Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

Осы Заңмен лизингтiң мынадай негiзгi нысандары мен түрлерi реттеледi.

Лизингтiң нысандары:

1. Ішкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге  асырған кезде лизинг берушi мен  лизинг алушы Қазақстан Республикасының  резиденттерi болып табылады.

2. Халықаралық лизинг. Халықаралық  лизингтi жүзеге асырған кезде  лизинг берушi немесе лизинг алушы  Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды.

Лизингтiң түрлерi:

1. Қайтару лизингi - лизингтiң  бiр түрi, ол бойынша сатушы  лизинг нысанасын лизинг берушiге  осы лизинг нысанасын лизинг  алушы ретiнде лизингке алу  талабымен сатады;

қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;

2. Банк лизингi - лизингтiң  бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк  болып табылады;

3. Толық лизинг - лизингтiң  бiр түрi, ол бойынша лизинг  нысанасына техникалық қызмет  көрсетудi және оның ағымдағы  жөндеуiн лизинг берушi жүзеге  асырады;

4. Таза лизинг - лизингтiң  бiр түрi, ол бойынша лизинг  нысанасына техникалық қызмет  көрсетудi және оның ағымдағы  жөндеуiн лизинг алушы жүзеге  асырады.

Лизинг машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, құрылыс, ауыл шаруашылығы техникасын, теле және радио байланыс құралдарын, еесептеуіш техникасын, түрлі өндіріс қажеттелігі құралдарын, сондай-ақ жеке меншік құқығын – лицензияларды, компьютерлік бағдарламаларды, ноу-хау және т.б. орта және ұзақ мерзімге жалға беруді білдіреді.

Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.

Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.

Лизинг төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:

1) лизинг шартына сәйкес  лизинг берушiге лизинг нысанасын  сатып алуға жұмсалған шығындарды  және лизинг нысанасын сатып  алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы  түрде пайдаланылуы үшiн оны  жұмыс iстейтiн күйге келтiруге  тiкелей байланысты кез келген  басқа шығындарды өтеу;

2) лизинг бойынша сыйақы.

Лизинг есебi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

Лизингтің негізгі түрлері отандық та, шетел мамандарының да пікірі бойынша қаржылық және жедел лизинг деп санайды.

Жедел лизинг – бұл қысқа және орта мерзімді сипатқа ие мәміле, онда жалға алу төлемдері арқылы жабдықтар құнының бөлігі ғана амортизацияланады. Жедел лизинг бойынша жеткізілетін жабдық жалға алушының балансына қойылмайды. Мұндай мәмілелер бойынша лизинг беруші, әдетте, техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, салық төлеу және есепке алу мәселелерін өзіне алмайды, жедел лизинг санатына қаржы лизингі санатына сәйкес келмейтін мәмілелер жатпайды.

Жедел лизинг үшін мынадай белгілер сипатқа ие:

Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу қўқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген қўқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бўрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.

а) шарт мерзімін тиімді талаптарда ұзарту;

б) жабдықты лизинг берушіге қайтару;

в) лизингті берушіден сатып алуға келісім болған жағдайда ғана сатып алу.

Шарт жасау кезінде мәміле объектісінің қалдық құнын алдын ала дәл анықтау мүмкін болмағандықтан, бұл ереже лизинг фирмаларынан ұсталған нарық бағамын жақсы бүлуді талап етеді.

Лизинг алушы жедел лизинг көмегімен мүлікті иелену тәуекелінен қашып құтылуға тырысады, мысалы, моральдық тозығымен, өтімділігінің төмендеуімен, жабдықтыі бұзылуымен, жөндеуді талап ететін тура және жаңама туынды емес шығындардың артуымен және жабдықтың тұрып қалуымен және т.б. байланысты. Сондықтан, лизинг алушы мынадай жағдайларда жедел лизингті таңдайды:

1. Жалға алынған жабдықтарды  пайдаланудан түсетін болжамды  кіріс оның бастапқы бағамын  ақтамайды;

2. Жабдық ұзақ емес  мерзімге (маусымдық жұмыстар немесе  бір реттік пайдалану) талап етіледі;

3. Жабдықтау үшін арнайы  техникалық қызмет көрсету қажет;

4. Мәміле объектісі болып  тексерілмеген жабдық әрекет  етеді.

Жедел лизингтің санамаланған ерекшеліктері ауыл шаруашылығы, көлік, тау-кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс, ақпаратты электрондық өңдеу сияқты салаларда оның қолданылуын алдын ала анықтады.

Қаржы лизингі. Экономикалық мәні жағынан қаржы лизингі мүліктің өмір сүру циклының толық мерзімі немесе көп бөлігінің ішінде жабдықты пайдалануға алады; жалдау төлемдері толығымен лизинг берушіге аударылады (мысалы, қарыз берушіге емес), жалға алушыда техникалық қызмет көрсету, салықтарды төлеу және жабдықтарды сақтандыру жауапкершілігі жатыр; лизингке беруші жабдықтың бүкіл өмірлік циклінде алатын жиынтық жалға алу төлемдері жабдықтың бастапқы құнын жабады және инвестицияланған капиталға кірісті қамтамасыз етеді.

Қаржы лизингі мынадай негізгі сипаттармен сипатталады:

1. Үшінші тараптың қатысуы (мәміле объектісінің өндірушісі  немесе берушісі);

2. Шартты жалға алудың  негізгі мерзімі, яғни жалға берушінің  шығыстарын өтеу үшін қажет  мерзім ішінде шартты бұзудың  мүмкін еместігі. Алайда іс жүзінде  лизинг туралы келісімде айтылғандай  болады, бірақ бұл жағдайда операцияның  құны едәуір өседі;

3. Лизинг келісімінің  неғұрлым ұзақ кезеңі (әдетте  қызмет көрсету мерзіміне жақын  мәміле объектісінің);

4. Қаржы лизингі кезінде  мәмілелер объектілері әдетті  жоғары құнмен ерекшеленеді.

Жедел лизинг кезіндегі сияқты келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг алушы:

а) мәміле объектісін қалдық құны бойынша сатып алады;

б) аз мерзімге және жеңілдікті ставка бойынша жаңа шарт жасасады;

в) мәміле объектісін лизинг компаниясына қайтара алады.

Өзінің таңдауы туралы лизинг алушы лизинг берушіге 6 айда немесе шарт мерзімі аяқталғанға дейін басқа кезеңде хабарлайды. Егер шартта мәміле затын сатып алуға келісім (опцион) көзделсе, онда тараптар объектінің қалдық құнын алдын ала анықтайды. Әдетте ол бастапқы құнның 1-ден 10%-ға дейінгісін құрайды, ол лизинг берушіге жабдықтың бүкіл құнына амортизация есептеуге құқық береді.

Қаржы лизингі экономикалық сиапттары бойынша капитал салымдарының ұзақ мерзімді банктік кредит беруіне ұқсас болғандықтан, қаржы лизингінің рыногында банктер, қаржы компаниялары және банктермен тығыз байланыстағы мамандандырылған лизинг компаниялары ерекше орын алады. Бірқатар елдерде банктерге қаржы лизингімен ғана айналысуға рұқсат берілген. Жедел және қаржы лизингінің арасындағы негізгі ерекшеліктер көрсетілген (Кесте1).

 

Кесте 1

Жедел және қаржы лизингінің арасындағы негізгі ерекшеліктер

 

Жедел лизинг

Қаржы лизингі

Қысқа- және ұзақ мерзімді мәмілелер сипаты

Орташа - және ұзақ мерзімді мәмілелер сипаты

Жалға алудың бірінші мерзіміндегі жабдықтың жартылай амортизациясы. Келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жабдық жалға берілуі мүмкін.

Бастапқы мерзімде жабдық құнының толық және көп бөлігінің амортизациясы.

Лизинг келісім-шарты әдетте лизинг берушінің жабдыққа техникалық қызмет көрсетуінде, жөндеуі мен сақтандыруында қатысуын көздейді.

Лизинг келісімі басымдықпен қаржыландыруға жақын келеді, әдетте лизинг берушінің техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер көрсету жөніндегі міндеттемелерін көздемейді.

Шартты кез келген сәтте бұзу мүмкіндігі.

Шартты негізгі (базистік) мерзім ішінде бұза алмау мүмкіндігі.

Жабдық өндіруші компаниялар, олардың еншілес лизинг фирмалары мен сауда компаниялары ұсынады.

Банктер және олардың еншілес лизинг компаниялары ұсынады.

Инвестициялауға ұқсас.

Капитал салымдарына ұзақ мерзімді кредит беруге ұқсас.

Лизинг беруші өзіне меншік иесінің барлық құқықтарын және тәуекел мәселелерін құқықтық реттеуді алады, жауапкершіліктер мен кепілдіктер қарапайым жалға беру шартттарының негізінде болады. 

Лизинг алушы өзіне жеке меншік құқықтарын байланысты міндеттердің бір бөлігін алады (аяқ асты апат тәуекелі, техникалық қызмет көрсету), бұл көбіне сатып алу-сату шарттарының негізінде құқықтық реттеуге ұқсас.

Қайнар көзі:автормен құрастырылған


 

Ғалымдардың пікірінше, жедел және қаржы лизингі ғана лизинг операцияларының негізгі екі үлгісін ғана білдіреді, ал қалған барлығы осы екі түрдің түрлілігі болып табылады. БЕС 17 – Жалдау есебі.

Осы стандарттың мақсаты субъектілер жүзеге асыратын жалдаудың есепке алу тәртібін анықтау болып табылады. Стандарт жалға алудың мынадай негізгі ерекше түрлеріне қолданылмайды:

- мұнай, газ, құрылыс ағаштары, металдар және басқа да минералдық  ресурстар сияқты табиғи ресурстарды  әзірлеуге және пайдалануға байланысты  жалға алу шарттары;

- фильмдер, бейнефильмдер, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық  құқықтар сияқты мақалалар бойынша  лицензиялық шарттар.

Мысалы. Жалға берушіде ұзақ мерзімді жалға 1500000,00 теңге сомаға келісілген құн бойынша жабдық берілді. Жабдықтың қалдық (баланстық) құны – 800000,00 теңге. Жинақталған тозу сомасы – 400000,00 теңге. Есепті кезеңде ұзақ мерзімді жалға алу бойынша есептелген пайыз – 3 0000,00 теңгені құрайды. Есептік шотқа түсімдер жөніндегі жалға алу міндеттемелері бойынша дебиторлық берешек – 50000,00 теңге және жалға алу пайызы – 30000,00 теңге түсті. Жалға алушыға жабдықтың негізгі құралдары түсті және келісілген құн бойынша 1500000,00 теңге кіріске алынды. Алынған тозу сомасы – 400000,00 теңге. Қаржыландыру бөлігінде жалдау ақысы есепке алынды (жалға алу пайызы) – 30000,00 теңге. Жалға берушіге берешегін өтеуге жалдау ақысы – сатып алу құны және жалға алу сыйақысы аударылады (Кесте 2).

 

Кесте 2

Лизинг операцияларын есепке алу

 

 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Сомма, тенге

Шоттар корреспонденциясы

   

дебет

кредит

1

2

3

4

Жалға беруші

Ұзақ мерзімді жалға берілді

 

1500000,00

334/4

722

Жабдықтың қалдық құны

800 000,00

842

132

Жинақталған тозудың сомасы

400 000,00

132

123

Есепті кезеңде ұзақ мерзімді жалға алу жөніндегі пайызды есептеу

30 000,00

332

727

Есептік шотқа түсімдер жөніндегі жалға алу міндеттемелері бойынша дебиторлық берешек түсті

50 000,00

 

30 000,00

441

 

441

334

 

332

Жалға алушы

Негізгі құралдар, жабдықтар түсті, ұзақ мерзімді жалға беру және кіріске алынды

 

 

1500000,00

 

 

123

 

 

683

Алынған тозудың сомасы

400 000,00

123

132

Қаржыландыру саласында жалдау ақысы есептелді (жалдау пайызы)

 

30 000,00

 

831

 

684

кестенің жалғасы

Жалға берушіге берешекті өтеуге жалдау ақысы аударылады:

Сатып алу құны

Жалдау пайызы

 

 

50 000,00

30 000,00

 

 

683

684

 

 

441

441


Қайнар көзі: «КазАгроФинанс» АҚ қаржылық мәліметтері

 

ХҚЕС 17 – Жалға алу

Осы стандарт жалға алушылар мен жалға берушілерге тиісті есеп саясатын және жалға алу операцияларының әр түрлеріне қолданылатын ашу ережесін түсіндіреді.

Стандарт жалға беруші жалға алушыға төлемнің орнына немесе айтылған уақыт кезеңінің ішінде активті пайдалану құқығына төлемдер сериясын беретін барлық жалға алу шарттарына қолданылады.

Жалға алу келісімінің екі түрі бар:

1. Қаржылық жалға алу  – осы активке иелік етуден  туындайтын іс жүзіндегі барлық  тәуекелдер мен мәселелерді беретін  жалдау. Осы активке құқықтық  мәртебе беру таңдау бойынша  жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Операциялық жалдау  – қаржыдан ерекшеленетін барлық  жалдауларды білдіреді.

Есепке алу тәртібі. Жалдауды сыныптау жалдау мерзімінің басында болады. Жалдау шартын сыныптау кезінде оның нысаны емес, мазмұны басты болып табылады. Ол жалға алынатын активке иелік етумен ұштасқан тәуекелдер мен пайдалар жалға алушы мен жалға беруші арасында бөлінген деңгейге негізделген.

Тәуекелдер тұрып қалған қуаттар немесе ескірген технологиялар нәтижесінде, сондай-ақ экономикалық жағдайдың өзгеруінен туындаған ауытқулардан ықтимал шығындарды қамтиды.

Пайдалар активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішінде пайдалы операцияларды күтуді, сондай-ақ құнның өсуін немесе тарату құнының іске асырылуын қамтиды.

Қаржылық жалға алу мынадай төмендегілерді қамтиды:

  • жалға алу мерзімінің аяғында жалға алушыға активке меншік құқығын беретін жалдау;
  • жалға алушыға шарт бағасы бойынша сатып алу мүмкіндігі берілген, ол пайымды айқындылықпен пайдаланылатын болады;
  • жалға алу мерзімі активтің экономикалық қызмет мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
  • ең аз далға алу төлемдерінің дисконтталған құны жалға алынған активтің әділ құнына жақындастырылады;
  • жалға алынған активтер ерекше сипаттағы және жалға алушыға сәйкес келетін активтерді ғана білдіреді;
  • жалға алушы жалға алуды жоюға байланысты барлық шығындарды өзіне қабылдайды;
  • тарату құнының толқуынан пайдалар мен шығындар жалға алушыға көшеді;
  • екінші кезеңге нарықты бағадан едәуір төмен баға бойынша жалға алу мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері