Психодиагностика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, лекция

Описание работы

Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.

Содержание работы

1. Психодиагностиканың алғышарттары
2. Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
3. Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
4. а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі; б) интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)

Файлы: 1 файл

психодиагностика лекция.docx

— 124.32 Кб (Скачать файл)

Сабақтың мақсаты:

Психолог-студенттердің  креативтілік немесе шығармашылық қабілет  туралы теориялармен және түрлі әдістемелермен таныстыру, оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Жоспар

1. Креативтілік  туралы түсінік

2. Креативтілік  параметрлері

Креативтілік  немесе шығармашылық қабілет Гилфордтың интеллект құрылымының текше  тәріздес үлгісі туралы жұмысы жарияланған  соң белсенді түрде зерттеле бастады. Онда ол 1) белгілі бір жолмен жүріп, нақты бір шешімге келетін конвергенттік ойлау мен 2) мәселені шешудің вариативтік жол-дарын тауып, күтпеген нәтижелерге алып келетін дивергенттік ойлауды (немесе шығармашылық ойлауды) бөліп көрсетті.

«Ақыл-ойы орташа»  адамдардың интеллектісі мен шығармашылық қабілеттері бір-бірімен тығыз  байланысты. Интеллектісі қалыпты адамдардың шығармашылық қабілеттері де қалыпты  болып келеді. Тек белгілі бір  деңгейден бастап интеллект пен  шығармашылықтың жолдары ажырай бастайды. Ол деңгей 120-ға тең IQ облысында  жатыр. Интеллект коэффициентін  тесттермен өлшеуге болады. Қазіргі  кезде интеллектіні бағалау үшін Стенфорд-Бине тесті мен Векслер  шкаласы қолданылады. IQ деңгейі 120-дан  жоғары болғанда шығарма-шылық пен  интеллектуалдық іс-әрекет арасындағы корреляция жойылады, себебі шығармашылық ойлаудың өзіндік ерекшеліктері  бар және ол интеллектімен бірдей емес.

Шығармашылық  ойлау:

1) Иілгіш, яғни қарапайым адамдар бір немесе екі ғана шешімін тапқан жағдайда, шығармашылығы жоғары адамдар көптеген шешім ұсынулары мүмкін;

2) Шапшаң, ширақ, яғни шығармашылық ойлау үшін мәселенің бір қырынан екіншісіне ауысу еш қиындық тудырмайды;

3) Айрықшалық, ол күтпеген, қарапайым емес, ерекше шешімдер тудырады.

Ешкім де интеллектуал немесе шығармашылықты болып ту-майды. Барлығы тек әрқайсымызға әрқилы деңгейде берілген қа-білеттерді іске асыру үшін қоршаған ортаның берген мүмкіндіктеріне байланысты.

Фергюсон «шығармашылық  қабілеттер туындамайды, олар босатылады», деп көрсетті.

Қабілеттер мен  шығармашылық деңгейі үнемі корреляцияға жатпайтындықтан, интеллектуалдық  дарындылық пен өнімділік және шығармашылық дарындылық пен өнімділіктің ара  жігін ажырататын анықтаманың қажеттілігі  туындады. Осы соңғы түсінік креативтілік коэффициенті (Cr) деген атау алды. 1960 жылы Гетцельс пен Джексон интеллект пен креативтілік көр-сеткіштерінің арасында корреляция болмайтындығы жайында деректерді жариялады.

Шығармашылық  дарындылық және шығармашылық өнімділік  басқаша параметрлермен сипатталады:

· Ойлау байлығы (уақыт бірлігіне шаққандағы жаңа идеялар саны);

· Ойдың иілгіштігі (бір тапсырмадан екіншісіне ауысу жылдамдығы);

· Айрықшалық;

· Білімқұмарлық, әуесқойлық;

· Болжам жасауға қабілеттілік;

· Иррелеванттылық – реакцияның стимулға логикалық тәуелсіздігі;

· Қиял-ғажайыптылығы – стимул мен реакцияның белгілі бір логикалық байланыстылығы бола тұра, жауаптың шындықтан алшақтығы.

Гилфорд креативтіліктің 6 параметрін бөліп көрсетеді:

1. Мәселені байқау  және қоя алуға қабілеттілік.

2. Неғұрлым көп  идея шығара алуға қабілеттілік.

3. Аяқ астынан  пайда болған семантикалық иілгіштік  – алуан түрлі идеяларды шығара  алуға қабілеттілік.

4. Айрықшалық –  алшақ ассоциация, ерекше жауаптар, стандарттық емес шешімдер шығаруға  қабілеттілік.

5. Бөлшектер қоса  отырып, объектіні жетілдіруге қабілеттілік.

6. Семантикалық  иілгіштікті көрсете отырып стандарттық  емес мәселелерді шеше алуға  қабілеттілік – объектіден жаңа  белгілерді көру, қолданудың жаңа  түрін табу.

Гилфорд Cr-ті диагностикалауға арналған тесттер батареясын құрастырды (10 тест – вербалдық Cr., 4 тест – вербалдық  емес Cr. арналған). Cr-ке арналған кейбір тапсырмалардан мысал келтірейік: «Сөз қолдану жеңілдігі» тесті («О» әрпі неғұрлым көп сөз жазыңыз); «Идеяның жылдамдығы» тесті (түсі ақ болуы  мүмкін заттар мен құбылыстарды білдіретін неғұрлым көп сөз жазыңыз); «Идеяның оралымдылығы», «Заттарды қолдану  икемділігі» тесті (консерві банкісін қолданудың неғұрлым көп түрін көрсетіңіз); «Бейнелер құрастыру» тесті (үшбұрыш, шаршы, шеңбер, тра-пеция пішіндер жиынтығын  қолданып неғұрлым көп бейнелер құрастыру).

Торранс Cr-ті зерттеуді  әрі қарай жалғастырды, бірақ  ол білімдегі кемшіліктер мен  орны толмай тұрған бос жерлерді өткір  қабылдауға қабілеттілік пен дисгармонияны  сезе білуді де креативтілік деп түсінуді енгізді. Торранс мектепалды балаларынан  үлкендерге дейін Cr – к тесттер  топтамасын құрастырды, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын бағдарлама құрастырды: бірінші кезеңде сыналушыларға  конвергенттік ойлауды жаттықтыруға арналған анаграммалар (мағынасыз орналасқан әріптерден сөз іздеу). Соңынан сыналушыға түрлі заттар беріліп, соларды қолданудың алуан түрлерін атау ұсынылады. Торранс  бойынша, қабілеттер жаттығуының мұндай тәсілі адам-ды сыртық қоршаудан босатып, ол шығармашылықты және стандартсыз  ойлай бастайды. Торранс батареясының құрамына шығармашылықтың үш аймағын  зерттейтін 12 тест кіреді: сөздік шығармашылықты ойлау, бейнелеу шығармашылықты ойлау  және сөздік-дыбыстық шығармашылықты ойлау. Торранс Cr – к деңгейін бағалау үшін мынадай көрсеткіштерді қолданды:

1. Жеңілдігі – тапсырманы орындау шапшаңдығы.

2. Иілгіштігі – жауап беру барысында бір нысандар сыныбынан екінші нысандар сыныбына ауысу саны.

3. Айрықшалығы – біркелкі топ сыналушылар жауаптарының арасында сол жауаптың неғұрлым аз кездесуі. Егер белгілі бір жауап 1 % - дан аз кездессе (яғни, 100 адамның 1 осындай жауап берсе), онда айрықшалыққа ең жоғарғы 4 ұпай беріледі, егер 2 %-дан аз кездессе – 3 ұпаймен бағаланады, егер 6 %-дан көп (100 адамнан 6-7 адам бірдей жауап берсе), онда айрықшалық жоқ, 0 ұпай беріледі.

Өзіндік бақылау  үшін тапсырмалар:

1. Конвергенттік  ойлау және дивергенттік ойлау  дегеніміз не?

2. Креативтілік  коэффициенті түсінігі дегеніміз  не? ?

3. Шығармашылық  дарындылық қандай параметрлерден  тұрады?

4. Гилфорд бойынша  креативтілік параметрлері қандай?

5. Торранс бойынша  креативтілік параметрлері қандай?__


Информация о работе Психодиагностика тарихы