«Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2015 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................4
І бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы
1.1. Бухгалтерлік баланс түсінігі, экономикалық мазмұны.................................7
1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу............................................................11
1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы міндеттері..........................................13

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң экономикалық – ұйымдастырушылық және
қаржы жағдайына сипаттама
2.1 Кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау........................17
2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы..............................23

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті
және жүргізілу тәртібі
3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудың ерекшеліктері.........................................................................................................27
3.2. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік баланс түрлері, құрылуы...32
3.3. Бухгалтерлік баланс компьютеризациясы .................................................51
3.4. Бухгалтерлік баланс аудиті...........................................................................52

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................................58
Қолданылған әдебиеттер..................................................................

Файлы: 1 файл

Баланс эк мазмұны.doc

— 518.00 Кб (Скачать файл)

Сызба 1 

«Индергаз» ЖШС- ң бухгалтерия құрылымы

 

                                                     Бухгалтерия

   


 

                                                      Бас бухгалтер



 

Негізгі құралдар мен МЕА                                           Есеп   айырысу    

бойынша бухгалтер                                                     бойынша бухгалтер

                                                 

                                                          Кассир

 

 

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы  бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті 

                                  және жүргізілу тәртібі

3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік  балансты қайта құрастырудың  ерекшеліктері

        Біздің елмізде қазіргі бухгалтерлік баланс халықаралық үлгідегі сәйкес формада іске асырылуда. Мұндағы мақсат - баланс мәліметі өте тұжырымды, көлемі жағынан өте тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетто немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның тозу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал таза табысы шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қалдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың  өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады

        Айырмашылықтары ретінде ХҚЕС бойынша бухгалтерлік баланстағы баптарының өтімділіктің кему тәртібі мен ұсынымдарына назар аудару керек. ХҚЕС бойынша бухгалтерлік балансты тапсыру нысаны пайдаланушылар үшін неғұрлым ақпаратқа толы болады. Онда дебиторлық бережақ, босалқылар, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдық емес активтер баптары бойынша деректер егжей- тегжейлі көрсетіледі.

        Бухгалтерлік  балансты ҚБЕС пен ХҚЕС бойынша  бухгалтерлік балансқа қойылатын  талаптар біршама түйіндері бойынша  сәйкес келеді.

Қазіргі ХҚЕС бойынша бухгалтерлік баланс формасы келесідей болып келеді:

 

 

 

Кесте 6

Актив

∑,тг

Пассив

∑,тг

І. Қысқа мерзімді активтер

Ақша құралдары және олардың эквиваленті

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция

Қысқа мерзімді дебиторлық бережақ

Қорлар

Ағымдық салықтық активтер

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

Басқада қысқа мерзімді активтер

Барлығы

ІІ. Ұзақ мерзімді активтер

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

Ұзақ мерзімді дебиторлық бережақтар

Үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестициялар

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Негізгі құралдар

Биологиялық активтер

Бақыланатын және бағаланатын активтер

Материалдық емес активтер

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

Басқада ұзақ мерзімді активтер

Барлығы 

Баланс

 

ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция

Салықтар бойынша міндеттемелер

Басқа да міндеттемелер

Қысқа мерзімді кредиторлық бережақ

Қысқа мерзімді бағаланатынміндеттеме

Басқада қысқа мерзімді міндеттемелер

Барлығы

ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме

Ұзақ мерзімді кредиторлық бережақ

Ұзақ мерзімді бағаланатын міндеттеме

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

Басқа да ұзық мерзімді міндеттемелер

Барлығы

V. Капитал

Жіберілген капитал

Эмиссиялық табыс

Меншікті үлестік құралдар

Резервтер

Бөлінбеген табыс (зиян)

Төмендеу үлесі

Барлығы

 

 

 

Баланс

 

 

        Бухгалтерлік баланстың жаңа формасы бұрынғы формамен салыстырғанда өте ыңғайлы, сандық материалдар түгелдей көрсетілген сызбамен беріледі. Бірінші бағанда есептік кезең соңына мәліметтер, екінші бағанға есептік кезең басындағы мәліметтер көрсетіледі. Бухгалтерлік баланс баптары толықтай мәнді құрастырылған. Мысалы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер баланстық құны бойынша класқа бөлінбей, бір жолға толтырылады. Қорлар бойынша аналитикалық ақпараттар болашақ кезең шығындары үшін бөлек жолдар жоқ.Яғни, баланста жоқ ақпараттарды қаржылық есеп беруге түсініктеме хаттамада көрсету қажет болады.

ХҚЕС – ы баланс баптарын ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлуді талап етеді.ХҚЕС – ға сәйкес баланс активінде биологиялық активтер үшін, инвестициялық меншік үшін және сатуға арналған айналымнан тыс активтер үшін бөлек жолдар қосылуы тиіс. Мысалы, ҚБЕС – да  негізгі құралдардың есебі үшін 12 бөлімшенің субшоттары қолданылады: 121 «Жер», 122 «Ғимараттар мен үйлер», т.б. Ал ХҚЕС шоттар жоспарында тек қана бір шот 2410 «Негізгі құралдар» шоты қолданылады. Бірақ, бұл негізгі құралдар есебінің топтары бойынша аналитикалық мәліметтерді жоғалту деген сөз емес.

        ХҚЕС- ы бойынша активтер мен міндеттемелерді мойындау.ХҚЕС – на көшерде көптеген кәсіпорындар қосымша актив пен міндеттерлерді мойындауы тиіс:

а) кейінге қалдырылған салықтар. Бұл салықтар – қосылған жаңа бап түрі емес, олар туралы 11 ҚБЕС «Табыс салығы бойынша есеп» айтылған, бірақ тәжірибе жүзінде көптеген кәсіпорындар 11 ҚБЕС – ң барына қарамастан қаржылық есеп берулерде тек корпоративтік табыс салығын көрсетіп, кейінге қалдырылған соманы бейнелемеген.

        12 ХБЕС- на сәйкес, кейінге қалдырылған салық баланс бойынша міндеттемелер әдісімен қолданылуы тиіс.Бұл әдіс уақытша айырмашылықты бағалауға негізделген. Уақытша айырмашылық – бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелердің баланстық құны мен салық мақсаты үшін осы баптар салаларының арасындағы айырмашылық.Мысалы,

Кесте 7

Көрсеткіштер

Баланс мәліметтері

01.01.2005

Бөлінбеген табысқа апарылған уақытша айырмашылық

ХҚЕС бойынша

ҚБЕС бойынша

Материалдық емес активтер

100

150

50

Құрылғылар

4200

3000

1200

Қорлар

2400

2000

400

Дебиторлық бережақтар

1950

2000

50

Барлық салық салынатын уақытша айырмашылық

8650

7450

1500

Табысқа салық ставкасы

   

0,30

Кейінгі қалдырылған салық бойынша

   

450


 

        Осылайша, ХҚЕС бойынша бастапқы баланста кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелерді 450 мың тг. сомасында жеткізіп есептеу керек:

Дт 5400 шот бөлімшесі «Бөлінбеген табыс»

Кт 2810 «КТС бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер»

б) Материалдық емес активтерді иелену. ХҚЕС – на сай, мысалы, бұрынғы бухгалтерлік есептік материалдық емес активтер құрамында есептеуге алынған бағдарламалық қамтамасыз етулер, енді жаңа стандартқа сәйкес материалдық емес активтер құрамында есептелмейді.

в) Қаржылық аренда бойынша активтер мен міндеттемелер. Мысалы, кәсіпорын қаржылық лизингке құрылғылар алды және ұлттық стандарттар бойынша арендалық төлемдерді ағымдық аренда ретінде қарастырады. Ал, ХҚЕС – ға сәйкес актив мойындау керек: Дт «Негізгі құралдар»  Кт «Қаржылық аренда бойынша міндеттемелер». Және соңынан ХБЕС бойынша амортизация есептейді.

ХҚЕС –  да рұқсат етілмейтін активтер мен міндеттемелерді      мойындамау.

ҚБЕС –на сәйкес активтер мен міндеттемелер ХҚЕС белгілеріне жауап бермесе, онда олар баланстан шегеріліп тасталу қажет және осы шегерімдер 5400 бөлімшенің «Бөлінбеген табыс» шотына апарылады. Мысалы:

а) іштей құрылған материалдық емес активтер;

б) 12 ХБЕС –ке сәйкес «Пайдаға салық» қайтарылмайтын болып күтілген жағдайда, кейінге қалдырылған салықтық талаптар;

в) міндеттеме тәжірибесінен шығатын немесе заңды тұлғалардың болмауы кезіндегі резервтер. ҚБЕС- на сәйкес кәсіпорын резервтерді алдағы кезеңдегі негізгі құралдар жөндеуіне шығындарды жабуға құруы мүмкін, ал ХҚЕС – да мұндай құрулар жіберілмейді.Сондықтан олар бастапқы балансқа қосылмайды

г) негізгі құралдар құрамынан табыс алуға қатыспайтын және ХҚЕС критерийлеріне жауап бермейтін объектілерді алып тастау керек. Мысалы, телевизор, холодильник т.б.

д) егер «Аяқталмаған өндіріс» құрамында құрылысы аяқталған немесе жақын арада құрылмайтын объектілердің құны баланстан шегеріліп тасталады;

е) егер пайда болу мерзіміне байланысты дебиторлық бережақты талдау. Талдау негізінде:

- үмітсіз  дебиторлық бережақтарды шегеріп тастау;

- резерв есептеу (егер есептелмесе).

ж) ликвидті емес қорлар (ұзақ қолданылмаған және кәсіпрынға қажет емес қорлар) болашақта табыс әкелмейтін немесе критерийлерге жауап бермейтіндер ретінде шегеріліп тасталады.

        ХҚЕС – на сәйкес активтер мен міндеттемелер классификациясы. Активтер мен міндеттемелердің ҚБЕС – сәйкес бір түрі ретінде және ХҚЕС – сәйкес басқа түр ретінде мойындалған баптар реклассификациясы жасалады.Мысалы, кәсіпорын ғимаратты өзі қолданбай ұзақ мерзімді арендаға береді. Мұндай объект 40 ХҚЕС –на сай қозғалмайтын мүлікке инвестиция деп классификацияланады және баланстың бөлек жолында бейнеленеді.

        Жабдықтаушыларға  негізгі құралдарды алғаны үшін  аванстар ұзақ мерзімді активтердің  құрамына апарылады. (ұзақ мерзімді дебиторлық бережақ)

        ХҚЕС – на сәйкес активтер мен міндеттемелерді бағалау.Бастапқы баланста бейнеленуге тиіс барлық активтер мен міндеттемелерді анықтағаннан кейін, олар ХҚЕС –на сәйкес бағалануы тиіс. Актив өзіндік құны, әділ құны немесе амортизациялық құны бойынша бағалануы мүмкін.

    1. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік

баланс түрлері, құрылуы

        Балансты оқымас бұрын, оның оқуға дайын екендігіне көз жеткізу қажет. Ол үшін алдын- ала тексеріс жүргізеді: қол қойылуы, салық органының белгілеуі бойынша мерзімінің сақталуы, өлшем бірлігінің талап етілген мөлшерінің сақталуы, арифметикалық есептеулердің дұрыстығы, (баланс валютасы, аралық жиындар,тікелей және жанама бағалау қатынастары) сонымен қатар, есеп беру формасын толтырудың тәртібі туралы бағыттардың сақталуы. Бұл дипломдық жұмыста бухгалтерлік балансты құрастыру  тәртібіне келесідей сипаттама беріп өтіледі:

1 бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді  активтер көрсетіледі.

Материалдық емес активтер- бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы шаруашылық қызметте қолданылатын және табысты келтіретін материалдық емес объектілерде кәсіпорын салатын салымдар,құрылтайшылардан алынған жарғылық капиталға салынған салымдар шотындағы,қайтарымсыз алынған  материалдық емес активтердің бастапқы құны көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі гудвилл патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.Олар келесідей шоттарда бейнеленеді:101 «Лицензиялық келісімдер», 102 «Бағдарламалық қамтамасыз ету», 103 « Патенттер», 104 «Ұйымдық шығындар», 105 «Гудвилл», 106 «Басқалар»

Негізгі құралдар- бұл материалдық салада, сондай- ақ, өндірістен тыс салада мерзімі 1 жылдан аспайтын материалдық активтер. Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

а) жер;

ә) үйлер мен ғимараттар;

б) машиналар мен жабдықтар;

в) жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа түрлері;

г) жинақталған тозу;

д) аяқталмаған күрделі құрылыс;

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінгі қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

      Инвестициялар – кәсіпорынның табысты активтеріне «бағалы қағаздар, акция, облигация), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі. Мұнда мынадай баптар ашылады:

а) еншілес серіктестіктерге берілген инветициялар;

ә) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;

б) ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнына ерекшеленеді.

2 бөлім. Ағымдағы активтер.

       Өңдеу және  сату мерзімдеріне қарамастан  тауарлы – материалдық қорлар (шикізат қалдығы,негізгі және  көмекші материалдар,отын,сатып  алынатын жартылай фабрикаттар,қосалқы бөлшектер)

Алдағы кезең шығындары- есепті күннен бастап,бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.

Ақша қаражаттары. Пайдалануына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.

Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары- мерзімі бір жылға дейін;

Дебиторлық бережақ- есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.Мұнда мынадай баптар ашылады:

  • аванстық төлемдер;
  • алуға арналған шоттар  мен вексельдер;
  • еншілес серіктестіктердің дебиторлық бережағы;
  • лауазымды тұлғалардың дебиторлық бережағы ;
  • өзге де дебиторлық бережақ;

Сомасы 1 жыл ішінде алынбаса, дебиторлық бережақ ағымдағы активтерге толық қосылады.

3 бөлім. Меншікті капитал мен  резервтер.

       Баланстың пассивінің  меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі.

Жарғылық капитал- кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің салымдары есебінен құралған жарғылық қор.

Өзге меншікті капитал:

  • номинал құнынан артық төленген капитал;
  • негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы;

         Резервтік  капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында  қалыптасқан резервтік капиталдың  қалдығы көрсетіледі.

         Бөлінбеген  кіріс. (жабылмаған зиян)

4 бөлім.Шығарылған капитал;

5 бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер; Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып, көрсетілуге тиісті:

а)қамтамасыз етілген несиелер;

ә)қамтамасыз етілмеген несиелер;

б)еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;

в)төлемі кейінге қалдырылған несиелер;

          Түсіндірме  жазбада проценттік ставканы, несиені  өтеудің мезгілін өтеудің тәртібін  және шартта көзделген басқа  талаптарды көрсету керек.

Информация о работе «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі