Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 00:09, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы осы заманғы білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту–төртінші басымдықта «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі.

Содержание работы

Кіріcпe 5
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі 7
1.1 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар 7
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық ойлауының ерекшеліктері 20
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары 24
2 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін эксперимент жағдайында дамыту 41
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау 41
2.2 Қалыптастыру эксперименті 48
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі 62
Қорытынды 66
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі 67

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 872.00 Кб (Скачать файл)

Ойлау түрлерінің ерекшеліктері адам есеп шығарғанда ерекше байқалады.

В.А.Крутецкий  оқушының математикалық қабілетін зертттегенде олардың көпшілігі белгілі бір есептер класының құрылу принципін ұзақ уақыт бойы дербес жағдайларда түрлендіру арқылы түсінетіндігін айтқан болатын. Олардың ойлауы сыртқы ұқсастығы мен бірдейлігін іздеуде бірінен кейін бірін қарастыратын эмпирикалық дәрежеде өтеді. Егер мұндай оқушыларға сырттай айырмашылығы бap, бірақ шығару жолы бірдей есеп берілсе, онда ол есепті жаңа жолмен шығарады. Математикаға қабілетті оқушылар бір класты мың есептің тек біреуін шығарып, оның шығару шартын анықтайды да, басқаларын шығармай-ақ жалпы түрге келтіреді. Бұл, әрине, математикага ғана емес, басқа пәнге қатысты. Дербес есептер шығарудан бұрын олардың ортақ идеясын тауып, берілген есепті шығарудың жолын табу керек.

Кіші жастағы оқушылар үшін басты мәселе - олардың интеллектісін  дамыту. Белгілі  психолог Л.С.Выготский жеті жасар оқушыда есте сактау мен түйсіктің орасан зор мүмкіндіктері бола түра ергежейлі интеллект болатындығын айтқан. Интеллект әуел бастан-ақ ойлау қабілетінің қуатты да басым моменті бола алмайды, өткен жастағы функцияларымен салыстырғанда өте нашар болады. Интеллектің ең шарықтап дамуы бастауыш сынып балаларыпың жасында  болады. Барлық танылатын процестер ойлаумен тығыз байланыста дамиды. Мұғалімнің басшылығымен жасалатын жұмыс, өз мінез-құлқын белгілі бір талаптарға сай бағындыру қажеттігі баладағы еркіндіктің психикалық процестердің ерекше сапасы қасиеті ретінде дамуына саяды. Назарлары да еркін бола түседі. Егер бұрын балалар назары тек өздеріне қызық, айқын, нәрселерге аударса, енді мектеп жағдайының алғашқы күндерінен-ақ, дәл сол сәтте, өзін қызықтырмайтын пәндерге зейін қоюы және айтылған әңгімелерді зердесінде ұстап калуы талап етіледі [14].

Балалар мектепке жеткілікті түрде жетілген қабылдау процестерімен келеді, бірақ олардың сабақтағы кабылдауы тек түрлер мен формаларды біліп, аттарын атаумен ғана шектеледі. Бірінші сынып оқушыларында көптеген заттардың қасиеттері мен сапасын жүйелі талдау болмайды. Әсіресе, мектептегі оқу процесінде интенсивті қалыптасатын баладағы көргенін талдау мүмкіндігі ондағы күрделі бақылау қызметінің қалыптасуымен байланысты. Бақылаудың дамуы нәтижесінде түйсіну мақсатты болады.

Балаларда материалды еркін қабылдауі  пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы  балалар негізінен еріксіз есте сақтап қалады. Бірақ мектеп табалдырығын аттаған сэттен бастап бала үшін арнайы есте сақтауды талап ететін тапсырмалар пайда болады. Оқушыларға есте сақтау үшін саналы турде жігер күші мен арнайы әдістерді пайдалану кажеттігі туады. Осы ойлаудың дамуымен байланысты бастауыш сынып жасындағыларда мынадай маңызды жаңа ойлау қабілеті іштейгі іс-жоспары («ойдағы» амал) және рефлексия (өзінің іс қимылдарын бағалай, карай білу) қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімінін табысты болүы ііптсйгі іс-жоспарын қаншалықты ойша табысты есептей алатындығына, жоспарлауына  байланысты. Оқыту процесінде іштейгі іс-жоспарының дамуын қадағалаумен 1 қатар оған әсер ету, басқара білу маңызды.

Сондықтан математикаға оқыту  барысында ауызша есептерді жиі пайдалану керек. Бұл жеңіл есептер шығару барысында олардың шешуге қажетті берілісі мен талабын үнемі көбейту немесе берілу шарты, талабы бойынша есеп құрастыру.

Психолог А.З.Зак берілген әріптер бойынша сөз құрауды, ойша берілген сөзді түрлендіру (мысалы, сөздің екі орнын алып тастағанда кандай сөз шығады?), сөзді әріптері бойынша кері оқудың есептеу үшін өте пайдалы  екендігін айтады.

Осыған ұқсас мұғалімнің басшылығымен көптеген тапсырмалар ойластыруға  болады. Мұндай оқыту білім қорын  молайтып қана қоймай, ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Оқушының өз іс-әрекетіне назар аударуында рефлексия байқалады. Рефлексия теориялық есеп шығарудың спецификалық ерекшелігі болып табылады. Баланың берілген есепті қалай шығарғанын түсінуі оны есепті теориялық әдіспен шығарғандығының дәлелі болады. Керісінше, оқушының берілген есепті шығарылу принципін білмеуі оның берілген есепті қалай шығаруды түсінбегендігін көрсетеді. Бұл есепті эмпирикалық әдіспен шығару [15].

Сондықтан бала есеп шығарғанда одан міндетті түрде: «Бұл есепті қалай шығардың? Осы есепті шығару үшін тағы қандай әдісті пайдалануға болады?» деп сұраған жөн. Бірнеше есепті бір әдіспен шығарғаннан, бір есепті бірнеше әдіспен шығарған пайдалы. Сонымен, психикалық процестердің еркін дамуын, ішкі амал жоспарларын және рефлексияларды бастауыш сынып жасындағылардың жаңа дамуы деп атайды. Бұл даму бастауыш сыныптардың соңына дейін барлық балада қалыптасып болмаса, ондай оқушыларға орта мектепте оқу қиынға түсіп, үлгерімдері күрт төмендейді. Мектепке «барлық баланы оқыту және бәрін жақсы оқыту» міндеті қойылуда. Егер баланың интеллектуалдық мүмкшдіктері оқытудың ең алғашқы кезеңінде-ақ анықталмаса, онда мұндай міндетті орындау мүмкін емес. Сондықтан баланы бірінші сыныптан бастап-ақ ойлау қабілетін дамытуға, ойлаудың ең жоғары теориялық формасына, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуге дайындауымыз тиіс.

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі  формалары – пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.

Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату.

Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.

Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.

Адам өз пікірінің  шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.

Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.

Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

Ең бастысы – бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

Нақтылы-бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

Теориялық ойлау – ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракцияның ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түрі теориялық талдау деп аталады.

Теориялық ойлардық жоғары формалары  – заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді [16].

Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.

Субъективті фактордың рөлі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады.

Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.

Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.

Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер.

Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді [17].

Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш мектептегілер тым жас болғандықтан, таным процестерінің, әсіресе ой әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда бұл жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына сияқты деректерге негізделеді:

- біріншіден, әлеумет қоғамның  алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы балалар тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т.б.) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.

- Екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3 сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн.

Осы қағидаларға сүйене отырып барысында  дамыта оқыту теориясына сай келтіру  мүмкіндіктерін толық қамтуға тырысты. Осы проблеманы зерттеушілер Б.Тұрғынбаева басқарған топ көптеген жылдар бойы Алматы мектептеріне жүргізген дамыта оқыту эксперименттеріне сүйене отырып, балалардың таным процестерін дамытуға үлкен қосатын оқулықтар және дидактикалық материалдар жасалған.

Бастауыш сыныптар осы бағдарлама бойынша төрт жыл жұмыс жасады. Оның нәтижесі әр мектепте әр түрлі жүріп жатыр. Жұмыс сапасы мұғалімнің жаңа бағдарламаны меңгеруі, оны қолдану әдістемесін толық түсінуі, балаларды дамыту тәсілдерді тиімді пайдалануға даярлығы үлкен үлесін қосады.

 

 

1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық ойлауының ерекшеліктері

 

Баланың психикалық дамуы  кіші мектеп жасының басына дейін  жеткілікті жоғарғы деңгейге жетеді. Барлық психикалық процестер: қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу –дамудың ұзақ жолынан өтті.

Бала іс-әрекетінің көптеген түрлерін қамтамасыз ететін түрлі танымдық процестері бір-бірінен алшақ емес, керісінше, әрбіреуі барлығымен байланысып отыратын күрделі жүйені құрайды. Балалық  шақта бұл байланыс өзгеріссіз қалмайды: әр кезеңдерде жалпы психикалық даму үшін басты мағына процестердің бірін иеленеді.

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, дәл осы кезеңде  ойлау барлық психикалық процестерге  жоғары дәрежеде ықпал етеді.

Ойлау процесінің қабылдау, елестету немесе ұғынуға сүйенетін  дәрежесіне байланысты ойлаудың негізгі 3 түрі бөліп көрсетіледі:

1. Заттық-әрекетті

2. Көрнекі-бейнелік

3. сөзді-логикалық

Заттық-әрекетті ойлау  –затпен тікелей, практикалық әрекеттермен байланысты ойлау; көрнекі-бейнелік ойлау  –қабылдау мен елестетуге (баланың  ерте жасына тән) сүйенетін ойлау. Көрнекі-бейнелік ойлау тікелей берілген көрнекі аймақта есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Ойлаудың әрі қарай дамуының жолы - сөзді-логикалық ойлауға өту болып табылады.

Сөзді-логикалық ойлау  –қабылдау мен елестетуге тән  тікелей көрнекілік қатыспайтын түсініктер арқылы ойлау. Осы жаңа түрге өту ойлау мазмұнының өзгеруімен байланысты: енді, ол көрнекі негізді және заттардың сыртқы белгілерін бейнелейтін емес, ол –заттар мен құбылыстардың мәнді құрылымын және олардың өзара қатынасын бейнелейтін нақты елестетулер. Ойлаудың осы жаңа мазмұны кіші мектеп жасында басты оқу іс-әрекетінің мазмұнымен беріледі.

Сөзді-логикалық, ұғымдық  ойлау кіші мектеп жасы кезінде бірте-бірте  қалыптасады. Осы жас кезеңінде  негізгі болып көрнекі-бейнелік ойлау болады, сондықтан да, егер бірінші екі оқу жылында балалар көрнекі бейнелермен жұмыс жасаса, келесі сыныптарда осындай оқу түрінің көлемі қысқарып қалады. Оқу іс-әрекетін меңгеру мен бастауыш білімдер негіздерін игеру мөлшері бойынша оқушы бірте-бірте ғылыми ұғымдар жүйесіне еніп, оның ақыл-ой операциялары нақты практикалық іс-әрекет немесе көрнекі тіректермен байланысты бола бастайды. Сөзді-логикалық ойлау оқушыға объектілердің көрнекі белгілеріне емес, ішкі, мәнді құрылым мен қатынасқа негізделіп есептерді шешу мен нәтиже шығаруға мүмкіндік береді. Оқыту барысында балалар ойлау іс-әрекетінің тәсілдерін меңгереді,  «өз ойында» әрекеттену және өзіндік ойлау процесін талдау қабілеттеріне ие болады. Баланың логикалық дұрыс пайымдаулары пайда бола бастайды: ойлай отырып, бала талдау, қорыту, салыстыру, жіктеу, жалпылау операцияларын қолданады [18].

Информация о работе Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту