Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

 

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1  Лизингтің пайда  болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9

1.2  Қазіргі лизингтің  формалары мен түрлері..................................................... 12

1.3  Лизингтік төлемдерді  есептеу әдістері........................................................... 23

 

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

 

2.1  Қазақстан Республикасындағы  лизингтің құқықтық негіздері...................30

2.2  Қазақстан Республикасында  лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43

2.3  «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................71

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы лизингті дамыту туралы USAID жобасының жетекшісі А.Омаров мынаны айтты: лизинг ауылда енді дамып келе жатқанда, шаруашылық адамдарында қаржы ресурстары болмайды. Олар банк иелеріне табиғи тауарлар беретін секілді, бірақ бұл да әлі дәлелденбеген. Кейбір лизингтік өнеркәсіптер жалпы өнеркәсіптерде ақша болмаса, мүлік беруге ұсыныс жасайды. Омаров мырза лизингтің несиеден бірқатар артықшылықтарын атап көрсетті. Бірақ лизинг пайыздары несиемен бәсекелестікке түсе алмайды, бұл әсіресе оның алыну тәртібіне байланысты.Сондықтан салыстырмалы артықшылық жай ғана сөз жүзінде қалады. Ал әлсіздіктер қатарына кепілдеме талаптарының аздығын санауға болады. Лизингтік операцияларға салық салуға жеңілдіктер беріледі.Сонымен қатар лизинг беруші және Ұлттық Банк өкіметі жағынан да лизингтік операцияларды бақылау азайтылады.

Лизинг – Қазақстанның жаңа нарықтық экономикалық өмірінде кейінгі кезінде пайда болған ұғымдардың бірі. Бұл сонымен қатар алып – сату, аренда және қарыз қатынастарын қамтитын күрделі құбылыс. Әртүрлі экономикалық қатынастарға қатысты болғандықтан лизингтің бүгінгі күні әдебиеттерде біркелкі анықтамасы жоқ.

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті.  Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты.осы тақырып бойынша көптеген әдебиеттерді қарастырып, Қазақстандағы қаржылық лизингінің қызметін қарастыру,оған байланысты көрсеткіштер кешенін зерттеу, талдау мен ұсыныс жасау болып табылады.

Жоғарыда айтып өткен мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қарастырылды:

- лизингтің теориялық  негізін зерттеу

- Қазақстандағы лизингтің  даму жағдайын қарастыру;

- лизингтік қатынастардың  шетелдік тәжірибесін қарастыру;

Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды дамыту үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүргізіделі. Бұл шаралар негізінен лизингтік қатынастарды оңтайландыруға бағытталады. Қазіргі кезде халықтың көп бөлігі лизинг, лизингтік қатынастар туралы түсінігін әлі қалыптастырған жоқ, яғни жаңа істі бастаушы кәсіпкерлер лизингтік қатынастар мәнін түсінбеген. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде лизингтік қатынастарды тиімді жүргізудің жолдары қарастырылмаған. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер бойынша шаралар жүргізілуі  міндетті.

Курстық жұмысты жазу мен қаржылық лизингті талдау үшін ақпараттық база ретінде «КазАгро Финанс» акционерлік қоғамының  2007-2009 жылдардағы қаржылық есептілік мәліметтері және әр түрлі әдістемелік әдебиеттер қолданылды.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  • лизингтің пайда болу тарихы, оның мәні,формалары, лизингтік төлемдерді есептеу әдістерінің теориялық тұрғыдан негізделген ;
  • Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері мен қалыптасуы және дамуын қарастырып,«КазАгроФинанс»  акционерлік қоғамы мысалында лизингтік қызметі жан-жақты талданған;
  • аталған кәсіпорынның негізге ала отырып, қазіргі кездегі қаржылық лизингті дамыту перспективаларын анықтап,ол бойынша жетілдіру жолдары ұсынылған.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі.Қазақстан Республикасындағы лизинг рыногы және«КазАгроФинанс» акционерлік қоғамы.

Зерттеу пәні.Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің қалыптасуы және оны ұйымдастыру жағдайын қарастыру бойынша туындайтын қаржылық қатынастар.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмысты дайындау кезінде қаржылық лизингте пайда болатын қатынастарды реттеуге бағытталған ғалымдардың теориялық қорытындылары мен ұсыныстары қолданылған. Сонымен қатар, жұмыста жалпы әдістермен бірге, арнайы әдістер қолданылған, яғни салыстырмалы-құқықтық, жүйелі, тарихи және т.б. ғылыми әдістер.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста  кестелер мен суреттерден тұрады.

 

1. ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтік мәмілеменің мәні

 

Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді.

«Юнайтед Стейтс лизинг корпорациясы» атты алғышқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған.

Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдофта (Германия)  пайда болыпты. 1972 жылдан бері Еуропа лизинг рыногы дамып келеді.

Ең алғашқы лизинг туралы заңдардың бірі 1284 жылғы Уэльс Заңы болып табылады.

Лизингтің маңызы - өзіне тиесілі әр саланың дамуына үлесін қосу.  Сонымен қатар мемлекет үшін лизинг жаңа техниканы сатуға көп мүмкіндіктер туғызады.  Лизинг фирмаларды осындай операцияларды қаржыландыруға итермелейді. Ал, фирма қолданушыларға өндірістік қорлардың тұрақты жаңарып тұруына мүмкіндік береді. Қазіргі заманда лизинг – ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның бәсекеге қабілеттілігін әлемдік нарыққа көтерудің факторы болды. Өндіріс орындарындағы жабдықтың тозуы және моральдік ескіруі, негізгі капиталды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуының перспективті алаңына айналдырып отыр.

Әрбір күрделі экономикалық ұғым ретінде лизинтің де бірнеше анықтамасы бар.  Ең алдымен лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса, жалғы берушы және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы лищинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғаларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизинг - кәсiпорындарға қажеттi негiзгi құралдарды сыртқы ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың есебiмен алуға мүмкiндiк беретiн бiрегей инвестиция сайманы. Кәсiпорындардың дәл қазiр толық бағасының аз ғана бiр бөлiгiн төлеп және қалған бөлiгiн кейiнгi бiрнеше жылда бөлiп төлеу арқылы, жаңа құрал-жабдық пен техниканы алу мүмкiндiктерi бар. Сонымен қатар, банкiлерден алатын несиеден артықшылығы, лизингке берiлген құрал-жабдықтың меншiктiк құқығының өзi кепiл болып табылады. Лизинг мерзiмiнiң соңында, бүкiл лизинг төлемдерi төленген жағдайда, лизингке берiлген құрал-жабдықтың меншiктiк құқығы лизинг берушi компаниядан лизинг алушыға өтедi.

Экономикалық қатынстарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несиежал» (фр. “credit - pail”) деп атайды.

 Лизинг заты: ғимараттар, құрылыстар, жер телімдері, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік және  кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын  басқа да негізгі қаражаттар.

Құнды қағаздар мен табиғат байлықтары лизинг заты бола алмайды.

Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады:

- Лизингберуші – меншігіне  лизинг затын алушы және оны  лизинг шарты талаптарында Лизингалушыға  беруші жақ.

-Лизингалушы –  кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.

- Сатушы – Лизингберуші  лизинг затын алатын жақ (сурет 1).

 

Сурет  1


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Лизингтік мәмілеге қатысушылар

Қайнар көзі:Чекмарева Е.Н. Лизинговый бизнес - М.: Издательство «Экономика», 2003 ж., 78б

Лизингтік мәміле жасау тәртібі:

1.Лизинг алушы Лизинг  берушіге хабарласады;

2.Лизинг беруші лизинг  затын сатушымен келіссөз  жүргізеді және жобаны сараптайды;

3.Лизинг беруші несие комитетінде шешім қабылдайды; Лизинг алушы, Лизинг беруші және Сатушы  үшжақты Сатып алу-сату шартына отырады -  Лизинг беруші мен Сатушы  үшжақты Сатып алу-сату шартына отырады, осылармен қатар бір уақытта Лизинг алушы мен Лизинг беруші  екіжақты лизинг шартына отырады;

4.Лизинг алушы Лизинг  берушінің арнайы шотқа 0,0-ден  30,0 %-ға дейінгі мөлшерде бастапқы жарна салады.

5.Лизингберуші сатып алу-сату  шартының талаптарына сай лизинг  затының құнын Сатушыға төлеуді  жүзеге асырады;

6.Лизинг беруші лизинг  затын Лизинг алушыға жеткізуді  жүзеге асырады. Жеткізуге тасымалдау, лизинг затын импорттағанда кедендік  ресімдеу, сатушыдан лизинг затын  алу, оны ресімдеу және Лизинг  алушыға беру кіреді

Қазақстан Республикасындағы лизингтің құрылымдардың қалыптасуы 1989 ж. екінші жартысынан бастау алады. Республика көлемінде алғашқы лизингтік кәсіпорындар коммерциялық банктердің және жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен құрылады. Олар кең көлемі қызметтегі акционерлік кәсіпорындар және де олар тек қана сатып алу- сатумен емес, сонымен қатар техникалық құралдарды жалға және лизингке берумен айналысып отырды. Мысалы, 1989 жылы лизингтік операцияларды жүзеге асыру үшін республикадағы алғашқы коммерциялық банктердің бірі  «КРАМДС-Банк» құрылтайшысы болған «КРАМДС-Лизинг» акционерлік кәсіпорыны құрылып, өз жұмысын кіріс етті.

1992 жылдың орталарында  республика экономикасының мемелкеттік  емес секторында 120-дай коммерциялық  банктер мен 20 лизингтік фирмалар  жұмыс істеп отырды. Олардың қатарында  «КРАМДС-Лизинг», «Алма-ата Техлизинг», «ТехникаЛизинг», «ТуранЛизинг» және  тағы басқа,

Қазақстан ауыл шаруашылығында лизингтің дамуын зерттеуші ғалымдардың бірі К.А. Сағадиев лизингтік бизнестің аз ғана даму тарихын 3 кезеңге бөліп көрсетті:

Бірінші кезең (1989-1992 ж.ж.) – республикамызда лизингтік бизнестің басталу кезеңі. Бұл уақыт аралығында лизингтік компаниялар құралыды. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер бір реттік тәртіпте және аз мөлшерде лизингтік операцияларын жүзеге асырып отырды.

Екінші кезең (1992-1994 ж.ж.) – ішкі нарықтағы қолайсыз экономикалық жағдайдың нәтижесінде лизингтік бизнестің дамуының басылу кезеңі.

Үшінші кезең (1995-1997 ж.ж.) – қайта жандану кезеңі, лизингтік бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрестуге бұру.

1992-1994 жылдар Қазақстанда  лизингтік бизнестің дамуына  ең қолайсыз кезең болды. Бұл  аралықта ішкі экономикалық жағдай  қайта құрылған лизингтік фирмалар  мен коммерциялық банклердің  ұзақ мерзімді операцияларды  жүзеге асыруына жағдай жасай  алмады. Бірақ та кейбір компаниялар  лизингке негізделген бір реттік  экспорттық-импорттық  операцияларды  жүзеге асыруды тоқтатпады.

1995 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан  Республикасының Үкіметі мемелкеттік  мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік  комитет жанынан лизинг жөніндегі  департамент құру туралы қаулысын  қабылдады. Ол өндіріске ірі мөлшердегі  инвестициялар тарту құралы ретінде лизингті пайдалану ачсында біртұтас мемлекеттік саясатты қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы болды.  

Қазір Қазақстан аумағында түрлі бағыттағы 16 лизингтік компания жұмыс істейді: олардың 11-і  -Алматыда, 4-уі – Астанада және біреуі – Қарағандыда. 2004 жылдың аяғына таман республикда лизинг көлемі 250 миллион долларға жуықтады. Ал ек-үш жылда, Халықаралық қаржы корпорациясының мамандарының бағалауы бойынша, үш есе көбейеді.

Қазақстан Республикасында  80 – жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жлдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, кеоешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикағы өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері