Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

Атақты неміс психологы Герман Эббингауз адамның есте сақтауын эксперименталдық зерттеп, оның екі түрінің арасындағы айырмашылықты ашады: жаттауды жеңілдетуден көрінетін имплициттік және тікелей қайта жаңғыртудан көрінетін эмплициттік есте сақтау. Ол имплициттік есте сақтау тесттерін құрастырды және тікелей

қайта жаңғыртылмайтын және танымайтын материал, қалайда жадыда сақталатындығын көрсетті, ол қайталап оқуды жеңілдетеді. Балалардың ақыл-ой қабілеттерін зерттей отырып, Г.Эббингауз 1897 ж. тест құрастырады, кейіннен ол соның  атымен аталды. Ол сөздерді жинақтау мен  құрастыру арқылы елеулі тұтастыққа қол жеткізетін қабілетті интеллектінің  маңызды сипаттамасы деп пайымдады. Психодиагностикадағы тестті жинақтауда толықтыру ұстанымы әлі күнге  дейін кеңінен қолданылады. Алайда А.Бине мен оның қызметкерлерінің көп  жылғы еңбегінің нәтижесінде  интеллект тесттері құрылды.

Биненің тұжырымы бойынша, индивидуалдық  психологияның негізгі түсінігіне норма мен нормадан ауытқушылық  жатады.

1905 ж. А.Бине Теодор Симонмен бірге қиындығына қарай орналасқан 30 тапсырмадан тұратын балалардың интеллектісін өлшеуге арналған алғашқы шкаланы құрастырды. Балалар алған ұпай саны шешілген тапсырмаға тәуелді болды. Бине бұл шкала дифференциацияның «дөрекі» тәсілі деп пайымдады (мысалы, қарапайым 5 жастағы бала 14 тапсырмадан әрі аса алмайды). Бұл шкалада перцептивті-сенсорлық тапсырмалар болғанымен, интеллектінің негізгі компоненттері болып есептелген пайымдау, түсіну және ой түю қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін вербалдық материалдарға ерекше орын берілді.

1908 ж. Бине-Симонның жетілдірілген  шкаласы жария етілді. Ол 3 жастан 13 жасқа дейін жыныстық белгісіне  қарай топтастырылған осы деңгейден  өткен белгілі бір жастағы  балалар пайызына сәйкес 59 тесттен  тұрды. Бұл анықтаушы пайыздық  диапазон 67 %-дан 75 %-ға дейін болды.  Егер балалардың көпшілігі (пайыздық  есеппен) тесттен өтсе, ол бұл  жас деңгейі үшін тым жеңіл  деп саналды; егер бұл тестті  балалардың тым аз пайызы орындаса, онда ол бұл жас үшін аса  күрделі болып саналды.

Мысал ретінде Бине-Симонның 7-8 жастағы балаларға арналған тесттер  тапсырмаларын келтірейік.

(бұл тестте қолданылатын  психикалық даму көрсеткіштері  қазіргі балалардың психикалық  даму нормаларынан көп артта  қалады).

7 жастағы балалар  үшін

1. Оң және сол жақтарын  ажырату.

2. Ұсынылған суретті сипаттау.

3. Бірнеше тапсырманы  орындау.

4. Бірнеше тиынның жалпы  құнын атау.

5. Көрсетілген төрт негізгі  түсті атау.

8 жастағы балалар  үшін

1. Есіне түсіру арқылы  екі нысанды салыстыру. Олардың  арасындағы ұқсастықты табу.

2. 20-дан 1-ге дейін кері  санау.

3. Суреттегі адамдардың  жетіспейтін жерлерін табу (4 тапсырма).

4. Апта күнін, бүгінгі  күнді, айды, жылды атау.

5. Бір мағыналы бес  саннан тұратын қатарды қайталау.

А.Бине ұсынған интеллектуалдық  деңгейді диагностикалау мәселесін  шешу үшін, осы тапсырмаларды қалыпты  балалардың қай жаста дұрыс шеше алатындығын анықтап, сол жаста  сынақтан өткізу керек.

Егер бала өзінің жасындағы  балалар орындайтын тапсырмаларды  сәтті орындаса, онда ол қалыпты  бала деп саналды. Бұл тапсырмаларды  А.Бине ақыл-ой жасын анықтау үшін қолдануды ұсынды (оны баланың  хронологиялық жасымен оңай салыстыруға  болады). Осыны толығырақ түсіндірейік. Тест тапсырмаларын сәтті орындау  көрсеткіштері ақыл-ой жасы болып  саналады. Тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай

топтастырылады. Мысалы, 8 жасар  балалардың көпшілігі орындай алған  тапсырмалар - 8

жас деңгейіне қатысты, ал 9 жасар балалардың көп-шілігі орындаған  тапсырмалар – 9 жас

деңгейіне қатысты және т.с.с. Алайда сыналушының тест тапсырмаларын  нақты орын-

дауы басқаша болуы  мүмкін. Ол күрделілігі өзінен төмен  жас деңгейіне арналған кейбір

тапсырмаларға шамасы келмеуі  мүмкін. Осыған байланысты сыналушының  максималды

жас деңгейін, яғни одан төмен  тест тапсырмаларына шамасы жететін  «базалық жасын»

анықтау қажет. Неғұрлым жоғары деңгейлерге арналған тапсырмаларды  орындай алса,

олар негізгі нәтижеге белгілі бір айдың саны түрінде  «жеке сынақ» болып қосылады.

Осылайша, ақыл-ой жасы «базалық жас» пен қосымша айлардың қосындысы  арқылы

анықталады. Мысалы, сыналушының  хронологиялық жасы 12-ге тең. Сынақ  нәтижесінде

мынадай нәтиже алынды:

Кесте 1

Жылдар Айлар

VII (базалық деңгей) 84

VIII 6

IX 2

X 4

XI 2

Барлығы 98

Яғни, баланың ақыл-ой жасы 8 жыл 2 айға тең. Ақыл-ой жасы мен хронологиялық

жас арасындағы айырмашылық  интеллектінің абсолюттік өлшемі болып  табылады.

Алайда бұл айырмашылық  түрлі жас топтары үшін бірдей мағына бермейді, себебі

интеллект әрқилы дамиды. 4 жасар  бала үшін интеллектуалдық дамуының бір жас алда

немесе артта болуы, 12 жастағы баламен салыстырғанда  анағұрлым маңыздырақ. Осыған

байланысты Вильям Луис Штерн интеллектінің абсолюттік өлшемін - айырмашылық деп

емес, салыстыру деп анықтауды  ұсынды.

Осылайша атақты интеллект  коэффициенті (Intelligence Quotient) -қысқаша IQ

пайда болды, оның формуласы  мынадай:

´100

-

=

хронологиялыкжас

акыл ойжасы

IQ

Интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Чарльз Эдвард Спирмен 1863 ж. Лондонда дүниеге келген. 1897 ж. Вундт

зертханасында психологиямен  айналыса бастайды. 1906 ж. Лейпциг университетінде

докторлық дәреже алады. Эксперименталдық психология пәнінің оқытушысы (1907-1911),

ойлау мен логика профессоры (1911-1928), психология профессоры (1928-1931).

Лондондық «психология мектебінің»  негізін қалаушы.

Тесттер нәтижесінің статистикалық  талдауына негізделген интеллектіні

ұйымдастырудың алғашқы  теориясына Чарльз Эдвард Спирменнің теориясы жатады.

Ф.Гальтонның корреляциялық  талдау зерттеулерімен қанаттанған  Ч.Спирмен 1901

ж. түрлі интеллектуалдық  қабілеттердің өзара байланысы  мәселесіне назар аударады, ал

1904 ж. қазіргі күні классикалық  еңбекке айналған «Общий интеллект,  объективно

детерминированный и измеренный»  және «Доказательность и измерение  связи между

двумя предметами» мақалаларын  жариялайды.

Ч.Спирмен зерттеулері  интеллектінің екі факторлы теориясының  пайда болуына

алып келеді. Бұл теорияға сәйкес тесттер арасындағы оң корреляцияны (осы тесттерді

орындау сәттілігі) және әрбір  қолданылушы әдістемеге тән айрықша  факторларды (S1 S2

S3 және т.б.) анықтайтын  жалпы және генералдық фактор (general factor - G) болады.

Төменде сызба түрінде  берілген (Х белгісімен корреляция белгіленген):

Кесте 2

Тест

Фактор

G

S1

S2

S3

S4

1

X

X

2

X

X

3

X

X

4

X

X

Бұл тұжырымдамада оң корреляция тек генералдық фактордың болуымен ғана түсіндіріледі. Тесттер осы  факторға толы болса, олардың арасындағы корреляция соғұрлым жоғары. Айрықша  факторлар өлшеу қателіктері  тәрізді рөл ойнайды. Осы тұрғыдан алғанда Ч.Спирмен теориясын монофакторлық деуге болады.

Ч.Спирмен бойынша, генералдық факторды неғұрлым тар ауқымда талдау, бұл фактордың интеллектінің  барлық өлшемдеріне тән болғандығынан  тұрады. G факторын ақыл-ой күш-қуаты (mental energy) ретінде талқылауға болады деген  болжамды да ұсынды. Спирмен G факторын бұлыңғыр түсінік деп пайымдағандықтан, оны интеллектімен теңестірмеді.

G факторының рөлі күрделі  математикалық және вербалдық  тесттерде анағұрлым жоғары, ал  сенсомоторлық тесттерде – төмен  екендігі анықталды.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Психодиагностиканың алғышарттары қалай пайда болды?

2. Ерте замандарда адамдарды іріктеу қалай жүзеге асырылған?

3. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан ел басқаратын тұлғаларға қойылатын талаптарының қазіргі психодиагностикамен үндестігі неде?

4. Интеллект құрылымын алғаш кім ашты?

2 Тақырып

XX ҒАСЫРДАҒЫ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ  ДАМУЫ

Сабақтың  мақсаты:

ХХ ғасырда шетелдерде және кеңестер одағындағы психодиагностиканың  даму тарихы жетістіктері және кемшіліктері туралы, индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеудің және т.б. зерттеулердің теориялық  және практикалық тұрғыларын қарастыру.

Жоспар

1. 1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

2. 1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың  дамуы

3. 1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

4. 1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

5. 1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

1901 – 1920 ж.ж.  психодиагностиканың дамуы

ХХ ғ. индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу саласындағы елеулі қол  жеткізген нәтижелерге А.Биненің  тесттері жатады. Бине шкаласы неғұрлым кең ауқымда қолданыла бастайды.

Еуропадан келуші иммигранттарды зерттеуге арналған әдістемелер  ішіне қосқан Генри Годдард оны алғашқы қолданушылардың бірі болды. Ағылшын тілін нашар білетін немесе мүлдем білмейтін адамдарды зерттеуде бейімделмеген тесттерді қолдану неге әкелетінін Годдардтың жұмысы анық көрсетті. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша еврейлердің 83%, венгрлердің 80 %, итальяндықтардың 79%, Ресейден келушілердің 87% ақыл-есі төмен болып сипатталуы мүмкін еді.

Г.Годдард ұсынған Бине-Симон  шкаласына (1908 ж.) көңілі толмаған америкалық психолог Льюис Мэдисон Термен мен Х.Д.Чайлдз бірігіп тестті жаңадан қайта бейімдеуге кіріседі. Ол шкала тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігін тексеруге мән береді. Тесттің көптеген тапсырмалары модификацияға ұшырады, сонымен қоса жаңа тапсырмалар қосылды. Ол шкала (Бине-Симон шкаласының Стэнфордтық нұсқасы) 2100 бала мен 180 ересектерге жүргізіліп стандартталды. Ол 3 жастан ересек жастағыларға дейін диапазонды қамтыды, бірақ 11 жасқа арналған тесттер болмады. Нәтижесі ақыл-ой дамуы мен жастың ара қатынасының көрінісі ретінде және интеллект коэффициентіне немесе IQ-ге ауыстырылуы мүмкін болды. Термен осы шкаланың көмегімен IQ – ді орналастыру негізінде мынадай классификациялық сызбаны ұсынды: 90 – 109 IQ – орташа ақыл-ой қабілеттері, 70-тен төмен IQ ақыл-есі кемдікті, 140-тан жоғары IQ данышпандықты білдіреді. Бұл жерде ол анықтаған шектеулер ерікті түрде таңдалғанын және осы классификациялық сызба жаңа өлшеу үшін жалпы басшылыққа алуға ғана арналғанын ескертті. Өкінішке орай ол сақтықты көптеген мамандар ескермеді.

Бине шкаласының қазіргі  таңдағы қолданыстағы дамуының негізгі  кезеңдерін былайша көрсетуге болады.

Жыл

Автор (авторлар)

Ескерту

1905

Бине және Симон

30 тапсырма, стандартталмаған

1908

Бине және Симон

Ақыл-ой жасының концепциясы, жеткілікті стандартталмаған

1911

Бине және Симон

Ересектерге арналған шектеулі шкала қосылған

1916

Термен және Меррилл

Вербалдық материалы көп

1937

Термен және

Екінші басылуы, параллельдік формалар қолданылады,

Меррилл

стандартталуы жақсартылған

1960

Термен және Меррилл

Үшінші басылуы, 4,5 мың  адам зерттелген

1972

Роберт Торндайк

2,1 мың адамға рестандартизация  жүргізілген

1986

Торндайк, Хаген, Сеттлер

15 субтесті бар, стандартталуы  қанағаттанарлық (5 мың адам), жас  ерекшелік диапазоны: 2-0, 23-11

1930 – 1939 ж.ж  психодиагностиканың дамуы

1930 жж. көптеген жаңа тесттер  пайда болды. Олардың көпшілігі  АҚШ-да құрастырылды. 1936 ж. мына  бес тест жайлы мақалалар өте  көп жарияланды: Стенфорд-Бине –  141, Роршах тесті – 68 мақала. Келесі  орынды Бернрейтердің тұлғалық  сауалнамасы (Bernreuter Personality Inventory), Сишордың музыкалық талантты өлшеуіштер (Seashore Measures of Musical Talent) және Стронгтың кәсіби қызығушылықтар бланкісі (Strong Vocational Blank).

Екі жақсы құрастырылған  вербалдық емес шкалалар он жылдықтың  басында пайда болды. Кос кубиктері  мен Портеус лабиринттері (Arthur Point Scale of Performance Tests) тәрізді белгілі  тесттерден алып құрастырылған 6-дан 16 жасқа дейінгі балаларды зерттеуге  арналған Грейс Артурдың шкаласы  жарияланды. Бұл шкала Стэнфорд-Бине шкаласымен корреляциялануы қажет  еді, алайда қажетті корреляция тек 12 жастағыларды зерттегенде ғана байқалды.

Стэнфорд-Биненің неғұрлым танымал шкаласы 1937 жылы шықты. 2 жастан бастап үлкен ересек жас деңгейлері үшін тесттер құрастырылды, олардың  ішіне 1916 ж. редакциясына кірмеген 11 мен 13 жасқа арналған тапсырмалар да енді. Сол кезде шкаланың екі эквивалентті формасы L және M (авторлардың есімдерінің  алғашқы әріптері: Льюис Термен және Мауд Мерилл) құрастырылды. Бұл нұсқа  Америкада туылған бір жарым  мен 18 жас аралығындағы ақ нәсілді 3000 балаға жүргізіліп, стандартталды, бұл  жерде авторлар сыналушылардың тұрғылықты жерінің географиясы мен әлеуми-экономикалық мәртебесін бақылауға тырысқан.

1937 ж. шкаланың нұсқасын  сынау 1916 ж. жарияланған шкаланың  сыналуымен үйлес болды: вербалдық  тапсырмалардың көптігі; ересектерді  бағалау үшін құндылығының күмәнділігі,  тапсырмалардың үнемі дұрыс құралмауы  және т.б. дегенмен де бұл  шкала алдыңғысына қарағанда  анағұрлым жетілдірілген еді.  Оны көптеген психологтар қабылдады.

1938 ж. Ұлыбританияда қазіргі  күнге дейін бүкіл әлемнің  психологтары қолданатын тест  пайда болды. Ол тест – Равеннің прогрессивтік матрицалары, оны Л.Пенрос пен Дж.Равен жалпы интеллектіні зерттеу үшін құрастырды және одан алынған нәтижелерге мәдениет пен білімнің ықпалы өте аз болады деп саналды.

Бұл жылдары бұдан да басқа  көптеген тесттер жариялана бастады.

1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың  дамуы

Бұл кезеңде диагностикалық әдістемелер көбейе бастады. Оскар  Бурос 1940 ж. шығарған «Ежегодник психических  измерений» журналында психологиялық  тесттердің саны беріледі, оның тиісті шығарылымдарында 325 тестке шолу жарияланады  және 200 тест беріледі. Әрине, ол тесттердің барлығы психологтар арасында танымал  болған жоқ.

Информация о работе Психодиагностика тарихы