Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:52, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Социологии".

Файлы: 1 файл

саясат.эзамен.docx

— 47.85 Кб (Скачать файл)

 

А

Азаматтық қоғам жеке тұлғаның емін еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар , азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет ғұрыптары, салттары кіреді.

Ә

Әлеуметтік мемлекет қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс әректтер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтері жатады.

Әлеуметтік топтар және әлеуметтік стратификация: Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топтар дейді. Мыс: жұмысшы, шаруа, студенттер жатады. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады. Әлеуметтік жіктелуге (стратификациялануға) қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді (топтарды) қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек.

Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге  қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде  ол партия бағдарламасында, декларация, манифест, жоғарыларында, сондай ақ әртүрлі  насихаттық құжаттарда қалыптасады. Ол көпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси өмірде бағыт бағдар, рухани байлықтар жүйесін айқындауға, саяси  іс әрекет жолдарын белгілеу және т.с.с. қызметтерді атқарады, қоғамда дамуында зор роль атқарады.

В

В.Парето мен Г.Москудың элитаризм теориясы

Г.Москудың: Ол қоғамды басқарушылар және бағынушылар деп бөліп, саяси элита өкілдерін екі түрге жіктейді: 1) түлкілер (айлакерлік, билікті насихат арқылы ұстап тұруға тырысу) билікте демократиялық тәртіпте болады.  2) арыстандар (күшті, батыл және күш қолдануға адамдар) В.Парето: «Жалпыға бірдей социология трактатында» (1916) элиталардың айналу теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді, яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. 

Д

Демократия теориялары (репрезентативті, партиципаторлық, элитарлы, плебисцитарлы): Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Плебисцитарлық демократияда азамат/ң саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның н/е басқа шешімнің жобасын қабылдау н/е қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия т.б. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Демократияның тобы топ элитарлық теориясы б/ша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.

Е

Ежелгі батыстағы  саяси ойдың дамуы: Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу процесі Ежелгі дәуірден бастау алады. Олай дейтін себебіміз, сол кезеңнің ірі жұмыстарындағы зерттелген мәселелер бүгінгі саяси саланы құрайды. Осы кезеңде аталған білім саласын білдіретін ұғымдар да пайда болды. Саясаттанудың негізін қалаушы Аристотель болып табылады. Ежелгі дәуір ойшылы Аристотель өзінің еңбектерінде ғылым ретіндегі саясатты жазса, ал «Риторика» еңбегінде «саяси ғылым» деген сөзді пайдаланған. Ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытқан. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.  

Жаңа заманда саяси  санада айтарлықтай із қалдырған  немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары» , «Өмірлік бейбітшілікке» деген  еңбектерінде баяндалған. XVIIғ. аяғы- XIXғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі  қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Біріншісі  капиталистік қатынастарға жол ашқан  Ұлы Француз революциясы. Екіншісі алдымен Англияда, сосын Францияда  және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі  күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі  машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмасуы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан  бұл кездегі буржуазиялық саяси  идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады. 

Ж

Жаңа замандағы  саяси ой

Конституция бойынша жоғарғы  билікті президент жүргізетін республикалық  басқарудың түрі. Әдетте, оны мемлекеттің  де, үкіметтің де басшысы болып  президент саналады. Оны парламент  немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе оның негізінде құралған коллегия сайласа, оны парламент президент дейді. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер министр немесе министрліктердің біреуінің қойылған қолы болуы болу керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мыс: Үндістан, Италияда, Германияда солай. Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Мұндай атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындайды және өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШта орнады. Біздің Қазақстан Республикасында да президенттік билік болып саналады.

Қ

Қазақ ағартушыларының  саяси ілімі

Қазақстанның сыртқы саясаты: Сыртқы саясат мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты. Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты:1. Ішкі саяси бағдар үшін  сыртқы саяси шарттарды қамтамасыз ету.2. Халқаралық қатынастар жүйесінде қалыптасқан сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру. Марксизм мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды деген. Қазақстанның сыртқы саясатына: бүкіл жер шарына жайылып кетерлік қауіпі бар термоядролық соғысты болдырмау, экологиялық аппатан сақтану (бір Чернобыль трагедиясының өзі көптеген елдерге зардабын тигізгені белгілі), қоғамға қарсы құбылыстардың етек алуы (нашақорлық, сыбайлас жемқорлық), атом қаруының жайылуына шек қою, жер қазбаларының жеңіл өндірілетін қорларының, шикізаттардың азаюы және т.б. себептер жатады.

Қазақтың бірінші фәлсафашысы, математигі, астрономы Әбу Насыр Мұхамммед ибн Тархан әл- Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйым деп білді. Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы- демократ, этнограф Шоқан Уәлиханов (1835- 1865) өмір сүрді. Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.

Қоғамдық- саяси  қозғалыстар мәні және түрлері: Қоғамдық- саяси қозғалыстар деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Түрлері: консервативтік, реформистік, революциялық, контрреволюциялық болып бөлінеді. Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп, отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы, үгіт насихат, әрекет ету сатысы, дамыған жұмыс кезеңі, саяси қозғалыстың өшу сатысы.

ҚР Конституциясына  саяси талдау: мем/к ж/е қоғамдық құр/ң негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

ҚР Парламенті қызметі: Жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде ол әр түрлі аталады. Мыс: АҚШта, Филиппинде, Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда Сейм, Иран мен Түркияда Мәжіліс, Германияда Федералдық жиналыс, Израильде Кнессет, Норвегияда Стортинг, Ұлыбоитанияда Парламент, Швецияда Риксдаг, Францияда Ұлттық жиналыс деп атайды.

ҚР- Президенттік республика

ҚР Үкіментінің  өкілеттілігі : Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б

Президенттік  республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін.

Парламенттік елдерде  Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен  бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады.

Парламенттік елдерде  Үкіметке парламенттің алдында (қос  палаталы парламентте төм. палатаның  алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік  коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы  басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен  және парламентке сенім білдірілуімен  аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Құқықтық мемлекет демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.

Қытай, Үнді елдеріндегі  саяси ойлардың дамуы: Алғашқы мемлекеттер ежелгі Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай) пайда болды. Олар ірі жер иеленуші өркениеттер еді. Жер және су ең негізгі ресурстар болғандықтан, осы ресурстарға кім иелік етер болса, сол шешуші әлеуметтік-экономикалық және саяси позицияға ие болатын. ірі ирригациялық құрылыстар (бөгендер, каналдар) салу үшін қүлдардың күші кеңінен пайдаланылды. Қоғам сословиелерге бөлінді. Ресурстарға иелік етіп отырған жоғары сословие өкілдері өздерінің арасынан жоғары билеушіні бөліп шығарып оның шыкқан тегі мен іс-әрекеті жеткілікті дәрежеде мифологияландырылды.

Л

Лидер имиджі: 1. Айқын, нақты басқару қасиеттерінің болуы: адамдарды ұйымдастыра білу, оларды басқару, бағындыру, бұйрық бере білу (әмірін жүргізу). 2. Өзгелерден ерекшелене білу, өзін-өзі ұстай білу. 3. Оқиғаларды реттеп қана қоймай, қажет кезінде оны жасай алу. 4. Қажетті білімі, тәрбиесі, көргендігі, тапқырлығы болу. 5. Уақыт талабына және өзінің әлеуметтік базасының талаптарына сай болу.

М 

Мемлекет ұғымы, теориялары, қызметтері, түрлері: Мемлекет белгілі бір аумақшеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Теологиялық теория, оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын Құдайдың құдіретімен түсіндірді. Патриархтық теория, оның негізін салушы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Қоғамдық келісім теориясы, (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді. Зорлық жасау теориясы, (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп есептеді. Географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндірді. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ішкі қызметтеріне әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету, мәдени тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу ағарту ісі, ғылым бағытында қамқорлық жасау. Сыртқы қызметтеріне: мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау, өзін өзі билеу, егемендігін сақтау жатады.

  • Мемлекеттің басқару формасы және мемлекеттік құрылымы ұғымдары және түрлері: Мемлекеттің түрлері 
    Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы  
    бар: 
    Басқару түрі. 
    Саяси тәртібі. 
    Мемлекеттік құрылысы. 
    Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. 
    Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.                                      Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады
  • Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"