Қарым-қатынас туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 10:34, лекция

Описание работы

Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қарым-қатынас .doc

— 534.50 Кб (Скачать файл)

Тренингтік топтың жұмысы өзіңе тән бірқатар принциптермен ерекшеленеді. Оларға қысқаша анықтама беріп, тоқталып өтейік.

    1. Белсенділік ұстанымы

Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі  ерекше мәнге ие,оны кітап оқушы немесе лекцмя тыңдаушы адамның белсенділігімен салыстыруға болмайды. Тренинг барысында адамдар арнайы талқылаған іс-әрекеттерге араласады. Ол қандай бір іс - әрекетке,араласу,жаттығуларды орындау,арнайы схема бойыншабасқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін. Сондықтанда іс-әрекетке кез-келген уақытта араласуға болатындығын түсіндерген жағдайда,оған қатысушылардың белсенділігін арта түседі.

Әсіресе жаттықтырушы ұсынған ойды,мінез-құлық амалдарын сезіну және жаттығу тәсілдерін меңгеру арқылы. Тренингің мақсатына жетуде топтын барлық мүшелерін белсенді түрде бірдей араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен жаттығуларды қолдану тиімді болмақ.

Белсенділік ұстанымы, негізінен эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенін он пайызын,көргенін елу пайызын,айтқанының жетпіс пайызын және өзі істегенінін тоқсан пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.

2. Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы

Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлармен заңдылықтарды сезініп,анықтап,ашумен қатар,өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктерімен ерекшеліктірін де сезіне түсетіндегінде болмақ.

Осы ұстанымға сүйене отырып жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы  жаңа мінез-құлықтарды сезініп,қалыптастыра түсүге,тәжірибе жасауна мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады,құрастырады және ұйымдастырады.

Тренингтік топта негізіненьейтараптылық жай орнаған,қандайда бір мәселе орын алған креативті орта қалыптасады.

Бұл ұстанымдыжүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық тудырады. Тренингтік топқа келетін адамдар бойында мектепте,институтта алған білім арқылы берілген арнайы өмірлік ережелер мен алдағы уақытта ұстануы тиіс құндылықтардан тәжірибе жинақтаған жандар. Сондықтанда үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте,адамдар наразылық білдіреді,кейде тіпті наразылығы агрессивті формада болады.мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына,өмірге,өз-өзіне шағармашылық тұрғыда қарауға,тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін тигізеді.

3. Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы

Оқыту процесі барысында қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен біртіндеп нысаналық  деңгейге ауысады,бұл тренингті өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс мінез-құлықты нысаналаудың әмбебап құралы болмақ.Топта екі жақты байланыс орнатуға тиімді жағдай тудыру – жаттықтырушы жұмысының басты міндеті.

Қатысушылар бойында қабылеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысаналаудың қосымша құралдары пайдаланады. Солардың бірі топ мүшерлерінің қандай да бір жағдайда іс-әрекеттері,мінез-құлықтарының көрініс табуы бейнеленген бейнежазба болиақ,оны кейін топ мүшелері қарап шығып,талқыға салады.Бұл жерде бейне жазба негативті әсер тудыруы мүмкін күшті құрал екенін ескеру қажет,сондықтанда оны пайдаланарда өте муқият болу керек,және кәсіби деңгейде пайдалана білу өте мәңызды.

4. Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект-субъекті)

Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең  бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы,сондай-ақ олардың сезімі,көңіл-күйі,мазасыздануы ескеріледі,басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.

Бұл ұстанымды жұзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз кателіктерін жасырмай,мінез-құлқын аша түсү үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік,ашықтық,қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады. Бұл үстаным топ мүшелерінің өз-өзіне толық зерттеу жүргізе алатындығына орай,шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.

Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асуы- әдеуметтік- психологиялық тренинг тобы жұмысының тиімді болуының басты талаптарының бірі. Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің және оқытудың басқа әдістерінен ерекшелеріндіреді. Сондай-ақ,тренингтік топтардың жұмысының өзіндік ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы жұмысының өзіндікұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау барысында, тренингті өткізүге кірісер алдында және жұмыс барысында:

  • Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?
  • Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді?
  • Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрқтар қоюы тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу арқылы бұл сұрақтардың жауабын таба алады.  Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:
  • Жұмыстың мазмұнды жоспары
  • Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгей,топ мүшелерінің арасында қалыптасқан түрлі мінездердің қарым-қатынасы;
  • Топтың әр мүшесінің жағдайы,оның тренингке,басқаларға және өзіне деген ойы;
  • Жаттықтырушының жағдайы.

Тренингтің тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің барабарлығына ғана емес,сонымен қатар,алдына қойған қандай да бір мақсатқа жету үшін қаншалықты құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты.

Құрал таңдаудағы мақсаттың шешімдегі алғашқы қадам – бұл әдістемелік тәсілді таңдау. Жиі қолданылатын әдістер қатарынатоптық пікірталастар, рөлдік ойындар, психодрама және оның өзгертулері,психигимнастика жатады.

Қандай да бір әдістемелік тәсілді,сондай-ақ осы тәсіл аясында нақты бір құралды таңдау төмендегі шарттармен айқындалады.

  • Тренингтің мазмұнымен;
  • Топтың ерекшелігімен;
  • Жағдайдың ерекшеләктерімен;
  • Жаттықтырушының мүмкіншіліктерімен.

Әрі қарай біз талқылауымыздың негізгі пәні – психогимнастикалық жаттығулар және тренинг барысында таңдаған қандайда бір жаттығулармен тығыз байланысты шарттардың әрқайысысын жеке қарастыратын боламыз.

Сонымен қатар оқиғалық принципі (событийности), симболизм принципі, транспектива принципін де атап айтуға болады.

Оқиғалық принципі. Бұл принциптің мәні тренинг барысында психолог қозғалысты қатысушылар өздерінде және айналасындағыларда болып жатқан тұтастық, бірлік тәрізді бастарынан өткізетін бір-бірімен байланысты оқиғаларға айналдыруында, яғни тренинг әрбір қатысушы үшін өзінше бір оқиға болу керек. Мысалы, психолог жоғары сынып щқушыларымен кәсіби анықталу тренингін жүргізеді. Онда қалада бар ЖОО және ондағы мамандықтар туралы ақпарат берумен шектелуге болады, немесе әрбір қатысушыға психодиагностиканың нәтижесі бойынша оның бойында бар сапалар мен қасиеттерге сүйеніп, қандай типтегі мамандыққа оның бейім екендігін айтуға болады. болмаса, тіке сен техникалық училищеге лайықсың және сол училищенің директорымен бұл сұрақ шешіліп қойды деп айтуға болады.

Болмаса тренингті арнайы профориентациялық жаттығулар мен кәсіби және тұлғалық өзіндік анықталуға арналған ойындарды пайдаланып ұйымдастыруға болады. оның әсерінен балалар өздерінің бойындағы жаңа қасиеттер мен сапаларды ғана ашып қоймайды, олар өздері үшін жаңа мүмкіндіктерді көреді. Өзгеріске алып келетін оқиға дегеніміз осы.

Симболизм принципі. Симболизм немесе символизмді ажыратып алайық. Ежелгі Грецияда адамдар алыс жақтарға жолға шыққанда өздерімен бірге қыш пластинаның сынығын алады екен, оның екінші сынығын жақын адамына қалдырады екен. Егер де ол адамдар кездескенше ұзақ жылдар өтіп, олардың түр-әлпеттері өзгеріп олар бір-бірін танымайтындай болса, сол қыш пластиналарды қиюластыру арқылы бір-бірін табады екен. Ол пластиналар symballon – тұтастың сәйкес келетін сынықтары деп аталады. Осылайша симбол бірліктің, бірін-бірі толықтырушының белгісі. Осы қыш пластина қалай бір-біріне сай келсе, сол сияқты тренингке қатысушы да өзінің қоршаған ортамен сәйкестілігін көру керек, яғни өзін тұтас заттың бөлігі ретінде сезіну керек.

Егер адам басқа қатысушылар арқылы өзін танып, олармен бірлігін сезінсе симболизм принципінің жүзеге асқандығы осы.

Транспектива принципі. Бұл принцип бойынша психолог тренингте қатысушылар өткен және болашақ оқиғаларды біріктіріп бастарынан өткізуге қажетті жағдай жасауға бағдар жасау керек. Уақыттың бірізділігі – шартты түсінік. Психологиялық уақыт мулдем басқаша жүреді.

Өтіп жатқан жағдайлар қазіргі кезді ғана емес, өткен мен болашақты да өзгерте алады. Мұны психоанализдегі ығыстырылған оқиғалардың шығуынан немесе НЛП-ғы «болашақты програмалаудан» көруге болады.

Осылайша оқиғалар өткен өмірде, қазіргі уақытта және болашақта емес, транспективада болады.

). Топтық тренингтің психологиялық ерекшеліктері. Тренингті жүргізу тәртібі.

Тренинг топтарының негізгі түрлері.

Дәстүрлі түрде базалық тренингтік әдістерге топтық дискуссия, ойын әдістері және психогимнастиканы жатқызады.

Біз мұның алдында тренингті психологтың клиентпен жұмыс істеу әдісі және клиент жаттығып үйренуге қажетті әрекетті орындайды дегенбіз.

Тренинг жалған шынайылық емес (псевдореальность), нағыз шынайылық болу керек.

Тренингтік әдістер туралы айтқанда, мұндағы әдістер шынайылықтың объектсіне емес,  субъектге бағытталатындығын ескеру керек. Мұндағы субъект индивидуалды және топтық деп 2 типке бөлінеді.

Іс жүзінде тренингте индивидуалды және топтық процестер бірігіп кетеді, сондықтан тренер 3 деңгейдегі жұмысты жүзеге асырады:

1. топта (жеке қатысушымен);

       2. топпен (тұтас);

              3. топ арқылы (топтың жеке қатысушыларымен жұмысы).

Тренингте көптеген оқиғалар айтылу керек, шешілу керек. Олай болмаса тренинг те болмайды.

Тренингте үнемі оқиғалар пайда болып отыру үшін оған тренер өз белсенділігін бағыттап отыру керек. Оқиға дегеніміз методологиялық тұрғыдан алғанда – бұл уақыт пен кеңістікте нақты қозғалыстың көрінуі.

Сонымен, тренингтік әдіс дегеніміз бұл қатысушылардың қозғалысын (белсенділігін) олардың өмірі мен өздерін өзгерту мақсатында кеңістік пен уақытта ұйымдастыру тәсілі.

Тренингтегі психогимнастика. Тренигтік топтың жұмысы барысында әр уақытта екі жақ,екі жоспар: мазмұндылық мен жекешілдік көрініс тауып отырады. Мазмұндылық жоспар тренингтің негізгі мазмұндылық мақсатына сәйкес болады. Ол әсер ету нысанының не болып келуіне: қабілеттіріктер,когнитивті құрылымдар,белгілеулерге – сондай-ақ тренингтің бағдарламасына қарай өзгеріп отырады,мысалы мазмұны кретивтік треингте,әріптестік қатынас тренингінде немесе іскерлік келіссөздерді жүргізудің мазмұндары әртүрлі, бірақ әсер ету нысанының деңгейі бірдей – яғни,белгілеулер мен қабілеттілік болмақ.

Жекешілдік жоспар – мазмұндық жоспардағы әрекеттер және топтың әр мүшесінің жағдайы жеке-жеке табатын жалпы топтық қалып «тренингтің кейбір түрлерінде мүшелерінің бұл жағдайы мен қарым-қатынасы топ жұмысының жалпы мазмұнына айналады).

Психогимнастикалық жатығулардың нәтижесінде жалпы топта және оның әрбір мүшесінің жағдайында өзгерістер байқалуы мүмкін, сондай-ақ талқылау мен  сезінуды қажет ететін деректер алға болады, ол деректерді талқылау мазмұндылқ жоспарды ілгерлетуге септігін тигізуі мүмкін.

Біз «психогимнастика» түснігінің шарттыатау екендігін байқап отырмыз. Бұл түсінікпен өте кең ауқымдағы жаттығулар топтамасын атайды: жазбаша және ауызша, вербальды және вербальды емес жаттығулар. Оларды 2-3 адамнанқұралатын шағын топтарда немесе топтың барлық мүшелерінің қатыстыру арқылы өткізуге болады,қандайда бір арнайы псизикалық мінездемеге, мысалы жадын немесе назарға тікелей бағытталған бола алады, сондай-ақ әмбебаптық негізде, жалпылай әсер етуге бағытталуы мүмкін. Мұндай жаттығулар әртүрлі деңгейдегі психикалық бейнелердің бір мәселесін, бір уйаымын ірдей сезінуге жетелейді. Мысалы топ мүшелеріне қандайда бір жағдайды вербальды түрде кезекпен бейнеліп беруді,яғни жазбаша және ауызша, одан кейін суретін салып, содан кейін қимыл-әректпен көрсетулерін ұсынуға болады. Нәтижесінде, сезінудің мүмкіндіктері кеңейеді,бір мәселені қабылдаудың жаңа қырлары ашылады. Сондай-ақ тренингбарысынды бір мазмұнда әртүрлі психогимнастикалық жаығуларды пайдаланғанда, мысалы қозғалмалы сурет салуы мүмкін жіне т.б., жоғарыда аталған нәтижелер көрініс беруі мүмкін.

Кейде психогимнастикалық жаттығулар деп тек жалпы топтың және оның әр мүшесінің жеке  жағдайын өзгертуде мақсат еткен жаттығуларды ғана атайды. Бұл орынды екенін мойындай отырып, біз тренингтің мазмұндылық мақсатына сәйкес келетін тәжірибе жинақтауға бағытталған жаттығуларды да «психогимнастикалықә деп атаймыз. Бұл жерде біз тренингте мазмұндылықтан ада жттығуларды пайдалануды қолдамаймыз. Мысалы, топ мүшелері шаршаған кезде және оларға эмоциялық күш қажет болған сәтте дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады (бұл жұмыстың бір түрі) Сондай-ақ, топ мүшелеріне орындараынан қозғалмай, «бір» деген сенақ кезінде қандайда бір қимыл әрекет жасауды ұсынуға болады. Барлығы бірдей қимыл әрекет жасағанға дейін, әрбір келесі санақта қимыл әрекеттерді өзгертіп тұру тиіс. Мұндай жаттығулардың  нәтижесінде, бір жағынан топтың белсенділігі артады, шаршағандығы тарқайды,көңіл-күйі көтеріледі, ал екінші жағынан – топ мүшелері ортақ шешімге қалай жеткендігі және әрқайсысы қандай жол ұстанғанын талқылау арқылы тәжірибе жинақтауға болады. Талқылаулар кезінде туындаған ойлар әріптестік қатынас, іскерлік келісімдер және т.б. тренингтерде пайдалы болмақ.

Информация о работе Қарым-қатынас туралы түсінік