Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 21:42, реферат

Описание работы

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.
Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.

Файлы: 1 файл

Конституциялық кеңес.docx

— 23.76 Кб (Скачать файл)
 

Қазақстан Инженерлі Педагогикалық Халықтар Достығы Университеті

 

Гуманитарлы – педагогикалық департамент

 

 СӨЖ

 

Тақырыбы:   «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі»

 

 

                                                 

 

 

 

 

 

                                                 Орындаған: Сабирова Д

                                                              Топ:113-22

                                                Қабылдаған: Тайтелиева Б

 

 

             Қазақстан Конституциялық Кеңесі

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын  Республика  Президенті  тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика  Президентімен, екеуі  Сенат  төрағасымен, екеуі  Мәжіліс  төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;
  • Парламент депуттарының сайлауы;
  • Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.

                                   Тарихы

ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(2001-2005 жж.):

ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес қүрылды.

Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары түруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды.

КР Конституцияльщ Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бүйрығымен ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі, міндетгері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді.

ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды.

ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелері: ғылыми - қүқықтық бөлім; ақпараттық - талдау бөлімі; жалпы бөлім, қаржы - шаруашылық бөлімі.

ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2002 ж. 1 қаңтардағы бұйрығымен

ҚР Конституцияльщ Кеңесі аппаратыньщ құрылымы бекітілді:ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі.

ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2004 ж. 15 қыркүйектегі бүйрығымен

ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының қүрылымына өзгертулер енгізілді: ұйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жалпы бөлім үйымдастыру және кадрлар жүмысы бөлімі болып, қүқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері қүқықтық сараптама бөлімі болып қайта үйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бүйрығымен қаржы-шаруа тттылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта қүрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.)

               VI бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

71-бап

1. Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.

2. Конституциялық  Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.

3. Конституциялық  Кеңестің екі мүшесін — Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.

4. Конституциялық  Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

5. Конституциялық  Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін  өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

6. Конституциялық  Кеңестің ұйымдастырылуы мен  қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

72-бап

1. Конституциялық  Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;

2) Парламент қабылдаған  заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың  халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;

4) Конституцияның  нормаларына ресми түсіндірме береді;

5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген  реттерде қорытындылар береді.

2. Конституциялық  Кеңес соттардың өтініштерін  Конституцияның 78-бабында белгіленген реттерде қарайды.

73-бап

1. Конституциялық  Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.

2. Конституциялық  Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.

3. Конституциялық  Кеңес өтініштер түскен күннен  бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

4. Конституциялық  Кеңестің шешіміне толығымен немесе бір бөлігіне Республиканың Президенті қарсылық білдіруі мүмкін, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріледі. Президент қарсылығы еңсерілмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі.

74-бап

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.

2. Конституциялық  емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

3. Конституциялық  Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды


 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі