Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:52, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Социологии".

Файлы: 1 файл

саясат.эзамен.docx

— 47.85 Кб (Скачать файл)

Мүдделес және қысым көрсетуші топтар: Қысымшы топтар билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасауадан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пай/ы. Бұл топтар өз аттарынан сайлауға қатыспайды. АҚШ та оларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп Ұлыбританияда парламент агенттері д/а. олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде ж/е бұл топтар мен билік орган/ң арасында байланыс болғанда п/б.

Ортағасырдағы саяси  ілім: Бұл кезенде тарихи процесс бірте-бірте Жерорта теңізі жағалауьшан еуропалық құрлықтың ішкі аймақтарына қарай көше бастады. Бұл процесс еуропалық қүрлықтағы варварлық тайпаларды қарқынды әлеуметтік өмірге араластырған римдік жаулап алулардан бастау алады. Варварлар аяғына тұрып, өркениеттенген соң, өзінің бар күшін Римге төгіп оны құлатты және осының нәтижесінде бұрынғы құл иеленуші алып империяның қираған орнында көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Еуропаның ортағасырлық тарихы осылай қалыптаса бастады. Бұл кезең діни соғыстар, мұра үшін күрестер, таққа талас, крест жорықтары, еретиктерді қудалау, шаруалар көтерілістері секілді оқиғаларға толы болды ( Орта ғасырларда озық ойлы элитаның негізгі қаруы, оның "ғылыми матрицасы" діни догматика болды. Діни күпірлік (ересь) өзінің мазмұны жағынан өзгеше, діни ортодоксалды емес еді, мұнда діни тұманды жарып өтіп адам- дардың шынайы, өмірлік мүдделері қарастырылды. Бұл кезенде саяси өмір сахнасында билік үшін күресті жер иеленуші аристократия мен дін басылар, ақсүйек билеушілер, шіркеу қайраткерлері сияқты екі үлкен саяси күш ұйымдасқан түрде жүргізді. 

П

Партиялар жүйе мәні және түрлері: Партиялар қоғамның саяси жүйесінің маңызды элементі. Олар белгілі біртаптың, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін, мүддесін, мақсаттарын білдіреді, саяси биліктің жұмыс істеу механизміне белсенді қатысады. Көппартиялық жүйе – мемлекеттік билік үшін бірнеше партиялардың пікір алуандылығын пайдлана отырып, саяси билікке ұмтылуын айтамыз.Екі партиялық – саяси жүйедегі күшті екі партияның саяси билікке кезектесіп келуі. (АҚШ, Ұлыбритания). Бір партиялық жүйе – қоғамда бір ғана партияның үстемдік етуі. Ол қоғамда бәсекелес партия болмайды. (КСРО, Қытай).

С

Сайлау жүйесі ұғымы және сайлау түрлері, сайлау компанияларын  ұйымдастыру және пропорцоиналды және мажоритарлы жүйе: Сайлау жүйесі белгілі бір билік түрін, мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістерінің жиынтығы. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолюттік жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты алған талапкер саналады. Салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлық жүйеден айырмасы ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың ( депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты басшылыққы алады. Түрлері: белсенді және бәсең. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең түрі -  Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы. Мыс: 1999ж 10қаңтарында мажоритарлық жүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә.Назарбаев мезгілінен бұрын 7жылдық мерзімге Қ.Р ның Президенті болып сайланды.

Салыстырмалы саясаттану: Әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ жақтары мен жекелеген ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Саясаттану пәні, әдістері, қызметтері: « Саясаттану» сөзі гректің «полис» және «логос» деген сөзінен шыққан, аударғанда «саясат туралы ғылым» деген мағынаны береді.Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғ. өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (Құдайшылық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Салыстырмалы әдіс – әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ жақтары мен жекелеген ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі- саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін зерттейді. Әлеуметтік әдіс- саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б жағдайларға байланысты анықтайды. Тарихи әдіс- тарихта болған саяси құбылыстарды зерттей келе, бүгінгі қоғамға қажет тұстарын пайдалану. Бихевиористік әдіс- жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адам өздерін өзі қалай ұстауын талдауға негізделген. Нормативтік әдіс- адамдардың табиғи құқықтарын дәріптеуге бағытталған. Танымдық қызмет- қоғамдағы оқиғаларды танып білуге, олардың саяси мәнін түсінуге мүмкіндік береді.  Бағалау қызметі- саяси құрылысқа, институттарға, іс әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.  Саяси әлеуметтану қызметі- азаматтықты, халықтық демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Реттеушілік қызметі- адамдардың саяси өмірдегі қызметтерін реттеуге негізделеді.  Басқару қызметі- саяси даму процесті бақылай отырып, қоғамды тиімді басқару үшін мағлұматтар жинақтайды. Болжау қызметі- саяси оқиғаларды алдын ала болжап, оңтайлы саяси өзгерістер жасауға шешім қабылдайды. 

Саяси әлеуметтену: Қоғамдық прцестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси роль атқарып, әлеуметтік саяси қалыптасуы. Оның қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетлдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси әлеуметтік , экономикалық, мәдени дамуы әсер етеді.

Саяси билік мәні және құрылымы, механизмдері, билік  бөлінісі және легитимділігі: Саяси  билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Макс Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті: әдет-ғұрыптық, харизматикалық, ақыл- парасаттың, құқықтың легитимділіг. Билік легитимді болуы үшін екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы қажет; 2) конституциялық қағидаларға сай жүзеге асырылуы керек.

Саяси болжамдау: Саяси болжам – саясаттың бағытының, даму тенденцияларының негізі және оны жүзеге асыру құралы.  Саяси болжамдау әдістері: сараптық баға – саяси процестің даму тенденцияларын анықтау; аналогия – процесті тарихи аналогпен, сонымен бірге біруақыттық процестермен қатар қою; модельдеу – сценарилер жасап, саяси оқиғалардың логикалық ұштастығын бейнелеу; Саяси болжамдаудың принциптері: альтернативтілік, үздіксіздік, кешенділік, жүйелілік, нақтылық. Саяси болжам кезеңдері: 1.Болжау объектісін, мақсатын, әдістерін анықтау. 2.Объектке ықпал ететін мәліметтер жинау. 3.Іздестіру модельдерін жасау. 4.Оқиғаны дамытудың бірнеше мүмкін нұсқаларын құрастыру. 5.Саяси шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар жасау.

Саяси даму ұғымы, критериі: Саяси даму деп саяси іс қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.

Саяси жаңару мәні:  Негізі жаңару деген соз, яғни ол біртіндеп жаңару, көтерілу б/т. Мыс: Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.  
•  Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық.  
Біздің құқық қорғау органдары тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, ал іскер адамдарға өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек.  
Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль , этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.

Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік. Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы негізде өзіміздің  ілгері басқан жүрісімізді одан әрі  жеделдете түсуге тамаша мүмкіндігіміз  бар. Қазақстанды әлемнің дамыған  әрі көркейген елдерінің қатарына қосатын жол осы.  
Мен Қазақстан халқының өзімнің осы бастамаларымды қолдайтынына, оған ықылас қойып, өзіміздің осы жоспарларымыздың іске асырылуына лайықты үлес қосатынына кәміл сенемін.  
Мемлекеттігіміздің бастауында тұрған, әрі өзіне халықтың алдында ел тағдыры үшін жеке дара жауапкершілік алған менің жалғыз мұратым: осындай күннің келуін жақындата түсу. Осы ұлы мақсаттар мен мұраттардың орындалуы жолында баршаларыңызға мол табыс тілеймін.

Саяси жаһандану: Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени жәнеақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер,Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.

Жаһанданудың нақты сипаттары  бар: 
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; 
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; 
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; 
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; 
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; 
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және қызметтері, түрлері: Саяси  жүйесі–саяси институттардың, саяси рольдер мен қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, құқықтық, идеологиялық кодекстерге, мәдени нормаларға, тарихи дәстүрлерге және нақты қоғамның саяси тәртібінің ережелеріне бағынатын қоғамның саяси ұйымдарының принциптерінің жиынтығы. Құрылымы: 1) институционалды – қоғамның саяси ұйымдарының жиынтығы арқылы қалыптасады. Оған мемлекет, саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық және басқа да қоғамдық ұйымдар, БАҚ, шіркеу жатады; 2) нормативті-регулятивті – конституция, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары сияқты қолданыстағы саяси және құқықтық нормалар, саяси өмірді реттейтін саяси әдет-ғұрыптар мен процедуралар; 3) функционалды, саяси іс-әрекеттердің түрлерінен және бағыттарынан, әртүрлі саяси процестерде, билікті жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінен көрінеді; 4) ақпаратты-коммуникативті – саяси жүйенің ішіндегі өзара қарым-қатынас формаларын қамтиды, мысалы, партия мен мемлекет арасындағы, саяси және экономикалық жүйелер арасындағы, бір ел мен екінші елдің саяси жүйелері арасындағы. Саяси жүйенің негізгі қызметтері:1)  қоғамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды; 2) қоғамның іс-әрекеттерін әлеуметтік-саяси мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұйымдастырады; 3) материалды және рухани құндылықтарды тиімді бөледі және игереді; Саяси жүйенің түрлері: 1. сыртқы ортамен қатынасына қарай: ашық және жабық; 2. саяси мәдениет деңгейіне қарай (Алмонд): англо-американдық (азаматтардың саясатқа белсендігілі), континентальды-авропалық (азаматтардың заңды тыңдауы), индустрияландыруға дейінгі (адамдардың саясатқа саналы емес түрде қатысуы), тоталитарлы; 3. саяси тәртіп сипатына қарай: тоталитарлы, авторитарлы, демократиялық.

Саяси идеология  түрлері: (либерализм, консерватизм, анархизм, коммунизм, фашизм, расизм, национализм): Либерализм- жеке адмның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт. Консерватизм- тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік саяси көзқарастар, теориялар жүйесі. Анархизм- жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік саяси ағым. Коммунизм- коммунистік кезеңдегі саяси ой пікірлер, саяси бағыттар. Фашизм- реакциялық, агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы.

Саяси идеология  ұғымы, құрылымы, қызметтері

Саяси қатысу: Адамдар саяси пр екі түрлі қатысады. біріншісінде саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы саяси билікке әсер етеді. Қазіргі демократиялық қоғамда азамат/ң көбінің саяси белсенділігін білд  түрі- сайлауға қатынасу. Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын ж/е күнделікті мем/і басқару қызм атқ адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге б/ді: Біріншісі институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Саяси лидер ұғымы, қызметтері және түрлері: Саяси лидер дегеніміз - әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамды немесе оның көп бөлігін мобильдеуге қабілетті ең ықпалды тұлға болып табылады. Лидердің қызметтерінің ішіндегі негізгілері: 1. Конструктивті қызмет – Бағдарлама жасай немесе таңдау. Бағдарлама түсінікті, нақты, және айқынмақсатты болуы тиіс. 2. Ұйымдастырушылық қызметі – жасақ құру, саяси процестерді жоспарлау іс-шаралары, басқару жүйесін құру.  3. Үйлестіруші қызметі - өзінің жақтастарының келісімінше күшейту.  

Саяси мәдениет ұғымы, қызметтері: Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымастыққа тән саяси сана мен іс әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Танымдық қызметі қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдерін қаруландыру. Реттеушілік қызметі саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік таптық, ұлттық қатынастарды реттеу. Тәрбиелік қызметі әркімді қоғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру. Біріктірушілік қызметі қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру. Қорғау қызметі қоғамның қарыштап алуға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау. Сабақтастық қызметі саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"