Анықталмаған интеграл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 11:54, реферат

Описание работы

Жалпы орта білімдегі «Қоғамдық білім негіздері» пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық- әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді. Қоғамдық сана, қоғамдық байланыстар және қарым-қатынастар саласындағы адамзаттың, қоғамның және өркениеттің даму заңдылықтары туралы ғылыми және тәжірибелік білім, адамзаттың қоғамдық дүниесі (қоғам мен адам қоғамдық қызмет аспектілері).

Файлы: 1 файл

7- osn ob -OGn - kz.doc

— 119.00 Кб (Скачать файл)

Индустриялыдан кейінгі  қоғамға өту. Қоғамдық даму жолдары  мен формаларының көп түрлілігі. Дүниежүзілік қауымдастық: мемлекеттер, діндер, тілдер. Қазіргі өркениеттердің ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) — қазіргі замандық өркениеттің мазмұнын айқындаушы фактор. ҒТП-нің қоғам дамуына әсері. ҒТП және материалдық өндіріс. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары: ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар, соғыс және бейбітшілік мәселелері; "Солтүстік-Оңтүстік" мәселелері, экологиялық апат қаупі және оны сейілту шаралары. Дүниежүзілік қауымдастықтың даму жолдары және болашағы. Қазіргі дүние жүзінің тұтастығы. Ғаламдастыру.

Қазақстан - дүниежүзілік қауымдастықтың құрамдас бөлігі. Жаңарулар өрісіндегі Қазақстан: әлемдік интеграцияға төте араласу, реформаның мазмұны және бағыттары, өтпелі кезеңнің қайшылықтары. Реформалар жағдайындағы адам факторы.

        Адам және экономика ( 8сағат)

Адам өмірінің материалдық жағы. Қоғамның материалдық қамтамасыздығы. Экономиканың мәні және оның қоғам өміріндегі рөлі. Экономикалық жүйе. Микро- және макроэкономика. Банктер. Ұлттық және шетел валютасы. Капитал. Қаржы-несие саясаты. Ұлттық жиынтық өнім. Бюджет. Салық саясаты. Бағалы қағаздар. Инвестициялар. Дағдарыс. Инфляция. Экономикалық саясат. Экономикалық өрлеу. Халықаралық еңбек бөлінісі. Сыртқы сауда. Менеджмент негіздері. Маркетинг негіздері.

  Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы ( 3сағат)

Әлеуметтік  стратификация. Әлеуметтік орта. Әлеуметтік институттар. Әлеуметтік айырма. Әлеуметтік мүдде. Әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтік еркіндік. Әлеуметтік саясат. Орта тапты қоғам құру жолдары: шағын және орта бизнесті дамыту. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету. Өмірлік деңгей. Тіршілік минимумы. Әлеуметтік орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өмір салты. Маргиналдық мәселелері. Мемлекеттік және ұлттық сәйкестілік. Қала мен ауыл. Кенттену мәселелері. Демография: санаттары. Демографиялық саясат және оның мәні.

      Қоғам өмірінің саяси аясы  (12сағат)

      Саясат және билік. Саяси реформалардың мәні мен мақсаты. Азаматтық қоғам. Саяси қақтығыс. Оппозицияға қатынас. Саяси жетекші және бұқара. Саяси мәдениет. Бұқараның саяси санасы. Саяси еркіндіктер мен құқықтар. Саяси діл. Идеология. Плюрализм. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси сананы өсіруде атқаратын рөлі. Саяси консенсус. Халықаралық қатынастар. Халықаралық саяси және әскери ұйымдар.

       "Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы (9сағат)

        Қазіргі Қазақстанның мәдениеті: ғылым, білім, көркем өнер. Мәдениеттің алдында тұрған проблемалар. Қазіргі замандық қоғам мәдениетінің даму динамикасы. Мәдени байланыстар: Шығыс және Батыс. Қазақтың ұлттық мәдениеті: ерекшелігі, дәстүр жалғастығы, эстетикалық сана мәселелері. Қазақстан халықтарының мәдениеті: мәдени қоғамдар. Дін мәдениеттің бір формасы ретінде. Дін және саясат. Дін және жастар. Мораль: негізгі ұстанымдары, практикалық бағдары, реттеуші мүмкіндігі. Моральдық қатынастар. Қоғамның моралі. Ұлттық мораль. Тұлғааралық қатынастар. Қақтығыстар және олардың шешілуі. Адам және ұжым. Іскерлік этикет.

 

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10-сынып

  • Болмыс, диалектика, метафизика, әдіс, методология, индукция және дедукция, талдау және жинақтау, аналогия және салыстыру, эксперимент, бақылау, гносеология, сезімдік және рационалды таным, логикалық және абстракті ойлау, агностицизм, сана, асқақ және мешеу, трагедиялық, комедиялық, эстетикалық талғам, эстетикалық сезім, эстетикалық дүниетаным, ұғымдарын атай алады;
  • Ғылыми ойлаудың жалпы ұстанымдарын; ойлаудың логикалық заңдылықтарын, материалдық дүниенің дамуының жалпы заңдарын; ақиқаттың критерийлерін; адам қызметінің түрлерін; эстетиканың проблематикасын, міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіре алады.
  • Танымның философиялық әдістері мен нақты ғылымдардың арнайы әдістерін; ғылыми және бейғылыми танымды; оптимистік және пессимистік трагедияны; түрлі ұрпақ өкілдерінің эстетикалық талаптарын; Ғылыми әдістер ұстанымдарын және олардың категориялары мен ұғымдарын; ғылыми таным методологиясының маңызын, философиялық әдістің өзіне тән сипатын; эстетикалық игерудің субъективті жақтарын; эстетикалық дүниетанымды қалыптастырудағы көркемөнердің рөлін  ажырата біледі.
  • критерийлерді ескере отырып, философияға ғылымдар методологиясы ретінде; әдіске мақсатқа жету құралы ретінде; ақиқатты анықтауда коғамдық практиканың рөліне; қазіргі замандық жастардың эстетикалық мүдделеріне; дәстүрлі өнердегі эстетикалық құндылықтар ды бағалай біледі.
  • Қоғам дамуының тарихи-әлеуметтік- экономикалық және саяси- құқықтық жүйелерінің негізгі ұғымдары, жекеленген заңдылықтары туралы қарапайым түсінігі бар: 
  • жеке тұлғаның бостандығы, өзгені сыйлау, жеке адамның еріктілігін ұғымдарын біледі;
  • ҚР конституциясына сәйкес қарым-қатынастың құқықтық негіздерін түсінеді;
  • қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы материал жинақтау мен талдау кезінде экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалана алады;
  • құқықтық және экономикалық бағыттағы оқиғалар мен теориялық материалдарды байланыстыра алады.
  • . Қоғам дамуының негізгі бағыттары мен заңдылықтарының теориялық мәнін  түсінеді
  • жеке меншік негізінде экономикалық тәуелсіздіктің өсуі туралы біледі;
  • ҚР-ның басқа мемлекеттер мен құқықтық және экономикалық қарым-қатынас негіздерін түсінеді;
  • қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдауда құқықтық және экономикалық білімдерін пайдалана алады;
  • өзінің әлеуметтік-экономикалық сипаттағы іс-қимылдарын түсіндіре алады.
  • Қоғам дамуының негізгі бағыттарын анықтауда ақпараттық дерек көздері  маңыздылығын біледі:
  • өз бетінше экономикалық және құқықтық тұрғыда шешім қабылдай біледі;
  • берілген мәліметтерді салыстыра алады және жалпылай біледі;
  • әлеуметтік-экономикалық келіспеушіліктерді шешуде мемлекеттер арасындағы құқықтық-экономикалық  қарым-қатынастарды түсінеді;
  • жас жеткіншектер арасындағы саяси-экономикалық нормаларға қатысты келіспеушілік жағдайларды шешуде өз бетінше шешім қабылдай алады;
  • дерек көздеріне сын көзбен қарай отырып қорытынды жасай алады, өз іс-әрекетінің нәтижесін болжай алады.

11-сынып

  • Адамның қызметіне тұтас жүйе ретінде, қызметтің мақсаты мен құралының арақатынасына, даралықтың көрінісі ретінде мінезге, адамның психологиясына  сипаттама жасай алады;
  • Өзіндік сана мен қоғамдық сананың мәнін, тұлғаның әлеуметтену үрдісін, мақсат қою мен көре білудің мәнін ажырата біледі.
  • Өркениет, қогамдық-экономикалық формация, табиғи ортаның қоғамдық компоненті, табиғи ортаның тепе-тендігі, экологиялық проблемалар, экологиялық саясат, әлеуметтік топ, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік еркіндік, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл, өмір салтын атай біледі;
  • Негізгі жалпы өркениеттік  жетістіктер мен құндылықтарды, өркениеттердің тарихи тұрпаттарын, қоғамдық прогресс өлшемдерін, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерін, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, өмірлік деңгейдің өлшемдерін, әлеуметтік қайшылықтардың түрлерін ажырата біледі.
  • әлеуметтік айырмалардың себептеріне, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтеріне және олардың озара байланыстарына, әлеуметтік мүдделердің мазмұнына, отбасының құрылымы мен қызметіне, әлеуметтік еркіндік пен жауапкершілікке, әлеуметтік мәртебенің мәніне, әлеуметтік қатынастардың мәні мен тұрпаттарын сипаттай алады.
  • Өркениет, қогамдық-экономикалық формация;
  • негізгі жалпыөркениеттік  жетістіктер мен құндылықтарды, өркениеттердің тарихи тұрпаттарын, қоғамдық прогресс өлшемдерін, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерін, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, өмірлік деңгейдің өлшемдерін, әлеуметтік қайшылықтардың түрлерін ажырата біледі;
  • Өркениеттік және формациялық тұрғыларды, қоғам дамуының эволюциялық және революциялық формаларын, түрлі өркениеттердегі табиғи ортаға түрліше көзқарастарды, әлеуметтік белсенділіктің түрлі формалары мен көріністерін, қоғамдық даму үрдісінде еңбекті ізгілендіру көріністерін түсіндіре біледі;
  • Еңбек өнімділігі, бағалы қағаздар, жекешелендіру, инфляция, экономикалық тиімдылық, ұлттық жиынтық өнім, ұлттық табыс, бюджет, инвестиция. Тіршілік минимумының өлшемдерін, экономикалық өрлеу факторларын атай біледі;
  • Экономикаға жүйе ретінде, экономикалық мүдделердің мазмұнына, экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі кәсіпорынға,  өндіріс факторы ретіндегі капиталға, нарықтың мәніне, нарықтың тұрпаттарына және олардың өзара байланысына, жұмыс күшінің құрылымы мен сапасына, қаржы-кредит саясатына, экономикалық өмірдегі мемлекеттің рөлін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу әдістерін салыстыра біледі;
  • Саяси ойлау, саяси сана, саяси харизма, саяси эволюция, саяси элита, саяси қақтығыс, консенсус, саяси норма, саяси мәдениет, саяси діл, идеология; Азаматтық қоғамның белгілерін, оппозицияның рөлін, халықаралық саяси ұйымдарды атай біледі.
  • Саяси жүйенің құрылымы мен қызметіне; саяси үрдіске әрекетпен қосылу ретіндегі саясатқа араласуға; саяси сана мен саяси төртіптің өзара әрекеттесуіне; саяси қақтығыстар және оларды шешу құралдарына; саяси оппозицияның мәніне; саяси реформалардың шарттарына, мақсаттарына және құралын сипаттай біледі.
  • Саяси қақтығыстардың мәнін, себептерін және оларды шешу жолдарын; саяси элитаның рөлін, саяси жетекші мен бұқараның рөлін; демократиялық қоғам құрудың алғышарттарын және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын талдап түсіндіре біледі.
  • Мәдени құндылықтар, ұлттық мәдениет, мәдени дәстүрлер, тұлғааралық қатынастар;Қазіргі замандық қоғамда білімнің даму ерекшеліктерін, ғылымның дамуының аса маңызды заңдылықтарын түсіндіре алады;
  • Қоғамның және тұлғаның рухани құндылықтарды жасау, меңгеру және өткізіп беру жолдарына; рухани аяның негізгі элементтерін және олардың арасындағы байланыстарға; мәдениеттегі жаңалық пен жалғастықтың ара байланысына; ғылымдағы ажырату мен кіріктіруге сипаттама береді.
  • "Мәдениет" және "өркениет" ұғымдарының арақатынасын, мәдени диалог ұғымын, мәдениетті жасау заңдылықтарын, мәдени саясаттың негізгі бағыттарын, рухани мәдениеттің негізгі элементтерінің байланыстарын, мәдениеттегі элиталық пен бұқаралықтың өзара байланысын, қоғамдық мораль мен іскерлік этикет арасындағы байланысты  талдап  түсіндіреді.
  • Сыртқы критерийлерді ескере отырып, өнердің қоғамдық маңыздылығына, қоғамдағы адамның қызметін реттеудегі мәдениеттің рөліне, тұлғааралық қатынастарды орнатудағы жүздесу мәдениетінің рөлін бағалайды. 

 

ІҮ. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  

Қазақстан Республикасында  орта мектепте берiлетiн бiлiмнiң мазмұны  қоғамның үнемi динамикалы алға жылжуын  және тұлғаның компетенттiлігiн –  саяси сауаттылығын, демократиялық мәдениетi жоғары болуын, құқықтық белсендiлiгiн, азаматтық қоғам жағдайында өмiр сүре бiлуiн, дүниеге ғылыми көзқараспен қарай алуын қамтамасыз ететiн деңгейде болуы керек. Біздің мемлекетте және дүние жүзінде болып жатқан қазіргі заманғы әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер өсіп келе жатқан ұрпақтан қоғамдық құнды ой – пікірлерді меңгеру қажеттілігін талап етеді.

Жаһандану және плюрализмді  қалыптастыру жағдайында жеткіншек  ұрпақты қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеп, оларда азаматтық ұстамдық қалыптастыру ерекше маңызды. Бұл – тарихи, отандық саяси -әлеуметтік ой –пікір жетістіктеріне қол жеткізуді қажет етеді.

Әр тарихи кезеңдегi бiлiмнiң мазмұны  мен мәнi сол кездегi заманауи талаптардан  туындайтындықтан бiлiм беру жүйесiнiң сипаты да оны реттеушi ресми құжаттар негiзiнде өзгертiлiп, жаңартылып, толықтырылып отырады. Қоғамдық білім негіздері пәнін оқытудың құқықтық-нормативтiк базасын пәннiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм стандарты, базистiк оқу жоспары, тiлдi оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттiк оқу бағдарламалары құрайтыны баршамызға белгiлi.

Жалпы орта білім  стандартында "Қоғамдық білім негіздері"  пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық-әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді.

Кез-келген деңгейдегі және күрделікті әлеуметтік жүйеде адам басты компонент ретінде көрініс береді. Әлеуметтік жүйе құрылымындағы орталық элемент болуына байланысты және тұлғалар мен адамдар ұжымдарының қызметінің мәні солардан көрініс беретініне орай, адам онда негізгі функция атқарады. Адам қоғамдық жүйе мен табиғат арасындағы өзара байланысты жүзеге асырады. Ол басқарудың да басты объектісі және субъектісі болып табылады. Адам - әлеуметтік ақпаратты тасушы, жаңартушы және пайдаланушы. Өмір аясының қайсысыңда қарастырылса да, адам негізгі зерттеу объектісі болып қала береді. Адамның әлеуметтік-психологиялық нышандары, оның биологиялық сапалықтарымен бірге, тұтас жүйе ретіндегі тұлғаның компоненттерін құрайды.

Философия, экономика, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, демография, кибернетика, логика, т.б. қоғамтанушы ғылымдардың зерттеу объектісінің елеулі кеңеюіне байланысты айқындалады.

  Қазақстан Республикасындағы білім дамуының қазіргі кезеңі жүйедегі құрылымдық өзгерістермен, оның барлық салаларыңда реформалаудың ауқымды жүріп жатуымен және дүниежүзілік прогреспен қауышу, сонымен қоса, өз халқының рухани мүрасынан сусындау арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білімнің жаңа мазмұнының айқындалуымен сипатталады. Қоғамның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамуының өтпелі жағдайында білім аясындағы әр жаңа қадам және жаңаны іздеуге ұмтылыстың терең философиялық-дүниетанымдық маңызы бар. өйткені, болашақ білім жүйесінің бүгінгі күйінен басталады. Қазіргі кезде білім жүйесінде мазмұңдық тұрғыдан алғанда білімді ізгілендіру мен демократияландыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр.

Қоғамды демократияландыру, әлеуметтік, азаматтық және кұқықты  мемлекет орнатуға бағыт алу жалпы білім беретін мектептерде "Қоғамдық білім негіздерін" оқытуды ең өзекті пәндердің бірі ретіңде алдыңғы лекке шығарып отыр.

Қазіргі қоғамда болып  жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық  өзгерістерге, ғылыми-педагогикалық  дерек көздерге және фактілерге сүйене отырып, интеграцияланған пән бағдарламасы дайындалды. Отандық дәстүрлі білім беруге, халықаралық педагогикалық тәжірибеге, психологиялық-педагогикалық жаңа ойларға сүйене отырып жалпы адами құндылықтар басымдылығын, адамның өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, адами құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті  тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.

 «Қоғамдық білім негіздері» оқу пәнінің мазмұнын және құрылымын таңдауда білім берудің негізгі деңгейі кіріктірілген және сабақтасқан принциптері негізінде құрылған.

Оқу пәнінің мазмұны  оқытудың негізі мақсатты принциптеріне  сәйкес құрылған, 

«Қоғамдық білім негіздері» пәнінің ерекшелігі оның оқушылардың алған білімдерін жинақтаушы, қорытушы қызметіне сай, өзге пәндерде өтілетін материалдармен тығыз байланысты болып отырғандығында.

Біз қамтып отырған материал қоғам  және гуманитарлық циклде енетін пәндермен  ғана емес, жаратылыстану және дәл  ғылымдармен, еңбек және өнер тобына енетін пәндермен тығыз байланыста болуы керек.

Пәнаралық байланыс білімнің толықтығын, тереңдігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Дидактикалық талаптардың негізгілерінің бірі болып табылатын білімнің тұтастығы да осы пәнаралық байланыста жүзеге асырылады.Қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын қалыптастыру

10 –11 сыныптарға арналған “Қоғамдық  бiлiм негiздерi” пәнi бойынша  оқу бағдарламасы нормативтiк  құжат ретiнде оқушыларды адам  және қоғам табиғаты туралы  негiзгi ғылыми бiлiмдермен қаруландыруға, оларды  қазақстандық қоғамның әлеуметтiк – экономикалық, саяси – құқықтық заңдылықтарымен таныстыруға, дамыған және бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлғаларды қалыптастыруға арналған.

Информация о работе Анықталмаған интеграл