Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:13, дипломная работа

Описание работы

Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Содержание работы

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломная работа Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

Жағымды болып  табылатыны мемлекеттік саясат қағидаларында  приоритеттік міндеттер қатарында  айқындалған білім беру мазмұнының адамзат құндылықтарын, рухани-мәдени мұраны, өз халқының салт-дәстүрін игеру арқылы  ізгілік пен ізгілендіру міндеттерін жүзеге асыруға бағытталуы  еді.

«Қазақстан  республикасында  білім беруді 2005-2010 жылдардағы дамытудың мемлекеттік  бағдарламасында» (2004)  білім беру мазмұнын дамытудың жолдары көрсетілген. Жалпы орта білімнің он екі жылдыққа көшуде үш сатысының болуы көзделді. Біздерді әрине бастауыш сатысы ғана қызықтырды: 12 жылдық

бірінші саты - бастауыш білім беру, оқу мерзімі - 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бастауыш мектеп бағдарламасы бала тұлғасын  қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін анықтау мен дамытуға бағытталған.

Ал білім  мазмұны шет тілі мен информатика  негіздерін ерте оқытумен толықтырылды.

Осы сатыдағы оқу  мен тәрбие оқу іс-әрекетінің жағымды  уәжі мен іскерліктерін қалыптастыруға бағытталды. Онда кейінен негізгі мектептің  білім беру бағдарламаларын меңгеруге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.

Қазіргі кездегі  бастауыш мектептің бірыңғай мақсаттары мен міндеттер тұр. Оның бірлігі  мектептің түрлі типтермен (алты жастағы балаларды оқыту, «балабақша-мектеп»  типтегі мектеп-кешендері, авторлық мектептер, ағылшын тілін оқытатын мектептер)  оқу жоспарының икемділігі, оқыту мен тәрбиенің түрлі формалары, әдістері және құралдарының, кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқулықтары мен оқу құралдарының үйлесуінде жатыр.

Бастауыш мектептегі педагогикалық процесті демократизациялау мен гумандандыру оқу процесіндегі оқушылардың дамуы және одан да басқа іс-әрекетінде, мектептегі І сатының оқу-тәрбие процесінің шығармашылық бағыттылығы арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту концепциясы жобасы талқылауға берілгенін білеміз. Сол жобадағы алға қойылған міндеттердің ең бастысы сапа ұғымымен байланыстырылып берілуі. Сапа – философиялық ұғым. Обьектінің болмысынан оның бөлінбейтін елеулі анықталғандығын көрсететін ұғым. Обьектінің құрамында элементтерінің тұрақты өзара қатынасын бейнелейді. Қарастырылып отырған обьект білім беру жүйесінің сапалықтануы.

Ендеше біз  ең алдымен білім беру ұғымының мағынасын  саналы түсінуіміз керек. Педагогикалық  ойдың ең жоғарғы деңгейінде білім  беру тұлға және қоғам мүддесіне сай жүзеге асырылатын тұлғаның ұйымдастырылған әлеуметтендірілуі, педагогикалық барысы ретінде көрсетіледі. Білім беруде оқыту мен тәрбие бірігеді. Соның нәтижесінде олар ұрпақтардың мәдениетті ұласымын қамтамасыз етіп және адамдарды әлеуметтік кәсіби рольдерін орындауға даярлайды. Білім алуда өмір иесі өз мүддесі мен қоғамның үмітіне сәйкес келетін жүйеленген мінез-құлықтық және мәдени құндылықтарды игереді. Тұлғаның мүддесі мен қабілеттеріне сай білім алу – адамның іргелі құқықтарының бірі мәдениет және адамның іс-әрекеті мен жүріс тұрысының мінез-құлықтық бағыттары білім алуды өмір иесінің ғана емес қоғам мен мемлекет мүддесінің пәніне айналдырады. Нақты оқу- тәрбие процесінің моделі қандай да бір білім беру институттарын болмасын қолдай отырып білім беруге қарқынды ықпал етеді.

Білім беруге проблемалық  түрде қарау, оны теориялық мағыналау  тарихи түрге ие болады. Ол мақсат қою  аспектілеріне тәуелді. Оның ішінде этностық, әлеуметтік-философиялық, педагогикалық  бағыттар да бар. Сондықтан да, білім беру бірнеше ғылымдардың негізгі ұғымына жатады. Бұл категория педагогика үшін де негізгі мәнге ие.

Тұлғаның толыққанды дамуын қамтамсыз ететін, оның әлеуметтік қүнды іс-әрекетке қатыстыртын, өз бетімен  білім алуының түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын білім алу сылтауларын қалыптастырып және қуаттайтын білім берудің мақсаты – оның ең маңызды құралдары ретінде білім, білік және дағдылар педагогтар мен психологтардың ең басты міндеттерінің бірі.

Білім берудің  барлық мазмұны мен істің өткізілу реті оқу жоспарына кіреді. Қазіргі оқу жоспары базалық білім беруді онымен қосалқы жүретін жалпы білім мен мамандандырудан бөлініп алумен ерекшеленеді. Жалпы және арнайы білім беру бірін-бірі үнемі толықтырып отырады.

Қазіргі Қазақстанда  білім берудің тұлғаға бағытталған ұлттық моделі бекіп келеді. Білім беру өзінің институттарының демократиялануына, білім беру процесін гумандандыруға, ұлттық және әлемдік мәдени тарихи дәстүрге қайта оралып отыр.

Концепцияда білім  беру жүйесі әлеуметтік институттардың бірі, тұлға қалыптасуының маңызды саласы, жас ұрпақты тәрбиелеу мүдлдесіне қызмет ететін, тарихи қалыптасқан олардың басшы органдарымен білім беру мекемелерінің жалпы ұлттық жүйесі, оларға өз бетімен өмірге және кәсіби іс-әрекет мүддесіне қарай әсер ететін және де жеке білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын жүйе ретінде көрсетілген. Ол жүйе кәсіби жоғарғы оқу орындарын кәсіби даярлықтың түрлерін, қайта даярлау және қызметкерлердің кәсіби мамандығын көтеру, мектептен тыс және білім беру  - мәдени мекемелерін қамтиды.

Нәтижесінде білім  беру жүйесінің дамуының басты бағыттары  айқындалады. Олар: білім беруді гуманитарландыру, оқытуды дифференциялау және білім  берудің шапшаң бейімделуі, білім  берудің дамытушылығы, үздіксіз білім  беру.

Білім беру жүйесінің дамуын обьектінің қайтымсыз бағытталған заңдылықты өзгеруі ретінде қарау керек. Жүйе – тұтас, бөліктерден құралған, өзара байлданыстағы және қатынастағы элементтердің жиынтығы. Осы жиынтық белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайды. Жүйе түсінігі ұзақ тарихи дамудан өте отырып шешуші философиялық-әдіснамалық және арнайы – ғылымдық түсінікке айналды.

Жүйелі зерттеулер барысында жүйелі проблемалардың бүкіл  комплексін түрлі теориялық талдаулардың міндеттері мен қызметтері айқындалады. Мұнда білу жүйесі қызметінің нәтижеге сапалы ықпал жасауын түсінуге алып келеді.

Осы концепциядан туындайтын педагогикалық білім  беру мәселесін қарауымыз керек. Бұл мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш мектепке, негізі орта мектепке, орта мектепке, ортадан кейінгі оқу орындарында  білікті мамандар даярлауды қамтиды. Бұл қызметкердердің қатарынан кәсіби оқу орындарында жалпы білім беретін пәндерді жүргізіп, балалар мен жастарға қосымша білім беретін мекемелердің қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар жатады. Педагогикалық іс-әрекеттің дифференциялануына сәйкес дефектологиялық білім беру, инженерлік - педагогикалық білім беру сияқты жеке салалар пайда болады.

Оқу-тәрбие барысының  жеке педагогикалық қарым-қатынастың субьектісі ретінде педагогикалық  білім беру ерекшелігі мұғалімнің, тәрбиешінің тұлғасына кәсіби іс-әрекетіне көтеріңкі әлеуметтік талаптарды анықтайды. Педагогикалық білім беру сондықтан да өзара байланысты комплпексті екі міндетті шешуге бағытталған: біріншіден, болашақ педагог тұлғасының әлеуметтік құнды дамуына әсер ету; болашақ ұрпақтың құқылы жетекшісі ету, оның іргелі жалпы мәдениетті даярлығын, мінез-құлықтық және азаматтық кәмелеттігіне жету.

Екіншіден, педагогтық іс-әрекеттің таңдалып алынған саласына кәсіпқой қалыптасуы мен мамандығына  көмектесу.

Педагог тұлғасының дамуы – мақсат, оның кәсіби білім алуының негізі және оның тиімділігін шарты. Кәсіби даярлығының міндетерін жүзеге асыру тұлға дамуына көмектеседі.

Білім беру экономикасы  – экономикалық теорияның бөлімі. Ол елеулі шаруашылықтың рухани өндірістік және рухани байлықтың саласы ретінде білім беру іс-әрекетінің түрлі формаларының ерекшеліктерін зерттейді. Білім беру экономикасы – ғылыми пән. Ол білім беру даму ауқымының нақты экономикалық пооблемаларын жасайды, білім берудің басқару органдарымен мекемелердің педагогикалық және шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруды зерттейді.

Қалыптасқын қоғамдық сананың батыл өзгерту, білім  беруді ең шеткі мәдени–ағарту аймағы деген көзқарасты тосқауыл етуді, дәстүрлі көздер жеткілікті деп қарайтын саланы өзгертуді қажет етеді. Білім беру экономикасы -  экономикалық ғылымдардың ең жас салаларының бірі, ең жоғарғы қарқынды дамуы қажет. Білім беру экономикасын негізі түсініктері білім, білік және сапа қоры болып табылатын, ссоны жасалатын ұлттық байлықтың ең маңызды элементі ретінде қарастырылады. Бұл сапада білім беру рухани өндірістің инвестиялық саласы болып табылады.

Білім беру ауқымының  ішінде негізгі қор болып оқушылардың  еңбегі көрінеді. Ал материалдық база педагогикалық және әкімшілік қызметкерлерді экономикалық тұрғыда сапа мен нәтижелікті көтеруді қамтамсыз етеін шарттар мен құралдар ретінде түсіндіріледі.

Бұл жердегі  аса маңызды нәрсе – білім  сапасы. Адамның әртүрлі іс-әрекет түрлерінде білімді игеруі мен қолдануын  көп сатылы талдау нәтижесінде білім  сапасы айқындалады. Білім сапасы түсінігінің алғы шарты білім түрлерін (заңдар, теориялар, қолданбалы, әдіснамалық, бағалау білімдері) білім беру мазмұнының элементтерімен салыстыра және оның арқасында игеру деңгейімен қарастыру. Бұлай салыстыра қарау қажет, себебі әрбір білім қоолдану тәсілімен байланысты шығармашылық процеске қосылған болуы және әртүрлі мәнге ие болуы мүмкін.

Білім сапасының  төмендегідей сипаттамасы болады:

- толықтық – зерттеліп отырған обьект жөніндегі білімдердің бағдарламалық саны;

-  жүйелілік – білім жиынтығының белгілі бір құрамын олардың ретіне және бірізділігіне қарай ұғыну;

-   жүйелену – оқушының ғылыми теориялардың құрамындағы орнын ұғынуы;

-  жеделдік – бірыңғай жағдайларда білімді пайдалану білігі;

- икемділік - өзгертілген жағдайларда білімдерді пайдаланудың вариативтік тәсілдерін өз бетімен тану білігі;

-  жалпыланғандық – жалпыланған түріндегі нақты білімді көрсете білу білігі.

Білім сапасы:

- жинақтылығымен, ашықтығымен, саналы ұғынылуымен – білімдердің арасындағы байланысты және қатынасты түсінумен, оларды ашу жолдарын, оларды дәлелдеу білігімен;

- беріктілігімен – білімдерді есте ұстау тұрақытылығы жәнге оларды қолдану тәсілі басқа білімдер негізінде қажеттісін шығаруға дайындығымен сипатталады.

Білім сапаларының  бәрі өзара байланысты және салыстырмалы өзіндігі бар, олар бірін-бірі ауыстырмайды. Білімдер сапасының жүйесін қалыптастыруда барлық әдістер, білім мазмұнының барлық элементтері қатысады.

Бұл процесте білім  мен іс-әрекет тәсілдерін нақты толықтыру  өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, оқыту мазмұнында әдіснамалық білімдердің болмауы саналы игеруге тежеу болады. теориялық білімдерсіз құралған жүйеде білімдердің жалпылауына жинақталуына қол жетпейді.

Білім сапсын қалыптастыру бүкіл оқыту бойында жүреді. Қорытынды  тексеру кезінде білімнің немесе олардың бірлігінен қалыптасқандығының дәрежесі айқындалады.

Үздіксіз білім  беру – философиялық және педагогикалық  концепция. Бұған сәйкес білім беру адамның бүкіл өмірін қамтитын процес ретінде қаралады. Қолда бар білім  беру жүйесінің  барлық бөліктерін пайдалана отырып мақсатқа бағытталған адамның әлеуметтік – мәдени тәжірибесін үздіксіз меңгеру ретінде көрінетін білім беру тәжірибесінің бір қыры. Үддіксіз білім беру – білім беруді ұйымдастыру, білім беру саясатының принципі, үздіксіз білім берудің теориясы мен тәжірибесінде негізгі білімнен тысқары ересектерге білім беруде ерекше назар аударылуда. Кәсіптік біліктілік беру және көтеру мамандықты ауыстырудағы қайта даярлау, өзгертіп отырған әлеуметтік жағдайларға бейімделу барысында білім беру тағы сол сияқты. Қазіргі қоғамдағы үздіксіз білім беру ғылыми-педагогикалық ойлаудың жіктелу сипатын алуда. Білім беру жүйесінде үздіксіз білім беруді жүзеге асыру тігінен интеграциялауға негізделеді, басқыштар ұстанымдылығы, мектеп алды, бастауыш, орта, ортадан кейінгі бірінен екіншісіне өтудің алғышарты болуына мүмкіндік жасайды.

Үздіксіз білім  берудің маңызды мазмұны белгісі  горизантальдық интеграция. Тігінен  интеграциялаудан тыс алынған білімді  оқу орны шеңберінде алынған біліммен салыстыру арқылы арнайы ұйымдастырылған білім беру бағдарламаларына сай білім. Жалпы білім беретін мектептегі бұрыннан қалыптасып, әлі де пайдаланып жүрген оқу – әдістемелік жүйе бұдан былайғы уақытта бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала алмайды, ол түбегейлі жаңартылуы керек. Мұның бірнеше объективті себептері бар.

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style="

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы