Қарым-қатынас туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 10:34, лекция

Описание работы

Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қарым-қатынас .doc

— 534.50 Кб (Скачать файл)

Оқытуларды жоспарлау кезінде, сонымен қатар,психогимнастикалық жаттығуларды өткізу барысында бір қатар сәттерді ескеру қажет.Олар жаттығуларды дұрыс таңдау,оларды орындай алдында топқп нұсқау беру, дер кезінде тоқтау және нәтижелерді талқылау өтейік.

Жаттығу таңдау. Қандай да бір психогимнастикалық жаттығуды таңдаған кезде жаттықтырушы төмендегі жәйттарға назар аударуы тиіс:

  1. Жаттығуды өткізудің нәтижесінде қандай өзгеріс болуы мүмкін:
    • Жалпы топтағы жағдай өзгереді;
    • Топтың әрбір мүшесінің жағдайы өзгереді;
    • Көп жағдайда топтың бір немесе екі-үш  мүшесінің жағдайы өзгереді;
    • Мазмұндық жоспарда ілгері жылжуға мүмкінік  беретін деректер жиналатын болады;
  2. Топтың жағдайы қай деңгейде: топта бірауыздылық басым болған сайын,онда еркіндік үдей түседі, топтың әр мүшесі өзін еркін сезінеді, бұл жаттығуларда тәуекелдік ьасымырақ болады. Мұндай жаттығулар қатарына ең алдымен топ мүшелерінің жаттығуды жүзеге асыру барысында дене жанасуы қажет және көді жұму арқылы жасайтын жаттығулар жатады.Бұл жаттығуларды өзінің межелі уақытынан бұрын жасау топта қолайсыздық орнататын шиеленестікті арттыра түседі.
  3. Топтың құрамы: әлеуметтік-демографиялық мінездемелер (жынысы, жасы және т.б. ),сондай-ақ дене бітімі мәліметтер
  4. Күн тәртібі: тәуліктің бірінші жартысында түрлі мәселелер мен шаруаларды бір уақыт ұмыттыратын «осы сәтте және осы уақытта» жағдайға енуге мүмкіндік беретін топтық емес жаттығуларды өткізу дұрыс болиақ, сондай-ақ бұл назарды жинақтауға, ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді.

Ал тәуліктің екінші жартысында шаршағандығынды ұмытуға мүмкіндік беретін, эмоционалды серпілуге жағдай тудыратын жаттығуларды өткізген жөн.Жаттығулардың соңғы түрін сонымен қатар, топтың барлық мүшесіне немесе кейбір мүшелеріне қиындық тудырған қызу талқылаулардан кейін өткізуге болады.

1. Тренингке берілетін  нұсқау. Жаттығулардың тиімділігі көп жағдайда ең алдымен қажетті және толық ақпаратпен қамтылған нұсқалықтың анық, айқын болуына да байланысты. Нұсқаулықта күрделі тәсідермен керексіз түсіндірмелер шамадан тыс болмауы керек. Сондай-ақ,жаттықтырушының жаттығу уақытынан артық уақыт нұсқаулық бергені дурыс емес. Кей жағдайда, нұсқаулықты түсіндіру барысында жаттығудыңқалай орындалуы керектігін  көрсететін мысалдар келтіруіне болады.

Нұсқаулықты түсіндіру кезінде жаттықтырушы топтың әр мүшесінің назарын өзіне қаратып, визуальды байланыс орнату керек. Бұл топ мүшелерінің назарының жоғарлығын арттырады, нұсқаулықтың қандай бір үзінділерін жіберіп алу және алаңдау мүмкіндіктерін төмендетеді.

Жаттықтырушы топ мүшелерінің жанары мен бет қимылдары арқылы бір нәрсені түсінбей қалғандықтарын байқайды, және нұсқаулықты: «Мүмкін түсінбеген жерлер бар шығар, толықтырайықпа ?.» деген сұрақ қойып, жоғарыда атап кеткен әрекет танытқан топ мүшелеріне назарын аударады.

Жаттығуды нұсқаулықты барлығын түсініп, қалай жасау керектігін толығымен меңгерген сәтте ғана бастау керек. Дегенменде нұсқаулықты барлығы түсінгендігін тексергеннен кейінде топтың кейбір мүшелерінің арасында бір нәрсені түсінбей қалатындар болады. Осындай жағдайда жаттығуды тоқтатып, анық-қанығын түсіндіру керек.

Жаттықтыруды жүзеге асыруға жаттықтырушы қатысуы тиіс пе? Бұл сұраққа нақты жауап таба алмаймыз. Бұл сұрақтың нақты  жауабын беруден бұрын бірқатар бағдар берген дұрыс болар.

Жалпы ортақ ой – жаттықтырушы мүмкіндігінше тәуліктің бірінші жартысында орындалатын жаттығукларға қатысуы тиіс. Бұны ереже ретінде де қабылдауға болады. Сондай-ақ топтың әр мүшесімен жекешілдік кері байланыс орнатуға бағыттлған жаттығуларға да қатысуы керек.

Егерде топ мүшелерінің тақ немесе жұп болуы талабы қойылатын жаттығулар болса, жаттықтырушы топ мүшелерінің қатар санын реттеу үшін, қатысуы немесе қатыспауына болады.

Жаттықтырушы орындалу барысында оның жетекшілік етуі қажет жаттығуларға қатыспайды. Сонымен қатар жаттықтырушы топ мүшелерінің қауыпсіздігін қамтамасыз етуі қажет, мысалы көзді жұмып жасайтын жаттығуды орындаған сәтте жаттығуға араласпайды.

2. Кідіру және  талқылау. Қорытындысы қисынды болып келетін жаттығулар кездеседі. Мұндай жаттығулардың қатарынан, мысалы, «Бұзылған телефон» деген атпен кең таралған ойынды атауға болады. Ойын ақпарат ең соңғы қатысушыға жеткенде аяқталады. Кей жағдайларда жаттықтырушы жаттығудың шартын алдын-ала айтады,мысалы: жаттығу топ мүшелерінің әрқайысысы бір әрекет жасағанда немесе айтқанда аяқталады деп айтып қояды.

Екінші бір түрі: жаттығуды орындау уаұыты алдын-ала ескертіледі. Бұл жағдайда уақытты жаттықтырушы қадағалайды,және топқа уақыттың  аяқталғанын айтады. Бірақ көп жағдада жаттығуды өткізу үшін уақыт мөлшерін алдын-ала анықтау мүмкіндігі болмайды, мұндай сәтте топ мүшелерінің көңіл-күйі, олардың жаттығуға деген қызығушылығы мен қатысу деңгейі басты назарда болады. Жалпы ереже; жаттығу оан елігу мен қанағаттану деңгейі барынша жоғары көрсеткішке жеткенже және әлі төмендемей турған сәтте аяқталуы қажет. Топ мүшелерінің бойындағы өзгерістерді бақылай отырып жаттықтырушы бір жағынан жаттығу өз мақсатына жеткен сәтін,әрі талқылауға қажет дерек толықтай жиналғанын (егерде жаттығу мазмұндық жоспарда ақпарат алуға бағытталған болса), ал екіншіден,топ мүшелерінің бсым көбі жаттығуды жалғастыруға дайын екендігімен қатар аяқтауға да қарсы емес сәтті дәл анықтай білуі қажет.

Жаттығуды талқылау түрі аяқталғаннан кейін жаттықтырушы қоятын сұрақтар жаттығудың көздеген мақсатына байланысты болмақ. Басты қойылатын ортақ талап: жаттығудың мазмұнды ақпарат алуға  бағыты жоғары болған сайын, оны талқылауға кетіретін уақыт мөлшері де арта түседі.

Егер жаттығу ең алдымен жалпы топтың немесе оның әрбір мүшесінің жағдайын өзгерттуге бағытталса, «Сіз өзіңізді қалай» сезінесіз?», « Қазір сіздің көңіл-күйіңіз қандай?, және т.б. қысқы түрдегі сұрақтар қоюға болады. Мұндай сұрақтарға кй жағдайда қайталанатын «жақсы», «бір қадыпты», «көтеріңкі» деген жауаптар естиміз. Кей жағдайда жаттықтырушы топ мүшелерінің көңіл-күйін қандай деңгейде екндігін байқағандығын жеткізеді, мысалы «Бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріңкі. Енді жұмысымыздың жауапты кезеңіне көшсек болады ғой?».» менің байқауымша, бәріміздің жаңарымыз жарқын,көңіліміз көтеріңкі сияқты, сондықтанда жаттығуымызды жалғастыруға болады, және т.б.

Сұрақты жаттығудың өтуіне байланысты қоюға болады. Жаттықтырушы жаттығу барысын қадағалай отырып,қатысушылар қиындықа тап болмады ма (болған жағдайда, ол қандай қиындықтар), қатысушылардың жағдайы қалай, неге қол жеткізуде және керісінше неге шамасы жетпей жатқандығын бақылауға алады. Бұл бақылаулары жаттығу аяқталғаннан кейінгі сұрақтардың түрін анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қарым-қатынас психологиясы» пәнінен тест сұрақтары

 

1.Ингибиция ұғымы нені  білдіреді?

A тоқтату

B жеңілдету

C босқа әлек болу

D қатты із қалдыру

E теңестіру

 

2. Фасилитация ұғымы нені білдіреді?

Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

A тоқтату

B жеңілдету

C босқа әлек болу

D қатты із қалдыру

E теңестіру

 

3. Әлеуметтік өлшем әдісін психология ғылымына енгізген ғалым?

A Н.Н. Ланге

B В.М. Бехтерев

C Дж. Морено

D Ф. Олпорт

E В. Меде

 

4. Қарым-қатынас дегеніміз ол ...

A бірігіп іс-әрекет ету қажеттіліктерінен туындайтын, адамдар арасындағы байланыс-қатынастарының дамуының көп жосралы үрдісі

B психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым

C жануалар мен адам психикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттейтін ғылым

D қоғамдық тұрмыс пен биологиялық факторлардың баланың психикалық дамуына тигізетін әсерін зерттейтін ғылым

E мидың ауруға шалдыққан патологиялық кезінде адамның психологиялық құбылыстарының өзгеруін зерттейтін ғылым

 

5. Бірігіп іс-әрекет етушілердің арасында хабар алмасуды көздейтін қарым-қатынастың қандай жағы?

A интерактивті

B коммуникативті

C перцептивті

D этномәдениеттік

E аспаптық

 

6. Тілдік қарым-қатынас кезінде сөздермен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен хабар алмасу қарым-қатынастың қандай жағына жатады?

A интерактивті

B коммуникативті

C перцептивті

D этномәдениеттік

E аспаптық

 

7. Адамның адамды қабылдауы, түсінуі және бағалауы қарым-қатынастың қандай жағына жатады?

Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

A интерактивті

B коммуникативті

C перцептивті

D этномәдениеттік

E аспаптық

 

8. Қабылдаушыға алдын-ала қабылданатын адам туралы арнаулы бағдар беріліп, белгілі қасиеттердің телінуі адамаралық бір-бірін қабылдауында қай «эффектіге» жатады?

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

A ореол – құрмет, даңқ

B алғашқылық

C стереотип

D идентификация

E аттракция

 

9. Қарым-қатынастың перцептивті жағын совет дәуірінде қай ғалым зерттеген?

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

A А.А. Бодалев

B Л.С. Выготский

C В.В. Давыдов

D С.Л. Рубинштейн

E В.П. Зинченко

 

10. Қарым-қатынастың перцептивті жағы дегеніміз ол ...

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

A өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі

B хабар алмасу

C тілдік қарым-қатынас кезінде сөздермен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен, іс-қимылдармен де хабар алмасу

D мәдениет формаларын, қоғамның жинаған тәжірибесін тарату

E адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану процесі

 

11. Басқа адамды сол субъектінің өзінің ерекшеліктеріне саналы немесе санасыз ұқсастыру арқылы түсіну тәсілі бұл ...

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

A идентификация

B рефлексия

C стереотипизация

D аттракция

E эмпатия

 

12.Субъектінің қарым-қатынас серіктесінің оны қалай қабылдайтынын түсіну ол ...

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

A идентификация

B рефлексия

C стереотипизация

D аттракция

E эмпатия

 

13. Мінез-құлық түрлерінің классификациясы және мінез-құлық себептерін таныс немесе таныс сияқты құбылыстарға жатқызу жолы ол ...

A идентификация

B рефлексия

C стереотипизация

D аттракция

E эмпатия

 

14. Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы ...

Қарым-қатынастың перцептивті жағы

A идентификация

B рефлексия

C стереотипизация

D аттракция

E эмпатия

 

15. Каузалды атрибуция дегеніміз ол ...

A себепті телу

B әлеуметтік жеңілдету

C әлеуметтік тоқтату

D оңашалану

E теңестіру

 

16. Басқа адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой ұсына білу ол ...

A идентификация

B рефлексия

C стереотипизация

D аттракция

E эмпатия

 

17. Рефлексияны зерттеген ғалымдар кімдер?

A Дж.Холмс, Г.Гибш, М.Форберг

B Г.Келли, Э.Джонс, К.Дэвис

C Ф.Олпорт, В.Меде, В.М.Бехтерев

D М.Ротбарт, П.Биллер

E У.Липпман, Ф.Хайдер

 

18. Психикалық немесе физиологиялық қалыптармен алмасу қарым-қатынастың қай түріне жатады?

Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

A іс-әрекеттік

B когнитивтік

C мотивациялық

D кондициондық

E материалдық

 

19. Іс-әрекет өнімдері мен заттармен алмасу қарым-қатынастың қай түріне жатады?

A іс-әрекеттік

B когнитивтік

C мотивациялық

D кондициондық

E материалдық

 

20. Біліммен алмасу қарым-қатынастың қай түріне жатады?

Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

A іс-әрекеттік

B когнитивтік

C мотивациялық

D кондициондық

E материалдық

 

21. Талаптар, ниеттер, мақсаттар, қызығушылықтар, қажеттіліктермен алмасу қарым-қатынастың қай түріне жатады?

A іс-әрекеттік

B когнитивтік

C мотивациялық

D кондициондық

E материалдық

 

 

 

22. Әрекеттер, операциялар, іскерліктер, дағдылармен алмасу қарым-қатынастың қай түріне жатады?

A іс-әрекеттік

B когнитивтік

C мотивациялық

D кондициондық

E материалдық

 

23. Коммуникативті құралдарды тек қарым-қатынас процесін қолдау мақсатында пайдаланатын, мағынасыз қарым-қатынасты қалай деп атайды?

A мақсатты қарым-қатынас

B жанама қарым-қатынас

C тікелей қарым-қатынас

Dфатикалық қарым-қатынас

E аспаптық қарым-қатынас

 

24. Қарым-қатынас процесінде мәліметті беруші адамды қалай деп атайды?

A реципиент

B коммуникатор

C Индивид

D Жеке тұлға

E декодификатор

 

25. Қарым-қатынас процесінде мәліметті қабылдаушы адамды қалай деп атайды?

A реципиент

B коммуникатор

C Индивид

D Жеке тұлға

E Кодификатор

 

26. Коммуникация процесінде әртүрлі слэнгтер мен жаргондар түсініспеушілік барьерінің қай түріне жатады?

A семантикалық

B стилистикалық

C фонетикалық

D логикалық

E акустикалық

 

27.Коммуникация процесінде әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу түсініспеушілік барьерінің қай түріне жатады?

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

A семантикалық

B стилистикалық

C фонетикалық

D логикалық

E акустикалық

 

28. Коммуникация процесінде  мысалы, мәлімет қызықты, түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса түсініспеушілік барьерінің қай түрі пайда болады?

A семантикалық

B стилистикалық

C фонетикалық

D логикалық

E акустикалық

 

29. Коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте курделі болғанда туындайтын түсініспеушілік барьерінің түрі?

Информация о работе Қарым-қатынас туралы түсінік