Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

 Білім саласындағы  Еуропалық Кеңестік озық сараптаушыларының  бағалауынша, бүкіл Харықаралық  ұйым үшін де, барлық білім жүйелері үшін де төмендегі қайшылықтарды жою арқылы  XXI ғасырдағы  білім мәселелері шешілмек:

-жалпы мен  жалқының арасындағы қайшылық;

-адамның өзі  арғы тегі, болмысын жоғалтпай  әлем азаматына біртіндеп айналуын  және өз аймағы мен ұлтының  өміріне белсене араласуы;

-салт-дәстүр  мен қазіргі заманғы үрдістер қайшылығы;

-түп-тамырын  теріске шығармай қалыптасу;

-басқалардың  еркін және даму тәуелсіздігімен  байланысты;

-ақпараттық  қызметтік саласындағы жаңа технологияның  дамуымен байланысты техникалық үрдісті меңгеру;

-ақпараттың  елеулі дамуы мен оны адамның  меңгеруі мүмкіндігі арасындағы  қайшылық;

-мектеп бағдарламасының  күрделенуі  қоршаған ортаны тану  мен сақтауды қарастыратын пәндердің  енуі.

Қазақстан Республикасы Конституциясында  мемлекетімізде бірте-бірте қалыптасып келе жатқан құқықтық демокртатиялық қоғамның ең құнды қазынасы адам деп көрсетіліп, мемелкеттік білім беру саласындағы  саясатта Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-этникалық мінез-құлқын қалыптастыру, жеке тұлғаға азаматтық  құндылық тұрғысынан білім және тәрбие беру бағыты негізге алынған. Осыған орай қабылданған құжаттардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мәдени саясатын жүзеге асыру және этникалық мәдениеттерді дамыту, гуманитарлық білім берудің жаңарған жүйесін қалыптастыру мәселелері де құндылықтар  рөлін бекіту идеясынан туындайды.

    Қазіргі  таңда білім беру жүйесінің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  мақсатында жасалынып жатқан  білім беру жүйесінің тұжырымдамалық  негіздері-білім беру жүйесінің  құрылымы мен мазмұнын қоғам табалабына және мемлекеттің даму болашағына сай жаңартудың басым бағыттарын анықтауды көздейді.Бұл білім берудің жаңа жүйесіне көшу және әлемдік білім кеңістігіне еркін өту қажеттілігінен туындаған мәселе.

 Оны Қазақстан  Республикасының (27.07.2007 жыл. №319- III)  қабылданған «Білім туралы» Заңында 3-тараудың, 11-бабында көрсетілген білім беру жүйесінің міндеттерінен айқын аңғарамыз.

Атап айтсақ:

- Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған  сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

- Азаматтық пен елжандылық, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;

- Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының  қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

- Отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Қазақстан Республикасының  қазіргі білім беруді дамытуы  және бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға қатысуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен тығыз  байланысты.  Нұрсұлтан Әбішұлы  «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын  Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарының бірі «осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауда ұдайы арттыру» деп нақты белгілеп береді. Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі білім беру реформасы деп атап көрсетті. 

Бірінші өлшем- бұл Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының  бірыңғай білім беру кеңістігі , онда ЕврАзЭҚ шеңберінде бірыңғай білім беру кеңістігі және білім беру саласындағы заңнамаларды сәйкестендіру үшін заңнамалық шарттар қалыптасқан; оқу орындары арасында ақпарат және тәжірибе алмасуды дамыту, кәсіптік оқытудың қолжетімділігі , білім беру және кәсіби ықпалдасудың келісілген жүйесін құру қамтамасыз етілген . Заңнамалық реттеудің негізгі принциптері Еуразиялық қоғамдастық азаматтарының бастауыш, жалпы және кәсіптік білім алуға тегін және тең қол жеткізуіне, сол сияқты білім алушылар мен педагог кадрлардың конкурстық негізде орта , жоғары кәсіптік білім және жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білім алу еркіндігіне, білім беру мекемесінің дербестігіне негізделуі қажет. Қоғамның білім беруді басқаруға , білім беру саласына мемлекеттік емес инвестицияны ынталандыруға жұртшылықтың пікірінде білім адамның ажыратылмайтын құқығы және қоғам мен мемлекеттің жоғары құндылықтарының бірі деген қатынас қалыптастыруға қатысуын кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының бірыңғай білім беру кеңістігінің аясында білім беру жүйесі ұғымын бекіту және бірыңғай (негізгі және қосымша ) кәсіптік білім беру бағдарламаларын , сол сияқты бірыңғай формасын, түрін , білім деңгейін орнату қажет. Еуразиялық қоғамдастығының шеңберінде білім беру саласындағы Қоғамдастықтың типтік жобалары мен басқа да құқықтық кесімдерін пайдалана отырып , халықаралық келісім және мемлекетаралық жинағымен қалыптастыру қажет. Білім беру қызметінде инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін ескеру қажет, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының бірыңғай білім беру кеңістігінде үздіксіз білім беру проблемасының бар екендігін есте        ұстаған жөн. «Өмір бойы білім алу» принципі жұмыс істемеді. Осы күнге дейін білім берудің құрылымдық деформациялауы сақталған.

      Кадрларды даярлау барысында  еңбек нарығының қажеттілігі  толық көлемде ескерілмейді, бұл  белгілі бір мамандардың және  білікті қызметкерлердің жетіспеуіне  әкеліп соғады. Білім беру саласында,  оның секторларының өте шектеулі  санын шығарып тастағанда , бәсекелестік нарығы әлі қалыптасқан жоқ. Егер құрама бөліктер , білім беру формасы, деңгейі және кадрларды даярлау ортақ мақсат, міндеттер мен өзара байланысты болса және экономикалық орта мен келісімді өзара әрекеттесетін болса, экономикалық кірігу міндеттеріне және тауар нарығының нақты ортақ қажеттілігіне, жоғары білікті мамандардың қызметіне және капиталына, түлектер мен жұмыс берушілердің оқыту мекемелерімен кері байланыс орнату үшін білім беру жүйесінің ұдайы маниторингіне сәйкес келсе, Еуразиялық қоғамдастығының бірыңғай білім беру кеңістігі қалыптасуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ  ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ

2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы

 

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге  дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. 
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

«Ойдағыдай  тәрбиелеудің сыры оқушыға деген  құрмет сезімде жатыр»-деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.

Қазіргі таңда  Қазақстан бүкіл әлемдік білім  кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.

«Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті  елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар 
12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көз – қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн.

 Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.

Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.

Бүгінгі күнде  жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ  мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.

Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.

Бүгінгі күнде  мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір  өзін кәсіби деңгейі жетілген деп  есептейтін кез келген мұғалім, білім  беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын  түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.

12 жылдық білім  беру жүйесіне көшу қарсаңында  мұғалімнің кәсіптік жетілуі  мен дамуы тұрғысында көп мәселелер  қарастырылуы қалыпты жағдай  болып табылады. Себебі, Ы.Алтынсарин «Мұғалім - мектептің жүрегі»,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.  
Ұлы педагоктердің еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз заманының тұсында « Ұлы дидактика» деген еңбекті жазып шығараған педогок Янна – Амонс – Каменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагок өз еңбегінде «Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек?» деген сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.  
12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты - оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.  
Қазақ халқы қашанда сөзге бай, өз орнын білетін, рухы мен талғамы биік халық қой. Жыр десе ішкін асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі данышпан Абай атамыз бірде былай деп жырлаған екен:

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы