Қазақ ұлттық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2014 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Қазақ этнопедагогикасының зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы
1.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырдағы ұлттық педагогикалық ойлар.
Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы
Шоқан Уалиханов- ағартушы, ғалым.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі.
Қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі.
ХХ ғасырдың басындағы ақын- жазушылардың педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.docx

— 80.05 Кб (Скачать файл)

   Ш. Уәлиханов Қашқарға  барған сапарында көптеген материалдар, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше  түрлерін, аса сирек кездесетін  кітаптар алып қайтты. Этнографиялық  очерктер, санақ мәліметтері, тарихи  хабарлар, онда халық әдебиетінің  үлгілері, білім, ғылым, оқу қырлары  жинақталған деректер толы. Шоқанның  тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа  сақталады.

 

 

 

2.2. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы

(1841-1889)

  Қазақ педагогикасының  негізін салушы, педагог- ағартушы, ақын және прозайк, публицист  балалар жазушысы, орыс графикасы  негізінде қазақ алфавитінің  негізін қалаушы. Алтынсарин мектеп  пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің  тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай-ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сеніммен қарады. Ы. Алтынсаринның пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің  бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс-деген қағида ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі-деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралыы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады.  Алайда, ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас  жоспарлардың өмірге Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балаларымен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда  төменгі қолөнер училищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ағаш –токары, слесары-ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училищесі тек 1884жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық училищесін ашу үшін өзінің екі үйінің орынын және училище учаскесі үшін қыстауындағы жерін берді. Алайда, бұл үстемдік  етуші топтың әсері салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады, қолдау таппады. Училище сол күйінде  ашылмай қалды.             Ы. Алтынсариннің  табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бұл орыс –қазақ мектептеріне  мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып есептеледі. Россия жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі тұғырына тірелген еді.

   Тұңғыш қазақ мектебін  ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай  соған тікелей көмектескен Н.И. Ильминскийге жазған (1864 жыл, 16 март) хатында: «Осы жылы наурыздыі 8 күні  менің көптеген күтпеген ісім  орнына келіп, мектеп  ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де  есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте  қызу кірістім. Бұл балалар да  менің айызымды қандырып, небәрі  үш айдың ішінде оқи білетін  және орысша, татарша жаза білетін болды... Кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін тарихын білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман –тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады»-деп жазады.

   Ұлы ағартушы-педагог  тек мектеп ашумен шектеліп  қалуға болмайтынын, бұған лайықты  оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар  керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ы.Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап «Оқу құралын» жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар «Семья мен меткеп», «Халық мектебі» журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабиенттері үшін құрал- жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын айтады. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ аса қажетті кітаптар мен журналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болады. Автор сол тұстағы мектептерде дін сабағының қту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін «Шариятул-ислам» атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман дінінің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлес қосты.

   Ыбырай жастары  оқу-білім үндегенде, құрғақ насихатқа  ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен  дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді  оқушы зердесіне еркін сіңіруіі  үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсілін  қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды  пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:

 Бір құдайға сыйынып,                                                                                                                                      Кел, балалар, оқылық,                                                                                                                             Оқығанды көңілге                                                                                                                                      Ықыласпен тоқылық!-                                                                                                                             деген жолдарды әдейі қайталай  отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда  бала жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген «Бір Құдайға  сыйынып,кел, балалар, оқылық» атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама-қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік пен надандықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды.

   Әдебиетімізде бұған  дейін оқу-білім өнерге біріңғай  шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын  ескерсек, осы «Кел, балалар, оқылық»  өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін  бастан-аяқ мазмұнды, жаңа сипатты  шығарма деп аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал-жабдықтарының іс-әрекет, қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ естіп, көз көрмеген паровоз, пороход, радио, телеграф, телефон, газ, электр, самолет т.б. Сондықтан бұларды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұсынады.  

  Автор сол таныс  емес техника заттарының іс-әрекеттерін  алдымен өзімізде бар нәрселермен  теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол паравозды «аты жоқ  құр арба» деп бейнелесе, ал  суда жүзген кемені кәдімгі нән балыққа балайды. Бұл, біріншіден, жұмбақ шешіп үйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас-ынтасын арттырса, екіншіден, жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты түсінік алады.

   Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез- құлыққа тәрбиелеу болып келеді. Ол ел- жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп күн көретін отырықшылыққа шақырды. Өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зор салады. Мысалы, «Қыпшақ Сейітқұл», « Киіз үй мен ағаш үй.

   Сондай-ақ жазушының  балаларды әдеп пен әділдікке, қанаңатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, ізеттілік  пен бауырмалдылыққа шақыратын  әңгімелері де бір төбе. Бұлардың  ішінде жан-жануарлар тіршілігінен  алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, «Түлкі мен ешкі», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға» т.б. Алайда, оның балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған шығармаларының өзі аса елеулі. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс өнерін еске түсіретін «Жан-жануарлардың дауласқаны», «Байұлы» тәрізді топтамаларында тапқырлық шешендікке баулуды мақсат етеді. Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады.

   Сонымен Ы. Алтынсарин  өзінің қара сөздерінде тәрбиелік  мәнді, қысқа сюжетті, шағын әңгімелерінің  алғаш рет негізін салды.

 Демек, осы тұрғыдан  алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш  педагог, ұстаз-ғалым. Оның мұрасы  тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірлері қазақтың таусылмас қазынасы.

 

2.3. Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы

(1845-1904)

   Абай ақын- ұлы  тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары  дүние жүзі  поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес  тұрғаны- білген адамға айқын  шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген  өрен жүйрік жырау, жыршы  ақындары  бар қазақ әдебиетінде  Абай  орнының ерекше болуы тегін  емес.

   Абай халықтың  түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін  оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай  көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында, ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім- міне осылардың түйісіп келуі шарт.

   Абайдың педагогикалық  мұраларының негізігі идеяларының  бірі-адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл, ұлы ұстаз- Абай халықтың  әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің  дамуы-сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек теу дәрежесіне тікелей  байланысты екенін даналықпен  болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ  ағартушылары сияқты-байлықтың, молшылықтың  көзі- деп санады. Жастарды еңбекке  шақырды.  Еңбек тәрбиесін, оқу  мен білім алудың негізі-деп  түсінген Абай жас ұрпақтың  барлық тәрбиесінің  көзін-бұлағын  еңбектен іздеді. Ол еңбек пен  қоғамдық еңбектің  тұтастығын, бірлігін- парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне  талғамын, үлгілері-өмірдің, тіршіліктің  жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз  ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын, ғақлияларын  арнады. Ең бастысы: еңбек пен  адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілікке, көрнекілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше  еңбек-адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы- даналықтың, ғұламалылықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.

    Абай поэзиясының  ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы- ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез- құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа, жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез- құлық мәселелері қай заманда да мәні жойылмайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттың ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат  ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандығы  өмір шындығын танып-білуге үлкен  себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол –санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.

   Тарихи принцип  тәрбиелік тағылым Абай творчествоның  сол дәуірдегі қоғамдық өмірмен  тамырластығын танып-білудің бірден-бір  қажетті шарты екенін мойындай  отырып, ақын шығармаларын бүгінгі  оқырмандар әсіресе, жасөспірімдер, қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман- мұраттарын  жалғастыра , жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын,сөз өнерінде не жаңалық  әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, өазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ ақын мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптасақ, оның өз заманының озық-тілек- мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз. Оның ең басты бір қыры оқу-тәрбиелік маңызында.

   Абай шығармаларында  алдымен, мейлінше мол, әр қырынан  көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам  өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тқлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі  адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынанда айқындала түсіп, жан-жанқы толық көрінісін табады. Абай өзін ұстаз ретінде де көрсете алады.

   Ақынның бейнесі  дегеніміздің  өзі де ылғи бір қалыпта, біркелкі сиаптта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл-күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тәрбиелік түрінде әр алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айқын қалпында танылады.

   Сонымен қатар  Абайдың өлеңдерінде әртүрлі  топтың өкілдері әсіресе ұстаздар, жас адамдар үнемі бой көрсетіп  отырады. Мысалы:                                                                 Жақсыға айтсаң, жаны еріп,                                                                                                                            Ұғар көңіл шын беріп.                                                                                                                  Жамандар еңбек қыла алмай жүр.                                                                                                    Кейде топтап айту үшін біреу.                                                                                                   Абайдың қоғамдық мұрат нысанасы туралы айтқанда, ол адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау керек.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасы