Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:12, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................................7
1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52
Қорытынды...........................................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………

Файлы: 1 файл

Диплом - Жетписбаевой Асель.doc

— 511.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі таңда шағын комплектілі мектептер үшін арнайы дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, т.б. дидактикалық материалдар жоқ. Дегенмен, қолда бар мүмкіндікті мейлінше тиімді пайдаланған дұрыс. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда математикадан қолданып жүрген төл оқулығымыз (авторы Т. Қ. Оспанов) оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың бірден-бір негізгі құралы болып табылады. Оқулықта берілген тапсырмалар, жаттығулар жүйесі  оқушының ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, білімді өзгеше қабылдау мақсатын көздейді. Ендеше, бұл оқулықты шағын комплектілі мектептер жағдайында біршама тиімді пайдалануға болады. Шағын комплектілі мектептерде оқушыларды         1-сыныптан бастап жеке жұмыс істей білуге, жаңа білімді өз бетінше игеруге, қарастырылып отырған ұғым бойынша заңдылықты,ережені, қорытындыны өзінше тұжырымдай білуге, есептерді шеше білуге, берілген есепке кері есеп құрастыра білуге, логикалық тапсырмаларды орындай білуге т.б. үйретеді. Бұл өздік жұмыстың жаңа материалды игеру түріне жатады. Мысалы, 1-сыныптың математика оқулығында (27-бет) “Қосу амалының ауыстырымдылық қасиеті” деген тақырып қарастырылады. Мұнда көрнекілік арқылы қосындылар құрастырылып, олардың компонеттерінің атауларын еске түсіріп алғаннан кейін оқушыларға қосылғыштардың орындарын ауыстырып, қосындылардың мәндерін салыстыруды ұсынамыз. Осыдан соң оқушылардың назарын қосындыларда “не өзгерді, не өзгермеді?” – деген сұрақтарға аударып, ережені оқушылардың өздері тұжырымдауына мүмкіндік береміз. Сондай-ақ, осы беттегі чемодан көтерген баланың суретіне қарап, оқушылар үлкен санға кіші санды қосу жеңіл болатынын өздері түсіне алады. Осы заңдылыққа байланысты өмірде кездесетін жағдайларға оқушылардың өздері мысалдар келтіруі өте маңызды.

Мұнда жаңа материалды өз бетінше игеру тапсырмаларына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Осыдан кейін тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды, ережені оқушының өзі табуына, байқауына, тұжырымдауына жол ашылады, тек қойылатын сұрақтар жүйесі мұқият құрылуы керек.

Оқушылардың жаңа материалды жеке игеруінде оқулықпен жұмыс істей білудің атқарар рөлі ерекше. Оқулықпен тиімді жұмыс істей білу үшін оқушының қажетті іскерлігі мен дағдысы болуы тиіс.

Жалпы алғанда, оқушы өзіндік жұмысты орындау арқылы өзінің бойындағы жеке қасиеттерді аңғарып, оны іс жүзінде асырады. Егер де ол тапсырманы жоспарлағандай толық, дұрыс орындайтын болса, онда оның бойындағы жауапкершілік сезімі оянып, тиянақтылық, жинақтылық қабілеттері көріне бастайды. Ал дамыта оқытуда, біз оқушыларды шығармашылық жұмысты орындауға баулимыз. Оқушылардың білім деңгейі қаншалықты нәтиже беретінін айқындадық. Осы мақсатты негізге ала отырып, дамыта оқыту негізінде диагностика жұмыстары жүргізілді. Білім негізі қалану үшін, әрине, оқушының жас еркешеліктері ескерілді, оқу дағдысы, дайындығы, іс-әрекетке бейімделу дәрежесі анықталды. Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жетелдете, қарқынды барлық сапалар мен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған. Оқу әрекеті саналы болу үшін теория мен тәжірибенің бірлігін әрекет дамуының көзі екендігі, қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімділік, дамушылық сипатын, оқу мақсаты мен сәйкестігін нақты білу керек.

Бүгінгі жалпы  білім беретін орындардың алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың қабілетін дамытып, қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді әрекет жасайтын жеке тұлғаны қалыптастыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатынын көрсетіп берді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс- әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда бұл арада ерекше көңіл бөліп, ойлануды талап ететін мәселе, бұл оқушылардың шығармашылық бағытта дамуына жете мән берілді.

Оқушының өз білім сапасын жақсарту үшін өзіндік  бақылауға бейімделудің маңыздылығы  мен қажеттілігін ұғынуына және оқыту  үрдісі барысында оқушының бұрыннан қалыптасқан өзіндік бақылау білігін саналы түрде пайдаланып бекітуге ықпал етілуі керек.

Бастауыш сынып  оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі  болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Сол себепті, баланың қабілетін кеңінен өрістетіп дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Бастауыш сынып  оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі  дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздерінің маңыздылығы – үздік білім беруде белгілі бір көлемде білік, білім, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың даралық бейімділіктерін, қасиеттерін қалыптастыру. Қазіргі жағдайда адамға қажетті білім көлемі күрт артып отыр. Сондықтан оқушының өзінің белсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып отыруға үйрету аса маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер тізімі

 

1 Давыдов В.В.  Теория  развивающего обучения. –М.: “Владос”,2006г.

2 Давыдов В.В. Принципы  обучения в школе будущего . –М.2004г.

3Давыдов В.В. Ломпшер И.К., Маркова А.К.Формирование учебной

деятельности  школьника. –М.: “ Владос”,2002г.

4 Давыдов В.В. Проблемы  развивающего  обучения.-М.:” Владос”,2006г.

5 Рубинштейн С.Л. Основы  общей  психологии. –СПб:” Питер”,2007г.

6 Возрастная  и педагогическая психология / Под ред. А.В.Петровского. –

М., 2004г.

7 Жутикова Н.В. Психологичесие  уроки обыденной   жизни. –М. 2000г.

8 Қазақстан  Республикасына  10 жыл  / Құрастырған  Г.Сапарғалиев.-

Алматы.”Жеті  жарғы”,2005ж.                           

9 Тойбазарова Н.Е.  Дамыта оқыту технологиясы – сабақта // Бастауыш 

мектеп. –2006 ж.-№4. –б.17.

10 Эльконин Д.Б. Психология  обучения  младшего  школьника.- М.:

“Владос”,2004г.

11 Бейсенбаева А.А. Теория и  практика гуманитарного  школьного

образования. –Алматы: “Ғылым”, 2008ж.

12 Бондаренко С.М. Почему  детям трудно учиться. –М. 2005г.

13 Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. – А.: «Мектеп», 2000ж.

14 Жарықбаев Қ.Б. Жантану терминдерінің қысқаша орысша-қазақша

түсіндірме  сөздігі. – А.: «Сөздік – Словарь»,  2004ж.

15 Выготский Л.С.  Психология: Адамзат  ақыл – ойының қазынасы./

Жетекші  Ә.Н. Нысанбаев. –А.: “Таймас” , 2005ж.

16 Кузьмина. Н.В. Педагогикалық қабілеттерінің қалыптасуы. ЛГУ баспасы,

2002ж.

17 Коломинский Я.Л. Балалар коллективіндегі өзара қарым-қатынас

психологиясы. – Минск, «Народная света», 2001ж.

18 Галин А.Л. Личность и творчество: Психологические  этюды. -

Новосибирск,2004г.

19 Лейтес Н.С. Ақыл-ой қабілеті және жас ерекшелігі. – М.: «Педагогика»,

2001ж.

20 Люблинская А.А. Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде.

– «Мектеп», 2001ж.

21 Михеев В.И. Методика получения и обработки экспериментальных

данных в  психолого-педагогических исследованиях. – М. 2006г.

22 Немов Р.С. Психологическое консультирование. – М.: «Владос», 2001г.

23 Оспанова Қ.О. Жаңа технология туралы // Бастауыш мектеп. – 2006. –

№2. – Б. 25

24 Педагогика және жас ерекшелік психологиясы: оқулық / Ред. басқарған

А.В.Петровский. – А.: «Мектеп», 1987ж.

25 Байғалиева С.Қ.  Жаңаша оқытудың  психологиялық  негіздері.//

Бастауыш  мектеп. –2006. -№8-9. –Б. 47.

26 Рубинштейн С.Л. Проблема способностей и психологической теории //

Вопросы психологии. – 2004. – № 3. – Б. 6-9

27 Гримак Л.П.  Общение с собой: начало психологии  активности. – М.: “

Политиздат”, 2000г.

28 Шабельников В.К. Психика – функциялық жүйе / Аударғандар                    

С.Бердібаева, І.Ерғалиев. – Алматы: «Ана тілі», 2008ж.

29 Асмолов А.Г. Психология  личности. –М.: Издательство “Москва”,2000г.

30 Скаткин М.Н. “Совершенствование  процесса  обучения.” М. 2003г.

31 Рубинштейн С.Л. “ Проблемы общей психологии”. М., 1999г.

32 Матюхина М.В.  “Психология младшего школьника “. М. 2001г.

33 Кусайнов Г.М. Новая педагогическая  технология: методология, теория,

практика. –Усть-Каменогорск, 2007г.

34 Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996

35Аймауытов Ж. Психология. А. Рауан. 1995

36 Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте:

Психологические исследования / Божович Л.И.. - М.2009. - 464 с.

37 Қ. Жарықпаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім – тәлім тәрбиесі. Алматы, санат

2004.

38 ҚұсаиновА.Қ. Біз өз балаларымызды білеміз бе? А.2004.

39 Сухомлинский В.А. Педагогикалық және жас ерекшелек психологисы.

Алматы: Мектеп, 2003 ж.

40 М.М.Мұқанов, Жас және педагогикалық психология. – Алматы,

2002ж.

41 М.М.Мұқанов. Психолгия. А.2004.

42 Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Сынып жетекшісі»,

№ 1, 2005 ж.

43 «Қазақстан мектебі», №5, 2003 ж.

44 «Қазақстан мектебі, №3, №4, 2003 ж.

45 Общение и формирование личности школьника: Опыт эксперимен.       

психолог.исслед. ред.Бодалев  А.А.. – М.2003

46 Гамаюнов К.К. Самостоятельная работа учащихся. Методические

рекомендации  преподавателям.Л.,2002.

47 Горлов О.А. Аализ использования учащимися свободного времени в

дни самостоятельных  занятий.М.,2000.

48 Юсупов И.М. Психология взаимопонимания.Казань, 2001.

49 Лисовский В.Т., Дмитриев А.В. Личность учащегося. Л.1994.

50 «Қазақстан мектебі», № 6, 2006 ж.

51 «Қазақстан мектебі, № 7, № 8, 2006 ж.

 

 

 

 

 

[Введите текст]


Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері