«Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2015 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................4
І бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы
1.1. Бухгалтерлік баланс түсінігі, экономикалық мазмұны.................................7
1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу............................................................11
1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы міндеттері..........................................13

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң экономикалық – ұйымдастырушылық және
қаржы жағдайына сипаттама
2.1 Кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау........................17
2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы..............................23

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті
және жүргізілу тәртібі
3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудың ерекшеліктері.........................................................................................................27
3.2. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік баланс түрлері, құрылуы...32
3.3. Бухгалтерлік баланс компьютеризациясы .................................................51
3.4. Бухгалтерлік баланс аудиті...........................................................................52

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................................58
Қолданылған әдебиеттер..................................................................

Файлы: 1 файл

Баланс эк мазмұны.doc

— 518.00 Кб (Скачать файл)

 


 


М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе......................................................................................................................4

І бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы

1.1. Бухгалтерлік баланс түсінігі, экономикалық мазмұны.................................7

1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында  ғалымдар мен  

       тәжірибешілердің еңбектеріне шолу............................................................11

1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы міндеттері..........................................13

 

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС -  ң экономикалық – ұйымдастырушылық және     

               қаржы жағдайына сипаттама

2.1 Кәсіпорынның  қаржы – экономикалық жағдайын талдау........................17

2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық  жағдайы..............................23

 

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті 

                  және жүргізілу тәртібі

3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудың ерекшеліктері.........................................................................................................27

3.2. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік баланс түрлері, құрылуы...32

3.3. Бухгалтерлік баланс компьютеризациясы .................................................51

3.4. Бухгалтерлік баланс  аудиті...........................................................................52

 

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................................58

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................61

Қосымшалар

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға  кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да  бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау  есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

        Бухгалтерлік баланстың мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан бухгалтерлік баланс –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.

        Бухгалтерлік баланс көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Балансты оқып білу –оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу.Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, бухгалтерлік баланс арқылы:

  • талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
  • кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
  • айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
  • аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
  • жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.

        Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс коммуникацияның   нақты құралы болып табылады, ол арқылы:басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы  мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады;аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.

        Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен  пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

        Жұмысымның мақсаты – нақты кәсіпорынның материалдары бойынша   бухгалтерлік баланстың  мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы  ролін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында бухгалтерлік баланстың мәнін анықтау;
  • бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызын талдап, ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу;
  • дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз» ЖШС-ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама беру ( 2004-2006 жылдардағы бухгалтерлік балансын салыстырмалы түрде талдау, қаржы-шаруашылық жағдайына есеп беру және т.б.)
  • бухгалтерлік баланс аудитіне шолу;
  • қазіргі кездегі балансты есептеудегі ақпарат жүйелеріне сипаттама беру;
  • ХҚЕС – на көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудағы ерекшеліктерін анықтап, талдау.

        Дипломдық  жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен ұсыныстан, қолданылған әдебиеттер тізімі  және қосымшалардан тұрады және ҚР-ң Заңы, нормативтік актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік балансына негізделіп жазылған.Сондай –ақ, бұл жұмысымда салыстыру, материалдарды теориялық және нақты талдау,синтетикалық топтастыру, корреляциялық әдістер қолданылады.

        Бұл жұмысымның нақтылығы - «Индергаз»ЖШС-ң 2004-2006 жылдар бойынша мәліметтерін зерттеу негізінде айқындалады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы

1.1 Бухгалтерлік баланс түсінігі,экономикалық  мазмұны

       

        Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс- есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъект нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орнын, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігін салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұнымен ішкі қолданушылар сияқты, сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады, өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәспорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.  Баланстың  маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс- қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәспорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін , оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымен, сондай- ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік  баланс- талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни, баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни, баланс пассиві көрініс табады. Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол  бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі. Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне, қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Яғни, бухгалтерлік баланс бабы деп - кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткішін айтады. Баланс актив бөлігінің құрамына сай ерекшелік бұл, яғни, баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң белгілі бір дәйектілермен орналасуы, яғни, олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек, басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері  мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке байланысты құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

        Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөледі. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз- кәсіпорынның міндеттемелері, яғни, кредитордың бережақ борыштары болып табылады. Ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.Сондықтан бұл бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз:

Актив=Меншікті капитал + Міндеттеме

        Бұл теңдеу  келесідей түсіндіріледі: кәсіпорынның активіне салынған әрбір теңге кредиторлармен немесе меншік иелерімен жасалады және салынған әрбір теңге активтің кейбір түрлеріне салынады.

Бұл теңдікті кейбір шетелдерде келесі түрде көрсетеді:

Актив -Міндеттеме = Меншікті капитал

        Әдетте, кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беру уақытына қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. ҚР-ң Қаржы Министрлігінің 3.03.1994 жылғы №10-4 /1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысандары мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасауға міндетті.

        Сонымен, бухгалтерлік  баланс- бухгалтерлік есептің орталық формасы болып табылады. Баланста объектілер екі рет көрсетіледі және екі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. ҚР – ң заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып  табылатын ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруінің құрылуының методикалық негіздері, мазмұны, құрамы БЕС – мен реттеледі: ҚР Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методология Департаментінің 21 мамыр 1997 жылғы № 7 Бұйрығымен бекітілген 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі өзгертулер» және « Есеп беруді құрастыру бойынша методикалық бағыттар».

        ҚР – да қызмет ететін бухгалтерлік есеп және есеп берулер ХҚЕС – ң негізіне алынған принциптер бойынша құрыла  бастады.Егер бухгалтерлік есепті қазіргі таңда « халықаралық бизнес тілі» деп атаса, онда принциптер де, есеп беруді құрастыру формаларының ережелері де қазіргі талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ та айта кететін жайт, еліміздегі көптеген ұйымдардың бухгалтерлік есеп методологиясы әлемдік тәжірибе талаптарына бөлшектеп ғана сәйкес келеді.

        Кәсіпорынның есеп берулері қаржылық есепті процедуралардың логикалық жалғасы болып табылады және есептік кезеңге кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін құрайды. Барлық нақты ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті, анық болуы тиіс. Баланста заңды тұлғаның аты, орналасқан жері, есептік мерзім мен есептік кезең көрсетіледі. Сондай – ақ, кәсіпорын қызмет түрінің қысқаша сипаттамасы, оның  заңды формасы, және барлық есеп беруде көрсетілген өлшем бірлігі болады.

        Баланс Қазақстан  Республикасының валютасында құрылады; өлшем бірлігі - мың теңге. Бухгалтерлік баланс Бас кітапта көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.

        Бухгалтерлік  баланс спецификалық методологиясымен  айырықша көзделген мақсаттар  мен берілген мәліметтерді пайдалану  сипатымен ерекшеленеді. Бухгалтерлік баланста ешбір қателер мен түзетулер жіберілмеуі тиіс. Бухгалтерлік есеп берулер ( баланс ) міндетті аудиттік тексерістен өтіп, тәуелсіз аудиторлармен оның дұрыстығы дәлелденуі керек. Бухгалтерлік баланс – кәсіпорындағы, ұйымдағы есеп процесінің қорытынды кезеңі болып табылады. Онда кәсіпорынның жыл аяғындағы қаржылық және мүліктік жағдайы, есептік кезеңге шаруашылық қызметінің нәтижелері бейнеленеді, баланстағы ақпараттарды түсіну үшін бухгалтерлік баланстың құрылымын ғана емес, сондай – ақ ондағы негізгі логикалық және бөлек көрсеткіштер арасындағы спецификалық байланыстарды білу қажет.

 

 

1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында   ғалымдар мен

тәжірибешілердің еңбектеріне шолу

        Бухгалтерлік  баланс - еліміздің тәжірибесінде шетелдік тәжірибеге қарағанда, қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде ерекшеленеді. Ал,батыс тәжірибелерінде, яғни, американдық, британдық жән жаңа зейландиялық кәсіпорындардың жылдық есеп беруінде ерекше назарды табыс және шығыс туралы есеп беруге аударады, себебі, онда табыс қызметтің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс – белгілі бір уақыт мерзіміне экономикалық объектілердің стратегиялық жағдайын бейнелеу. Ол шаруашылық субъектінің құралдар кірісін, шығысын және ішкі қозғалысын бейнелемейді.

        Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге « Бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының « Бухгалтерлік баланс» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: « Бухгалтерлік баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады».(6)

         Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: «Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтердің  тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әрбір бабы ақшалай көрініске ие болады.(6) Бухгалтерлік баланс – жылдық есеп берудің ең басты формасы. Ол кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен оларды қалыптастыру көздерінің құрамы мен мөлшері туралы ақпарат белгілеу тәсілі болғандықтан бұл айтылған пікірлермен  толығымен келісуге болады.

Информация о работе «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі