Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

Факторлық талдаудың  бұдан да басқа қосымшалары бар.

Тесттің валидтілігі

Тесттің валидтілігін дәлелдейтін көптеген тәсілдері  бар.

Тест өлшеуі тиістіні өлшей алса, онда ол валидті деп  аталады.

Көрнекті америкалық тест құрастырушы А.Анастазидің  анықтамасы бойынша «тесттің валидтілігі  дегеніміз – тесттің нені өлшейтіндігін  және ол оны қаншалықты жақсы өлшейтіндігін  көрсететін ұғым». Валидтілік әдістердің белгілі бір сапаларды, ерекшеліктерді зерттеуге қаншалықты жарайтындығын  және оның тиімділігін анықтайды.

Әдістеменің теориялық  валидтілігін анықтаудағы неғұрлым көп тараған түріне конвергенттік валидтілік жатады, яғни осы әдістемеге ұқсас беделді әдістемелермен салыстырып, араларындағы маңызды байланысты дәлелдеу қажет. Егер араларында маңызды байланыс жоқтығы дәлелденсе, ол дискриминантты валидтілік деп аталады.

Валидтіліктің басқа  түрі – прагматикалық валидтілік - әдістемені оның тәжірибелік мағынасы, тиімділігі, пайдалылығы тұрғысынан тексеру. Сондай тексеруді жүргізу  үшін тәуелсіз сыртқы критерийлер қолданылады, яғни өлшенуші психикалық қасиеттің  адамдар өмірі мен іс-әрекетінде көрініс беруі жөнінде ақпарат  беретін тестке тәуелсіз сыртқы құрал  қолданылады. Ондай сырт-қы критерийлерге  үлгерім, кәсіптік жетістіктер, түрлі  іс-әрекет барысындағы жетістіктер, субъективтік бағалау (немесе өзін-өзі бағалау) және т.б. жатады. Егер, мысалы, әдістеме кәсіптік маңызды сапалардың даму ерекшеліктерін өлшесе, онда осы сапалар жүзеге асатын сол тәрізді іс-әрекетті немесе жекелеген операцияларды табу қажет.

Тесттің валидтілігін тексеру үшін белгілі топтар әдісін қолдануға болады. Бұл

жағдайда критерий бойынша қандай топқа жататындығы  алдын ала белгілі (мысалы,

«жоғары жетістігі  бар, тәртіпті студенттер» - жоғары критерий, «үлгерімі төмен, тәртіпсіз

студенттер» - төмен  критерий, ал орташа көрсеткіші бар  студенттер бұл тестілеуге

қатыспайды) адамдар  шақырылады, тест өткізіліп, тест нәтижесі мен критерий

арасындағы корреляцияны табады.

Жоғары критерий Төмен критерий

Тесттің жоғары көрсеткіштері A b

Тесттің төмен  көрсеткіштері С d

Бұл жердегі а  – тест және критерий бойынша жоғары топқа енген сыналушылар, с –

критерий бойынша  жоғары топқа жататын, ал тест нәтижесі бойынша төмен көрсеткіші

бар сыналушылар. Тест толығымен валидті болса, b және с элементтері нөлге тең болуы

қажет. Тест критерийі  бойынша соңғы топтар арасындағы сәйкестік пен корреляция

өлшемі Гилфордтың фи-коэффициенті көмегімен бағаланады.

.

(a b)(c d)(a c)(b d)

ad cb

P

+ + + +

-

=

Егер P = 0,36 төмен  және сыналушылар саны 30 адамнан  көп болса, тест пен

критерий арасында статистикалық маңызды байланыс бар деп айтуға болады.

Валидтілік коэффициенттері  сенімділік коэффициентерінен үнемі  төмен болып

келеді. Көрнекті психодиагносттардың пікірлері  бойынша, 0, 20 – 0, 30 – төмен, 0, 30 - 0,

50 – орташа, 0, 60 – жоғары коэффициент деп есептелінеді.

Диагностикалық  әдістемелердің ерекшелігіне байланысты оның бірнеше түрі бар.

1. Ағымдық валидтілік. Сыртқы критерий бойынша анықталады, ол туралы

ақпарат сынақ  жүргізу барысында (мысалы, үлгерім, өнімділік және т.б.) жиналады.

2. Болжамдық валидтілік. Сыртқы критерий бойынша ақпарат зерттеу

өткізілгеннен біраз  уақыт өткен соң жиналады. Мұндай валидтілік әдістеменің

зерттелушінің белгілі  бір іс-әрекетінің жетістігін болжай алуға мүмкіндігі бар екенін

айғақтайды. Болжамдық  валидтілікті тексеру үшін 300-ден  аса адамды, мысалы оқуға

түсушілерді зерттеу  қажет, ал 2-3 жыл өткеннен кейін осы  адамдар арасынан «озаттар»

мен «үлгермеушілер»  критериялдық топтарын анықтап алып, тесттің бұрынғы

көрсеткіштерімен  корреляциясын есептеу қажет. Егер корреляция 0,4 – 0,6-дан жоғары

болса, онда тестті оқуға түсушілерге кәсіптік бағдар беру және олардың оқу үлгерімдерін

болжау үшін қолдануға  болады.

3. Ретроспективті валидтілік сапаның өткен уақыттағы оқиғаны көрсететін

критерийі негізінде  анықталады.

4. Дифференциалды валидтілікті қызығушылықтар тесттерінің мысалымен

көрсетуге болады. Қызығушылық тесттерінің әдетте академиялық үлгеріммен

корреляциясы  болады, бірақ әр пән бойынша әрқилы. Дифференциалдық валидтіліктің

мағынасы инкременттік тәрізді шектеулі.

Тесттің стандартталуы

Психометрикалық тесттердің маңызды айырмашылықтарының біріне олардың

стандартталуы жатады, ал ол болса бір сыналаушыдан алынған  көрсеткіштерді

генералдық жиынтықтағы  немесе сәйкес топтардағы нақ сондай көрсеткіштермен

салыстыруға мүмкіндік  береді. Осылайша жекелеген сыналушының  көрсеткіштерін

адекваттық интерпретациялауға қол жеткізуге болады. Мұндайда норма  немесе

нормативтік көрсеткіштер ұғымы қолданылады. Стандарттық  нормаларды алу үшін анық

айқындалған критерийге сәйкес, неғұрлым көп сыналушылар  санын мұқият іріктеп алу

керек. Стандарттық  іріктеуді қалыптастыруда оның көлемі мен репрезентативтілігін

есепке алу  қажет. Тесттердің нұсқауларында көбінесе стандарттық қателіктерді азайту

үшін 500 сыналушыдан  тұратын іріктеу жеткілікті деп  саналады. Алайда іріктеудің

репрезентативтілігі оның көлеміне тәуелді емес. Мысалы, бастауыш мектепте оқитын

балалардың барлық популяциясының нормативтік көрсеткіштерін алу үшін көлемі 10

мыңнан астам  іріктеу қажет, ал авиакомпаниялардың шеф-ұшқыштары тәрізді шектеулі

популяцияның  іріктеуіне соншалықты көп сыналушы қажет емес. Осылайша, іріктеудің

репрезентативтілігі, оның көлеміне қарағанда анағұрлым  маңызды параметр болып

табылады. Кейбір жағдайларда жасына, жынысына, әлеуметтік мәртебесіне қарай

стандартизацияның бірнеше топтарын қалыптастыру немесе стандартизация тобын

стратификациялау  керек болады. Үнемі норманы анықтау  керек емес. Ғылыми зерттеуде

психологиялық тесттерді  қолдану кезінде нормалар мен  тесттің «шикі» көрсеткіштері аса

маңызды емес.

Әрбір топ үшін норма орташа көлемдер мен стандарттық  ауытқушылықтардың

көрсеткіштері арқылы берілуі тиіс. Орташа көлемді есептеу  қарапайым және жақсы

танымал, ал стандарттық  ауытқушылық мынадай формула  арқылы шығарылады:

,

n(n 1)

n X ( X )

SD

2 2

-

å - å

=

мұндағы SD – стандарттық  ауытқушылық; X 2 – барлық сыналушылардың

сауалнама бойынша  нәтижелері; n – сыналушылар саны; Σ - қосынды.

Қазіргі таңда  психологиялық өлшеуге қойылатын  талаптарды қанағаттандыратын

стандарттық көрсеткіштер деп аталатын бағалау нәтижесі қолданылады. Мұндай

көрсеткіштер  сыналушының жеке көрсеткіштерінің тиісті іріктеудің стандарттық

ауытқушылығының бірліктері ішіндегі орташасынан айырмашылығын  көрсетеді.

Стандарттық көрсеткіштер екі жолмен алынады: бастапқы бағалауды («шикі») сызықтық

және сызықтық емес жолмен өзгерту. Сызықтық өзгертуде  бастапқы бөлудегі «шикі»

бағалардың барлық қасиеттері сақталады және мұндай көрсеткіштер стандарттық немесе

z-көрсеткіштер  деп аталады. z -көрсеткішті шығару үшін бастапқы бағалау мен

нормативтік топтың орташа бағалануының арасындағы айырмашылықты  тауып, оны

нормативтік топтың стандарттық ауытқушылығына бөлеміз. Ол формула мынадай:

.

SD

X X

z

-

=

Бұл жерде бастапқы бағалауды шкалаға өзгертудің негізгі  себебі, көрсеткіштерді

қай тест арқылы алынғанына қарамастан орналастырылған «шикі» бағалары шамамен

бірдей формада  болса ғана сызықтық өзгерту салыстырмалы көрсеткіштер бере алады.

Түрлі формадағы  орналастыру негізінде алынған  көрсеткіштерді салыстыру үшін

сызықтық емес өзгертуге немесе нормаланған стандарттық  көрсеткіштерге жүгінеміз.

Сызықтық емес өзгерту процедурасы қарапайым  және ол көптеген математикалық

статистика әдістемелік  құралдарында сипатталған. Ондай көрсеткіштер әдетте кестелер

арқылы есептеледі. Бұл кестелерде орташа қалыпты қисықтан стандарттық

ауытқушылықтың  бірнеше бірлігіне артта қалған бөліктердің пайыздық жағдайлары

беріледі. Алғашында  әрбір «шикі» бағадан асып кеткен көрсеткіштері бар тұлғалар

анықталып, соңынан  осы пайыз бойынша кестеден нормаланған  стандарттық көрсеткіштің

тиісті мағынасын  табамыз. Бұл көрсеткіштердің де, сызықтық өзгерту тәрізді орташасы

(X) 0-ге __________және стандарттық ауытқушылығы (SD) 1-ге тең болады. Нөлдік көрсеткіш

сыналушының қалыпты  қисықтың орташасына сәйкес нысанаға дәл тигізіп, топтан 50 %

озып шыққанын білдіреді. Егер көрсеткіш –1 тең болса, сыналушы топтан 16 %, ал егер

+1 болса, онда топтан 84 % асады. Нормаланған стандарттық көрсеткіштерге кез-келген

ыңғайлы форма  беруге болады, мысалы, оны 10-ға көбейтіп және 50 шығаруды қосу арқылы «Т – көрсеткішті» аламыз, бұл жерде 50-ге тең Т орташаға, 60 тең Т - орташаның бір стандарттық ауытқушылығынан бір бірлік асады.

Психологтың жұмысы стандартталған тестті құрастырумен және оны жариялаумен аяқталады, алайда уақыт өте келе тестті қайта қарау (ревизия) керектігін есте ұстау қажет. Интеллект тестінің нормалары 5 жыл сайын ескіретінін еске түсірсек те жеткілікті. (кесте 3.7)

Тәжірибеден мысал: Кеттеллдің 16 факторлық сауалнамасының сенімділігін анықтау.

Раймонд Кеттеллдің 16 факторлық тұлғалық сауалнамасы  неғұрлым көп тараған психодиагностикалық  құралға жататындығы белгілі. Психологтар 50 жыл бойы түрлі қолданбалы және ғылыми міндеттерді шешу үшін оны  қолданып келеді.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Болашақ тесттің  тапсырмалары қалай анықталады?

2. Сауалнаманың  мазмұндық облыстары, манифестациясы  және тапсырмалар саны дегеніміз  не?

3. Дихотомиялық, трихотомиялық  және рейтингтік шкаласы бар  тапсырмалардың бір-бірінен айырмашылығы  неде?

4. Тестті безендіруде  сүйенетін негізгі нұсқаулар

5. Пилотаждық зерттеу  дегеніміз не?

6. Тапсырманың  тиімділік индексі дегеніміз  не?

7. Тапсырмаға дұрыс  жауап беру мен дискриминация  қалай анықталады?

8. Ретесттік сенімділік, параллельдік сенімділік, тест бөліктерінің  сенімділігі қалай анықталады?

9. Факторлық талдау  дегеніміз не?

10. Тапсырмалар  салмағы, ортогоналдық айналдыру,  варимакс айландыру дегеніміз  не?

11. Валидтіліктің  қандай түрлері бар?

12. Тестті стандарттау  кезеңдері

8 Тақырып

ИНТЕЛЛЕКТІНІ  ӨЛШЕУ

Мақсаты

Интеллектіні  анықтау тәсілдері, оны өлшеу  тесттері, олардың түрлері, интеллект  құрылымы, интеллект құрылымының  ие-рархиялық теориялары, Терстоун, Гилфорд, Айзенк және т.б. ғалымдардың  интеллект үлгісінің теориялық  және практикалық тұжырымдарын зерттеу, талқылау, тәжірибеде қолдануды қалыптастыру.

Жоспар

1. Интеллектіні  анықтау тәсілдері

2. Интеллектіні  өлшеу тесттері, олардың түрлері

3. Интеллект құрылымы

4. Интеллект құрылымы  туралы иерархиялық теориялар

5. Интеллектіні  тестпен бағалауды орналастыру

6. Интеллект және  тұқым қуалаушылық

7. Интеллект және  биологиялық орта

8. Интеллект және  жыныстық айырмашылық

9. Интеллект және  әлеуми-мәдени орта

Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін анықтауға  арналған. Бұл жерде интеллект  деп жеке даралықтың кез-келген көріністері  емес, танымдық үрдістер мен қызметтер (ойлау, ес, жад, зейін) туралы айтылып  отыр. Интеллект тесттер психодиагностика әдістемелерінің ішіндегі тарихи ертеректе  пайда болғаны болып есептеледі.

Психодиагностикада  ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткіші ретінде «интеллектуалдық коэффициент» деген ұғым қалыптасқан. Бұл коэффициент психодиагностикалық жолмен «ақыл-ой жасын» (орындалған тест тапсырмаларының санына қарай) хронологиялық немесе паспорттық жасқа бөліп және алынған санды 100-ге бөлу арқылы шығады. Егер көрсеткіш 100-ден жоғары болса, онда зерттелушінің ересек жасқа арналған тапсырмаларды орындағаны, егер IQ төмен болса, онда зерттелушінің өзінің жасына сәйкес тапсырмаларды орындай алмағаны болып табылады. Арнайы статистикалық аппарат арқылы нормалар шегі анықталады, яғни белгілі бір жастағы адамның интеллектуалдық дамуынан хабар беретін IQ көрсеткіштер есептеледі. Ол шектер 84-тен төмен болса, ол төмен интеллект, егер 116-дан жоғары болса, интеллектуалдық дамудың жоғары көрсеткіші деп қарастырылады. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тесттер білім саласында кең тараған. Оқу орнына және жұмысқа орналасуда тесттер практикалық психологияның міндетті құралы ретінде қолданылады.

Көп тараған интеллект  тесттеріне Д.Векслердің, Р.Амтхауэрдің, Дж.Равеннің Стенфорд-Биненің тесттері жатады. Бұл тесттердің сенімділігі  мен валидтілігі тұрақты болып  табылады.

М.К.Акимова, Е.М.Борисова, К.М.Гуревич, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова, А.М.Раевский, Н.А.Ференс – осы авторлар ұжымы оқуға түсушілерге арналған интеллектуалдық дамуды анықтайтын АСТУР тестін құрастырып шығарды. Тест 8 субтесттен тұрады: 1) мағлұматтылық, 2) қосарланған ұқсастықтар, 3) лабильділік, 4) жіктеу, 5) жалпылама, 6) жүйелік кестелер, 7) сандар қатары, 8) геометриялық пішіндер.

Тестілеу нәтижесін  өңдеу барысында тек орташа ұпай ғана емес, сондай-ақ зерттелушінің  жеке дара тестілік профилін де анықтауға  болады.

Адамның қабілеттерін мына топтарға бөлуге болады:

- жалпы қабілеттер (заңдылықтарды анықтауға қабілеттілік интеллектінің жалпы деңгейі);

- модальдық жалпы қабілеттер (вербалдық интеллект, нумерикалық интеллект (есептеуге мүмкіндік беретін), кеңістіктік интеллект, техникалық практикалық интеллект);

Информация о работе Психодиагностика тарихы