Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

Жай қарағанда  бастауыш мектепте қарапайым есептеу, жазу, оқу, сөйлеу, ойлауға үйретеді деген дәстүрлі көзқарас бар. Бұл, әрине, жай қарағанда ғана.

Мектептегі  жалпы білім кезеңдерінің ішіндегі ең қиыны да күрделісі де – бастауыш мектеп екені осы бағытта еңбек етуші адамдарға ғана мәлім. Өйткені олардың мақсаты – мектепте жаңа келеген балаға оның бар өмірлік тәжірибесін, дүниені танудағы империкалық көзқарасын, психологиялық, жеке құқықтық денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, білімдерінің негізін хабарлап, ерік-жігері, таным-талпынысы бар тұлғаны тәрбиелеу осы кезеңдегі жұмыстардың жүйелілігімен жемістілігімен баланың кейінгі кезеңдердегі сапалы қасиеті, қабілеті, білім алу қарқыны қамтамсыз етіледі.

Осыдан бастауыш мектепте оқытудың төмендегідей мақсаттары туындайды:

- бағдарлама межесіне сай мөлшер мен деңгейдегі білім, білік, дағдыларды

игеру;

- танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;

- оқушының ақыл-ойының стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;

- негізгі мектепке оқуға, меңгеруге өз білімдерін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру.

Қоғам талабына байланысты қазіргі өздігінен білім  алу жағдайында мектеп оқушыларды қандай да білім көлемін игеріп қана қоймай, оны өз беттерімен меңгере алатындай  дәрежеде тәрбиелей алатындығы туындап  отыр. Сондықтан  оқыту мазмұны білім, білік және дағдылардан ғана емес, іс-әрекетін қалыптастыратын мәселелерді де қамтуы керек. Осы тұрғыдан қарасақ, оқыту мазмұнын біз оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылар мен танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінің жүйесі деп анықтадық.

Біздің бұл  пікіріміз қазіргі педагогикалық  еңбектерде оқыту мазмұны ұғымын дидактикалық деңгейдегі оқушылар игеруге  тиісті білім, білік және дағдылардың  жүйесі ретінде  берілген анықтауларға негізделеді.

Оқытудын мазмұны  және оның құрастырылу реті, оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды ғана анықтап қоймайды, сонымен бірге мұғалімге нақты мәселені баяндауда алуан түрлі әдістемелік жолдармен әдіс-тәсілдерді сұрыптап алуға көптеген мүмкіндіктерді береді.

Қоғамды модернизациялауды тек қана белсенді, шығармашыл, өзін-өзі  жетілдіре алатын адамдар ғана  жүргізуге қабілетті. Осыған байланысты білім берудің жаңа парадигмасы белсенді, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұндай пікір білім беруге байланысты өткізілген  бүкіләлемдік конференциясында көтерілді. Онда білімнің адам тұлғасын, оның бойындағы құнды қасиеттерді жан-жақты дамытуға бағытталуы керектігі туралы  айтылған болатын. Бұл өз кезегінде білім парадигмасын  ауыстыру жағдайында қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерістерді енгізуді көздейді.  Осы идея  «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтармен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы», «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы» атты құжаттарында көрініс тапты. Бүгінгі күні өзгертілген білім беру мазмұнын мектеп жағдайында жүзеге асыратын, әрине, мұғалім. Сондықтанда мұғалім «... кәсіпқой өзі пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, педагогикалық процеске әрбір қатысушының орнын белгілей отырып, оқушылардың әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижесін алдын ала көруі, болып қалады деген ауытқушылықтарды түзете алуы қажет». Бұл нәтижеге жету үшін жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімді даярлауды кезеңге бөліп, оның тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау қажет.

Бұл мақсатты нұсқау республикадағы  бастауыш сынып  мұғалімдерін даярлауда оқу мекемелерінің  даму жолдарын анықтады.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің жаңаруы, бастауыш мектептегі түбегейлі өзгерістер білім беру мазмұнының дамуына да ықпалын тигізбей қойған жоқ.

Білім беру жүйесін  тоқыраудан шығаруды мақсат етіп тек  бет жағында жатқан кемшіліктерді  жоюға бағытталған реформа кезеңі одақтың күйреп, еліміздің егемендігімен дүниеге келуімен ұштасты. Қазір бұның өзі шешуі табылмай жатқан мәселелердің астарына тереңірек үңіліп, білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарап, оны түбегейлі жаңартуды талап етті. Бүгінде жалпы білім беретін бастауыш мектепті қайта құру барысында өзінің мәдени ағарту ролін жаңартуына, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып дамуына мүмкіндік алады.  Бастауыш мектептің, оның білім беру мазмұнының жаңаруы үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа да мәселелермен сабақтас. Олардың ең бастысы – мектепке дейінгі тәрбие буынынан бастап қазақ тілінде бір тұтас үздіксіз білім беретін жүйе құру.

Осылайша қоғамның жалпы білім беретін  бастауыш мектебінің білім мазмұнына деген  талаптар өзгерді. Оның бастысы –  адамзаттың жинақтаған тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған білім мазмұнына жүктелген міндеттерге деген көзқарастың өзгеруінде.

Адамзат жинақтаған тәжірибенің жас ұрпаққа берілетін  бөлігі жөніндегі ғылыми тұжырымдаманың өзіндік ерекшелігін ескере отырып білім мазмұнын анықтау заңдылығына тоқтайық. Білім мазмұнын анықтау күрделі процесс. Әдетте алдыменен оның теориялық деңгейіндегі бейнесі құрылады. Ол үшін қоғамның мектепке, ондағы білім мазмұнына қоятын талаптарын анықтап, жүйелеп барып педагогикалық тіл арқылы дидактикалық міндеттерге аудару керек. Осы талаптарға  сүйене отырып білім мазмұнының құрамы мен құрылымы анықталады. Сөйтіп келесі сатыда білім мазмұнының теориялық бейнесі ғылыми әдістемелік тұрғыдан нақтыланып, оқу жоспарына түсіріледі. Мұның нәтижесінде берілетін білім мазмұнының негізгі компоненттері ақыл-ой, тіл-қатынас, имандылық, еңбек, эстетикалық дене-шынықтыру анықталады. Ал компоненттер пәндер жиынтығының толықтығын қамтамасыз етуге негіз болады.

Базистік оқу  жоспары әр түрлі варианттағы  оқу жоспарларының моделін құруға негіз болатын ресми құжат. Білім мазмұнының көп варианттылығына мүмкіндік беретін механизм – берілетін мазмұнының тұрақты және жылжымалы бөліктерінің тек жүктемесінің көлемі жағынан да нақтыланып берілуінде. Білім мазмұнының жүйе ретінде қызметінің толық болу принципі бойынша негізгі оқу жоспарларында әйгіленіп көрінуі үшін оқу жүктемесінің тұрақты бөлігі өзара ішкі ғылыми үндестігіне сай 6 блокқа жіктелген: тіл – сөз, математика – жаратылыстану – қоғамтану, өнер – еңбекке және дене тәрбиесіне баулу. Әр блокқа бөлінген нақты сағат саны шығады. Осы сағаттар бөлінген уақыттың ең төменгі шегін көрсетеді. Бұл оқу жоспарының әр жасаған кезде ондағы пәндер, не олардың жиынтығының бірінің екіншісінің есебінен мүддесі тарылып кетпеуін қадағалауға мүмкіндік береді. Ал жеке пәндерге не олардың жиынтығына бөлінген уақыт мөлшерін көбейту қажет болса оны оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігінің есебінен жүзеге асырады.

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оқу процесін әртүрлі бағытта  сараландыруына қарамай барлық ұлттық мектептердің жалпы білім беретіндігінің сипатын көрсететін шама оқу жүктемесінің тұрақты, міндетті бөлігі болып табылады. Міндетті түрде оқылатын пәндер жиынтығы және олардың сандық көрсеткіштерінің базистік оқу жоспарында нақтыланып көрсетілуі әсіресе, мектептің бірінші, екінші сатылары үшін өте маңызды.

Базистік оқу  жоспарының тұрақты бөлігіңде көрсетілген  мазмұнының құрылымы мен құрамының  объективтігі іс жүзінде маңыздылығы, өміршеңдігі әзірге оның сапалық  сипатын байқау арқылы жүргізіледі. Ол үшін базистік оқу жоспарындағы пәндер мен курстар жинақталған блоктарды дүниежүзілік өркениетті елдердегі жасалған оқу жоспарларындағы тұрақты оқу жүктемесі құрамының орташа мәнімен және бұрынғы Одақтағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу мазмұнының тұрақты жүктемесінің жіктелуі жөніндегі ғылыми ұсыныстармен салыстырылады. Салыстыру жоғарыда аталған алты блоктар шеңберінде жүзеге  асырылды. Әрбір блокқа уақыттың проценттік мөлшері мектептің әр сатысында  берілген тұрақты оқу жүктемесі сағатына сай есептеліп шығарылады.

Даралап, саралап  оқытуды басқа да принциптермен  ұштастыру негізінде әр оқушының қабілетін, қызығушылығын, ынтасын  дамытуға жол ашып, мүмкіндік туғызатын  білім мазмұнының жылжымалы бөлігі болып саналады. Бұл бөліктің мектептің әрбір сатысындағы сыбағалы салмағы оқушының жас ерекшелігіне және әр сатының міндетіне байланысты. Бастауыш мектепте оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігі әр класқа 2-3 сағаттан бөлінген қосымша сабақтардан тұрады. Оның аздау болуы бастауыш мектептің атқаратын міндетінен шығады. Өйткені жасөспірімнің танымдық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып ойлау, сөйлеу, жазу іс-әрекеттерінің және дүниетанымының негізін қалау білім мазмұнының тұрақты бөлігіндегі пәндер мен курстар арқылы жүзеге асады.

Мектептің екінші оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігі факультативтерден тұрады. Бұл бөлікке уақыттың 15 процентін жеткілікті деп есептейміз. Өйткені негізгі мектептің басты міндеті - әртүрлі ғылым негіздерін үйрететін жеке пәндер бойынша жан-жақты, жүйелі білім беру. Бұл сатыда берілетін білімнің мазмұны тиісті деңгейде игеріліп, белгілі бір аяқталған күйде болуы келесі сатыдағы дәрежелері жоғары кіріктірілген жеке курстың оқытылуы мүмкін екенін айта кету керек.

Білім негіздерін тиісті дәрежеде игергеннен кейін оқушылар мектептің үшінші бағдарлы сатысында өз қызығушылығы, ынтасына қарай тереңірек білім алып, қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Сондықтан бұл сатыда оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігі күрт өсуге тиісті, оған 45 проценттей уақыт бөлінеді.

Көпшілік зейінінен тыс қалмайтын, пікір талас тудыратын келесі мәселе -екінші тілді оқыту мерзімі. Бұл мәселені екінші тілді  игеру жолдарының психологиялық негіздерін және білім беру проблемаларының халық бюросының (ЮНЕСКО) 20 жылдан астам жүргізген эксперименттік жұмысының нәтижелері ескерілген. Оның нәтижесі де, орыстың ұлы ойшыл педагогтары мен қазақ топырағынан шыққан алғашқы ағартушы Ы.Алтынсариннен бастап, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев сынды әйгілі ұстаздардың еңбектері де әрбір жеткіншектің ең алдымен өзінің ана тілінде еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуіне мүмкіндік береді. Сондықтан екінші тілді оқытуды ана тілінде ауызша, жазбаша сөйлеу іс-әрекетінің негізі қаланғаннан кейін бастаған жөн. Осыдан барып базистік жоспарда екінші тілдің оқытылу мерзімі 3-кластан деп белгіленеді.

Сонымен демократияландыру, ізгілендіру принциптерінің тұрғысынан жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны жасөспірімдерге  өз ұлтының тілін, мәдениетін, тарихын  терең түсінуіне және басқа ұлт  өкілдерінің тілін, тарихи-мәдени дамуы  жөніндегі мағлұматтар арқылы өз халқының егеменді республикамыздың дүниежүзілік мәдени мұрадағы орны мен үлесін білуге, белгілі білім салалары бойынша өзінің танымдық мүмкіндігіне сай дәріс алуға мүмкіндік беруі тиіс.

Бүгінде әр пәннен нені оқыту, қалай оқыту керектігін анықтау жеткіліксіз. Осыларға қосымша баланың әрбір жас кезеңіне сай болатын танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, білімді игеру деңгейлерін саралау қажет. Демек әр пән бойынша білім беріп, оқытудың нәтижелерін жоспарлау, соған сай оқушылардың білімді игеруде қай деңгейге жеткендігін анықтайтын өлшемдерді айқындау ең келелі мәселелер болып отыр.

Оқыту нәтижелері деңгейлерінің жүйесін қоғамның пән мазмұнының сапасына қоятын талаптары  деп қарауға болады. Бұл жүйе - оқушының білімін жалғастыру үшін жеткілікті дәрежеде білім алуына бағдар беретін жоспарлы меже. Ол үш деңгейден тұрады:

-  міндеттелген;

-  ілгеріленген;

-  тереңдетілген.

Ең төменгі  деңгейі  оқытудың міндетті нәтижелерін  сипаттайды. Білім, білік, дағдылардың  қалыптасуына қойылатын талап түрінде  беріледі. Осы деңгей бойынша анықталған талаптар мемлекеттік білім стандартына кіреді.

Ілгерленген және тереңдетілген деңгейлер оқытудың жоғары нәтижелерін сипаттайды. Бұл  нәтижелерге жету оқушының өз тілегімен  жеке басының танымдық мүмкіндігіне сай жоспарланып жүзеге асырылады.

Жоғарыдағы  деңгейлер бойынша зерттеу кең  көлемде жүргізілуде. Нәтижесі тиісті құжаттарда жарық көріп, мемлекеттік  білім стандартының құрамына енетін болады.

Қазіргі өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған білім  беретін республика мектептерінің «Білім беру» заңына сәйкес жаңаша жұмыс істеудің басты кепілінің өзі де сол оқыту-әдістемелік кешендерінің түбегейлі өзгерген базалық білім мазмұнына сай жасалған бағдарламалардың талабына орай сапалы дайындалып шығарылуында болып отыр.

Психология, педагогика ғылымдарының соңғы жетістіктерінен екшелеп жинақталған дәстүрлі мектеп және көп жылдардан бері әр түрлі парадигмалар негізінде жұмыс істеп келе жатқан эксперименттік-альтернативті мектептер мен жекелеген сыныптар тәжірибесін қарастырдық. Мысал ретінде дәстүрлі мектепті алайық. Бұл мектеп оқушыға білімді де, білік, дағдыны да дайын үлгімен беріп, оның ойына түрткі салмайтыны, яғни, мұнда оқушы интеллектісінің дамуына жеткілікті жағдай жасалмайтыны, оқу материалдарында мәдениет элементтерінің жетімсіздігі және барының өзі эстетикалық, эмоционалдық сезімге әсері жоқтың қасы екені үшін сыналады. Мұнда оқушы оқу әрекетінің субъектісі емес объектісі ретінде қарастырылатыны, оның теориялық ойларына, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға онша мән бермейтіні шындық.

Л.С. Выготскийдің пікірі: «...Дәстүрлі оқыту – бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, дамытуды өзімен бірге ала жүрді» Алғашқысында оқытудың тиімділігі игерілген білімнің көлемі, сапасымен өлшенсе, соңғысында оқытудың тиімділігі қабілеттің деңгейімен, психикалық әрекеттің пайдалы түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді. Табиғатта көп білгенмен адамның ешқандай да қабілетінің байқалмауы кездесетіні шындық. Ал, қабілеті шыңдалған күшті адам білімін өмірлік тәжірибеде толығымен қолдана алады. Сол себепті, дамыта оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Мұндағы бір ерекшелік, оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей қортыу, жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде ғана болады.

Неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегіндегі  «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып  береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» дейтін қанатты сөзі еске түседі.  Балаларды дамыта отырып оқыту арқылы жан-жақты қабілетінің артуына ықпал жасау -  оқу-тәрбиенің негізгі өзегіне айналарын уақыттың өзі қажетсініп отыр.

90-шы жылдардың  бірінші жартысына тән болған түрлі типтегі инновациялық мекемелердің ұйымдастырылуы, жоспарлардың, бағдарламалардың, оқулықтардың, педагогикалық іс-әрекеттің формаларының, амал- әдістердің тәртіптеліп белгіленбеуі оқу орындарының іс-әрекетін реттеу қажетілігіне әкеліп соқтырды. Бұл процестер бір жағынан Мемлекеттік білім стандартын жасап қабылдауға және білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты  іс-әрекетті белгілеуге мүмкіндік туындатты. Стандарт білім алуға тең мүмкіндік беруді қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған нормативтік құжатта  бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортамен белсенді қатынас жасауға интеллектуалдық, іскерлік, эмоционалдық, коммуникативтік даярлығын қалыптастыруды бөліп көрсетеді. Сонымен стандарт тек пәндік білім мен іскерліктерге ғана бағытталмай тұлға құрылымындағы негізгі компоненттеріне сай келетін қасиеттерді қалыптастыруды да көздеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы