, оларды баулиды, тәрбиелейді.

   «Айтыстың арыстаны» аталған Жамбыл қткір, уытты жырлары мен қатар кең тынысты, ұзақ этикалық туындылар шығарады. Айтыстың әр шумағында тіпті әрбір жолында халқының, сол кезеңдегі еңбекші бұқараның мүддесін көздейді. Теңсіздікті, бостандықты, ерлікті, әйел теңдігін жырға қосады. Мұны Құлмамбет, Сарбас, Досмағамбет сықылды үстем тап дәстүрінен, алдымен өзінің ақындық шеберлігі биік тұрады.

   «Жамбылдың қандай  өлең-жырларында болмасын, айтыста, дастан, поэма, жеке өлеңдер жазудағы  ақындық дәстүрінде болсын, әйел  образы, әйел бейнесі, тәрбие тағылымы  бұл тақырыпты жырлаудағы ақындық  межесі, оның поэзиясының шырқау  биігі болып табылады. Мұның әр  жолында бүкіл шумақта ақынның  адамгершілік этноэстетикалық ақылға  құрылған үн бар.

   Жамбыл жаңалықтың  шыршысы болған. Қарт жырау күнделікті  айнала ортаны, көзімен көріп  құлағымен естігенін өлең-жырларының  арқауы ете білген. Соғыстың соңғы  жылдарының бірінде М. Әуезов  пен Ақжан Мшанов Жамбылдың  үйіне, көңілін сұрауға барады. Дәл  сол кезде әл-Фараби кім деген  мәселе әдебиетшілер мен ғалымдардың, қазақ зиялыларының арасында  үлкен әңгімеге айналып жүрген  кез екен.

   Педагогикалық тұрғыдан  алғанда Жамбыл жырлары, оның  тәрбиелік тағылымдары ХХ ғасырдың  басындағы, одан кейінгі кезеңдердегі халықтық педагогиканың негізін қалаудың  айқын айғағы. Жамбылдың бүгін орнатып жатқан гуманистік және демократиялық қоғамда ұлт мәдени тілімізге, оның оқу-ағарту ісіне өзінің өлең жырлары арқылы қосқан үлесі, сіңірген еңбегі, тәрбие тағылымдары жастарымызды адамершілік рухта тәрбиелеп еңбекке баулудың үлгісі болмақ.

 

    1. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі

(1873-1937)

   Ахмет Байтұрсынов  –қазақ мәдениетінің тарихында  үлкен, бір дәуірді алып жатқан  алып тұлға. Оның тарихи тағылымы  мол, тәрбие туралы өзіне тән  прогрессивтік ой-пікірі бар ұлы-ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі  және әдебиет тану) негізінен  салушы педагог-ағартушы, мәдениет  және қоғам қайраткері.

   А. Байтұрсынов –алғашқы  қазақ тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы («Жаңа емле ережесі» айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар  аударады. Ал, 1924жылы, ол жаңа қазақ алфавиті ретінде қабылданып, оған ғалымынының құрметіне- Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманындағы  барлық түркі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзінде  үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту методикасы өзінің сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасы