Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

Өскелең ұрпаққа  білім беру, жаңа оқулықтар мен  оқу-әдістемелік  кешендер дайындау, олардың мазмұны мен құрылымын  жетілдіру мәселелерімен көп жылдар бойы педагог - ғалымдар, тарихшылар, әдіскерлер  айналысуда.

Ағартушы ұстаздар Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтың қазақ халқының  тарихи кезеңіне сай келетін педагогикалық ой – пікірлері әлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.

Қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов білім беру мен оқыту үрдісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу  мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактикалық ойды уақыт талабына сай  негіздейді.

Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы теориялық негіздері В.В.Давыдов, Л.М.Занков, В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде сипатталған.

Білім беру мазмұнын әртүрлі салада отандық ғалымдарымыз  К.Құнантаева    (Қазақстанда  халыққа білім беру ісінің дамуын), М.Ж.Жадрина  (нұсқалы  білім  беру мазмұнын құрастырудың дидактикалық негізін), А.А.Бейсенбаева  (жалпы білім беру мазмұнын), Т.М. Әлсатов, А.Қ.Құсайынов,  Ұ.Ә. Асылов (мектеп оқулығының даму тарихы мен оған қойылатын дидактикалық талаптар мен ұстанымдарын), Н.Нұрахметов, С.Е.Чакликова (төл оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптарды)  зерттеген. 

Білім мазмұнын іріктеудің теориялық негіздері, оқыту үрдісінің ерекшеліктері, ұстанымдары мен талаптары, оқулық пен бағдарлама жасаудың әдістері М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, М.Ә.Құдайқұлов, К.Успанов т.б. педагог – ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тұрғыдан негізделген.

Еліміздің  төл  тарихының  рухани мұрасын дамытуға және мектеп оқулықтарының пәндік ғылыми мазмұнын жетілдіруге тарихшы ғалымдар М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, К.Нұрпейіс, Т.Тұрлығұл және т.б. ғылыми еңбектерінде  жан -жақты талдау жасаған. 

Бастауыш білім  беру мазмұнын әртүрлі салада қарастырған  ғалымдарымыздың  Рахметова С.Р, Мендекенова Р.Т, Оспанов Т.Қ, Сатқанов О.С, Уәйісова Г.И,  Жұмабаева А.Е, Б.Т.Қабатай, Л.А.Лебедева,А.К.Акпаева, А.К.Маханова   және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.

Зерттеу еңбектеріне  жасаған талдау жоғарыда аталған  ғылыми жұмыстардың  құндылығын, практикалық  мәнділігін, олардың білім беру мен  оқытудың теориясы  бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік беретіндігін айғақтайды.

Педагогикада білім  негіздерінен бастау алған білім  беру мазмұны  күрделі көп аспектілі  ұғым. Бiлiмнiң мазмұнын анықтау, бұл  өсiп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай – ақ оқытудың мақсатын, мiндетiн анықтау туралы мәселенi шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кiмдi және не үшiн оқытады деген сұрақтарға жауап берiлуiне қарай бiлiм мазмұны әр қилы шешiледi. Бiлiм берудiң мазмұны дегенiмiз – оқушыларды жан – жақты дамытып, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiмнiң, iскерлiктiң, дағдының дәл белгiленiп алынған шеңберi. Бiлiм берудiң аса маңызды құрамды бөлiгi – бұл жалпы бiлiм. Жалпы бiлiм – табиғат, қоғам, адам баласының ойлауы туралы оқушыларда негiзгi ғылымдардың бiлiмдерiмен қамтамасыз етедi. Қандай да болсын, қоғамда мектеп бiлiмнiң мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына байланысты және осы мақсаттың нақтылы көрiнiсi болып табылады.

Мектепте білім  берудің мазмұны оқу жоспарында, оқу бағдарламаларында және оқулықтарда өз көрінісін табады.

Оқу жоспары дегеніміз  оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша бұларды оқытып-үйретудің  тәртібі мен рет-жөнін, әрбір пәнге  бөлінген сабақ санын анықтайтын, сондай-ақ оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат..

Оқу жоспарына сәйкес оқу  бағдарламасы жасалады. Оқу бағдарламасы дегеніміз оқу пәнінің мазмұны, білім, білік және дағдыларды оқытудың әрбір жолы үшін жүйесі мен көлемі, осы оқу пәнінің оқытылу тәртібі  мен рет-жөні белгіленген мемлекеттік құжат.

       Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Педагогика және психология» сөздігінде білім ұғымына  былайша анықтама  берілген: «білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т.б жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды құралдарының бірі болып табылады. Білім  бүкіл адамзат ақыл – ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан – жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілгі мен дәлдігіне қарай мынандай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім, эмпирикалық білім, теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады», … білім  – табиғат пен қоғам дамуындағы фактілерді, ұғымдарды, заңдарды меңгерудің нәтижесі».

         Философия ғылымы тұрғысынан  ғалым Д.Кішібеков «Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, обьективті бейнеленуі» – деді.

Қазақстанның  Ұлттық энциклопедиялық сөздігінде «білім адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы»,  – деп атап көрсетіледі. 

Ю.К.Бабанский  «білім мазмұны – оқыту үрдісінің негізгі компоненті, ол ғылыми білімнің, біліктер мен дағдылардың жүйесі, оны меңгеру оқушылардың ой және дене қабілеттерінің жан – жақты дамуына, адамгершілік қасиеттері мен мінез – құлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке баулуға дайындауға септігін тигізеді»– деп атап көрсетеді. Білім беру – аса күрделі әлеуметтік – экономикалық механизм. Оны  реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Білім беру  жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Ұлттық білім беру ісіндегі жаңа үдерістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын  айқындаушы дәйекті факторлар:

    • Қазақстан  Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып

қалыптасуы;

    • экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі

пішімдерін  дамыту;

    • ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кіруі болып отыр.

       Білім мазмұны әрбір тарихи  кезеңдердегі мектеп реформасының  негізіне жатады. Білім беру саласына  қатысты реформаларда заман талаптарына  сай білім мазмұны өзгеріске  ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.  Білім мазмұны мен материалдық техникалық базасын жаңарту, білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру білім беруді дамытудың стратегиялық обьективті заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Олай болса, әр халықтың әлеуметтік- экономикалық, тарихи-мәдени ерекшеліктері диалектикалық бірлікте негізделіп, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың басты көзі болып табылады.

       В.С.Ледневтің пікірінше білім мазмұны біртұтас процестен тұрады: аға ұрпақтың тәжірибесін игеру, тұлғаның типологиялық сапалық мінезін тәрбиелеу, адамның ақыл ойын және физикалық жағынан дамыту.

Ғалым Б.Қ.Абдугулова «білім берудің мазмұны  – дидактиканың негізгі нысанасы,  ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі, өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі, жеке тұлғаның жан – жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты» – деп тұжырымдайды.

Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім  беру мазмұны үшін

құнды болып  табылады. Білім берудің мазмұны  мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын  жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім  мазмұны туралы  М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер,  В.С.Леднева еңбектерінде жан – жақты баяндалған.

       Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік  тапсырысы, оның жалпылама түрде  халықтың  көпшілігі ғылым жетістіктерімен,  мәдени құндылықтармен сапалы  жоғары білімді адамдардың ақыл  –ой, дене еңбегі жағынан қоғам  өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру. 

           Аталған ғалымдардың еңбегін   басшылыққа ала отырып, білім беру мазмұнының логикалық – құрылымын ғалымдар А.А.Бейсенбаева, М.Б.Тленбаева былайша сипаттайды:

Төменде  білім  беру мазмұнының  логикалық құрылымы берілген.

 

Кесте – 1. Білім беру мазмұнының логикалық – құрылымы

 

 

Білім беру мазмұнының логикалық – құрылымы

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың көзі

Ю.К.Бабанский

бойынша білім

беру мазмұнының категорияларын таңдау

Білім беру

мазмұнының

принциптері

нің

құрылымы

И.Я.Лернер,

М.Н.Скаткин,

В.В.Краевский  бойынша білім беру мазмұнының компоненттері

Білім беру мазмұнын

анықтайтын

оқу –

нормативтік

құжаттар

қоғам

адам

табиғат

техника

ғылым

өндіріс орындары

(рухани материалдық)  мәдениет

бейнесінің  тұтастығы

ғылымдар негізінің  білім беру мазмұнының ғылыми және тәжірибелік мәні;

пәнді оқытуға  берілген уақытпен сәйкестігі;

білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру;

мектептің оқу  –

әдістемелік базасының  материалдық жағдайының сәйкестілігі

Тұлғаның, қоғамның мәдениетпен ғылымның білім беру мазмұнының принциптеріне қоятын талабмн сәйкестілігі;

оқытудың мазмұнды процессуалдық бірлікте болу принципі;

білім беру мазмұнының

әртүрлі деңгейде қалыптасуының құрылымдық бірліктегі

принипі;

білім беру мазмұнының гумандық принципі;

білім беру мазмұнының фундаменталдық принципі

табиғат,қоғам,

техника туралы білімдер;

іс – әрекет тәжірибені жүзеге асырудағы ойлау  қабілеті;

шығармашылық  тәжірибе өзіңе және басқа адамдарға  қарым – қатынас жасауда оқитын обьектінің нақтылығының бағдарлы эмоционалдық құндылық тәжірибесі

ҚР –ның жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты;

Базистік оқу  жоспары

(инварианттық,

вариативтік, құзырлық);

оқу бағдарламасы, оқу құралы және оқулықтар


        

 

Ю.К.Бабанский  ғылым мазмұны негіздерін кеңес педагогикасында   төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:

1. Ғылым туралы  толық мағлұмат беру үшін  білім  мазмұнының негізгі теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас  түсіндіру өлшемі;

2. Білім мазмұны  материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін мектептегі оқытылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге және оқу оқу пәндер жүйесіне енгізу;

3. Білім мазмұнының  күрделілігі оқушылардың жас  ерекшелігімен оқу мүмкіншілігіне  сай болуын қарастыру өлшемі.

4.Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен сәйкес болуы.

5. Қазіргі кездегі  мектептің оқу-әдістемелік және  материалдық базасымен білім  мазмұнының сәйкес болуы.

 Дегенмен  де бұл  зерттеулерде  қазақстан  Республикасы егемен алған

жылдардан бастап  қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы және даму мәселесі  жете зерттелмегендігін дәлелдейді.

Қазіргі таңда  мектептердің құрылу тарихына, ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі – философиялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде педагогика ғылымы тарихының тұтастық тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған. Қай кезеңде болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамның бастау бұлағы болып табылатын құбылыстың бірі – білім беру негіздері. Қоғамдық даму заңдылықтарына орай білім берудің мазмұны, міндеттері және оны ұйымдастыру жолындағы формалары мен әдістері талапқа сай, өмір сұранысын қанағаттандыру бағытына икемделіп отырады. Әр қоғамның даму бағытының жүйесі мен ондағы адам тәрбиесі жөніндегі идеялар жаңа тарихи кезеңдер мен жағдайларға сәйкес негізделіп, ондағы білім беру мазмұнының сипаты да шығармашылықпен дами отырып, тарихи міндеттері жаңа тұрғыдан айқындалады.

Республикадағы  қазақ  мектебі мен білім беру мазмұнының дамуына қатысты мәселелер ең алдымен нақтылы – тарихи  келістер позициясынан мәселенің шынайы жағдайына  толыққанды талдау жасауды, осы саладағы жинақталған жағымды тәжірибені сақтап қалуды және әрі қарай даму жолдарын анықтауды талап етеді.

Мәселенің бұлай  қойылуының себебі қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының бүгінгі жағдайы мен оны әрі қарай жетілдіру қажеттігінен туындап отыр.

Ұлттық мектеп ісі  «қайта құру» деп аталған  сексенінші жылдардың ортасынан  басталған демократиялық қозғалыстар  кезеңінде де назардан тыс қалған жоқ. Қайта дәл осы кезеңнен бастап ұлттық мектептер мәселесі батыл көтеріліп, қолға алынды. Сондай күрестердің кезеңдік бір нәтижесі ретінде   1987  жылы  5 наурызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Республика Үкіметінің «Қазақ тілін оқып үйренуді жақсарту туралы» қаулысы жарияланды. Шындығында қазақ тілінің тағдыры үшін күрес осы кезден басталды. Халықтың талабымен 1989 жылы  22 қыркүйекте Тіл туралы Заң қабылданып, онда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Ал 1990 жылы “Қазақ ССР – інде тілдерді дамытудың 2000 жылғы кезеңге дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл, жалпы қазақ мектептерінің дамуына кең өріс ашты. Қоғамдық ой пікірдің  қозғау салуымен Қазақ ССР Оқу министрлігі жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасын  жасауды қолға алып, оның жобасы баспасөзде кеңінен талқыланды. Жалпы орта білім беретін және кәсіптік мектеп реформасын жүзеге асыруды жылдамдату жаңа мектептегі бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңартуды қажет етті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы