Қазақстан Республикасының туристік маркетингті талдау және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2012 в 09:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 2
1 ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдiк тәжiрибесi 4
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері 4
1.2 Шетелдiк- тәжiрбенi туризм саласындағы маркетингте қолданылуы…………………………………………………………………………..16
2 ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туристік маркетингті талдау және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………..........................23
2.1. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін талдау............................................................................................................23
2.2.Қазакстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы……………………………………………………………………....................26
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………...37

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы.doc

— 377.00 Кб (Скачать файл)

    Бүл жоғарыдағы цифрлар арқылы Қырғызстанның  өз территориясы жағынан (198,5 млн. мың км.кв.) мүмкіндігі болса да өз туристік артықшылықтарын қолдана алмай тұрғанын көруге болады.

    Қырғызстанда  туризм нақты инвестицияның болмауынан, қонақ-үй сервисінің төмен дамуынан, білікті мамандардың тапшылығынан онша дамымай отыр.

    Республикада  үлкен рекреациондық ресурстар  бар. Оның территориясында 14 курорттық рекреациондық зона, 10 таулы туристік және альпинистік зоналар бар. Тарихи-мәдени археологиялық музейлерге, тарихи ескерткіштерге бай ел.

    Сондықтан да Қырғызстан туризм индустриясын дамыту үшін өте қолайлы жер болып саналады.

    Бұл елде туризмнің дамымауының бірқатар себептері :

  • халықаралық стандарт талаптарына елдің туристік кешенінің сәйкес келмеуі;
  • жергілікті қонақ-үй базасының болмауы;
  • сервистің төменгі деңгейі;
  • маркетинг қызметінің жеткіліксіздігі;
  • туристік-рекреациондық объектілердің және тағы да басқа моральдық және 
    физикалық ескіруі;
  • қаржы қаражатының жетіспеуі.

    Қырғызстан  экономикасына инвестицияны тарату үшін біріккен туристік фирмаларды құру арқылы Халықаралық станлартқа сай жоғарғы сапалы сервисті үйымдастыру арқылы қосымша жұмыс орнын құрып туристер санын көбейту керек. Ол үшін төмендегілер қажет:

  • туристік кешенді дамытуда шетел және отандық инвестицияны тарту үшін 
    жеңілдік беру;
  • жоғарғы    эффектілі    жарнама    жасау    (географиялық    карталар,    жақсы 
    орындардың  фотосуреттері,  видеофильмдер,  буклеттер мен  брошюралар 
    және т.б.);
  • инвестиция   ағымын   көбейту   үшін   ақпараттық   қамсыздандырудың   кең 
    бағдарламасын құру;
  • туризмнің МТБ және оның инфрақұрылымының қамтамасыз ету;
  • халықаралық станларт деңгейіне деійн қызмет көрсетусапасын жоғарылату, 
    туристердің мүдделерін қорғау мақсатымен Халықаралық туристік қызметін 
    лицензиялау және сертификаттау жүйесін жетілдіру;
  • телекоммуникация торын, байланыс қызметтерін дамыту;
  • виза жүйесін жақсарту және жетілдіру.

    Туристік  секторды тікелей инвестицияны тарту, қаржылық салымдар мен өкімет қолдауы арқылы дамыту Қырғызстан үшін экономикалық дамуындағы маңызды факторы екенін білеміз. 2001 жылы Қырғызстан Республикасында «Туризм жылы» деп аталынды. Туризмді дамытудағы бұл бағдарламаның қонақ үй индустриясына қатысты стратегиялық бағыттары келесідей:

  • 10-50 орынды мотелдерді соғу;
  • әр түрлі класты жаңа қонақ үйлерді соғу және бар кұрылысты жөндеуден 
    өткізу;
  • кемпинг, жанұялық және пансионаттар қүру;
  • қонақ үй персоналын дайындау және оқыту;
  • орынды бронерлеуде компьютерлік торға ену.

    Туризмді  дамыту тек туристік ғана емес, сонымен  қатар, бірнеше басқа да бизнес түрлерін дамытудың кепілі

    Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, біздің облыс үшін туризмнің болашағы зор, сол себептен туристік бизнесті дамыту мен шетелдік туристерді тартудың жоспарлары жасалуда. 
 
 
 
 
 
 
 

2 ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туристік маркетингті талдау және оны жетілдіру жолдары

    2.1. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін талдау

   Қазіргі уақыт немесе кеңейтілген маокетинг категориясында кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара әрекет ету жүйесі ретінде қарастыра отырып, осы ортада кәсіпорынның тұрақты жағдайын қолдауға бағытталған зерттеу процесіне негізделе отырып, кәсіпорындарда маркетинг жүйесінің қалыптасуы сипаты зерттеледі.

   Рыноктың  қатынастарға өту кезіндегі маркетингті  ұйымдастыру процесіне сыртқы ортаның  өзгерістері, соның ішінде заң шығару базасының жетілдірілуі айтарлықтай  ықпал етеді. Сыртқы ортаның қалыптасқан  факторлары жағдайын талдау отандық  кәсіпорындарда маркетинг жүйесін ұйымдастыруды қаржыландырудың жетімсіздігін объективті анықтайды. Бұл осы іскерлікте тәжірибе тапшылығымен қатар нарық шарттарында білікті жұмысты қамтамасыз ету үшін қажет маркетинг жүйесінің ресурстың әлуетті элементтерінің барлық түрлерінің (кадрлық, қаржылық, техникалық, әдістемелік және т. б.) жеткіліксіздігіне әкеледі.   

   

     
 
 

      
 

5сурет  – Кәсіпорындарда маркетинг жүйесін  ұйымдастырудың негізгі объективті  проблемалары.

    Осы көрсетілген суретте өтпелі кезенде  маркетинг жүйесін ұйымдастырудың объективті проблемаларын анықтайтын факторлар келтірілген. Қазақстан кәсіпорындарында маркетинг жүйесін ұйымдастырудың мәселелерін шешу үшін салалық өзгешеліктерді есепке алу маңызды болғандықтан қоғамдағы жетекші салалардың кәсіпорындарындағы маркетинг ерекшеліктері болып табылды.

    «SANAT»  компаниясы тур пакеттерін шығарушы және туристік қызметті іске асырушы  болып табылады. Көрсетілетін қызмет түріне келетін болсақ, ол шетелдерге туристерді жіберу және шетел туристерін қабылдау, сәйкесінше оларға туристік қызмет көрсету рыногында – 7 жыл. Ол өзін ішкі және халықаралық туризм облыстарында өзін - өзі жақсы жақтарынан көрсетті. Негізгі өнімі Қазақстан территориясы мен Қиыр және Таяау шетелдерге турларды ұйымдастыру және визалық көмек көрсету болып табылады.

    ЖШС-ң  қызметінің заңды негізгі, Жарғы  және құрылтай құжаттары болып табылады, онда қоғамның құжаттары, ЖШС-ң құрылтайшыларының  құқықтары мен міндеттері көрсетілген. ЖШС-ң құрылтайшылары компанияның  міндеттері бойынша жарғылық қорға  салған өздеренің  салымарынмен жауап береді.

    Егер  де туристік фирманың туристік жылдамасы  қалай есептейтіні қарастырсақ, оған мысал ретінде Туркиядағы бірнеше  отельге 10 күндік демалыста туристер үшін турпутевка бағасын қымбаттатын  – авиа билет. Себебі, Қазақстанның авиа компанияларының қойылымдары өте жоғары. Мысалы, Москва – Анталия рейсі туристер үшін барып келу 110 доллар, ал Алматы – Анталия рейсі – 350 доллар, демек рейстер үшін туржолдама бағасы арзан түседі.

    «SANAT»  компаниясы орташа мөлшердегі компания болғандықтан, ол үшін ұсынылатын маркетинг бөлімшесі қызметкерлері саны 5-7 адам. Олардың арасында фукциялар келесідей бөлінеді:

  • бөлім басшысы – бөлімді жалпы басқару; маркетингтік іскерлік стратегиясын құру;
  • бөлім басшысының орынбасары – қызмет рыногын оқу, дәстүрлі және жаңа қызметтеріне сұранысты анықтау;
  • сыртқы және ішкі ортаны бақылайтын маркетолог, яғни болып жатқан өзгерістердің маркетинг стратегиясына әсерін анықтап, оған тузетулер енгізуі керек;
  • туристік өнімдерге сұранысты қанағаттандару үшін қажет өндірістік ресурстарды анықтау бойынша маркетолог;
  • балаларды құру бойынша маркетолог;
  • басқа ұйымдармен қатынас, жарнама және қызмет сапасы бойынша маркетолог.

    Қызметтің бәсекелік қабілеттігі – бұл  рынокта жемістілікті анықтайтын қызметтің (тауарды) тұтынушылық және құндық сипаттамалар жиынтығы. Бұл көп фукционалды түсінік, күрделі категория, рынок шарттарында тауарға сәйкес сипатталып, тұтынушылар талаптары тек сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамалары ғана емес, сонымен өткізудің экономикалық және коммерциялық шарттары бойынша анықталады.

    «SANAT»  компаниясы рынокта табысты әрекет ету үшін қызметтің бәсеке қабілеттілігін анықтап, нәтижесінде туристік қызмет топтарын 3 топқа бөледі:

    1. бәсекеге қабілетті туристік қызмет;
    2. бәсекеге қабілеттік деңгейіне жеткізуді талап ететін туристік қызметтер;
    3. өндірістен шығаруға жататын туристік қызмет.

    Рынокқа қызметті жылжыту жүйесінің негізгі  құрамдастары – жарнама, жекелей  сатулар, сатуды ынталандыру, қоғаммен байланыстар екенін 1.2. тарауда қарастырдық.

    Жарнаманы жоспарлау оңтайлы түрде, яғни ең аз шығынмен қалаул нәтижеге жету – рынокқа белсенді әсер ету, өндірушіден тұтынушыға (туристке) қызметтің жылжуын жеделдетуге ықпал ету мүмкіндігін береді. Осыдан басқа, жоспарлау бір мәртебелік акциялардан жете ойланылған, ортақ идеямен байланысқан, бір мақсаттары бар шараларға, яғни жарнама кампаниясына өтуге жағдай туғызады.

    «SANAT»  компаниясындағы жарнамалық кампанияның  мақсаты – берілген өнімнің рынокта  жылжуы, отандық туристік фирмалардың  арасында жетекші орында болу.

    Белгілі мақсатқа арналған мақсатты аудиторияны таңдау: туристік қызметті сегменттеу рыногы туристік қызметтерді тұтынушылардың төрт деңгейі қолайлырақ екендігін көрсетеді.

    Бірінші деңгей – тұтынушылар;

    Екінші  деңгей – ұйымдар – тұтынушылар;

    Үшінші  деңгей – жергілікті кәсіпорындар – турагенттер басшылары;

    Төртінші  деңгей – шетел кәсіпорындары - турагенттер  басшылары.

    Фирманың  маркетингтік бюджеті 20000 АҚШ долларын қамтиды. Жарнамалық кампанияның құны – 11350 АҚШ доллары (10 кесте). Таяу шетелдерде өнімнің құны 100 АҚШ долларынан басталады.

    Жарнамалық  кампанияның құрылымына келетін  болсақ, рынокқа шығу мен жарнамалық кампанияларды рационалдау үшін жарнамалық кампанияларды жүргізу  бойынша бөлім құру керек.

    Жарнамалық  кампанияларды жүргізу бөлімі жарнамалық кампанияны басқару және қадағалау бойынша орталық топтан тұрады (өзіне шығындарды калькуляциялаумен айналыстатын әріптестерін қосады). 

    3-кесте  – Фирманың маркетингтік бюджеті

  Құны  Қажеті Шығыны
Көрмеге қатысу Көрмедегі 1шаршы  м. Аудан – 2000 долл. Тауардың имиджін  жасау -500 долл., дизайн – 500долл. 10 шаршы метр  2000долл.

500долл.

500долл.

Теледидардағы

роликтер

1 мин.- 10000 долл. 5 секундтан  2 ролик тематикалық бағдарлама. 1000долл.
Радио ролик  1 мин.- 1000долл. 10секундтан  6 ролик 1000долл.
Журналдағы  жарнама  Жарнама ¼ бет – 500 долл. 4 жарнама 1/8 беттен 1000долл.
Газеттегі жарнама  Жарнама ½  бет – 600 долл. 8 жарнама ½  беттен 4800долл.
Басылған  қағаздар 1 беті –  ¼ долл. 1000 бет 250 долл.
Компьтерлік тор Бетті құру – 2000 долл.(тіркеу) +100 долл.

(дизайн)

1 Web бет 300долл.
                                                                                    Нәтижесі: 11350

 

    Ал  жарнамалық кампанияны жүргізу уақыты 2005 жылдың қантар- мамыр айлары. Бұл  уақытты таңдау, осы маусымдарда  ең көп туристік көрмелер болатынымен негізделген.

    Өнімнің кеңінен бағытталған түрлеріне  берілген өнімге демографиялық мүдделері  міндетті түрде ескеру қажет.   

Информация о работе Қазақстан Республикасының туристік маркетингті талдау және оны жетілдіру жолдары