Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

Тесттің валидтілігі  зерттелінуші топтардың (топшалардың) ерекшеліктеріне (немесе модераторлардың) тәуелді екендігі белгілі. Модераторлар рөлін көп жағдайда жыныс, жас, білім  деңгейі, қызығушылықтар, түрткілер  тәрізді көрсеткіштер атқарады. Клиникалық психодиагностикада мұндай модераторлар жасалынбаған, олардың әсері тек  ерекше жағдайларда ғана есепке алынады. Мысалы, кейбір психикалық ауруларда  қолданылатын ұзақ уақыт бойғы психофармокологиялық әсерлер ауру тұлғасын зерттеудегі  тесттің валидтілігін әжептәуір  төмендетуі мүмкін.

Әдістемелерді таңдау кезінде тұлғалық ерекшеліктерді кеңінен  қамтитындарын басшылыққа алу қажет. Диагностикалық шешім мен болжамның  дәлдігі осыған тәуелді. Л.Кронбах  пен Г.Глесер бастапқыда тұлға туралы жалпылама түсінік алуға мүмкіндік  беретін толық стандартталмаған әдістемелерді (мысалы, жобалау әдістемелері) қолданудан тұратын сатылы стратегияны ұсынады.

Өңдеу және интерпретация  кезеңі

Алынған сандық нәтижелердің пайдалы екендігімен психодиагностика саласындағы көптеген мамандар келіседі. Алайда зерттеу нәтижелерін қалайша  жалпылау керек деген кереғар  көзқарастар туындайды.

Клиникалық тәсіл  негізінен сапалық көрсеткіштерге сүйеніп, оларды толық қамтуға тырысады. «Субъективтік пайымдауға» және кәсіби тәжірибеге сену оның маңызды  ерекшелігі.

Статистикалық тәсіл  объективтік көрсеткіштерді, олардың  мысалы, регрессия теңдігі немесе факторлық талдау түріндегі статистикалық  өңделуін есепке алады. Субъективтік пайымдау рөлі едәуір төмендейді.

Осы саладағы жұмыстарды талдауға сүйене отырып, осындай пікірталастардың негізін салушы П.Мил клиникалық болжамға қарағанда статистикалық  болжам анағұрлым тиімдірек деген  тоқтамға келеді (20 зерттеуге шолу жүргізіледі, олардың біреуінен басқасы статистикалық  тәсілдің пайдасына шешіледі). Ол кейінгі  зерттеулермен де дәлелденді (Barenberg, 1961). Сөйтсе, диагностикалық нәтижелер  көлемінің өсуі бастапқыда болжамның  дәлдігінің артуына, соңынан кемуіне  әкеліп соғады екен.

Клиникалық болжамның  ең осал тұсы – бейнені тұтас  көру мақсатында ұсақ, жекелеген бөлшектерді  құрбандыққа шалуы.

Бірақ бұдан клиникалық тәсілді психодиагностикадан алып тастау деген қорытынды шықпайды. статистикалық тәсіл тұлғаны  жан-жақты сипаттау, себеп-салдарлы байланыстарды және қатынастарды ашу міндеті қойылғанда клиникалық тәсілдің орнын баса алмайды. Тест қолдану тиімсіз болған жағдайларда клиникалық тәсілді басқамен алмастыру қиын. Өз жұмысында негізделмеген критерийлер бойынша

тиімділікті бағалауды  жүзеге асырған зерттеулерге сүйенген деп көрсеткен, П.Милдің көзқарасын сынаушылар статистикалық және клиникалық бағалауды жақтаушылар арасындағы кереғар пікірлерді одан сайын өршітті  деп санайды.

Толыққанды диагностикалық зерттеулерде негізделген психологиялық  қорытынды шығару арқылы статистикалық  нәтижелер шегінен шығуға болады. «Талқылауда субъективтік сәттерден  шектен тыс қорқу және нәтижелерді  таза механикалық, арифметикалық жолмен алу қате. Субъективтік өңдеу болмаған жерде, яғни ойлаусыз, интерпретациясыз, нәтижелердің жұмбағын шешу, талқылау болмаған жерде ғылыми зерттеу болмайды» (Выготский). Диагностикалық жағдайлардың көпшілігінде клиникалық және статистикалық  тәсілдер өзара үйлесімді түрде  қолданылуы қажет.

Шешім қабылдау кезеңі

Н.Сандберг пен  Л.Тайлер диагностикалық шешімдердің  үш деңгейін бөліп көрсетеді.

Бірінші деңгейде зерттелінуші туралы мағлұматтардан диагностикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, әдістеменің  тапсырмаларын жемісті орындау  ойлаудың бұзылуының жоқтығы туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл іріктеуге негіз болады. Мұндай «селекциялық» тәсілде психологты жекелеген сыналушылардың тест тапсырмаларын неліктен орындай алмағаны қызықтырмайды. Индивидуалдық болжам жасалмайды. Бұл деңгейдегі диагноз клиниканың қорытындыларын өзіне, бірақ түсініктердің басқа түрінде қайтарып береді. Л.С.Выготский мұндай диагнозды «айқын, көп жағдайда шетелдік және түсініксіз тілде» қайталау дейді.

Психологты машинамен  алмастыруға болатын диагностиканың осы типі кеңестік кезеңде көп  сынға ұшыраған. Сынмен келісе отырып, оның қажетті тұстарын да атап кеткен жөн (мысалы, дифференциациялау мақсатында көп адамға зерттеу жүргізу).

Екінші деңгей жекелеген зерттеулер нәтижелері мен  диагноз арасындағы делдалдарды  тудыруды білдіреді. Н.Сандберг пен  Л.Тайлер сипаттаушы жалпылама мен  гипотетикалық конструктты делдалдар  ретінде ұсынады. Ол жалпылау деңгейінің төмендігін, психикалық үрдістер қарқынының бәсеңдеуін анықтап, осы нәтижелерді  ойлаудың бұзылуы деп жалпылайды. Гипотетикалық конструкт ретінде  бұзылудың психологиялық құрылымын  ашуды алуға болады. Бұл кезеңде  зерттеуші диагностикалық жұмыстың келесі кезеңдерін жоспарлауға, ықпал  етудің нақты әдістерін таңдауға мүмкіндік алады.

Үшінші, жоғарғы  деңгейде сипаттаушы жалпыламадан, гипотетикалық  конструкттан тұлға теориясына көшу жүзеге асуы қажет. Зерттелуші жағдайдың  жұмыс үлгісі құрылады, онда құбылыстың психологиялық мағынасын, оның құрылымын  неғұрлым нақ, әрі негізді түрде  ашуға мүмкіндік беретін, тұтастықтан  және түсініктерден құралған индивидтің нақты ерекшеліктері беріледі.

Тұлғаның үлгісін  құруға ұмтылған зерттеуші көптеген қиындықтарға тап болады. Көп қиындықтар «вербалдықнақты бейнелерді (немесе олардың жиынтығын) үлгімен, теориялық  құрылыммен теңестіру кезінде туындайды. Мысалы, зерттеушілер тұлғаның ержүректік, агрессивтілік, табандылық және т.б. сапалары туралы айтқанда, олар көп жағдайда теориялық құрылымдар қасиетін иеленбеген нақты бейнелер жиынтығын – яғни тек синдромдарды жайында ғана сөз  етеді. Бейнелер мен үлгілер арасындағы айырмашылықтарды ескермеудің нәтижесінде  индивидтің психологиялық қасиеттерін  оның мінез-құлық стилімен оңай теңестіруге  болады. Тұлғаның бір ғана қасиетінің мінез-құлық ретіндегі көріністерінің алуан түрлілігінің кеңдігі, мысалы шыншылдық, табандылық, ержүректік тәрізді белгілі бір әлеуметтік идеалдарды жүзеге асыру тәсілдері санының кеңдігіне тең» (К.Обуховский, 1981, 49 б.). Жоғарғы деңгейде диагноз жүргізу тұлғаның маңызды сапаларын іріктеу, олардың арасындағы ішкі байланыстарды ашу қажеттігіне кезігеді, ал ол болса психологиядағы тұлғаның жалпы теориясының ахуалымен байланысты. Н.Сандберг пен Л.Тайлер ұсынған диагностикалық

қорытындылар  типтері ресей психологтары А.А.Невский  мен Л.С.Выготский одан ертеректе  бөліп көрсеткен диагноздың даму сатыларымен үндеседі. Бірінші саты – симптомдық (эмпирикалық) диагноз, соның негізінде практикалық шешімдер құралып, белгілі бір ерекшеліктерді немесе симптомдарды атаумен ғана шектеледі.

Екінші саты – этиологиялық диагностика, ол тек белгілі бір симптомдарды ғана емес, оларды тудырған себептерді де есепке алады. Осы жерде қателіктерге ұрындыратын едәуір қиын-дықтарға кезігеміз.

Үшінші саты – типологиялық диагностика, тұлғаның типін анықтауда осы ұғымның динамикалық мағынасын қолданады. «Даму үрдісі үнемі белгілі бір жоспар бойынша ашылады, белгілі бір тип бойынша жүзеге асады, басқаша айтқанда, жеке-дара жағдайлардың алуан түрлерін типтік жағдайлардың белгілі бір санымен салыстыруға болады...» (Выготский, 1983, 318 б.)

Диагноздың аталған  деңгейлерін альтернатива ретінде  түсінуге болмайды. Ол тек танудың  түрлі сатылары ғана.

Диагноз бен болжамда тұлғаның тек теориялық үлгілері ғана есепке алынбауы қажет. Қоршаған ортаның, нақты жағдайлардың өзгешелігін  талдау қажет. «Біз «жалқау баланың» кім екенін, егер кімнің, қандай әлеуметтік жағдайда, кімге және қандай негізде  осындай анықтама бергендігі жайлы  білетін болсақ қана түсінеміз» (Обуховский, 1981, 50 б.)

Жеке-дара – психологиялық  тәсіл әлеуметтік-психологиялық  тәсілмен толықтырылуы керек.

Психодиагностикалық зерттеу алынған нәтижелермен, ауру терапиясының қолайлы әдістерімен, реабилитациямен және т.б. байланысты жүзеге асыруды қажет ететін әрекеттер  бағдарламасын құрастырумен аяқталады.

Диагностикалық  зерттеудің қорытындылары түсіндіруші  ұғымдар ретінде ұсынылуы қажет, яғни арнайы терминологияны қолданып, нақты әдістемелер арқылы алынған  нәтижелері емес, олардың психологиялық  интерпретациясы сипатталады. Қолданылған  терминдердің тиісті теорияға сәйкестілігі анықталуы қажет, мысалы «Айзенк  бойынша интроверт» немесе «Роршах  бойынша интроверт» (Обуховский, 1981).

Психодиагностикалық зерттеу жүргізудің әдебі

Өкінішке орай, отандық психодиагностиканың диагностикалық зерттеулерінде туындайтын әдеп мәселелеріне аз мән беріледі. Соңғы жылдары  ТМД көлемінде құрастырылған (мысалы, Ресейде, Украинада) психологтың әдеп кодексі жалпылама түрде, бастысы  – оларды жүзеге асыруды қадағаланбайды. Психодиагностика саласындағы шетел  психологтарының, маман-дардың жұмыс  тәжірибесі тесттерді басып шығару және қолдануда көптеген әдеп мәселелеріне кезігеді. Америкалық психологиялық  ассоциацияның қабылдауымен шыққан психологтың практикалық, оның ішінде психодиагностикалық іс-әрекетін реттеудің  нормативтік-құқықтық нормаларын үлгі етуге болады (толығырақ А.Анастазиді, С.Урбинаны қараңыз, 2001). Шетел психологтары атап көрсеткен кейбір мәселелерге  тоқтала кетейік.

Тесттер «Психологиялық және білім тесттеріне арналған стандарттарда» сипатталған талаптармен, ал психологтың іс-әрекеті «Әдеп стандарттарымен және мінез-құлық кодексімен» реттелуі керек. Тестті қолданушы оның валидтілігі мен сенімділігі, оны қолданудағы шектеулер жайлы мағлұматы болуы керек. Тесттерді іріктеуге, алынған нәтижелерді интерпретациялауға баса мән беру керек. Кез-келген диагностикалық құрал зерттеу мақсатына сәйкес келуі қажет. Кәсіби психологиялық құралдарды кез-келгеннің қолдануына жол берілмеуі қажет. Компьтерленген тесттермен жұмыс жасауға ерекше талаптар қойылады. Компьютерлік сынақты ешқашанда психологсыз өткізуге болмайтындығын есте ұстау қажет. Әдістемелерді теріс пайдалану қолданушының өзі туралы, өзінің мүмкіндіктері жайында бұрмаланған пікірлердің пайда

болуына, көп жағдайда психологиялық жарақаттаушы ықпал  етуі мүмкін. Тесттердің конфиденциалдылығына үлкен мән беріледі.

Ешбір психолог тесттердің барлығын бірдей білуі мүмкін емес, сондықтан да алдын ала дайындалу  артық емес. Кейбір тесттерді қолдану  арнайы білімдерді және оқытуды қажет  етеді. Мысалы, Калифорниялық психологиялық сауалнамамен жұмыс жасау үшін АҚШ-та қабылданған талаптар бойынша психологтың лицензиясы болуын талап етеді. Зерттелінуші өзіне ұғынықты түрде тесттің мақсаты, сондай-ақ алынған нәтижелердің қалай қолданылатындығы жайында мағлұматтар алуы қажет. Сонымен қоса, ол тесттің нәтижесін білуге құқылы.

Психодиагностика  саласындағы маман адамдармен жұмыс  жасап қана қоймайды, оның оларға ықпал  ете алатын үлкен мүмкіндіктері  бар, ол үлкен жауапкершілікті қажет  етеді. Біздің зерттеулеріміздің зерттелінуші үшін тұлғалық мағынасы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осыдан психологтың кәсіби әдебінің маңызды талаптарының бірі – тұлғаға моралдық зиян келтірмеу. Психологиялық диагностикада «айдар тағу», зерттелінушіге жоғарыдан қарау тәрізді мәселелер мүлдем болмауы керек.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. В.И.Дружинин  ұсынған психодиагностикалық төрт  жағдай неден тұрады?

2. Симптомдық, этиологиялық  және типологиялық диагностика  дегеніміз не? Оның авторы кім?

3. Сандберг пен  Тайлер ұсынған диагностикалық  шешім қабылдаудың үш деңгейі  неден тұрады?

4. «Базалық деңгей»  дегеніміз не?

5. Психодиагностика  жүргізудің әдебінің негізгі  принциптері

6. Өңдеу және  интерпретация кезеңіндегі клиникалық  тәсілдің статистикалық тәсілден  айырмашылығы неде?

7 Тақырып

ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ПСИХОМЕТРИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

(тест құрастырудың  негізгі кезеңдері)

Сабақтың  мақсаты:

Психодиагностиканың психометрикалық негіздері: тест құрастырудың негізгі кезеңдерінің теориялық  және практикалық мәселелерін игеру.

Жоспар

1. Тапсырмалар  санын анықтау (тесттің спецификасы)

2. Тапсырмаларды  құрастыру

3. Тестті безендіру

4. Алғашқы қолданылуы (пилотаждық зерттеу)

5. Тапсырмаларды  талдау

6. Тесттің сенімділігін  анықтау

7. Факторлық талдау

8. Тесттің сенімділігі

9. Тесттің валидтілігі

10. Тесттің стандартталуы

Тапсырмалар санын  анықтау (тесттің спецификациясы)

Тестті құрастырмас  бұрын оның не үшін қажет екендігін  нақты білу қажет. Сондықтан да алғашқы  қадам болашақ тесттің мақсатын анықтаудан басталады. Содан соң болашақ тесттің спецификациясын құрастыруға мән беру қажет. Оны кесте түрінде беру ыңғайлы, онда көлденеңінен, өлшенуі қажетті мазмұндық аймағы, ал тігінен – олардың манифестациясы немесе мазмұндық аймағы көрінуі мүмкін жолдар орналасуы қажет.

Мысалы, Дж. Руст пен  С.Голомбоктың (Rust, Golombok, 1988) «жұбайлар  мәртебесінің сауалнамасын» құрастыруда  сарапшылар ретінде, отбасылық терапевттер  мен кеңес берушілердің, сондай-ақ осы мамандардың клиентерден  алған мәліметтеріне сүйенген. Сарапшылардан  әйел мен еркек арасындағы өзара  қарым-қатынас салаларының, олардың  пайымдауынша үйлесімді отбасы үшін аса маңыздыларын атауды өтінді. Клиенттерден алынған ақпарат жұбайлар өзгеріс  енгізгісі келген отбасылық өмірдің  мәселесі бар аймағын аңғаруға мүмкіндік  береді. Осының негізінде «ортақ қызығушықтар мен тәуелділік-тәуелсіздік деңгейлері», «вербалдық – вербалдық емес коммуникация», «сенім мен құрмет» және т.б. тәрізді  мазмұндық аймақтар бөлініп көрсетілді. Болашақ тесттің мақсатын айқын  түсіну өлшенетіннің тізімдер қатарын  құруды жеңілдетеді. Манифестацияның  спецификациясы кезінде оларды жүзеге асырудың түрлі формаларын қамтамасыз ету қажет. Мысалы, жоғарыда аталған  сауалнаманы құрастырғанда «қарым-қатынаста __________байқалатын ұстанымдар мен сезімдер»  жұбайлар арасындағы «вербалдық және вербалдық емес коммуникациялар» манифестациясы ретінде қарастырылды.

Практикалық тұрғыдан әрбір ось бойынша 4-тен 7-ге дейін  категориялар құрастырылады. Категориялардың  аздығы сауалнаманы тым тарылтып, ал ал көптігі сауалнаманы құрастыру  үрдісін тым күрделендіріп жібереді. Нәтижесінде тор пайда болады, оның ұяшықтар саны, мінез-құлық манифестациясының санына көбейтілген зерттеу үшін жоспарланған параметрдің санына тең.

Кесте 3.1

Болашақ сауалнаманың спецификациясы

Манифестациялар

Мазмұндық аймақтар

Сауалнама құрастыру  кезінде тордың өлшемі 16-дан 25-ке дейін  ұяшықтардан тұруы (мысалы, 4C4, 4х5, 5C4 немесе 5C5) нақты құрастыруға, ұсынуға және өңдеуге болатын тест ұзындығы үшін ең тиімдісі деп саналады.

Әрі қарай, әрбір  ұяшық үшін қанша тапсырма, мысалы сұрақ болуы керектігін анықтау  қажет. Бұл міндетті шешу кезінде  параметрлердің ішіндегі біреуін өлшеудің басқасына немесе басқаларына қарағанда  қандай маңызы барлығын зерттеуші басшылыққа алуы қажет. 1.1. кестесінде көрсетілген  торда А және В деп белгіленген  мазмұндық аймақтарға салмақтың 40 %, ал С және D - салмақтың 10 % қосу керек. Ал әрбір А, В, С, D манифестацияларына 25 % салмақ беріледі. Жалпы алғанда  барлық мазмұндық аймақтар (көлденеңінен) мен манифестациялардың (тігінен) пайыздық салмағы 100 % болуы тиіс. Пайыздық салмақтардың бұлайша орналасуы әрбір ұяшық  үшін барлық тапсырмалардың қанша бөлігін  құру қажет екендігін көрсетеді. Келесі қадам тестке қанша тапсырма енгізу қажеттігін шешуден тұрады. Бұл жерде тордың өлшемін және тапсырмаларды орындауға кететін  уақыт тәрізді факторларды ескеру қажет. Тапсырмалар санын анықтау  кезінде зерттеуші алдынан екі  дилемма шығады: бір жағынан, тесттің  сенімділігі, ол тапсырмалар санын  көбейтуді талап етеді, екінші жағынан  – зерттеу жүргізу барысында  зейінді шоғырландыруға жағдай жасауды  білдіретін, зерттелінушінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тапсырмалар  санының неғұрлым аз болуы. Сауалнаманың сенімділігіне қол жеткізу үшін, ол орындау уақыты 10 минуттан аспайтын 20 тапсырмадан аз болмауы қажет. Сонымен қоса, тест тапсырмаларының  санын анықтауда зерттелінетін  контингенттің ерекшеліктері де маңызды рөл атқарады. Құрастырушылар жүргізген бастапқы (пилоттық) зерттеулердегі тесттің алғашқы нұсқасының тапсырмалар  саны, соңғы нұсқаға енгізілетіндерден 50% көп болуы керек.

Информация о работе Психодиагностика тарихы