Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

- арнайы қабілеттер (белгілі бір арнайы іс-әрекет түрлерін жеңіл және жемісті игеруге жағдай жасайды: музыкалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, әртістік, педагогикалық қабілеттер);

- жеке-дара қабілеттер (психикалық танымдық қызметтердің даму деңгейі: жад, ес, зейін, қабылдау, ойлау, елестету).

Адамның танымдық үрдістерінің жиынтығын интеллект  анықтайды.

Интеллект – ол саналы әрекет ету, өнімді ойлауға, өмірлік жағдайларды жақсы шеше алуға жоғары қабілеттілік (Векслер), яғни интеллект адамның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті ретінде қарастырылады.

Алғашында Спирмен (1904 ж.) мынадай пастулаттар құрастырды: интеллект адамның басқадай тұлғалық сипаттарына тәуелді емес; интеллект  өзінің құрылымына интеллектуалдық  емес сапаларды қоспайды (қызығушылықтар, жетістікке жету түрткілері, үрейлену және т.б.). интеллект ақыл-ой қуатының жалпы факторы ретінде танылады. Спирмен кез-келген интеллектуалдық  іс-әрекеттің жемісі жалпы факторға, жалпы қабілеттерге тәуелді екендігін  көрсетті. Осылайша, ол интеллектінің  басты факторын (G факторы) және арнайы қабілеттердің көрсеткіші болып  табылатын S факторын бөліп көрсетті. Спирменнің пікірі бойынша, әрбір адам белгілі бір жалпы интеллектуалдық деңгейімен сипатталады.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Интеллектіні  анықтау тәсілдері

2. Интеллектіні  зерттеуге арналған қандай тест  түрлері бар?

3. Терстоун, Гилфорд,  Айзенк, Кеттелл, Стернберг бойынша  интеллект құрылымдарын бір-бірімен  салыстыр, айырмашылықтарын тап.

4. Интеллект пен  тұқым қуалаушылық арасында қандай  байланыс бар?

5. Интеллект пен  биологиялық орта арасында қандай  байланыс бар?

6. Интеллект пен  жыныстық айырмашылық арасында  қандай байланыс бар?

7. Интеллект пен  тамақтану, әлеуми-мәдени ортаның  арасында қандай байланыс болуы  мүмкін.

8. «IQ» дегеніміз  не?

9. Генералдық фактор  дегеніміз не?

10. Интеллектінің  мультифакторлық теориясы

9 Тақырып

ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМАЛАР

Мақсаты

Тұлға теориялары және тұлғалық сауалнамалар, олардың  түрлері, сұрақтар формалары және нәтижелерді  көрсету және т.б. тұлғаны зерттеуге  байланысты ғалымдардың теориялық  және практикалық зерттеулерімен танысу, тәжірибеде қолдану біліктерін қалыптастыру.

Жоспар

1. Тұлғаны зерттеудің  маңызы: жалпы ережелер

2. Бақылау

3. Анамнез әдісі.  Анамнез әдісін бағалау

4. Корреляциялық  __________әдіс. Корреляция әдісін бағалау

Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер

Тұлғаны зерттеу (бақылау немесе эксперимент болса  да) мі-нез-құлыққа қатысты күрделі  сұрақтарға жауап беретін ақпарат  немесе дәйек жинау құралынан  тұрады. Ғылыми әдіс міндетті түрде  эмпирикалық тексеруден өтуі қажет. Бұл жан-жақты бақылау немесе эксперименттен соң нақты дәйектер немесе айнымалылар арасындағы ара  қатынасты анықтау дегенді білдіреді. Айнымалыларды зерттеу үшін қолданылатын процедуралар басқа зерттеушілер оларды тексере алу үшін жүйелі түрде  жүргізілуі қажет. Ғылыми зерттеудің бұл  аспектісі зерттеу практикасының  басты күші болып табылады, себебі қате ақпараттардан арылуға көмектеседі.

Эмпирикалық әдістің  екі артықшылығы бар: біріншісі, ол қателікке жол бермейді. Егер екі зерттеудің қорытындысы бір-біріне сәйкес келмесе, персонологтар оны  анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізеді. Екіншісі, адамдарды және олардың реакцияларын қалай сипаттау керектігі туралы түсініктері, пайымдаулары анық, әрі нақты эмпирикалық әдіс қызықтырған оқиғаларды немесе құбылыстарды сипаттағанда тек ғылыми тілді ғана қолданады.

Бақылау

Кез-келген зерттеу, мейлі ол ауру тарихын зерттеу, корреляциялық  тәуелділікті анықтау немесе зертханалық  эксперимент болса да бақылауды  қолданады. кейбір жағдайларда зерттеу  идея-сының тууы жүйесіз бақылаудан басталады (мысалы, сыныптас екі қыздың төмен баға үшін мұғалімді кінәлауы).

Мінез-құлық туралы ақпарат алудың басқа жолы – жүйесіз  бақылауға қарағанда шынайы өмір жағдайындағы көріністерді бақылау  және тіркеу (бірақ, бұл жолы анағұрлым  жүйелірек). Ол шынайы бақылау деп  аталады. Балалардың ойын үлгілері мен  достық қарым-қатынастары, жасөспірімдердің антиәлеуметтік мінез-құлқы, толық  және қалыпты салмағы бар адамдардың тағамға қатысты әдеттері, іскерліктегі сәтті менеджерлердің басқару стилі, сондай-ақ көптеген клиникалық құбылыстар шынайы бақылау жолымен зерттелген. Бұл мінез-құлықты түсіндірмейді, бірақ әдеттегі ортада адамдардың өздерін  қалай ұстайтындығы жайында ақпарат  береді.

Алайда шынайы бақылаудың да шегі бар. Негізгі мәселе бақылаушылардың көп жағдайда өздері басқара алмайтын, алдын- ала болжанбаған  оқиғалардың жәй ғана куәсі болатындығында. Бұған бақылаушының өз мәселелері де қосылады: пайымдаулары және бақыланушы оқиғаның кейбір аспектілеріне баса мән беруі. Бақыланушы адамдар санының  аздығы да сынға ұшырауда. Айталық, бақылаушы конфликтіні шешу стилін үшін зертеу үшін отбасының пікірталасын бақылайды. Конфликтіні шешу тәсіліне білдірмей әсер етуі үшін ол отбасы мүшелерінің сеніміне қандай деңгейде ие болуы қажет. Бұған қарамастан, шынайы бақылаудың артықшылықтары айқын: біз адамдар мінез-құлқының үлгілерін  зертхананың жасанды атмосферасынан емес, күнделікті жағдайлардан аламыз.

Анамнез әдісі. Анамнез  әдісін бағалау

Жеке адамның  мінез-құлқын ұзақ уақыт бойы бөлшектеп  зерттеу ауру тарихын немесе анамнезді  зерттеу деп аталады. Бұл әдіс психологиялық мәселелері бар адамдарға  диагностика жүргізу және емдеу  мақсатымен клиникалық межицинада қолданылады.

Мысалы, Фрейдтің психодинамикалық теориясы жекелеген  клиникалық жағдайларды қарқынды зерттеу  негізінде анықталды. Бұл әдісті әдетте психотерапия

үрдісінде немесе диагноз қоюда өмір тарихы зерттелінуші психикалық аурулармен немесе мәселесі бар пациенттермен жұмыс жасағанда  қолданады. Тек нақты бір тұлғаның ауру тарихын неғұрлым кеңірек, бөлшектеп  си-паттау мен талдаудан тұрса  да, оларды зерттеу өте маңызды  бо-лып табылады. Себебі, бір ғана клиникалық жағдай адам мінез-құлқының белгілі бір заңдылықтарын түсінуге жол ашады. Мысал ретінде өлім жазасына кесілген 15 ер адамның ауру тарихын зерттеуге үңілуге болады. Оларға кесілген жаза орындалуы қажет болғандықтан, солардың кандидатурасы таңдалып алынды. Зерттеушілердің таңырқауына орай, 15-ң де анамнезінде бас қаңқасының ауыр жарақаты болған, ал 12-ң миының зақымдануының белгілері тіркелген және көбінің интеллектуалдық даму деңгейі ортадан төмен болған. Алынған нәтижелер қылмыскер жайлы қалыптасқан қатігез, суыққанды, адам өлтіруші деген таптаурын бейнені өзгертуге алып келді.

Клиникалық жағдайларды  зерттеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. артықшылығы тұлғаның жеке дара сапаларының күрделілігін және қарама-қайшылығын толықтай қамтуға мүмкіндік береді. бір немесеғ бірнеше индивидуумның  өмірлік тәжірибені қалай жинайтынын, күйзелістермен күресуін зерттеу қажет  болса, онда клиникалық оқиғаларды зерттеу  әдісін қолдануға болады. Қандай да бір феноменнің өте сирек кездесетін жағдайларын зерттеудің жалғыз әдісі клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісі болып табылады.

Кемшіліктері. біріншіден, зерттеуші анықтаған ара қатынастарының себеп-салдары бар екендігіне толық  сенімді бола алмайды. Екіншіден, бұл  әдісте тек бір адам ғана зерттелетіндіктен, жалпылама қорытынды шығару мүмкіндігі шектеулі. Үшіншіден, клиникалық жағдайды зерттеуден алынған нәтижелер ретроспективті немесе өзінің шығу тегі бойынша анық болмауы мүмкін (бұрмаланған). Соңында, дәйектер дәлелденсе де, индивид ерекшеліктері  туралы қорытындыға зерттеушінің жеке басының құштарлықтары мен пайымдаулары еніп кетуі мүмкін.

Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау

Клиникалық жағдайлар  әдісінің шектеулерін жеңу үшін, зерттеушілер корреляциялық әдіс деп аталатын альтернативтік әдісті қолданады. Бұл  әдіс оқиғалар арасында және солардың ішінде өзара байланыс орнатуға тырысады. Айнымалы – кез-келген өлшенуі мүмкін көлем. Мысалы, үрейлену – айнымалы, себебі оны өлшеуге болады және де адамдардың үрейленуінің көріну деңгейі  де әрқилы. Белгілі бір дағдыны  қажет ететін тапсырманы орындау  дәлдігі де өлшеуге болатын айнымалы болып табылады. Бірқатар адамдардың үрейлену деңгейін, сондай-ақ солардың әрқайсының топпен бірге күрделі  тапсырманы орын-даудағы әрекеттерінің  дәлдік деңгейін өлшеп корреляциялық  зерттеу жүргізуге болады. Егер жарияланған  нәтижелер басқа зерттеулермен  дәлелденсе, онда үрейлену деңгейі  төмен субъектілердің тапсырманы орындау  дәлдігінің көрсеткішетрі анағұрлым  жоғары деп санауға болады. Тапсырманы дәлдікпен орындауға басқа да факторлар (мысалы, осыған дейінгі оны  орындау тә-жірибесі, түрткі, интеллект) әсер етуі мүкін. болғандықтан, әрекеттердің дәлдігі мен үрейлену арасындағы байланыс толық сенімді емес, дегенмен де ол назар аударуды қажет етеді.

Корреляциялық зерттеу  кезіндегі айнымалыларға сынақтардың  нәтижесі, демографиялық сипаттамалар (жас, жыныс, өмірге келу реті және әлеуметтік-экономикалық мәртебе), өзін-өзі бағалау, түрткілер, құндылықтар мен ұстанымдар, физиологиялық  реакциялар (жүрек соғысының жиілігі, артериалдық қан қысымы және тері-гальваникалық  реакция), сондай-ақ мінез-құлық стилі. Корреляциялық әдісті қолданғанда  психологтар жоғары білімнің кәсіби жемістілікке әсері бар ма? Өзін-өзі  бағалау мен жалғыздықтың арасында өзара байланыс бар ма? деген тәрізді  сұрақтарға жауап іздейді. Корреляциялық  әдіс ол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ»  деп жауап беруден басқа, бір  айнымалының нәтижелері екіншісінің  нәтижелеріне сәйкестігіне сандық баға берумен айналысады. Ол үшін психологтар  корреляция коэффициенті деп аталатын

статистикалықиндекстіесептеп  шығарады. Корреляция коэффициенті (кішкентай r

әрпімен белгіленеді) бізге мынаны көрсетеді: 1) екі айнымалының  тәуелділік деңгейін

және 2) ол тәуелділіктердің (тікелей және теріс тәуелділік) бағытын көрсетеді.

Корреляция коэффициенті -1 (толық теріс немесе сәйкессіздік тәуелділігі) 0

арқылы байланыстың  болмауы +1 (толық тәуелділік немесе тікелей тәуелділік) дейін.

Нөлге жақын коэффициент  өлшенуші екі айнымалының бір-бірімен  ешқандай да

байланысы жоқтығын көрсетеді. Яғни Х айнымалысының  үлкен немесе кіші көрсеткіші Y

көрсеткішінің үлкен  немесе кіші көрсеткіштерімен маңызды  байланысы жоқ дегенді

білдіреді. Мысал  ретінде мына екі айнымалыларды  алайық: интеллеект пен дененің

салмағы. Жалпы  алғанда, толық адамдардың арық адамдарға  қарағанда интеллектісі төмен

немесе жоғары деп айта алмаймыз және керісінше, +1 немесе-1 корреляция коэффициенті

екі айнымалы-ның  арасында толық, бұлтартпас сәйкестік  барлығын айта ала-мыз. Толық

сәйкестік корреляциясы тұлғаны зерттеуде мүлдем кездеспейді  деп айтуға болады,

сондықтан да көптеген психологиялық айнымалылар бір-бірімен  байланысты болса да,

оның деңгейі  соншалықты күшті емес. ± 0,30 және ± 0,60 ше-гіндегі корреляция

коэффициенті  тұлғаны зерттеуде жиі кездеседі. Сондықтан да ғылыми болжам жасау  үшін

теориялық және практикалық  маңызы бар. 0 мен ± 0,30 арасындағы корреляция

коэффициентіне  сақтықпен қараған жөн, олардың  ғылыми болжам үшін құндылығы

төмен.

Бір айнымалының  үлкен көрсеткіштері басқа айнымалының  үлкен

көрсеткіштерімен  байланысты болуы немесе бір айнымалының  аз көрсеткіштері басқа

айнымалының аз көрсеткіштерімен байланысты болуы оң корреляция дегенді білдіреді.

Басқаша айтқанда, екі айнымалы бірге үлкейіп, бірге  кішірейеді. Мысалы, адамның бойы

мен денесінің  салмағы арасында оң корреляция бар. Жалпы алғанда, бойы ұзын

адамдардың, бойы төмендерге қарағанда үлкен салмақты болу тенденциясы бар. Тағы бір

оң корреляция – балалардың теледидар бағдарламаларынан  көретін зорлық-зомбылық

көріністерінің  саны мен олардың өздерін агрессивті ұстауы арасында байланыстың болуы.

Орташа алғанда, балалар теледидардан зорлық-зомбылық көріністерін неғұрлым жиі

көрсе, соғұрлым агрессивті мінез-құлық танытады.

Теріс корреляция бір айнымалының жоғары көрсеткіштерінің басқа айнымалының

төмен көрсеткіштерімен (және керісінше) байланыстылығын білдіреді. Кері корреляцияға

мысал ретінде  студенттердің сабаққа жиі келмеуі  мен емтихандарды жемісті тапсыруы

арасындағы байланысты алуға болады. Жалпы алғанда, сабақтан жиі қалатын студенттер

емтиханда төмен  баға алу тенденциясын жиі байқатады. Сабақтан аз қалған студенттер

жоғары бағалар  алады. Басқа мысал – ұялшақтық  пен табандылық. Ұялшақтық көрсеткіші

бойынша жоғары ұпай алғандар сенімсіз мінез-құлық көрсетуге  бейім, ал ұялшақтық

көрсеткіші төмендер табандылық, сенімділік танытады. Корреляция коэффициенті +1

немесе -1 неғұрлым жақын болса, зерттелінуші айнымалылардың арасындағы байланыс

соғұрлым күштірек болады. +0,80 кор-реляция коэффициенті +0,30 корреляция

коэффициентіне  қа-рағанда екі айнымалы арасындағы анағұрлым күшті тәуелділікті

көрсетеді. -0,25 корреляция коэффициентіне (r) қарағанда, -0,65 r айнымалыларының

өзара күшті байланысын білдіреді. Корреляция коэффициенттің сандық мағынасына ғана

тәуелді екендігін  есте ұстаған жөн, коэффициент алдында  тұрған «+» немесе «-» белгілері

корреляцияның оң немесе теріс екендігін ғана білдіреді. Мысалы, r = 0,70 көрсеткіші де

күшті корреляцияны аңғартады.

Корреляциялық әдісті бағалау.

Корреляциялық әдістің  кейбір айрықша артықшылықтары бар. Эксперименталдық

зерттеулер көмегімен  тексере алмайтын айнымалылар жиынтығын  зерттеуге мүмкіндік

береді. Мысалы, балалық  шақта басыанн өткен жыныстық зорлық көрсету мен ересек

жасындағы эмоционалдық мәселелер арасындағы байланысты анықтау  үшін

корреляциялық талдауды қолдану әдептік тұрғыдан алғанда  жалғыз тәсіл болуы мүмкін.

Дәл осы тәрізді, адамның құндылық бағдарларының  ата-ананың тәрбиелеуі арасындағы сәйкестік  қаншалықты екенін анықтау үшін де осы әдісті қолдануға болады, себебі ата-ананың тәрбиелеу стилін эксперименталды  бақылау әдеп тұрғысынан жөн болмағандықтан осы әдіс таңдалады.

Корреляциялық әдістің  екінші артықшылығы шынай өмір жағдайында тұлғаның көптеген аспектілерін зерттеуге  мүмкіндік береді. Мысалы, ата-ананың ажырасуының балалардың мектепке беімделуі  мен мінез-құлқына әсерін анықтағымыз  келсе, ажырасқан отбасы балаларының  әлеуметтік және академиялық жетістіктерін  белгілі бір уақыт аралығында жүйелі зерттеуіміз қажет. Үшінші артықшылығы, кейде оның көмегімен бір айнымалыны білу арқылы, басқа бір айнымалыны алдын-ала болжауға болатындығында.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Тұлғаны зерттеудегі  ғылыми және эмпирикалық әдіс  дегеніміз не?

2. Тұлғаны зерттеудегі  бақылау әдісінің артықшылықтары  мен кемішіліктері

3. Тұлғаны зерттеудегі  анамнез әдісінің артықшылықтары  мен кемшіліктері

4. Тұлғаны зерттеудегі  корреляция әдісінің артықшылықтары  мен кемшіліктері

5. «Оң» және  «теріс» корреляция дегеніміз  не?

10 Тақырып

КРЕАТИВТІЛІККЕ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖҮРГІЗУ

Информация о работе Психодиагностика тарихы