Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

4.Лизинг алушы бұл жабдықты  пайдаланады және  тұрақты лизингтік  төлемін төлейді (әншейінде, мәміле  мен кестенің шартының  тәуелдігіне  байланысты, төлемдер авансыланған  лизингтікке және лизингтікке (сол  мезгілде жабылатын фактрура-шоттарымен)  бөлінеді); барлық авансыланған төлемдер  Лизинг беруші шығыс өтемінен, жабдық сатып алумен  байланысты, лизингілік компанияның қаражатын  пайдаланған үшін проценттен (сыйақы), сақтандыру төлемнен т.б. тұратын  мүліктің өтеліміне қарай шарттың  аяқталуыны дейін фактрура-шоттарымен  жабылады.

5.Лизингілік компанияның  меншік құқығы лизинг шарты  бойынша  барлық төлемдерді төлегенше  сақталады. Меншік құқығының «егерде  басқашы айтылмаса) барлық төлемдерді  төлегеннен кейін ауыстырылады.  

6.Нақты шарттың кестесіне  сәйкес төлем төленбей жатқан  кезде Лизинг беруші  оның меншік  құқығы  бар жабдықты алып қоюға  және сатп жіберуге құқығы  бар.

7.Егерде Лизинг беруші  кестеге сәйкес  лизингілік төлемдер  жасаса  және де шарттың толық  сомасын төлесе- жабдыққа  меншік  құқығы   оған бабысады.  Әдеттегідей, Азаматтық Кодексінің талабына  сәйкес мүлік табысуы қосымша  сатып алу және сату шарты  ресімделеді.

Лизингтің 7 артықшылығы:

1.Лизингке іс-жүзінде белгіленген қаржы шартының шеңберінде сатылатын және сатылып алынатын  кез келген жабдықты алуға болады (мәміле жасасқан Жеткізушілерге қараңдар). Сіз өзіңізге керек лизинг нысанын  және шарты сізді қанағаттандыратындай  Жеткізушіні өзіңіз таңдайсыз, ал біздер  оны сатып аламыз да лизингке береміз.

2.тікелей кредиттеу рыногында  орта есеппен (3 жылға дейін) болғанда  біздер қаржыландыруды өте ұзақ  мерзімге және бір жақты қайта  қараусыз тіркелген мөлшерлемемен  ұсынамыз.

3.Сіз өзіңіздің бизнесіңіздің  салық салуын елеулі ең бастысы  заңды төмендетіңіз: лизигілік төлемдер  толық өзіндік құнға жатады  және пайдаға салынатын салық  бойынша салық салынатын база  азайтады? Сондай –ақ, жеделдетілген өтелім тетегі есебінен сіз мүлікке салынатын салық арқылы үнемдейсіз.

Банктық кредитті тартумен салыстырғанда  және 5-7% кәсіпорыннның меншікті  қаржысын жұмсағанда Лизинг мәмілесі бойынша пайдаға салынатын салықты үнемдеу  бойынша экономикалық тиімділік 10-15 % үнемді құрайды (дисконттаумен). 

Лизинг тетігі  арқылы мүлікті сатып алуды  қаржыландыру үшін пайдаланған мешікті қаражаттар (ішкікорпорация лизингі) сондай –ақ экономикалық тиімділікке ие болады.

4.өнірістің өздеріңізге  керек қаражатын ала отырып  және негізгі қызмет есебінен  айсайынғы лизингті төлемдерді  төлей отырып Сіздерөздереңіздің  айналым капиталдарыңызды сақтап  қаласыздар.

5.Лизинг төлеу тәсімі  Сіздің бизнесіңіздің бюджетін  нақты есептеуге көмектесетін  алдын-ала келісілген төлем деп  ұйғарады (оның інде желілік  кестесу  болуы мүмкін). Егерде керек болып  жатқан жағдайда жобаның басында  лизинг төлемінің құрамында берешектің  негізгі сомасы бойынша біз  сіздреге мерзімін ұзартамыз.

6.Лизинг үшін біз пайымды нарықтық ақы ұсынамыз- «қысқа» операцияларды кредиттеуге  мамандандырылған банктерге өте үлкен проценттер төлеу керек болмайды.

7.Біздің компаниямен жаратымды  кредиттік тарих қалыптастырған  кезде, біз өндірілетін өнімнің  сапасы мен көлеміне сіздің  бизнесіңіздің қажеттігін қанағаттандыру  үшін лизингтік қаржыландырудыңкөлемімен  мерзімін көбейте аламыз.

Лизингті пайдаланудың экономикалық тиімділігін немесе тікелей кредиттеуін салыстыру жеткілікті күрделі  тақырып болып табылады, жалпы түрде оның нақты жобасының және Клиенттің қаржылық жағдайының  өзіндік ерекшелігін есепке алмағанда ашып көрсету оңай емес.

Біздің көзқрасымыз бойынша, ААҚ «РТК -ЛИЗИНГ» тапсырысы бойынша ЖШС «РУСАУДИТ Дорнхоф», Евсеев және серіктестері ААҚ «РТК -ЛИЗИНГ» сайтында  берілген «Лизинг пен кредиттеу арқылы өтелімге жататын мүліктің салыстырмалы талдауы» бүгінгі күнде  тақырыппен қаралатын материалынан ең толық және көкейтесті  болып қалады.

Жалпы түрде,  негізгі қаржыны алуға арналған құрал ретінде лизингтің шартсыз тартымдысын айтып өтуге болады (кесте4).

 

Кесте 4

Қысқартылған ретінде  салыстырма кестесін қарауға болады:

 

Банкінің  кредиті

Лизингтік қаржыландыру

1. Бүгінгі нарықтағы банкінің  кредитінің әдеттегідей  мерзімі 2-3 жыл

1. Лизингтің мерзімі 5-6 жылға  болуы мүмкін. Шарттың мерзімі  мүліктің толық өтелім мерзіміне  тең. Лизинг беруші қайта қаржыландырудың  тәуекелдігін алады.

2. Банкінің кредитін алудың  мүмкіндігін қарастыру үшін Қарыз  алушы  көптеген нысандылықты  орындау, елеулі сан уақыт және  күш жіберу керек. Әдеттегідей,  сондай-ақ Банкте есепті шот  ашу талап етіледі.

2. Лизингтік компания  қаржыландыру үшін меншікті қаражатын  пайдаланады, сондай –ақ банкінің  кредит беруінде ең тиімділігіне  байланысты Клиенттің жобасын  ұсыну бойынша өзіне жұмыстың  үлкен бөлігін алады, сондай-ақ  белгілі Банк үшін қабылданған  және түсінікті нысан бойынша.

3. Қолданыстағы нормативтен  аспайтын шеңберде Қарыз алушы  процентерді өзіндік құнына жатқызады.

3. Лизинг төлемі салық  салатын база азайта отырып  толық көлемде өзіндік құнға  жатады, ал ҚҚС шегерімге жатады.


Қайнар көзі: автормен құрастырылған

 

2.2  Қазақстан  Республикасында лизингтің қалыптасуы  және дамуы

 

Соңғы жылдары мемлекет кіші бизнес пен ауылшаруашылығын қоса есептегендегі экономика секторын несиелеуге бағытталған бірқатар жұмыстарды жүргізуде. Аталған мәселелерді шешуде негізгі роль өндірістің қаржылық және материалды жағдайын түзеуге қажетті қаржылық лизинг көп қолданылады. Бірақ әзірге екінші деңгейлі банктер лизингтік келісім – шарттарды қаржыландыруда аса үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. Оны бірнеше се- бептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктердің қаржылық лизинг мәсе- лесін әрдайым қамтып жатпайтын өзіндік несиелік саясатын есептейтін көп- қырлы жұмыстары болады.

Екіншіден, банктердің бірқатары бұрыңғыдай кірісті өндірістік әрекетті қаржыландырудан байланысты емес операциялардан алғанды жөн көреді. Ал ұйымдастырудың нақты процедуралары мен өндірістің әртүрлі салаларында лизингті өткізудің мүмкін болмауы банктің сәйкес стандарттар шығарып, ондағы өз қатысымының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермей жатыр. Лизингтік келісім шарттарды жүргізу көптеген қосымша рәсімдеулермен қоса жүреді. Олардың ішінде жылжымалы мүліктің қаржы лизингі келісімін мемлекеттік тізімнен өткізу туралы талап, алынатын құралды сертификаттау мен стандарттау шарттарының орындалуы, бухгалтерлік есепте лизинг нысанының дұрыс көріну мәселесі де бар. Адалдығы мен төлемге қабілеттілігі міндеттемелер тізімін орындауға аса қажетті лизингтік қатынас қатысушыларының ортасы да аса маңызды. Бірақ құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарға қарамастан, өндірісшілер лизингтік келісім – шарттарға қатысуға қызығушылық білдіріп отыр. Республиканың коммерциялық банктерінің несиелік белсенділігі жалпы алғанда айтарлықтай жоғары және ұлғайып келеді. Банктер беретін несиелердің көп бөлігі экономиканың өндіріс және сауда секілді саласына бағытталады. Экономикадағы жалпы несиелер көлеміндегі олардың үлес салмағы ағымдағы жылдың бірінші тамызында сәйкесінше 33,4 және 29,8% құрады. Осы мерзімде кіші кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер үлесі 23,5%. 2001 жылы екінші деңгейлі банктер негізгі құралдар сатып алуға 27 717,6 млн. теңге, 2002 жылы 40 954,8 млн. теңге, ал 2003 жыл-дың бірінші тамызында 57 216,2 млн. теңге берген. Осы жылдар ішінде өндірістің айналымдағы ақша құралдарын толықтыруға кеткен несие сәйкесін-ше 61,5%, 64,4% және 63,5% тең. Қаржы министірлігі мәліметтеріне сәйес, өндірістердің негізгі қорларын жаңартуға 800 млрд. теңге салым сомасы қажет, бұл өткен жылы барлық банктер берген несиелер көлемінен екі есе көп. Өндіріс орындағы құралдардың ескірі дәрежесі 40 – 70% және одан жоғары. Жыл сайын Республикада негізгі өндіріс қорларының 0,8 – 1,2% ғана жаңартылады, ал дамыған мемлекеттерде ол 6 – 8% тең. Негізгі капиталға енетін инвестициялар-дың көп бөлігі өндірістердің жеке және сырттан тартылған ақшалары есебінен қаржыландырылады.

Ұлттық банк жүйесі жақын арада экономиканың несиеге қажеттілігін толық өтей алмайды. Қалапты өндіру процесіне қажетті банк жүйесінің капиталы, әлемдік практикаға сәйкес ЖІӨ 6 – 7% құрау керек. Бұдан өзге де мәселелер бар: көптеген өндірістердің қаржылық қызметінде адалдықтың болмауы, менеджмент деңгейінің төмендігі, кредиторлар құқығын қорғаудың берік жүйесінің болмауы. Банктер үшін несиелік операциялардың жоғары қауіптілігі жалға алушы туралы, оның төлем қабілеттілігі туралы толық мәліметтің болмауымен шартталған. Банктердің инвестициялық белсенділігіне күтіліп отырған барлық өндірістердің қаржылық есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуі, олардың кәсіби және қаржылық атағын танытудың тиімді жүйесін құру да әсер етуі мүмкін. Кредиторлар мен жалға берушілердің өзара адамдығының шарты ретінде, қызығушылық танытқан тұлғаларға потен- циалды жалға алушылар туралы ақпарат жинап беретін мемлекеттік несиелік бюроның құрылуынжатқызуға болады. Осы мақсатпен ұлттық Банк «Несиелік бюро туралы» Заң жобасын жасап шығарып, оны өкіметпен сәйкес министір- ліктер назарына ұсынды. Банктер лизингтік операцияларда жеке өздеріне еншілес компаниялар арқылы қатыса алады. 2002 жылы 1 тамызындағы мәлі-метке сәйкес қаржылық лизинг аясында екінші деңгейлі банктердің балансты есепшоттарында клиенттер қалдырған сома 9 058 540 мың теңге, ал банк алған ақша 42 149 мың теңгені құрайды.

Бүгінгі күні лизинг, оның ішінде қаржылық лизингті қолдану экономика мен әлеуметтік саясаттың дамуында көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берсе де, Қазақстанда сұранысқа ие бола алмай келеді. Негізгі себеп – лизингтік қызметтің отандық рыногында құқықтық, институционалдық және ұйымдастыру – техникалық бағыттағы шешімін таппаған мәселелері бар. Осын-дай факторлар қатарында, бірінші кезекте лизингтік келісім – шарттарды жүзе-ге асырудың заңнамалық базасының әлсіздігі, өйткені «Қаржылық лизинг туралы» Заң Азаматтық Салық және Кедендік Кодекстер нақтылай түсуді қажет етеді. Сонымен қатар қажетті ақпаратты алу шарттарының шектелуін қоса есеп-тегенде лизингтік қызметтер инфрақұрылымының болмауы, халықаралық деңгейде лизингтік операцияларды ұйымдастыру мен өткізу үшін технологиялардың жетіспеушілігі. Қазақстан 1998 жылғы «Қаржылық лизинг туралы» халықаралық конвенцияға әлі енген жоқ. Нарықта жоғары қауіп бар, алғашқы төлем төлеу мен ресурстар құнының жоғары деңгейінде қаржыландыру мерзімі шектелген. Лизингтік инвестициялық жоба тиімділігін оперативті бағалау әдістемесі жоқ. Лизингтік компаниялар әртүрлі өндіруші-лер мен Республика аймақтарындағы құралдар мен технологияларға деген қажеттілікті толық зерттемеген. Ал кіші және орта бизнестің көптеген субъектілерінде пайда мен лизинг перспективтілігі туралы түсінік жоқ. Тәжі-рибе көрсеткендей, лизингтік операциялардың жасалуы көп адамдар үшін зор қиыншылықтар туғызып тұрған сапалы бизнес жоспары болған жағдайда ғана өз қатысушылары үшін тиімді бола алады.Шетелдік  тәжірибеге сенсек, оперативті лизинг дамуы жақсы дамуы керек. Бұл жағдайда лизинг алушы мерзімі аяқталғанда құралды меншік иесіне қайтарып береді, ал лизинг беруші негізгі кірісті құралды екінші реттік нарыққа өткізгенде ғана алады. Лизингтік міндеттемелердің сақтандырылуы, лизнг келісім – шарттары базасында бағалы қағаздар эмиссиясы, тауар жеткізушілер тарапынан үлестік қаржыландыруды ұйымдастыру, сондай – ақ лизингтік операциялар болуы керек. Қауіпті бірнеше банктер арасына бөлу келісім – шарттары мен жақтар міндеттемелерінің қамтамасыз етілуінің сақтандыру принциптерін жасау дұрыс деп табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының берілген кезеңінде несиелік және кәсіпкерлік қауіптің алдын алудың оптималды нұсқаларының бірі ретінде лизингтік операциялардың кешенді тауарлы – ақшалы кестесін жүргізу ұсынылады. Мұнда салымшылар ретінде бір мезетте 3 субъект: өндіруші, банк және лизинг алушы болады. Лизинг дамуын оның мемлекеттің әуе және ауылшаруашылығы салаларында қолдануы жоғарлатуы мүмкін. Қазақстан Республикасындағы сәтті дамып келе жатқан «КазАгроФинанс» мемлекеттік акционерлік қоғам мысалында қарастырып көрейік. «КазАгроФинанс» АҚ Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық техникасы қаржылық лизинг бойынша 5 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Машина – тракторлық парктері көнерген республика аймақтарының барлығын қамту мақсатымен 12 облыстық бөлімшелер мен өкілдіктер құрылған. Өзі әрекет ете бастаған мезеттен бастап, қоғам 2004 жылдың 1 қазанындағы жағдайғасәйкес активтер өлшемі 20 млрд тегелен астам Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың біріне айналды. Қоғам республиканың ауылшаруашылығына барлығы 25,2 млрд теңге берген. Аталған мезетте компанияда 700 жалға алушылар мен 1250 – ден астам келісім – шарттар бар, лизингкке ауылшаруашылығы бірліктерінің 5300 астамы берілген.

2003 жылдан бастап «КазАгроФинанс»  АҚ 2003 – 2005 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының мемлекеттік аграрлық  бағдарламаны орындауға қатысып  жатыр. Ол көлік – технологиялы  бекеттерді қамтамасыз ету мен  қаржыландыруға республикалық бюджеттен  ақша бөлген. Көлік – технологиялық  станциялар ауылшаруашылығы өнімдерін  өндірушілерге дәнді дақылдарды  өсіруге, жөндеу техникалық, кепілдік  қызметтерін жүргізу, ауылшаруашылығы  техникасын қолдану, құралдар мен  қосымша бөліктерді қолданысқа  ендіруге көмекке арналған.                       

2003 – 2004 ж.ж. «КазАгроФинанс»  АҚ Маңғыстау және Атырау облыстарынан  басқа облыстарда 14 көлік – технологиялық  бекеттер құрды. Олар 1362 техника  бірлігін алды: оның ішінде 243 трактор, 137 комбайн және 982 ауылшаруашылығы  машиналары, құралдар, техникалық қызмет  құралдары бар болатын. Барлық  ауылшаруашылығы техникасы, қаржылық  – шаруашылық, өндірістік жұмыстарды  қамсыздандыруға 2950 млн теңгеден  астам ақша жұмсалған.

«КазАгроФинанс» АҚ тек ірі лизингтік компания ғана емес, ол республикадағы лизингтік қатынастарды реттеуші де болып табылады. Компания мамандары лизингтік заңнама базасының қалыптасуына елеулі еңбек сіңірді, олардың қатарында «қаржы лизингі туралы» Заң, Азаматтық, Салық кодекстері және өзге де заң актілері бар. Компания басшылығының негізгі мақсаты – республиканы ауылшаруашылық құрылымдарына лизингтік жобаларды алуды мүмкін ету, мысалы компания клиенттерінің 50% шаруалар мен фермерлік шаруашылықтардан құралған. Компанияның дамуға үлкен алғышарттары бар. Болашақтағы жоспарға республикалық көлік – технологиялық парктерін жаңартуды жыл сайын қаржыландыру, көрсетілетін қаржылық қызметтер сферасының кеңейтілуі, ауылшаруашылығы техникасының лизингінен басқа, 2005 жылдан бастап аграрлық сектор үшін технологиялық және өңдеу құралдарының қаржылық лизингін жүзеге асыру енгізілген.

Сөйтіп «КазАгроФинанс» АҚ республиканың барлық аграрлық секторының дамуын қаржыландыратын толыққанды қаржылық институт және нағыз одақтас болып табылады. Сонымен бір мезетте жеке салымшылар мен кредиторлар үшін компанияның инвестиционды бейнесі де өсіп келеді. Бүгінде ауылшаруашылығы техникасының лизингін ұсынатын өзге де бірқатар компаниялар бар. Бірақ қоғамның артықшылықтары мынада жатыр: шынында Қазақстандағы лизингтік қызметтер рыногы күн санап өсіп келеді. Республикада бар техника мен құралдар паркі ескіріп, жөндеуді қажет етіп тұрғаны құпия емес, ал жалғыз шығар жол лизинг, сондықтан алдағы жылдары оған деген сұраныс жоғары деңгейде қалмақ.

Қазір елде лизинг дамуына бар мүмкіндіктер жасалған, олар аталған нарықта бәсекелестік туғызып, лизингтік қызметтер сапасының жақсаруы мен пайыздық ставкалардың төмендеуіне әкелмек. Лизингтік қызметтер рыногы өндіруші үшін де, салымшы үшін де қызығушылық туындатып отыр. Мамандар бағалауы бойынша, негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі бойынша есептегенде, қазақстандық лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар үлесі алдағы 3 жылда 4 – 5% деңгейге жетіп, 500 – 550 млн АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері