Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

4 БӨЛІМ

1 Тақырып

ПСИХОДИАГНОСТИКА  ТАРИХЫ

Сабақтың  мақсаты:

Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі психодиагностиканың  алғышарттары, шығу тарихы, алғашқы  зерттеушілердің еңбектерін зерттеу, талқылау.

Жоспар

1. Психодиагностиканың алғышарттары

2. Психодиагностиканың ғылым  ретіндегі шығу тегі

3. Индивидуалдық айырмашылықтарды  өлшеу (Френсис Гальтон)

4. а) Джеймс Мак-Кин  Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә)  Альфред Биненің интеллектіні  зерттеуге қосқан үлесі; б)  интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Психодиагностиканың алғышарттары

Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық  айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген  жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық  дәуірден біздің заманымызға дейін  жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға  тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс  тапқан.

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына  өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен  толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін  басқа психикалық үрдістерден бөліп  қарастыруға тырысқан Кантқа дейін  және ең соңында қазіргі заманғы  типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Ерте замандар өркениетіне  үңілсек, индивидуалдық ерекшеліктерді анықтаудың айрықша тәсілдері туралы естеліктер аз емес. Мысалы, б.з.д. 2200 жыл  бұрын Ежелгі Қытайда шенеуніктерді  іріктеуге ерекше мән берген. Ол уақыттағы іріктеу жүйесі жазу және санау тәрізді түрлі «қабілеттерден»  бастап, тұрмыстағы мінез-құлық ерекшеліктеріне  дейін қамтыған.

Ежелгі Грекияда, Спартада, құл иеленуші Римде түрлі сынақтар кеңінен қолданылғаны белгілі. Б.з.д. 412 ж. Сицилиядан жеңіліп, тірі қалған 7000 Афина әскерлері Сиракуздың тасты  карьерлеріне тасталынады. Одан аман қалу үшін олар Еврипидтің өлеңдерін жатқа  айтуға қабілетті болуы қажет  болған.

Әрине, индивидуалдық айырмашылықтардың  барлығын психологиялық ғылым зерттемейді (физикалық, физиологиялық). Ақыл-ойды зерттеу тесттеріне жақын әдісті ойлап тапқан испан ғалымы Хуан Хуарт (1530-1589). Оның 1575 ж. шыққан Examen de Ingenius кітабы балалардың таланттарын анықтауға арналған. Кейіннен ол кітап 27 европа мен латын тілдеріне аударылып басылған. Хуартты қызықтырған басты өлшемдер түсіну, есте сақтау және қиял.

Біздің заманымызға жақын XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында френология, физиогномика, графология «ғылымдары»  кең тарай бастаған. Тұлғаның индивидуалдық  ерекшеліктерін диагностикалау құралдарын іздестіргендері үшін оларды еске алған  жөн.

Френологиялық талпыныстардың авторы австриялық ғалым Ф.Галль.

Анна Анастазидің (1982) зерттеуі бойынша, ақыл-ойдың кемістігін алғашқы зерттеулер және XIX ғ. басталған оларды басқа психикалық аурулардан бөліп қарастыру, психологиялық тестілеудің қалыптасуына үлесін қосты.

Осыған байланысты француз  дәрігерлері Жан Эскироль мен (1772-1840) Эдуард Сегеннің (1812-1880) зерттеулерін де атап кеткен жөн. Ақыл-ой кемістігін психикалық аурулардан бөліп қарастыруды мақсат еткен Эскироль алғашқылардың бірі болып олардың ара жігін ажыратады, сонымен қоса ақыл-ой кемістігі деңгейлерінің классификациясын ұсынады. Алғашында ол физикалық критерийлерді, оның ішінде бас қаңқасының көлемі мен құрылымын қолдануға талпынған, бірақ ол нәтиже бермеді.

Кейінірек Эскироль индивидуумның  сөйлеуінің даму ерекшеліктері ақыл-ой кемістігі деңгейлерін дифференциациялаудың психологиялық критерийі (жарты  ғасыр өткен соң, Бине-Симон шкаласы  құрастырылғанда осы критерий қолданылды) бола алатынын дұрыс анықтай алды. Эскироль ауру балалармен жұмыс жасауға  ұмтылмаған, ол оларды оқыту уақытты  бос кетіру деп санаған.

Эскирольдың жұмыстарын зерттеп  және ақыл-есі кем балаларды оқыту  тәжірибесіне сүйене отырып, Эдуард Сеген  керісінше қорытындыға келеді.

Ол ақыл-есі кем индивидуумдар  өзінің дамуында белгілі бір нәтижелерге  жете алады деп санайды да, Парижде  оларды оқытатын мектеп ашады. Сегеннің жетекшілігімен оқытылып жатқан балалардың қол жеткізген нәтижелеріне қошемет  көрсету үшін бүкіл әлемнің психологтары мен педагогтары ағылып келе бастады. Ол қолданған оқыту тәсілдерінің арасында бізді, ойықтары бар тақтайшаға түрлі формадағы пішіндерді формасына  сәйкес неғұрлым тез жылдамдықпен орналастыруды  оқушыдан талап ететін Сеген тақтасы деп аталып кеткен әдіс қызықтырады. Осы және т.б. Сеген ұсынған әдістемелер кейіннен вербалдық емес интеллект тесттері ретінде қолданыла бастады, олардың кейбіреулері әлі күнге дейін қолданыста.

Индивидуалдық ерекшеліктерді зерттеу үшін математикалық, статистикалық  процедуаралар қажет екені белгілі. Психологиялық статистиканың негізі бельгиялық математик Ламберт Кьютелдің  еңбегінде көрініс тапты. Ол адамдардың өмірге келуі, өзіне өзі қол жұмсау, үйлену және т.б. қоғамдық құбылыстарға статистикалық процедуаралар қолдана  бастады. бұл сала моральдық статистика деп аталып кетті.

Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі

Ғылыми психодиагностиканың  қалыптасуы психологиялық ғылымға  эксперименттің, өлшеу идеясының  енуімен байланысты. XIX ғ. 30 ж.ж. неміс  зерттеушісі Вольф психометрия түсінігін енгізді. бірақ философтардың, жаратылыстанушылардың, математиктердің ойлары тек ғасыр өтіп барып жүзеге аса бастады. психикалық құбылыстарды өлшеу идеясын жүзеге асыру Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофизикасынан басталды. Осыдан кейін психология тек түйсіктерді ғана емес, одан күрделі психикалық функцияларды зерттеу барысында да «математика» тілінде сөйлеуге талпына бастады.

Жекелеген айырмашылықтарды зерттеуге тек психологтар, физиологтар, дәрігерлер ғана емес, басқа да ғалым-дар  қызығушылық танытқан. 1816 ж. Кенигсбергтен  шыққан астроном Фридрих Бессель «Астрономиялық журналдан» Гринвич обсерваториясындағы Король астрономының көмекшісі кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан босатылғаны жөнінде оқиды. Ол жұлдыздың «ағып түсуін» өзінің басшысынан бір секунд кеш байқағаны үшін жұмыстан шығарылады. Бұл оқиғаға қызығушылық танытқан Бессель зерттеу жүргізіп, әр адамның жұлдыздың «қ .лауын» аң .ару реакциясыныңәрқилы екенін анықтайды. Ол жұлдыздарды бақылаушыларға арналған «бақылаушыны теңестіруді» есептеу қажет деп есептейді. Осылайша, астрономия физиологтар мен психологтарды реакция уақытының индивидуалдық айырмашылықтарын зерттеуге бет бұруына түрткі болды.

«Менталдық хронометрия» деп аталған бағытқа елеулі үлес қосқан голландтық физиолог Ф.Дондерс (1818-1889). Ол Гельмгольц анықтаған жүйке импульсының өту жылдамдығынан асатын реакцияға жіберілген уақытты психикалық үрдістерге жатқызу керек деп шешкен (бұлшықеттен түрлі қашықтықта тұрған жүйке ошақтарын тітіркендіру арқылы). Ол реакциялардың бірнеше типін бөліп көрсетті. А реакциясы – зерттелуші

қандай тітіркендіргіш әсер ететінін және қандай реакциямен жауап  беру керектігін біледі. В реакциясы – түрлі тірікендіргіштерге түрлі қимыладр арқылы жауап береді. С реакциясы – бірнеше стимул ұсынылса, тек соның біреуіне ғана жауап береді. Дондерстің пайымдауынша, А-дан В-ны алғанда, тадау мен елестету тәрізді психикалық үрдістердің жылдамдығын есептеуге болады. Оның ішінде С-дан А алынғанда ажырату уақыты, С-дан В алынғанда таңдау уақыты белгілі болады. Бұл зерттеулердің негізгісі, психикалық, физиологиядан бөлек эксперименталдық зерттеулердің айрықша облысына айналды.

Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)

Френсис Гальтон 1822 жылы Бирмингем қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы бай отбасында өтеді. Анасы Чарльз Дарвиннің атасы болып келетін Эразм Дарвиннің қызы болған. Кембридж университетінің бакалавр дәрежесін (1844) алған.

Индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеудің негізін қалаушы ағылшын  ғалымы Френсис Гальтон болып  табылады. Ол оларды өлшейтін құрал  – тестті ойлап тапты.

Ф.Гальтонның негізі идеяларының  бірі – адамның қабілеттерін өлшеу. Оны қызықтырған негізгі мәселе – қабілеттердің тұқым қуалаушылығы. Адамзатты жақсарту идеясының негізінде  Гальтон психометрияны немесе ақыл-ойды өлшеу үшін тиісті психологиялық, психофизиологиялық зерттеулер жүргізеді. Гальтонның алғашқы  зерттеулерінің негізінде индивидуалдық  психологиялық ерекшеліктер мен  оларды өлшейтін ғылым пайда болды.

Өзінің бақылауларына  және Дж. Локктың философиялық іліміне  сүйене отырып, Ф.Гальтон сенсорлық  ажырату ерекшеліктерінің көмегімен  адамның ақыл-ойын (интеллект) бағалауға  болады деп пайымдады. 1883 ж. ол өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын құрастырды: «Біз қабылдайтын сыртқы оқиғалар жайлы  барлық ақпарат біздің сезім мүшелеріміздің жолымен келеді; адамның сезім  мүшелері неғұрлым нәзік айырмашылықтарды қабылдай алатын болса, онда оның интеллектуалдық  іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен  пайымдаулар құруына соғұрлым мол  мүмкіндіктер туындайды».

Ф.Гальтон соған дейін  белгілі болған сезімталдық табалдырығын, реакция уақытын анықтайтын эксперименталдық-психологиялық  тәсілдерді жетілдіреді және жаңасын  құрастырады. Олардың ішіндегі, дыбыс  жоғарылығын қабылдау шегін анықтауға  арналған ысқырғыш және ұзындықты көзбен ажыратуға арналған сызықша (линейка) әлі күнге дейін қолданыста және соның атымен аталады.

1884 ж. Лондонда өткізілген  медициналық құрал-жабдықтар, денсаулық  сақтау әдістері халықаралық  көрмесінде Ф.Гальтон келушілерді  өзі құрастырған тесттермен таныстырады.  оның антропометриялық зертханасында  кез-келген келуші өзінің «қабілеттерін»  өлшей алатын болды. Тестілеу  он жеті көрсеткіш бойынша  жүргізілді, олардың ішінде саусақтар  күші мен ұру күші, көру өткірлігі,  өкпенің көлемі, түс айыру, нысандарды  жаттау және т.б. болды. Көрме  жабылған соң, Ф.Гальтон өзінің  зертханасын Оңтүстік Кенсингтон  Мұражайына көшіріп, алты жыл  бойы 9000 адамға өлшеулер жүргізеді.

Ф.Гальтон психологиядағы статистикалық процедураларды қолданудағы  жаңашыл ғалым болды. 1888 жылы корреляция коэффициентін есептеу әдісін ұсынды.

Гальтон антропометрия мен  тұқым қуалаушылықты зерттеуде  корреляция коэффициентін есептеді. Тұқым қуалаушылықтағы регрессия  құбылысын статистикалық зерттеу  корреляция түсінігімен тікелей  байланысты: «Регрессия былайша түсіндіріледі. Бала жартылай ата-анасына, жартылай арғы ата-бабаларына ұқсайды. Жалпы айтқанда, оның генеалогиясы неғұрлым әрі кетсе, оның ата-бабалары да, тұтас нәсілден алынған, саны бірдей адамдар топтарынан бөлектенгенше, соғұрлым көп және алуан  түрлі болады. Олардың орташа бойы нәсілдің бойындай болады, басқаша  айтқанда, ол орташа». Гальтон ашқан регрессия заңы осы. Гальтонның бұл заңдары қазір тек тарихи дерек болса да, өз заманында олар жаңашыл зерттеулер болып саналды.

Гальтонмен бірге жұмыс  жасаған математик және биограф Карл Пирсон корреляцияны есептейтін математикалық аппаратты жетілдірді. Нәтижесінде Пирсон бойынша корреляция коэффициенті пайда болды. Сондай-ақ ол d-квадрат параметриялық емес коэффициентін құрастырды. Ол коэффициенттер психодиагностикалық зерттеулерде кеңінен қолданылады, солардың негізінде психологиялық тесттерді құрастыру мен қолдануда сандық әдістерді қолдану дәстүрі орнады.

Ф.Гальтон тұлғалық ерекшеліктерді өлшеу туралы мәселе қойған ғалымдардың алғашқысы болып табылады.

Сондай-ақ, Ф.Гальтон «идеялар ассоциациясын» да зерттеушілердің  басында тұрғандардың бірі.

Осылайша, интеллектіні зерттеудегі  ағылшын мектебінің пайда болуы  мен қалыптасуына ұлы ағылшын  елеулі үлес қосты.

Джеймс Мак-Кин  Кеттеллдің ақыл-ой тесттері

а) Джеймс Мак-Кин Кеттелл 1860 жылы АҚШ-тың Истон қаласында дүниеге келген (Пенсильвания штаты). Лафайет колледжінің бакалавры (1880), философия докторы (Лейпциг университеті, 1886). Дүние жүзіндегі ең алғашқы психология профессоры (Пенсильвания университеті, 1887-1891). Америкалық психологиялық ассоциацияның президенті (1895). 1917 ж. Америкалық психологиялық корпорация құрады, ол ең бірінші рет тесттерді басып шығарады.

Дж. Кеттелл Ф.Гальтонның ақыл-ойды өлшеу идеяларына ден қоя  бастайды.

1890 ж. Дж. Кеттелл психодиагностикадағы  ең атақты еңбек болып есептелетін  «Ақыл-ой тесттері және өлшеу»  жұмысын жариялайды. Бұл мақаласында  ол қолданылып жүрген 50 тесттер  ішінен онын іріктеп алады.  олар жақсы танымал «динамометрия», «қозғалыс диапазоны» (белгілі бір  ара қашықтыққа қолды қозғалтуға  жіберілетін уақыт), «сезімталдық  аймақтары», «салмақтың білінер-білінбес  айырмашылығы», «дыбысқа жауап  беру уақыты», «түсті ажырату  уақыты», «50 см. сызықты екі еселендіру»,  «10 секундтық уақыт кесіндісін  айыру», «әріптер қатарын айтудың  бірізділігі». Кеттелл бұл тесттерді  ақыл-ойды өлшеуге болатын қарапайым психикалық функциялар тесті деп атады.

Альфред Биненің  интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі

Альфред Бине 1857 ж. Ниццада дүниеге келген. Гипноз және истерия мәселелерімен айналысқан. 1894 ж. жәндіктердің жүйке жүйесін зерттегені үшін доктор дәрежесін алады. Осы жылы Сорбоннада психологиялық зертхананың директоры болып тағайындалады және Франциядағы алғашқы психологиялық журнал ашады.

Альфред Бине эксперименталдық психологияның негізін қалаушылардың  бірі болып табылады. Зерттеудің алғашқы  кезеңдерінде Бине интеллект мен  хиромантия және френология қарастыратын «айнымалылар» арасындағы өзара  байланысты түсінуге тырысқан. Сондай-ақ ол Гальтон мен Кеттелл қолданған  тесттерді қолданып эксперименттер жүргізді. Алайда 1890 ж.ж. Бине индивидуалдық  айырмашылықтарды зерттеу үшін анағұрлым  күрделі психикалық үрдістерге жүгіну қажет деген тұжырымға келеді. Бине мен Анри 1896 жылы зейінді, түсінуді, есте сақтауды, қиялды, эстетикалық  бағалауды, моральдық пайымдауларды  және кеңістікті визуалдық түйсінуді  өлшеуге арналған тесттер топтамасына  сипаттама берді.

1891 жылы Гарвард университетінен Хуго Мюнстерберг мектеп жасындағы балаларға қолдануға болатын 14 тест дайындады. Олардың ішінде оқу, вербалдық ассоциация, есте сақтау, сондай-ақ қарапайым арифметикалық тапсырмалар болды.

Информация о работе Психодиагностика тарихы