Студенттің өзіндік жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 12:36, методичка

Описание работы

Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.

Файлы: 1 файл

Студенттің өзіндік жұмысы.doc

— 53.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                  “МАТЕМАТИКА” КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

Мұратов Ә.С., Қошанова М.Д., Еркишева Ж.С

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК   ЖҰМЫСЫН

 ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан 201 4


 

Мақсаты – тиісті оқу пәндері бойынша студенттерді өздік жұмыстың негізгі формаларымен және әдістермен таныстыру.

Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.

 

Негізгі сөздер:

Оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы, студенттердің өздік жұмысы, жоспарлау, колоквиум, глоссарий, реферат, нақты оқыту жағдайлары.

 

1. Оқытушының басшылығымен игерілетін  оқу-жұмыстарын ұйымдастыру

Оқытудың кредит жүйесінің негізігі ерекшелігі бұл ӨЖСӨЖ  рөлінің жоғарлатылуы. Танымдық қызметіне қызығушылықты оятқан, белгілі бір ғылым бағытында білімдерді толтыруға және дидактикалық міндетті өз басымен орындауға бағытталған іс-әрекеттің дербес түрі. ӨБСӨЖ белгілі бір пәндік курсының 1/3 еңбекқорлығын құрастырады. ӨБСӨЖ сағаттарды көрсетуімен оқу сабағының тізіміне енгізіліп, оқытушы журналында дәріс сабақ ретінде тіркеледі. Барлық ӨЖСӨЖ сабақтары оқытушы жұмысына кіреді.

ӨБСӨЖ үй тапсырмалары және дәріс сабақтары бойынша студенттердің жеке консультациялардың өткізілуін көздейді. ӨБСӨЖ коллоквиум, бақылау, курстық және т.б. жұмыс түрінде өткізіледі. Әрбір пәннің оқыту-әдістемелік комплексінде ӨБСӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары, сағат еңбекқорлығы, бағалау әдістемесі және бақылау уақыты  міндетті түрде көрсетіледі.

СӨЖ және ӨБСӨЖ материалдары кафедраның профессорлық-оқытушылық құраммен жасалады және өзіне келесі құжаттарды кіргізеді: СӨЖ өткізу графигі; типтік және оқу бағдарламасына сай келетін тапсырмалар жүйесі; рефераттар, баяндамалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары; диплом, курстық және семестрлік жұмыстардың тақырыптары; негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі; бақылаудың түрлері мен формалары; бағалаудың критерийлері, жұмыстың ұсынылған мөлшері және оның тапсырылу уақыты.

 

2. Студенттің өз бетімен істейтін  оқу-жұмыстары

Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:

    • тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
    • лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
    • СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
    • СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
    • СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
  1. СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады: СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ).

3. СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау  технологиясы мынадай этаптардан  тұрады: СӨЖ жоспарлау, әдістемелік  жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.

4. СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен  студенттің орындайтын өзіндік  жұмысынан (ОБСӨЖ) және студенттің  өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

5. ОБСӨЖ бөлінген уақыт оқытушының  жүктемесіне кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі.

6. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары  мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі  т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс  оқу бағдарламасында және кафедраның  оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетілуі  тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу  формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.

7. Оқытушылардың студенттермен  өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны  қамтиды:

Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.

Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.

Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.

8. Студенттердің оқытушымен өзіндік  жұмысы негізгі 4 – функцияны  қамтиды:

Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;

Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;

Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;

Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.

9. Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.

10. Студенттердің өзіндік жұмысы  реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала  түрінде дайындалуы мүмкін.

11.Студенттердің өзіндік жұмысының  нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу  түрінде өтуі мүмкін.

12. Студенттің өзіндік жұмысқа  қатынасуы, тапсырмаларды орындауы  арнайы журналға тіркеліп, әр  аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.

13. ОБСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория  сабақтарымен алмастыруға болмайды.

14. Студентті өзіндік жұмысты  орындауға қажетті белсенді үлестірмелі  материалдармен бітіртуші кафедра  қамтамасыз етеді.

Студенттің СӨЖ жоспарлауы. Әрбір пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасында семестрге жоспарланған өздік жұмысының мөлшері, тапсырмалардың саны және сипаттамасы, олардың еңбекқорлығы және жасау уақыты, коллоквиумдер мен бақылау жұмыстардың бар екендігі, модуль бойынша есептің тапсырылуы және аттестация уақыты көрсетіледі. Берілген график студентке өз уақытын дұрыс бөлуге және үнемдеуге көмектеседі. Әрбір студент оқытушыдан СӨЖ орындау бойынша әдістемелік көрсеткіштер мен кепілдемелерді алады. Студенттерге өздік жұмысын жоспарлау бойынша СӨЖ тапсырмалары көмектеседі, олар оқытушымен жыл басында беріледі. Студенттерге арналған тапсырмалардың тізіміне кіреді: СӨЖ арналған тапсырмалар тақырыптары, тапсырмалардың мақсаты мен мазмұны, беттері көрсетілген ұсынылған әдебиет тізімі, бақылау формалары, тапсыру уақыты, бағалау баллдары.

СӨЖ  мазмұнының сипаттамасы өзіне қосады: мән, маңыздылық, түрдің тағайындалуы (іскерліктердің табылуы); топтық проектке арналған студенттердің керекті саны, орындауға керекті уақыт, бағалау критерийлері, өткізу формалары, ұсынылған тапсырманың мөлшері, тапсырманы ұсыну формасы, студенттің дайындығына қарап тапсырманың өзгертілуі, ескертулердің қосылуы (өзгерістер, ескертулер).

Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттің ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.

Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.

Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да  қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.

Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.

Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.

Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.

Нақты оқу жағдайлары –  студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.

Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.

Топ проекті топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.

Жеке проект – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; проект қорытыныдысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет

1. 2007 жылдың 27 шілдедегі ҚР білім  туралы Заңы.

2. Лиссабон конвенциясы: «О признании  квалификаций, относящихся к высшему  

     образованию в Европейском регионе» 11.04.1997.

3.   Болон декларациясы «О европейском регионе» 11.04.1997.

4. Государственный общеобязательный стандарт образования РК. Образование

     высшее профессиональное. Бакалавриат. Основные положения. ГОСО РК 5.03.001-

    2004.  ҚР БҒМ 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 380 бұйрығымен бекітілген.

 


Информация о работе Студенттің өзіндік жұмыстары