Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

Жоспар

1. Тест түсінігі. Тест түрлері

2. Компьютерленген  және компьютерлік тесттер

3. Тұлғаны зерттеудің  «объективтік» тесттері

4. Шетел тесттерін  бейімдеу

Тест түсінігі. Тест түрлері

Тест дегеніміз (ағ. тілінен test – сынақ, тексеру) –  нәтижелері сандық және сапалық бағалауға  жататын, көбіне тапсырма орындау уақыты шектелген және тұлғаның индивидуалдық-психологиялық  ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік  беретін, белгілі бір формадағы  белсенділікке ықпал ететін стандартталған тапсырмалар.

Білімнің алуан  салаларында кеңінен тараған  «тест» терминінің тарихы тереңде жатыр. Р.Пэнто мен М.Гравитцтің айтуы  бойынша (1972) «тест» сөзі ежелгі француз  тілінен шыққан және «кесе» сөзінің (лат. testa – саз балшықтан жасалған құмыра) синонимі болып табылады. Ол сөзбен алхимиктер сынақ жасау үшін қолданған күйдірілген балшықтан  жасалған кішігірім ыдыстарды атаған.

Қазіргі заманға  жақын «тест» терминінің мазмұны XIX ғ. қалыптасты. Психодиагностикада тесттерді  классификациялаудың алуан түрлері  бар. Олар тесттер тапсырмаларын  қолдану ерекшеліктеріне қарай вербалдық тесттер және практикалық тесттер, зерттеу процедураларының қалпына қарай – топтық тесттер және индивидуалдық тесттер, бағытына қарай – қабілеттер тесттері, тұлға тесттері және жекелеген психикалық қызметтердің тесттері, ал уақыт шектеуінің болуы немесе болмауына байланысты – жылдамдық тесттері және нәтиже тесттері болып бөлінеді. Сондай-ақ, тесттер құрастырылу ұстанымдарына қарай бөлінуі мүмкін. Соңғы жылдары көптеген тесттер компьютерлік ортаға бейімделді (нәтижелерді өңдеу және ұсыну және т.б.), оларды компьютерленген тесттер деп атауға болады. Қазіргі заманның есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрастырылатын компьютерлік тесттер көптеп шығарылуда. Л.Ф.Бурлачук ұсынған классификация тесттің негізінде жүзеге асырылатын диагностикалық тәсілге сүйенеді.

Компьютерленген және компьютерлік тесттер

Компьютерленген және компьютерлік тесттер. Компьютер психодиагностиканың дамуының қазіргі кезеңіндегі психологтың диагностикалық іс-әрекетінің ажырамас бөлшегіне айналды. Психодиагностикаға компьютердің енуінің өз тарихы бар. Ақпараттық технологиялардың алғашқы даму кезеңінде (1960 жж. басы) компьютердің қызметі шектеулі болатын, ол көбіне қарапайым стимулдар мен реакцияларды тіркеумен және нәтижелерді статистикалық өңдеумен шектелді. Компьютер зерттеушінің қосымша көмекші құралы рөлін атқарады, оған ең ауыр және ең қиын операцияларды өңдеу жүгі артылды. Бірақ осы кездің өзінде тесттерді машинамен өңдеу дами бастады.

Компьютерлік  психодиагностика шетелде ақпараттық технологиялардың дамуының екінші кезеңінде (1960 жж.) пайда бола бастайды. Ең бірінші  кезекте диагностикалық ақпаратты  өңдеудегі уақытты көп алатын процедуралар («шикі» ұпайларды есептеу, нәтижелер қорын жинақтау, тесттің  нормаларын есептеу, алғашқы нәтижелерді  стандарттық көрсеткіштерге салу және т.б.) автоматтандырылды. Бұл кезеңде  нәтижелерді көп өлшемді талдау жүйесі дамыды.

Электрониканың  дамуы машина қорларының бағасының  төмендеуіне алып келді, ал математикалық  қамтамасыз етуге кететін шығындар өсті. Ақпараттық технологиялар дамуының бұл кезеңінің тұжырымдамасын былайша  анықтауға болады: «Бағдарламалауға болатын барлық нәрсені машиналар  жасауы керек, ал адамдар әзірге бағдарлама жаза алмағандарын ғана жасауы керек» (Громов, 1985). Батыстың компьютерлік психодиагностикасының  негізгі жетістіктері осы кезеңге  жатады. Жаңа машина технологиясының  пайда болуына дейін психодиагностикада стандартталған әдістемелердің қомақты  қоры бар болатын. Кейбір іріктелген сыналушылар саны миллиондаған адамдарға  жетті. Алынған ауқымды нәтижелерді  жылдам өңдеу үшін компьютерлік құралдар арқылы психодиагностикалық ақпарат  жинау дами бастады, арнайы бағдарламамен  қамтамасыз ету құралдары құрастырыла  бастады. Компьютер «экспериментатор»  рөлін жиі атқаратын болды.

Ақпараттық технологиялардың дамуының үшінші кезеңі (1970 жж. бастап) БЭЕМ негізінде компьютерленген  психодиагностикалық жүйелердің жаңа дәуірінің пайда болуына жағдай жасады, автоматтанған тест әдістемелерін  практикаға енгізу үрдісін жылдамдатты, психодиагностикалық ақпаратты  жинау мен өңдеу үрдістерін формализациялау  мен автоматизациялаудың негізін  құрды. Зерттеу барысы өзгерді, зерттелінушінің  ЭЕМ қатынасы «диалогқа» айналды. Кері байланысты енгізу алдыңғы нәтижелерге  қарай зерттеу стратегиясын өзгертуге  мүмкіндік берді. Дәл осы кезеңде  компьютерлік ортаға арнайы жасалған алғашқы компьютерлік тесттер пайда  болды. Бұл тесттердің дамуы сыналушының  жауап беру ерекшеліктеріне ыңғайланған  тапсырмалардың болуымен байланысты бейімделген  тестілеудің алғышарттарынан тұрды. Сондықтан да тесттерді компьютерленген немесе компьютер ортасына бейімделген компьютерлік тесттер деп бөлу орынды.

XX ғ. соңғы жылдары  компьютерлер тек институттар  мен зертханалар ғана емес, әрбір  зерттеуші қол жеткізе алатын  болды. Қазіргі кезеңде психодиагностикалық  зерттеулер жылдам әрекет етуші  және алуан түрлі қосалқы қондырғылары  бар, аса күшті персоналдық  компьютерлер базасында жүзеге  асады.

Отандық зерттеу  бағыты ретіндегі компьютерлік психодиагностика 1980 жж. соңына қарай пайда бола бастайды, бірақ ол шетелдегі ақпараттық технологиялардың даму үрдісіне ілесе алмайды. Жалпы  психология ғылымы осы заманғы ақпараттық технологияларды белсенді қолданушылардың  алдыңғы қатарына жатпайды. Кеңес  психологтарына тек 1960 жж. ғана факторлық  талдау тәсілдерін қолмен есептеу ұсынылған  кезде, шетелдіктер осы математикалық-статистикалық  әдісті 1930 жж. бастап ЭЕМ көмегімен  жүзеге асыру кең қолданыла бастаған.

Бұрынғы кеңестер одағында тесттердің компьютерлік нұсқаларының пайда болуын (1980 жж. соңы) барлығы  бірдей қолдамады. 1990 жж. Мәскеу психологтары жүргізген түрлі әлеуметтік топтардың  компьютерленген тестілеуге қатынасын  зерттеу, жоғарғы деңгей басшыларының, құрастырушы-психодиагносттардың және компьютермен жұмыс жасай алатындардың және өзін-өзі тануға ұмтылатындардың  мұндай зерттеуге үлкен үмітпен  қарайтындықтарын анықтады. Қарамағындағылармен  тікелей жұмыс жасайтын және оларды ұзақ уақыт бойы білетін орта деңгей басшыларының жағымсыз қатынасы байқалды. Мұндай қатынас қолданушы-психодиагносттарға да (кейде оларда психодиагностика саласындағы нашар теориялық  және практикалық дайындығы нәтижесі ретінде еш сынаусыз шектен тыс сенім  кездеседі) және кәсіби іс-әрекетінің жемістілігі, мансабы және т.б. тестілеу нәтижелерінің қорытындысына тәуелді  деп қарайтындар да кездеседі.

Дәстүрлімен салыстырғанда  қазіргі заманғы психодиагностикалық  әдістемелердің артықшылықтарына мыналарды  жатқызуға болады:

- жүзеге асырылушы  бағдарламаның өзгермейтіндігі  тестілеу жағдайларының бірқалыптылығын  қамтамасыз етеді (тапсырмаларды  басқаша ұсынғанда бұған қол  жеткізу қиын);

- сыналушының  түрлі реакцияларынның дәлдігін  және бір мағыналылығын тіркеуге  қол жеткізіледі;

- сыналушы әрекеттерінің  бірізділігін аңғаруға және қалпына  келтіруге мүмкіндік береді;

- психодиагностикалық  қорытындылардың біртұтас қоры  жеңіл құрылады, зерттелушілердің  түрлі топтарына арналған эмпирикалық  негізделген тест нормалары қалыптасады;

- тесттерді автоматтық  түрде құрастыру мүмкіндіктері  пайда болады;

- психолог зерттеу  барысындағы және тест құрастырудағы  (бейімдеудегі) ауыр, күрделі, көп  уақытты алатын жұмыстан босатылады;

- топтық тестілеу  практикасын кеңейту және әдістемелерді  тарату мүмкіндігімен қамтамасыз  етіледі;

- нәтижелерді  талдау күшті математикалық-статистикалық  аппаратын қолдану мүмкіндігі  артады, талдаудың жаңа процедуралары  жеңілдетіледі;

- тестілеу нәтижелерінің  жария етілмеуін сақтау жеңілдейді;

- диагностикалық  қорытындыларды сақтау (магниттік  құралдарда) оңтайландырылады, зерттеуге  кететін шығын төмендейді;

- кейбір жағдайларда  шешуші мағынаға ие, тез нәтиже  беретін экспресс-әдістемелерді  (мысалы, кәсіби психодиагностика) өткізуге  оңтайлы жағдайлар туғызады;

- тест тапсырмаларын  компьютер арқылы ұсыну, зерттелуші  мен экспериментатор арасындағы  тұлғааралық қарым-қатынас жағдайларында  туындайтын жағымсыз әсерлерді  азайтады (зерттелушінің қорғаныс  тетіктерінің әрекетін төмендетеді,  субъектке тән іс-әрекет пен  түрткілерді диагностикалауды жеңілдетеді);

- зерттелушілерде  «ойын» түрткісінің оянуы (тестті  ойын түрінде ұйымдастыру), тестілеу  үрдісін неғұрлым тартымды етеді,  әрі нәтижесінің шынайылығы артады;

- түрлі әдістемелерді  талдаудың концептуалдық сызбаларының  үйлеспеуінен туындайтын мәселені  шешу жолдары көрінеді (мысалы, ғылыми, әдеби және тұрмыстық лексикада  қолданылатын психикалық қасиеттердің  термин-атауларының тезаурус-сөздігін  құрастыру);

- сыналушынының  мінез-құлқын талдауды зерттеу  жүргізу барысында тікелей жүргізуге,  сол жердегі жағдайға орай  қалыптасқан көтпеген көрсеткіштерді  есепке алуға, диалогты уақыт  өлшемінде ұйымдастыруға мүмкіндік  береді (бейімделуші тестілеу);

- зерттелуші қажет  болған жағдайда тестілеу нәтижесі  бойынша жылдам талданған кері  байланыспен қамтамасыз етіледі;

- компьютерлік  графика құралдары сыналушыға  динамикалық нысандар ұсына алады  (динамикалық стимулдық орта), полимодалдық  стимулдарды қолдануға болады;

- психодиагностикалық  зерттеулерді жеке - дараландыруға  да, жылдам бұқаралық зерттеу  жүргізуге де қажетті жағдайлар  жасалады;

- практикалық  тапсырмаларды шешумен тығыз  байланыс орнайды.

Психодиагностикалық зерттеуге компьютердің ену деңгейін бағалау үшін Хартман ұсынған  шкаланы негізге алу қажет (1986).

Жоғары - Әсер ету  әдістерін таңдау

- Соңғы қорытындыны  даярлау

- Тестілеу нәтижелерін  талдау

- Тестілеуді өткізу

Төмен - Зерттеу  қорытындыларын сақтау

Компьютерді қолданудың артықшылықтарымен қоса, дәстүрлі психодиагностикада қалыптасқан «экспериментатор –  тест - сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесіне енгізген жаңалықтарымен байланысты мәселелер туындатады. Сыналушыны тікелей  шынайы

бақылау мен жанды  қатынастың жоқтығы қиындықтар мен  шектеулер туындатады. Сонымен қоса, сыналушылардың 30% «компьютерлік мазасыздану  феномені» байқалған (О.В.Доронина,1993), тіпті жағдайлардың 5% фобияға ұқсас  ахуал тіркелген.

Кейбір тесттер  компьютерлік жүйеге ауыстырылмайды, себебі ол диагностикалық сапа мазмұнының, әсіресе валидтілігі мен сенімділігінің өзгеруіне әкеліп соғады. Белгілі  психодиагностикалық әдістемені автоматтандыру арнайы тексеруді қажет етеді. Сондай-ақ әдістеменің компьютерлік нұсқасының сенімділігін қайта негіздеу, соған  сәйкес іріктемеде ре-стандартизация жүргізуді қажет етеді. Бірнеше  мысал келтірейік.

Равен тестінің компьютерлік нұсқасымен жұмыс жасау кезінде  сыналушылардың әдеттегі жағдайдағы зерттеуге  қарағанда төмен нәтиже көрсеткені аңғарылды. MMPI сауалнамасының компьютерлік нұсқасын ұсынғанда байқалған анық емес жауап беру тенденциясы феномені әлі күнге дейін зерттелінуде. Диагностикалық әдістеменің сенімділігін сипаттайтын нәтижелердің тұрақтылығы, тест нұсқасы өзгертіліп берілгенде төмендеп кететіндігі анықталды.

Тұлғаны зерттеудің «объективтік» тесттері

Тұлғаны психологиялық  диагностикалау саласында объективтік  тесттерді құрастыру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Құрастырушылар объективтік  тесттердің көмегімен тұлға туралы зерттелушінің өзі берген шынайы жауаптарын және экспериментатордың ықпал  етуіне жол бермейтін «таза» мағлұмат алғылары келеді. Объективтік тесттердің Кеттелл ұсынған классикалық  анықтамасы мынадай: «Объективтік тест – ол зерттелушіден жасырын түрде  жүргізуді мақсат ететін (сондықтан  да нәтижесі жалған болмайды) тест және оның көмегімен алынған мағлұматтар  тестті өткізген және интерпретациялаған адамға тәуелсіз бағаланады» (1957). Тиісті тесттер көмегімен тұлға туралы объективтік мағлұмат алуға ұмтылудың  теориялық негізі тұлғаның ғылыми-жаратылыстану  теорияларымен байланысты.

Тұлғаның ғылыми жаратылыстану теорияларын құрастырушылар психологияны нағыз ғылым деп  санамаған, ол ашқан жаңалықтарға назар  аудару қажет деп таппаған. Тұлға  психологиясының қазіргі ахуалын  сараптай келе Айзенк Фрейдтің, Адлердің, Юнгтің, Бинсвангердің, Хорнидің, Салливеннің, Фроммның, Эриксонның және Маслоудың  теорияларын жоққа шығарған. Айзенктің  пайымдауынша, олардың осы заманғы  жаратылыстану ғылымының үлгісіне сәйкес келмейтіндіктері бұл теориялардың негізгі кемшілігі болып табылады.

Жаратылыстану ғылымдарына  еліктеуші психологтар эксперименталды  психологияның алғашқы даму кезеңдерінде де болған (XIX ғ соңы мен XX ғ. басы). Тұлға  психологиясын зерттеуде жаратылыстану  ғылымдары, әсіресе оның ішінде физиологияның  теориялары күшті ықпал етті. Физиология психологиялық құбылыстарды түсіндіретін ғылым ретінде қарастырылды және әлі күнге дейін қарастырылып келеді. Физиология дайын шаблон-жауаптарды ұсынды, тек оларды алынған нәтижелерге  орай таңдау ғана қажет болды. Қандай да бір феноменнің психологиялық  тетіктері, себептері мен салдары  туралы ойлаудың қажеттілігі болмады. Бұл психологиялық құбылыстарды ғылыми жаратылыстану тұрғысынан түсіндірудің «тамыр жаюына» едәуір деңгейде ықпал  етті.

Психологияда  тұлға теориясының жалғыз дұрыс  теориясы болмаған, болмайды да. Әрбір  теорияның адам табиғатын түсінудегі өз көзқарасы бар.

А.Джеральдтың  түрлі физикалық теорияларды  жобалау техникалары ретінде  талдауға болады деген көзқарасына  назар аударуға болады. Оның пайымдауынша, біздің әдетте физика деп атайтынымыз  – адамның субъективтік тұңғиығында  туындайтын аффективтік және когнитивтік  үрдістердің материалдық жемісі.

Шетел тесттерін  бейімдеу

Бұрынғы КССР-де (1970 жж.) психодиагностиканың қалыптасуы «ақыл-ой» әдістемелерінен бастау алды. Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіптер психологиялық практикаға мұқтаж болғандықтан психологтар көптеген шетел тесттеріне ден қоя бастады. Олар орыс және басқа тілдерге аударылып  қолданыла бастады. Бұл жерде  шетел тесттерін бейімдеу жұмысының  ауыр, әрі күрделі екендігі назардан тыс қалды. Авторлары белгісіз, бірақ  көптеп таралып кеткен әдістемелер  «үздік тесттер» деген атаумен жинақ  болып шыға бастады. Ол жағдайдың  түзелуіне, яғни қолданушылардың психометриялық мәдениетінің қалыптасуы үшін ондаған  жылдар жұмсалды.

Информация о работе Психодиагностика тарихы