Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:12, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................................7
1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52
Қорытынды...........................................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………

Файлы: 1 файл

Диплом - Жетписбаевой Асель.doc

— 511.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе ..........................................................................................................................7

1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық

теорияда қарастырылуы

1.1 Білім беру саласындағы  дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16

1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан  алынған бастауыш сыныптағы

пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24

1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік  жұмыстың маңызы және оны 

ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31

1.4 Бастауыш  сынып оқушыларының өзіндік жұмысын 

қалыптастыру  түрлері………………………………………………………......31-33

2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.

2.1 Дамыта оқытуға байланысты  жүргізілген психологиялық 

эксперимент   жұмысының мониторингі……………………………………...34-51

2.2 Теориялық  және тәжірибелік зерттеудің  нәтиже 

көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52

Қорытынды...........................................................................................................52-54

Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………………………….......55-56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеудің  өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқыту технологиясы – дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаның барлық сапаларын жеделдете, қарқынды, жан-жақты дамытуға бағытталған. Оқу әрекеті саналы болу үшін теория мен тәжірибенің бірлігін әрекет дамуының көзі екендігін, қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімділік, дамутушылық сипатын, оқу мақсаты мен сәйкестігін нақты білу керек. Бүгінгі жалпы білім беретін оқу орындары өздерінің алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың қабілетін дамытып, қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді әрекет жасайтын жеке тұлғаны қалыптастыруға тырысады. [1]

Бастауыш сынып  оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау  зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.       Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Мектептегі  білім мен тәрбие берудің мақсаты  өзгеруі керек деген ой осыдан туындайды. Бұл өзгеріс бастауыш сатыдан басталуы керек. Өйткені бастауыш саты – оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Осымен байланысты эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік және интеллектуалдық жағынан оқушыны айналадағы дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен т.б.) өзара белсенді әрекеттік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.

Бұл кезеңнің осындай  мүмкіндігін толық пайдалану, яғни оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне  қол жеткізу үшін бастауыш сатыдағы білім беруде басты орын, ең алдымен, оқушы дамуы мен тәрбиесіне беріледі, білім, білік, дағды оған қызмет етеді. Оқу мақсатының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны әлеуметтік сұранысқа сай анықтап құруға мүмкіндік береді. Біріншіден, мұнда оқушылар тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығын меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сөйлеу (ауызекі, жазбаша) әрекетін, өзін-өзі ұстау, мінез-құлық, салауатты өмір сүру мәдениетін, этикалық, эстетикалық, адамгершілік нормаларын, яғни оқушының тәрбиелік деңгейін сипаттайтын және қалыптасуында әр пән белгілі бір рөл атқаратын құндылық қатынастарды меңгереді. Екіншіден, білім мазмұнының халық дәстүрі мен мәдениетінің озық үлгілері арқылы жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлануы білім беруді ізгілендіру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, оқытуды шамадан тыс идеологизациялауға жол бермейді, саясаттандыруды болдырмайды.

Сондықтан қазіргі  заманғы білім берудің басты  міндеттері оқушының:

өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға (мектеп – бастауыш саты оқушысы үшін осындай орта) үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе – оқушы мәртебесінің қалыптасуын;

оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, т.б. сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін;

айналадағы  дүниемен дара-тұлғалық қатынасының  қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік нормаларды меңгеруін;

білімін әрі  қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын  белгілі бір деңгейдегі эрудициясының  болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Осыдан қазіргі  қоғам талабынан туындайтын бастауыш сатыдағы білім мен тәрбие беру мақсаты мен міндеттерінің аса жауапты және күрделі екенін байқауға болады, бұл мақсатты жүзеге асыруды, міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін білім мен тәрбие мазмұнын анықтап құру – ақылды қисынмен де, үлгілі тәжірибемен де орындалатын шаруа емес. Бұл үшін объективті ұстанымдарға сүйенетін тәжірибе, идея, немесе теория қажет. Оны психология, педагогика сияқты әдістемелік ғылымдардың соңғы жетістіктерінен, екшелеп жинақталған дәстүрлі мектеп және көп жылдардан бері әртүрлі парагдималар негізінде жұмыс істеп келе жатқан эксперименттік альтернативтік мектептер мен жекелеген сыныптар тәжірибесінен іздестіреміз.

Ең алдымен, тарих көмбесіне “бүтіндей тастағымыз” келетін дәстүрлі мектепті алайық. Бұл мектеп оқушыға білімді де, білікті де, дағдыны да дайын үлгімен беріп, оның ойына түрткі салмайтыны, яғни мұнда оқушы интеллектісінің дамуына жеткілікті жағдай жасалмайтыны, оқу материалдарында мәдениет элементтерінің жетімсіздігі және барының өзі эстетикалық, эмоционалдық сезімге әсері жоқтың қасы екені үшін сыналады.

Мұнда, оқушы  оқу әрекетінің субъектісі емес, объектісі  ретінде қарастырылатыны, оның теориялық  ойларына, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға онша мән бермейтіні шындық.

Дегенмен дәстүрлік  мектептің өзіне ғана тән басқа  педагогикалық жүйелерден бір артықшылығы бар: мұнда оқушы өмірге қажетті білік, дағдыларды тамаша меңгереді, сондықтан бұл мектептің оқушысын қазір “дағдының иесі ”, “дағдының кемеңгері” деп те атайды. Дәстүрлі мектептің бұл тамаша тәжірибесі жаңа әдістемелік жүйеден өзіне лайық орнын алуы әбден заңды.

Шынында да, мысалы, еңбекке баулудағы еңбек құралдарымен жұмыс, бұйымдар дайындау тәсілдерін игеру  немесе дене тәрбиесіндегі көптеген жаттығулардың автоматтануы тек  қана репродуктивті, тәжірибелік жолдармен жүзеге асады, ал мұндай сәттер барлық пәндерде де бар.

Сондықтан, әр пәннің жаңа бағдарламасындағы оқу нәтижесіне қойылатын талаптарда біліммен қоса білік, дағдылар да міндетті түрде көрсетіліп беріледі. Екіншіден, қазір жұрт назарын  өзіне аударып отырған идея дамыта отырып оқыту идеясы.

 

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмыс үрдісінде дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік  негіздерінің маңыздылығы – үздік  білім беруде белгілі бір көлемде  білім, білік, дағдыларды меңгертумен  бірге олардың даралық бейімділіктерін, қабілеттерін қалыптастыру. [2]                      

Зерттеудің  мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздерінің мәнін ашу.

Зерттеу міндеттері:

білім беру саласындағы  дамыта оқыту жүйесінің орнын анықтау;

бастауыш сынып  оқушыларының оқу үрдісіндегі пән  мазмұнының ерекшеліктерінің мәнін  ашу;

өзіндік жұмысты  ұйымдастырудың жолдарын талдау;

бастауыш сыныптағы  өзіндік жұмыстың қалыптасу тиімділігін  тексеру;

зерттеу өткізу үшін әдістемелерді негіздеу;

жұмыс нәтижесін  талдап, тұжырымдамалар шығару.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс әрекеті.

Зерттеу пәні: оқушылардың өзіндік жұмысы барысында дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып олардың танымдық үрдістерін дамыту.

Зерттеу болжамы: егер оқушылардың өзіндік жұмысы барысында дамыта оқыту жұмыстары жүргізілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерінің деңгейі жоғарылайды.

Зерттеу базасы: зерттеу жұмыстарына құрамына 47 оқушы енетін ... мектеп оқушылары тартылды. Оның ішінде 1-сыныптан – 9 оқушы, 2-сыныптан – 13 оқушы, 3-сыныптан – 15 оқушы, 4-сыныптан – 10 оқушы алынды.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік әдебиет көздерін талдау, психодиагностикалық әдістеме, эксперимент нәтижесіне баға беру және оларды математикалық өңдеу.

Дипломдық жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан  тұрады. 

Кіріспеде: Бастауыш  сынып  оқушыларын оқытуда  негізінен  “дамыта  оқыту” технологиясына негізделіп  жазылған. Бірінші тарауда:  білім  беру  саласындағы дамыта оқыту  жүйесі, оқу  үрдісіндегі  өзіндік  жұмыстың  маңызы  мен  оны  ұйымдастыру жолдары, бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік   жұмысын  қалыптастыру  түрлері  қарастырылған. Екінші тарауда:  дамыта  оқытуға  байланысты жүргізілген  психологиялық  эксперимент  жұмысының  мониторингі,  теориялық  және  тәжірибелік  зерттеудің  нәтиже  көрсеткіштері  талқыланған. Қорытынды бөлімінде: баланың  бойындағы  құмарлығын, қызығушылығын  жойып  алмай, оның  алға  жылжуға  деген  табиғи  талап – тілектерін, сұраныс пен  мұқтаждықтарын  ескеру, білімді  өз  бетінше  іздену  арқылы  қолайлы жағдай  жасап, өзін - өзі  дамытатын  тұлға  қалыптастыру  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Дамыта оқытудың педагогикалық – психологиялық теорияда

қарастырылуы

 

 

1.1 Білім  беру саласындағы дамыта оқыту  жүйесі

 

 

Бүкіл адамзат  тарихында: антикалық кезеңде, орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуірінде, жаңа заман жағдайларында жасалған идеялар мен шығармалар “сығымдала” келіп, математика, лингвистика, физика оқу пәндері түрінде берілді. Өз кезегінде бұл пәндердің әрқайсысы сыныптан сыныпқа қарай күрделеніп, нақтылана отырып шешілетін бір оқу тапсырмасы сияқты құрылуы қажет еді. Мұны, абстрактылықтан, бастапқы негізден нақтылыққа қарай өрлеу ұстанымы дейді. Бұл пәлсапалық ұстаным

В.В.Давыдов – Б.Д.Элькониннің  дамыта оқыту идеясының басты  тұжырымдамасы [3]

В.В.Давыдовтың пайымдауы  бойынша XX ғасырда баланы оқу әрекетінен тыс оқытуға болмайды; мұнсыз мектеп бітірушілер қазіргі заманғы физиканың, математиканың, лингвистиканың маңына да бара алмайды; бұл пәндер тапсырма түрінде беріледі. Ал, тапсырма түрін меңгеру оқушының ойын тәртіптеп, ойлауының бастапқы негізін анықтап беретін арна – бағытпен жүйелі өрбеп қозғалуын қамтамасыз етеді

Міне, В.ВДавыдовтың дамыта отырып оқыту идеясының ерекше маңыздылығы дәл осында: бұл идеяда оқушы – оқу әрекетінің обьектісі ретінде қарастырылады; оның интеллектісінің қалыптасып дамуына жол ашылады[4]

Баланың ақыл-ойын (интеллектісін) қалыптастырып, дамыту – мектептегі  оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсатының бірі. Ендеше, бастауыш сатыдағы білім мазмұнын анықтап құруда бұл идеяның оқу әрекетін қалыптастыру жөніндегі ұстанымдары мен айқындамаларының басшылыққа алынуы заңды нәрсе.

Дегенмен, В.В.Давыдовтың дамыта отырып оқыту идеясының атына  дәлелді негізі бар сын да айтылып  жүргенін атап көрсеткен жөн: оқушылар тереңнен сөйлей алады, есепті жақсы  шығарады, бірақ жазуда көп қате жібереді, мәдениетке сезімталдығы төмен. Себебі, мұнда мазмұн біртіндей тапсырмалық түрге түсіруге келмейді. Сондықтан мәдениет туралы мазмұн бұл идеяның тұжырымдамасынан (пәлсапасынан) тыс қалады; идеяның пәлсапасы  адам танымын (интеллектісін) дамытуға бағытталған Гегель диалектикасы бойынша, бұл идея – монологикалық идея. Ал, білім және тәрбие бір логикамен шектелмейтіні анық 

Мектеп білім берудің мазмұнын ерте дүние, орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі заман мәдениеттерінің тең диалогы түрінде құрып, осылардың әрқайсысын оқушыларға терең меңгертуді мақсат тұтады.

Мектеп – қоғамның әлеуметтік институты. Мектепті қоғам өзіне  қажет нәтиже, яғни оның мүддесіне  қызмет көрсете алатын кадр дайындап алу үшін құрады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері