Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2012 в 09:37, курсовая работа
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Кіріспе 2
1 ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдiк тәжiрибесi 4
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері 4
1.2 Шетелдiк- тәжiрбенi туризм саласындағы маркетингте қолданылуы…………………………………………………………………………..16
2 ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туристік маркетингті талдау және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………..........................23
2.1. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін талдау............................................................................................................23
2.2.Қазакстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы……………………………………………………………………....................26
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………...37
Жарнамалық кампаниялар жүзеге асыруды өткізу бөліміне беру керек. Қоғамдық жаналықтарды электронды құрылымдар арқылы қолдану туралы жарнамалық агенттіктерге жүгіну жақсы. Берілген жарнамалық агенттер жарнаманы теледидар мен радиоға жібереді, шағын компаниялар тауар туралы бағдарлама түсіре алады.
Сайтта
құру мен дизайнын жасау дизайнерлік
компьютер фирмаларына
Туризм Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.
Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. ДТҰ жылма-жыл стсатистикалық жинақ шығарып отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет. Туризм қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың маркетингтік кешенін жолдау толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың актуалдылығын аңғаруға болады.
Республикамыз бойынша туризм, демалу және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн га жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда 168,6 мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың га, Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік Қазақстанда 513,4 мың га.
Қазақстанда
туризмді дамытудың маңызды
Қазіргі таңда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көрші мемлекеттер Қазақстанды туристік көрсеткіштер бойынша артта қалдыруда.
Қырғызстан мен Өзбекстанның артықшылықтары туризм бұл елдерде басымды мемлекеттік саясат болып табылады. Бюджеттен тікелей субсидиялар, өкілетті органдардың жоғары мәртебесі, салық салудағы жеңілдіктер.Сонымен қатар туризмді дамытудың басты жолы – жарнама.
Туристер үшін Қазақстанда 700 саяхат бағыттары ұсынылады. Сонымен қатар, 32876 орны бар әр түрлі категориядағы 372 қонақ үйлер жұмыс істейді. Алматыда 4950 орны бар 25 қонақ үй бар.
Туристік қызметтердің баламалы рыногын көрші елдер ұсынып отыр, мұндағы Қазақстан Республикасындағы келесі факторлар нәтижесінде ұтылып отыр әсер етеді (1сурет).
Біріншіден, шетел азаматтары үшін визаның қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу процедурасы.
Екіншіден, турфирмалардан алынатын жоғары салық қойылымдары.
Үшіншіден, кедендік процедуралардың күрделілігі.
Төртіншіден, теңізге шығатын жолдың жоқтығы және елдің туризм объектісінің территориялық алшақтығы.
Бесіншіден,
Үкімет басындағылардың экономикалық
дағдарысты себеп қылып ақша қаражаттарын
туризмге салмауы. Шетел азаматтары үшін
виза мәселесін жеңілдету мақсатында
Қазақстан Республикасының Шетел іс Министрлігі,
туризм және спорт агенттігі, Ішкі Істер
Министрлігі бірігіп, виза процедурасын
жеңілдету бойынша эксперимент жүргізу
туралы шешім қабылдады. Эксперимент Астана
және Алматы қалаларының әуежайларында
жүргізіледі.
4-сурет.
Қазақстандағы туризмді
Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.
Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар: 1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды; 2) Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда. Егер турист кез-келген аймақта туристік сапармен жүрген кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады; 3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі; 4) көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай болмауы (тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.); 3) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады.
Қазақстан туризм саласына SWOT талдау жүргізетін болсақ, МЖМ алаңы – яғни, Қазақстан матрицада көрсетілген мықты жақтарын қолданып, туып отырған мүмкіндіктерді жіберіп алмауы тиіс. ҚР туристік ел ретіндегі басқа елдерге қарағандағы бәсекелестік артықшылығы геосаяси жағынан өте ыңғайлы жерде орналасуы, туристік рекреациялық зоналардың, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлігі, саяси тұрақтылығы, ілгері экономикалық дамуы, территориясында тарихи ескерткіштердің мол болуы және Ұлы Жібек Жолының бойымен орналасуы болып табылады. Аталып кеткен мықты жақтар Қазақстанда туризм саласының үлкен потенциалы бар екеніне көзімізді жеткізеді және соның әсерінен еліміздің алдында бірқатар мүмкіндіктер туғызады. Олар SWOT матрицасында келтірілген. Енді біздің мақсатымыз аталған мықты жақтарды пайдаланып, туып отырған мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қол жеткізетін стратегия бойынша туризм саласын дамыту. Яғни, дамыту дегеніміз саланың алдында тұрған бірқатар мәселелер тізбегін шешу. Бұл мәселелер біздің әлсіз жақтарымыз болып табылады. Олар да SWOT матрицасында өзінің орнын тапты және ӘЖМ алаңында мүмкіндіктермен қиылысады. Осы алаңның мағынасы – мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін әлсіз жақтарды жою керек. Сол мақсатта жүзеге асатын стратегиямен жұмыс істеуіміз қажет.
Сонымен қатар, туристік
Туристік саланың төмен деңгейде болуының себептері мен оған төніп отырған қауіптері ӘЖҚ алаңында қиылысуда. Бұл алаңда біздің алдымызда тұрған мәселе - әлсіз жақтардан құтылу және қауіптерді әр қашанда қадағалау, өмірде өз көрінісін табуына жол бермеу. Сонда мықты жақтар әсерінен пайда болып отырған мүмкіндіктер жүзеге аысп, елімізге үлкен пайдасын әкелер еді.
Кесте 2 – SWOT матрицасы.
|
Мүмкіндіктер
Қызмет көрсету саласын кеңейту. |
Қауіптер
|
Мықты
жақтар
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР – МЖМ | МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР – МЖҚ |
Әлсіз
жақтар
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР - ӘЖМ | ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР - ӘЖҚ |
Туристік кластер ядросы қызмет жабдықтаушылар болып табылады, басқа сөзбен айтқанда бұл шетел туристерін Қазақстанға шоғырландыру қызметтерін ұсынатын туристік агенттіктер. Қонақ үйлер, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар да туристік бизнестің өте маңызды құраушылары болып табылады және туристік агенттіктермен ұсынылатын қызмет пекеттеріне енгізіледі.
Қызықтыру орындары туристік кластер картасының өте маңызды орнын алады, себебі олар тек туристер таңдауын ғана емес, сонымен қатар әр бір елдің ерекшеліктерін де көрсетеді.
Қазақстанның
Келушілер де туристік кластердің маңызды бөлігі, туристік кластер картасы тапсырыс берушінің қалауына байланысты өзгеріп отырады.
Туристік
Туристік кластер дамуының қажетті құраушысының бірі білім беру мекемелері, салалық ассоцияциялар және мемлекеттік мекемелер. Білім беру мекемелері туристік кластерге қажет мамандары даярлаумен шұғғылданады.
Туризм индустриясын дамыту мақсатында біртұтас мемлекеттік саясат жасалған. Білім беру, мәдеениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитеті Республиканың заң базасына сүйеніп, 2030 жылға дейін саланың дамуының стратегиялық бағдарламасын және «Жібек жолының тарихи орталықтарын өркендету» мемлекеттік бағдарламасын жасады. Екі бағдарлама да Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысымен үкімет қаулысымен бекітілген. Қазақстандағы Жібек жолы бөлігін өркендету мақсатында «Жібек жолы – Қазақстан Ұлттық компания» АҚ құрылды.
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
Қазақстан өзінің туристік
Информация о работе Қазақстан Республикасының туристік маркетингті талдау және оны жетілдіру жолдары