Анықталмаған интеграл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 11:54, реферат

Описание работы

Жалпы орта білімдегі «Қоғамдық білім негіздері» пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық- әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді. Қоғамдық сана, қоғамдық байланыстар және қарым-қатынастар саласындағы адамзаттың, қоғамның және өркениеттің даму заңдылықтары туралы ғылыми және тәжірибелік білім, адамзаттың қоғамдық дүниесі (қоғам мен адам қоғамдық қызмет аспектілері).

Файлы: 1 файл

7- osn ob -OGn - kz.doc

— 119.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

ҚОҒАМДЫҚ  БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

10-11 сыныптар

 

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2010

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

ҚОҒАМДЫҚ  БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық

 бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  2010

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы  №367 бұйрығымен бекітілген

 

 

Бағдарлама авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Омарбеков Т. О., Жусанбаева Г. М.

 

 

 

 

Жалпы білім беретін  мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қоғамдық білім негіздері» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 15 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010 

 

І. ТҮСІНІК ХАТ

 

Жалпы орта білімдегі «Қоғамдық білім негіздері» пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық- әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді. Қоғамдық сана, қоғамдық байланыстар және қарым-қатынастар саласындағы адамзаттың, қоғамның және өркениеттің даму заңдылықтары туралы ғылыми және тәжірибелік білім, адамзаттың қоғамдық дүниесі (қоғам мен адам  қоғамдық қызмет аспектілері).

Мақсаты - оқушыларды қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жүйесімен және оның даму заңдылықтарымен таныстыруды, қоршаған орта туралы ғылыми білімдермен қаруландырып, саяси сауатты және белсенді азаматты - өз Отанының патриотын тәрбиелеуді көздейді.

Міндеттері:

  • Қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын оқып-үйрену негізінде оқушылардың айналадағы дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
  • орта мектепте оқытылатын өзге пәндерден алған білімдерін, біліктерін кіріктіру, жинақтау және дамыту арқылы оқушыларды ғылыми категориялар бойынша ойлауға үйрету;
  • Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси жүйесін оқыту негізінде оқушылардың саяси сауатты, өз Отанын сүйетін азамат болып өсуіне көмектесу; 
  • саяси-экономикалық және әлеуметтік білімдер кешенінен казіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп ала отырып, оқушынын айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстар арасында дұрыс бағдар жасай алуына көмектесу; 
  • әр адамның экологиялық сауатты әрекет жасауы қажеттігін түсіңдіру арқылы оқушыны табиғатты аялай және қорғай білуге баулиды.

Бiздiң ұсынып отырған «Қоғамдық білім негіздері» пәнiн оқыту  бағдарламасының өзiндiк заман талаптары мен егемен елiмiздiң соңғы жылдардағы өткен тәжiрибесiнен туған ерекшелiктерi бар. Ең бастысы Қазақстан Республикасының даму жағдайында демократиялық ұстанымдарды нығайта отырып, стратегиялық бағыт ретiнде азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекет құру талаптарын ескере отырып жасалған. Пәннiң атының «Қоғамдық білім негіздері» болып өзгеруi оның мазмұнының жаңарып Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттiк сәйкестiлiгiн қалыптастыру, тарихи сананы қалыптастыру туралы және этникалық – мәдени бiлiм туралы тұжырымдамаларында көрсетiлген бағыттарға сай, қазiргi жүрiп жатқан нарық қатынастары негiзiнде демократиялық, зайырлы, әлеуметтiк және құқықтық қоғам құру, қазақстандық патриотизмдi  орнықтыру, Ұлтаралық келiсiм идеяларын басшылылыққа ала отырып, құндылықтардың жаңа жүйесiн игеруге бағыттылуымен қоса жаңа  бағдарлама мектеп бiтiрушi жастардың рухани қажеттiгiн өтеуге өзiндiк үлес қосуы керек.

«Қоғамдық білім негіздері» оқушыларға  адам, қоғам, табиғат туралы бiлiм негiздерiн оқыта отырып, оқушыларды  алған бiлiмдерiн өмірде пайдаланып,  өздiгiнен әрекет ете алатын,  оларды түрлi өмiрлiк  жағдайларда қолдана бiлетiн, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды  қатар меңгерген,  өзiндiк азаматтық  позициясы мен көзқарасы  бар, Отанын  шын сүйетiн  тұлға болып қалыптасуға бейімдеу  болып табылады.

    

    Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандартының типтік оқу жоспарына  сәйкес «Қоғамдық білім негіздері» оқу пәні бойынша  оқу жүктемесі:

10 сыныпта аптасына - 1сағат, оқу жылында- 34 сағатты;

11 сыныпта аптасына - 2 сағат,оқу жылында –68 сағатты құрайды

 

 Оқу пәні  мазмұнының вариативті бөлігі

 «Қоғамдық білім негіздері» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігін анықтауда мектептің екі бағытағы жаратылыстану –математикалық және қоғамдық –гуманитарлық  бағыттарының ерекшеліктері мен профиль бойынша мектеп бітірушінің жоғары оқу  орынында өз білімін жалғастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Таңдау және қолданбалы курстардың бағдарламасының мазмұнын құрғанда оқушының таңдауына және ата- аналардың талап- тілектері ескерілуі керек.

 Мұндай курстардың  тақырыптар  әр түрлі: « Саяси  қайраткерлер», 

« Қазақстан халықтарының рухани байлықтары», «Ойлау мәдениеті», «Ақша тарихы», банки және әлемдік  экономика», « Еңбек- байлықтың көзі», «Қазіргі менеджмент және маркетинг», «Жарнама. Кешегі мен бүгінгі», « Есептеу әлеміндегі адам» және т.б.

 

II. ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

 

ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ  НЕГІЗДЕРІ 

10-сынып

                          (аптасына-  1сағат, оқу жылында-   34 сағат) 

  Кіріспе (1сағат)

Философия – ғылымдар әдіснамасы. (3сағат)

Философия пәні және оның зерттеу объектісі. Философия  ғылымдар әдіснамасы ретінде. Әдіс және әдіснама. Ғылыми ойлаудың жалпы ұстанымдары: индукция мен дедукция; талдау және жинақтау; аналогия; салыстыру; эксперимент; бақылау. Нағыздықтың объективті заңдылықтары. Нақты ғылымдарды зерттеудің арнайы әдістері. Танымның философиялық әдістері: арнайы сипаты, нақты ғылымдар әдістерінен айырмасы. Диалектика. Материалдық дүние дамуының жалпылама заңдылықтары. Онтология болмыстың жалпылама заңдыльіқтары туралы ілім ретінде

  Таным теориясы   (8сағат)

Таным теориясы пәні. Таным  объектісі мен субъектісі. Таным теориясы және өзге теориялық-философиялық алға тартулар. Таным теориясының проблематикасы. Адам дүниені қалай танып біледі: бақылау, сезіммен және ұтымды қабылдау. Тіл және ойлау: логикалық және абстрактілі ойлау. Адамның дүниені тану мүмкіндігі: оптимизм, скептицизм. Агностицизм туралы түсінік. Ғылыми таным: теория ғылыми танымның формасы ретінде. Танымның түрлері. Дүниетанымның тұрпаттары: аңыздық, діни және философиялық дүниетаным. Ақиқат және оның критерийлері: ақиқаттың объективтілігі, нақтылығы; абсолют және салыстырмалы ақиқат. Адасу. Қоғамдық практика ақиқаттың критерийі ретінде. Адамның санасы. Сананың құрылымы: ғылыми және жұтаң сана. Қоғамдық сана. Өзіндік сана. Адам өміріндегі білімнің рөлі. Адамның қызметі: қызметтің мәні және құрылымы. Қоғамдық қызмет. Рухани және адамгершілік қызмет. Бұқаралық-саяси қызмет. Адамның өмірі және өлу. Аласталу. Суицид мәселесі. Тәртіптен ауытқу: маскүнемдік және есірткішілдік.

  Логика (6сағат)

Логика пәні және оның міндеттері. Логика ғылымының  маңызы. Ұғым ойлау бірлігі ретінде: жасалу амалдары, мазмұны мен көлемі. Ұғым және сөз. Пікір ойлау формасы ретінде. Пікірдің құрылымы мен атқаратын рөлі. Пікір және сөйлем. Ойлаудың логикалық заңдары: тепе-теңдік заңы, қайшылық заңы, үшіншіні ескермеу заңы, жеткілікті негіз заңы. Ой қорытынды ойлау формасы ретінде. Дедуктивті және индуктивті ой қорытынды. Аналогия. Ғылыми ойлаудың логикалық әдістері.

        Этика (5сағат) 

Этика философияның қүрамдас компоненті ретінде. Этика   және оның міндеттері. Этиканың пайда болуы және дамуы. Философиялық және нормативті этика. Этиканың әлеуметтік-тарихи сипаты. Мораль этиканың зерттеу объектісі ретінде. Моральдық идеялар проблемалары. Мораль қоғамдық сананың бір формасы ретінде. Моральдық сана және жеке  адамның санасы.

      Адамның моральдық қызметі: мазмұн  және мотивтену. Еңбектік, кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық мораль. Ұлттық мораль және оның қазіргі даму кезеңінде қайта жаңғыруы. Қоғамның моралі. Іскерлік этикет. Іскерлік этикеттің негізгі ұстанымдары мен нормалары. Басшы-бағынушы арасындағы қатынастар. Жүздесудегі демократиялылық. Ұжымда қолайлы орта тудырудағы жетекшінің рөлі. Ұжымдағы тұлға. Тұлғааралық қатынастар. Тұлғааралық қақтығыстар және оларды шешу жолдары.       

     Эстетика (4сағат)

Эстетика - адамдардың шығармашылық қызмет аясын зерттейтін, философиялық ғылым. Адамның дүниені эстетикалық игеру заңдылықтары. Шығармашьшықтың мәні және формасы. Эстетиканың проблематикасы және міндеттері.

Негізгі эстетикалық  категориялар: тамаша және ұсқынсыз; асқақ және мешеу; трагедиялық және комедиялық. Адам өміріндегі классиканың рөлі. Эстетикалық игерудің субъективті жақтары. Эстетикалық идея. Эстетикалық сезімнің табиғаты және рухани сипаты. Нағыздықты эстетикалық игерудегі көркемөнердің атқаратын рөлі және алатын орны. Эстетикалық дүниетанымның қалыптасуы. Өнерді көркем бейнелер арқылы ойлау іспетті тану. Көркемөнер туындысы - көркем бейнелер жүйесі.

Эстетикалық сана - қоғамдық сананың құрылымдық компоненттерінің бірі. Дәстүрлі өнердегі эстетикалық және оларды қазіргі  жастардың қабылдауы. Эстетикалық талғам туралы түсінік. Жастар және қазіргі замандық көркемөнер. Эстетикалық мүдделер. Эстетикалық талаптар және олардың қанағаттандырылу шарттары.

      Әлеуметтік психология  (6сағат)

 Әлеуметтік психология ғылым ретінде. Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі, салалары, проблемалары. Қоғамдық психология және оның құрылымы. Ұлттық психология — қоғамдық психологияның құрамдас компоненті. Ұлттық психологияның құрылымы: Ұлттық өзіндік сана, ұлттық мінездің нышандары, ұлттық мүдделер, Ұлттық сезім. Ұлттық сәйкестілік мәселелері: Ұлттық-психологиялық сәйкестілік. Маргиналдық екідайлық және ұлттың рухани бірлігі мәселелері. Ұлттық менталитет: транстүзілімі және көрінісі. Қоғамдық санадағы келеңсіз құбылыстар және олардың туу себептері. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.

 

ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ  НЕГІЗДЕРІ

11-сынып  

(аптасына 2сағат, жылына 68 сағат)

Философия  және антропология  (9сағат)

"Адам деген  кім?" Философиялық антропологияның  негізгі идеялары мен әдіснамалық нұсқалары. Дүние жүзі. Әлем. Нәрселер, құбылыстар, үрдістер. Материя. Кеңістік. Уақыт. Қозғалыс.

Адам феномені. Адамның  жерден, жерден тыс және ғарыштық шығу тегі туралы жорамалдар. Еңбек теориясы. Қазіргі замандық семиотикалық және мәдениеттанушылық теориялар. Дуалистік теория Адамның қалыптасуы туралы діни теориялар. Адам өмірін және тарихты кезеңдерге болу. Ақылды адамның ата жұрты. Адамның шығуы туралы мутациялық теория. Жер антропосферасы. Қоршаған дүниедегі адамның орны.

Адамды кешенді  түрде зерттеу мәселелері. Адамның  мәні және құрылымы. Адамның микрокосмы. Адамның тілі және ойлауы дамитын жүйе ретіңде. Ойлау тұрпаттары, олардың көптүрлілігі және бірлігі. Тіл мен мәдениеттің ажырамас тұтастығы. Адам қоғамның жемісі ретінде. Қоғамның әлеуметтік өмірі және тұлғаның әлеуметтену проблемалары. Әлеуметтік тәртіп. Еркіндік және қажеттілік. Адамның өмірі мен денсаулығы. Ноmо sapiens түрін оның дамуының жаңа жағдайында сақтау мәселелері. Адамға жаңғырудың қажеттігі.

     Қоғамның дамуы (8сағат)

Қоғам. Қоғамдық прогресс және регресс. Эволюция. Дағдарыстар, реформалар, революциялар. Қоғамдық тарихи үрдіс: заңдылықтары мен тенденциялары.

Ежелгі дәуір ойшылдары  адам және қоғам жөнінде: Конфуций, Платон, Аристотель. Орта ғасырлар және жаңа дәуір ойшылдары адам және қоғам жөнінде: ҚорқытАта, Әл-Фараби, Т.Гоббс, Г.Гегель. Қазақ ойшылдары адам және қоғам жөнінде: Асан Қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ш.Уәлиханов, Абай, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай және басқалар.

  Өркениет  (16сағат)

 Өркениеттер.  Өркениет құндылықтар және идеялар  жүйесі ретінде. Тарихқа өркениетті келіс. Өркениеттерді саралау: Шығыс және Батыс өркениеттері; аграрлы, индустриялы және постиндустриялы қоғамдар. Шығыс өркениеттері: орнықтылығы, әлеуметтік-құрылымдық ерекшеліктері. Шығыс адамының дүниетанымы. Араб өркениеті. Батыс өркениеттері: ежелгі грек өркениеті; эллин мәдениетінің таралуы, ежелгі римдік өркениет. Батыс адамының дүниетанымы. Азаматтық құндылықтар. Еуропалық феодализм. Индустриялы өркениетке көшу. Капиталдың пайда болуы. Қайта өрлеу дәуірінің құндылықтары. Еуропалық парламентаризм.

Шығыс пен Батыс ортасында. Ресей: даму ерекшеліктері. Славян-түркі байланыстары. Алтын Орда — Русь қатынастары: прогрессивтік нышандар. Түркі өркениеті: сипаты, шаруашылық жүргізуі. Түркі халықтарының дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі. Номадизм — түркі өркениетінің бір тармағы: әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар. Прогрестің баяу жүруінің себебі.

Информация о работе Анықталмаған интеграл