Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:12, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................................7
1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52
Қорытынды...........................................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………

Файлы: 1 файл

Диплом - Жетписбаевой Асель.doc

— 511.00 Кб (Скачать файл)

Нұсқау: “Мына берілген карточкаларды  4 топқа жікте. Әр топты бір сөзбен  ата”.

Егер тапсырманы орындау барысында бала қиналса, орындай алмаса, топтауға негіздемені  атап, берілген топтар бойынша карточкаларды  бөліп қою жүктеледі.

Орындалған жұмыстың бағалануы: барлық көмекті көрсеткеннен кейінде тапсырманы орындай алмауы – 0 ұпай, тапсырманы  ауызша нұсқау берген соң орындауы – 1 ұпай, тапсырманы 4 каоточканы жайып көрсеткеннен кейін орындаса – 2 ұпай, негізгі нұсқау бойынша орындауы – 3 ұпай.( кесте 2.20)

 

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің диагностикасы

 

Бастауыш сынып  оқушысының танымдық диагостикасының  мазмұны төмендегі негізгі когнитивті жүйелердің дамуын жоспарлайды:

зейін – оның анық көрінісі, нақты объектіге санасын  шоғырландыруы (тоқтату).

жады, есте сақтау – оқушының өз тәжірибесін қайта  жаңғыртуы және есте сақтауы.

ойлау – адам ойының нақты көрінісі, оның қатынасы мен байланысы.

 

Оқушылар зейінін  зерттеу әдістемесі

Оқу үрдісінде  зейінді басқара білу тапсырмаларды  орындау кезінде өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптың оқушыларымен жұмыс істеуде зейіннің бөлінушілігі, тұрақтылығы үлкен маңызды орын алады.

Зейіннің тұрақтылығы  мен қажуды зерттеу

 

Тәжірибені  жүргізуге өлшемі 60*60см картоннан  жасалған кесте дайындау керек. Онда 1-ден 25-ке дейінгі сандар ретсіз орналастырылады.

 

Кесте 2

Кестелер мынадай болу керек:

 

 

21

12

7

1

20

  6

15

17

3

18

19

4

8

25

13

24

2

22

10

5

9

14

11

23

16


9

5

11

23

20

14

25

17

19

13

3

21

7

16

1

18

12

6

24

4

8

15

10

2

22




 

14

18

7

24

21

  2

1

10

9

6

16

5

8

20

11

3

2

25

3

15

19

13

17

12

4


22

25

7

21

11

6

15

20

9

24

17

2

10

3

23

1

12

16

5

18

19

13

4

14

8




5

14

12

23

2

16

25

7

24

13

11

3

20

4

18

8

10

19

22

1

21

15

9

17

6




 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

Кестеден басқа тағы секундомер (немесе секунды бар сағат) және кішілеу белгі қажет. Сыналушыға келесі нұсқау беріледі: “Мына кестеде (кестені көрсетеді) 1-ден 25-ке дейін сандар ретсіз орналасқан (кестені жабады да, нұсқауды әрі қарай жалғастырады). Осы кестедегі барлық сандарды рет-ретімен 1-ден 25-ке дейін көрсете отырып, ауызша айтып өтуің керек. Тезірек айт және қателеспеуге тырыс. Түсінікті ме?” (Егер оқушылар нұсқау шартын түсінбесе, кестені ашпастан тағы бір қайталап түсіндіру қажет). Кесте 70-75см ара қашықтықта баланың алдына тура қойылады, секундомерді кестені ашқан сәтте бірден іске қосады.

Қосымшада балалардың санау  кезіндегі тоқтауы, кідіруі, қателесуі  жазылады.

Денсаулығы жақсы оқушы  бір кестеге 30-дан 50 секундқа дейін, ал көбінесе, 40-42 секундқа дейін уақыт кетіреді. Зейін баланың жас ерекшелігіне байланысты болғандықтан, жаттыға отырып, сыныптағы бір кестеге кеткен уақыттың ортақ мөлшерін шығару керек. Бұл норма көрсеткішін құрайды.

Егер оқушы сандарды іздеу кезінде кідіріс жасап, бір санды ұзақ уақыт таба алмаса, немесе сол санның мүлде жоқ екенін айтса, бұл – зейіннің бөлінбеуі немесе оқтын-оқтын бөлінуі. Осындай бірнеше жағдай зейіннің тұрақсыздығын байқатады. 4, 5-кестелердегі сандарды іздеуге уақыттың ұзақтау кетуі зейіннің шаршауының, үдеуін байқатады. Әрбір кестеге кеткен уақыт мөлшері бірдей болуы керек. Соңғы кестеде уақыт аз кетуі де ықтимал. Бұл іске оқушы әрекетінің баяу қосылуы мен зейіннің күштілігін көрсетеді. (кесте.21 – кесте )

 

«Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағытыжәне тұрмыстық білімінің  қоры» әдістемесі

  1. сыныпқа арналған сұрақтар:

 

1. Атаң мен  әжеңнің аты-жөні кім?

2. Атаң мен  әжеңнің жасы нешеде?

3.Алыс туыстарыңның аты – жөні кім?(бұл сұрақтың жауабына тым

болмағанда  туысқандарының біреуінің аты дұрыс аталуы керек)

4.Сен тұратын қаладағы аудан қалай аталады?

5.Сенің ата-анаңның туған жері қалай аталады? 

6.Сенің туыстарыңның үйіндегі телефон номері қандай?

7.Өзенде мекендейтін балықтарды қалай атайды?

8.Жердің қай бөлігіндегі мемлекеттерде қыс немесе жаз болмайды?

9.Таңғы және кешкі асты күнделікті қай уақытта ішесің? (дұрыс жауапқа сағатты және минутты айтқанда саналады)

10.Көліктің қандай түрлерін білесің? (дұрыс жауапқа кем дегенде үш түрлі көліктің атауын айтқан жатады.( ҚОСЫМША А, КЕСТЕ 2.24 – кесте )

 

 

 

 

2.2 Теориялық  және тәжірибелік зерттеуінің нәтиже көрсеткіштері

 

 

Зерттеу барысында  жүргізілген жұмыстың нәтижесін  сараптайтын болсақ, мынандай көрсеткіштер алынды:

1-кесте бойынша,  қимыл-қозғалыс жаттығуларына байланысты І тоқсанда     1- сынып оқушылары мынандай дәрежені аңғартты:

1 - сурет. І тоқсандағы көрсеткіштері

 

Нәтиже барысына сүйенетін болсақ, ІІ тоқсанда 20%-ға өсіп, өз дәрежесіне жетті. Тапсырманы орындау деңгейінде, баланың оқыту  әрекетінде есту арқылы шарттарды қаншалықты дұрыс қабылдаған мүмкіндіктері тексеріліп, нәтиже диаграмма көрсеткішінде көрсетіліп отыр. 

І тоқсанға қарағанда  ІІ тоқсанда 12%-ға дейін жоғарылады.

Оқушылардың зейін  еріктілігінің қалыптасуы ІІ тоқсанда 12%-ға жетті.

Ал, ережеге  сай жұмыс істеу қабілетіне тоқталатын болсақ, жұмыс істеу қабілеті ережеге сай, бір уақытта бірнеше ережені ескере алады.

:

2 - сурет. 2-ші тоқсанның көрсеткіштері

 

Нәтиже қорытындысы  бойынша, ІІ тоқсанда 2-сынып 5%-ға, 3-сынып    2%-ға, 4-сынып 4%-ға өсіп, оқушының ақпаратты қабылдау деңгейі жақсы қалыптасты.

Эксперимент жұмыстары  І және ІІ тоқсан аралығында өткізілді. Зейіннің деңгейіне байланысты жұмыстың нәтижесін қарастырайық.

Анықталған  жұмыстың түрі – зейіннің сапасына байланысты Рубинштейннің құрастырған әдістемесі қолданды.

 

 

3 – сурет. ІІ тоқсанның нәтижесінің көрсеткіштері

 

Аталған зейіннің деңгейі осындай сапаны көрсетті. Нәтиже бойынша сараптама жасайтын болсақ, І тоқсанда 1-сынып 45%-ға, ІІ тоқсанда 66%, яғни, зейін деңгейі 21%-ға өсті. Сол сияқты 2-сынып І тоқсанда 60%, ІІ тоқсанда 69%-ға өсті. 3-сыныпта І тоқсанда 60% болса, ІІ тоқсанда 80%, бірден 20%-ға өзгерді, 4-сыныпта І тоқсанда 65%, ІІ тоқсанда 70%-ға дамыды.

Қорытындылай  келе, І тоқсанда оқушының оқуға  дайындығы орташа дәрежеде қалыптасты. Ал ІІ тоқсанда оқуға деген ынтасы, зейіні бірте-бірте артып, жақсы нәтиже көрсетті, әсіресе, 3, 4-сынып оқушыларында аңғарылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қорыта келе, баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын  жойып алмай, оның алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждықтарын ескеру, білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасап, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру қажет. Ал дамыта оқыту барысы бойынша дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Сонымен қатар, оқушының өз бетінше орындайтын жұмысының түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп, күн бұрын жоспарлап, әр тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруына болады. Сонда ғана оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысы сапалы болады.

Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голлант, Д.Н.Богоявленский және тағы да басқа  көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі  бақылауын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту құралы ретінде анықталды. Көрнекті психологтар Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеуінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьев оқыту мен дамудың өзара байланысын ашып көрсетті. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерімен ғалымдар А.Х.Аренова,      Н.Н.Светловская, А.Я.Савченко айналысты.

Тұлға дамуы  туралы ізденушілігі психология ғылымының  айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға  болады.

Осы пікірден білім беру мақсатының басқа да тұжырымы шығады. Оқушы тұлғасын дамыту оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Оқушылардың өзіндік  жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының  жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.

Дидактикалық  мақсатына қарай өздік жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып, үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Оқушылардың өздік жұмысының педагогикалық тиімділігі – мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсаты да айқын болса, онда орындалған өздік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.

Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының  бірі – оқушыларда өздік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан  бастап оқушылардың өздік жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Өздік жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім оқушының іскерлігін, дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын, есепті шешу жолдарын, дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.

Шағын комплектілі  мектептің негізгі белгісі –  бір сынып бөлмесінде мұғалімнің басшылығымен бірнеше сыныптардың  қатар оқуы. Ендеше, шағын комплектілі  мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын  саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары болуы тиіс.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері