Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 22:33, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

толем жүйесі -курс.doc

— 504.50 Кб (Скачать файл)

Клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсетуге ең алдымен банкімен телефон арқылы жұмыс істеуді қалыптастыру керек. Телефон мен факс, электрондық пошта немесе интернет қашықтықтан қызмет көрсетуде негізгі рөлді атқарады.

Банкілер, әсіресе латвиялық банктер ең алғаш клиенттерді төлем құжаттарын факс арқылы жіберуді қалыптастырды. Факста төлем тапсырысындағы қол сандар түрінде беріледі. Кілт генерациясы арнайы, калькулятор сияқты құрылғыдағы алгоритм бойынша жүзеге асады. Ресейліктер үшін телефонның кең тараған мүмкіндігі байланыстың ұялы операторлар офисімен байланысу болып табылады. Автоматты және қашықтықтан өз есебінде толтыруға, ондағы қалдықтарды және басқа да қосымша қызметтер туралы ақпараттар алуға болады.

Түбегейлі қалыптасқан телебанкілік жүйеде клиент шоттағы қалдықтарды есептеу, валюта бағамы банкінің басқа да бөлімшелерінің мекен-жайы сияқты банкіге қатысты тағы басқа жеке және жалпы сипаттағы мәліметтерді ала алады. Ақпарат шағын сөйлем немесе қысқа текстік хабарлама ретінде беріледі.

Телебанкіде телефонистер штаты болмайды.Онда клиенттер әр түрлі сұрақтарға алдын ала модельденген компьютер бағдарламасы арқылы жауап алады.Жүйенің жауаптары банк операциясы бағдарламасының электронды ресурсында немесе анықтамалық жүйеде сақталады.Телебанкінің бағдарламасы банкілік есептік бағдарламада автоматты түрде сұрау салады.

Жүйедегі бағытталу мен сұрауларды қалыптастыруды клиент телефон басқыштарының немесе жүйенің беретін дыбыс көмегімен жүзеге асырады. Телебанк клиненттен компьютердегі модемі немесе басқа да арнайы құрылғыны қолдануын талап етпейді.Кез келген уақытта әлемнің кез келген бұрышынан қарапайым немесе ұялы телефондар,факс немесе пейджер арқылы керекті ақпаратты алуға болады.Хабардың бір ізділігімен ЭЦП-ның түп нұсқалығы пин-кодты,әр түрлі бірақ рет қолданылатын кельтерді немесе мини калькулятор сияқты генерациялау құрылғыларын қолдану арқылы жүзеге асады [22;125-128].

Телебанк телефонды қолданудың жеңілдігі әрі жалпылығымен тиімді.Ұялы телефондар қазіргі таңда әлемнің кез келген жерінен хабарласуға тиімді. Телебанкідегі бір кемшілік - бұл телефон клавиатурасының шектеулі болуы.Осы кемшілік негізінде күрделі төлем нұсқаулары телефон арқылы жіберілмейді.

Телебанк жай тұлғалар мен шағын бизнеспен айналысатын адамдарға арналған. Мысалы: телефон, коммуналдық қызмет немесе салықтар.Қашықтықтан банкілік қызмет көрсету арзан болғанымен, көрсететін қызмет аясы өте тар.

Телебанкінің перспективасы көп жағдайда интернетке ұялы телефон арқылы қосылуға тәуелді болады, бірақ бұл телебанкінің интернет-банк қызметімен қарапайым байланысу болып табылады.

Телебанкінің бөлшек төлем жүйелері үшін пайдалы, ал көтерме жүйеде ол қажетті қауіпсіздікпен төлем нұсқауларын өткізуді қамтамасыз ете алмайды. Көтерме төлем жүйесі банкілік есепшотпен жұмыс істеу үшін клиент-банк жүйесін дамытуға мәжбүр.Клиент-банк жүйесі төлем құжаттарының электронды бейнесін телефон жүйесі бойынша өткізге негіздейді, бірақ қауіпсіздік шаралары ретінде онда құжаттардың бір ізді форматтарын қою жүйесі қолданылады.

Клиент-банк жүйесінің алғашқы нұсқалары тек төлем құжаттарын өткізуге неізделіп, банкілердің іс-әрекеттік бағдарламаларымен мүлдем байланыспайды. Сонымен, банк қызметкерлері клиенттермен өздері телефон арқылы хабарласып, осы жүйе арқылы берілген құжаттарды өз қолдарымен өңдейді. Сондықтан да тек төлем құжатын банкіге жеткізуде ғана уақыт үнемделеді. Алғашқы нұсқалар факс арқылы жіберілген төлем тапсырыстырына  ұқсас келеді.Ал қазір қолданылып жүрген нұсқалар тек төлем құжаттарының келесі банкіге өткізіп қана қоймай, сонымен қатар автоматты түрде төлем құжаттарын өңдейді.

Клиенттің жұмыс орнындағы интерфейсі мен қызметі банкіде тіркеледі. Клиент дайын жұмыс орнына ие болады да, ол банкіде бухгалтерлік бағдарламалардағы деректерді және банкіде түскен хабарламаларды қарастырумен шектеледі.

Соңғы модификациялар интерфейсінде клиент-банк MS Outlook және The Bat электрондық пошталар арқылы танымал болып отыр. Клиент-банк мыналарды – клиент төлем құжатарының сан алуан түрін құрастырып, оларды өткізуді, өндіріс форматында хабарламаларды алмастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көшірмелерді әр түрлі форматта шығарып, банкіден басқа ақпарат алу мүмкіндігі де қарастырылған. Банктің ерекше бөлімдері үшін нақты уақыт режимінде сыртқы есеп пен клирингтік жүйені құру қажет.

Банк-клиент құрылымы бағдарламалық қамтамасыз етуді қалыптастырып, тестілеу үшін банк қызметкерлерінің клиент офисіне баруын қажет етеді. Бағдарламалық қамтамасыздандыру алғашқыда 10-нан 15-ке дейінгі Мгб-қ орынды белгілі бір компьютерге телефон желісі арқылы қосады. Ал бұл жағдай жұмыс орнын банкіден шектеп тұрады.

Жүйені пайдаланушылар белгілі құжаттар мен сұраныстардың электронды архивін құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде қатысушы-банк пен оның клиенті арасында ірі төлемдерді жүзеге асырған кезде келіспеушіліктер тудыруы мүмкін. Егер архив болмаса клиенттің құқығы сақталмас еді, ал бұл жүйеге кері әсерін тигізеді.

Қашықтықтан қызмет көрсету – бұл тек клиенттермен ғана емес, сонымен қатар банкінің ерекшеленген бөлімдерімен: филиалдар, бөлімдер, кассалар және ақша айырбастау пунктерімен де жұмыс істеу болып табылады.

Әрине, төлем жүргізу жылдамдығы мен тарифтері клиентке қызмет көрсету орнымен байланысты емес [30;96-112].

Банк нақты уақыт режимінде өзінің бөлімдері арасында ішкі құжат айналымы жүйесін құруы керек. Клиент-банк жергілікті бағдарламалық өңдеулер мен банкінің сыртқы есептік жүйесін қалыптастырады.

Толық автоматтандыру, төлем құжаттарын өңдеп көшіру, бұл процестерге  адамдардың қатыспауы сияқты әрекеттерге интернет-банк қол жеткізіп отыр. Осылайша, интернет-банк арқылы төлем құны бар жағы 3-4 центті құрайды, ал бұл клиент-банк жүйесіндегіден 15-20 есе аз.

Клиент-банк интернет-банкіге интерфейске қаражат бөлуге, төлем құжаттарын компьютер арқылы өңдеп, шолу жасалған мәлімет алуға өте көп мүмкіндік береді. Телебанк интернетке қосылған кез келген нүктеден клиен пен банкінің қарым-қатынасын автоматтандыра алады. Көптеген шешімдер интернетті қолданудың басқа салаларынан келіп түскен. Электронды қолдар біріңғай сәйкестендіру жүйесі бойынша клиент-банкіден алынады.

Интернет-банк клиенттің төлем құжаттарын жеткізіп, дайындаудың бірден-бір тәсілі. Осылайша жүйе банкінің фронт-офисі қызметін атқарады. Жүйе төлем құжатының дұрыс қалыптасуымен онда қойылған қолдардың дұрыстығын бақылайды.

Интернет-банкінің клиент-банкіден айырмашылығы: құжат айналымының қауіпсіздігі; НТТР- график және proxy – сервер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін ендірудің шартты түрі мен жалпылығы; үйреншікті әрі ыңғайлы, сонымен қатар ықша интер-фейс.

Әзірше интернет-банк жаңалықты тез қабылдауға икем клиенттермен жұмыс істеуде. Интернет-банкіге қол жеткізу ұялы телефондардың интернетке қосылуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Карточкалық төлем жүйесінде, көтерме жүйедегі сияқты клиент шоты арнайы банкінің банкілік офисінде болады. Егер көтерме жүйеде банк офисіне бару әлі күнге дейін қолданылатын болса, онда бөлшек жүйеде клиент үшін ыңғайсыздық тудырады.

Карточкалық жүйеге қашықтықтан қосылу инфрақұрылымды жабдықтың жиынтығын қамтамасыз етеді: банкоматтар, POS-терминалдар, байланыс жүйелері мен төлем хабарламаларының процессингіне ие. Пластикалық карточкалар бұл құрылғыларды тиімді қолдануда кілт бола алады. Банкомат өзінің қызметтік мәні жағынан көтерме жүйені пайдаланушының офисінде орналасқан компьютерге ұқсас болады, ол клиент-банк пен интернет-банкіні қолданудағы қаражат болып табылады.

Банкомат та компьютер сияқты банкімен жұмыс істейді.

Банкоматтың негізгі айырмашылығы – қолма-қол төлемді өңдеу механизмі мен сыйымдылығының қосымша қызметімен жұмыс істеуге ыңғайлы, сенімді әрі қорғанысы мықты болады.

Қазіргі уақытта банкоматтар өте кең тараған. Олар бір уақытта авторландыру өткізіп, қолма-қол ақша беріп, клиент есебін бірден көрсетіп отырады. Жаңадан шыққан банкоматтар карточка иесінің көрсетуі бойынша әр түрлі төлемдерді жүзеге асырады, бұл процесс төлеушінің дисплейдегі тізімді таңдауымен жүргізіледі. Банкоматтар банк жұмысы мен қор нарығы туралы кез келген ресми ақпараттарды бере алады. Мұндай көп қызметті банкоматтардың құны шамамен 40-50 мың АҚШ долларын құрайды. 

POS-терминал карточка реквизиттерін тез және автоматты түрде санайтын құрал. Ол қазіргі шағын кассалық аппараттарға ұқсайды. Карта реквизиттеріне құрылғыға алдын-ала енгізілген дүкен реквизиттерін қосады да, қарапайым клавиатурада төлем сомасын тереді. Осылайша ол төлем талабын қалыптастырып, оны жүйеге қатысушы-банкіге жібереді.

Банкоматқа қарағанда POS-терминал қарапайым әрі арзан. Оның негізгі міндеті – төлем құжатын электронды түрде құру, оның басылуы кассадан шығатын чек сияқты, төлеуші мен алушыға екі данада жасалады.

Жапония мен Оңтүстік Кореяда ұялы телефондар арқылы POS-терминалдар кеңінен таралған. Бұл құрылғыны қашықтықтан еркін орын ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етеді. Төлем мөлшері аз болған жағдайда шығын мөлшері кемиді, сондықтан ұялы телефон желісін жалға алғаннан гөрі арзанға соғады.

Қолма-қол ақша алу мен есеп айырысу жөніндегі көшірмені алу тек дүкендердегі POS-терминалдар мен банкоматтарда жүзеге аспайды. Карточкалық жүйе кез келген офистен, кез келген қатысушы-банктен қарапйым іс-әрекеттерді  жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Банкомат немесе POS-терминалдармен өзара пайдалы қарым-қатынасты пластикалык карталар қамтамасыз етеді. Ол стандарт бойынша сол құрылғымен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы етіп жасалған. Онда тез арада қарым-қатынас орнатып, төлем нұсқауларын жасау үшін жазылып алынған барлық мәліметтер электронды түрде сақталады. Картаның өзі бұл құрылғыларсыз еш әрекет ете алмайды және мұндай жағдайда ол банк офистеріне қажет қарапайым рұқсат қағазына айналады. Әр түрлі карточкалардың жұмыс істеу қағидалары бірдей, олардың айырмашылығы – олардың реквизиттерін автоматты түрде өңдеуде [25;39-43].

Банктің қашықтықтан қызмет көрсетуінде қолданылатын сан алуан құралдардың мүмкіндіктері кестеде көрсетілген (15 кесте):

 

 

 

Кесте 15 – банкімен болатын қашықтықтан қызмет көрсетудің сан алуан   құралдары

 

Қызмет көрсету факторлары

Қашықтықтан қызмет көрсету құралдарының түрлері

Банк-клиент

Интернет-банк

Телебанк

Банкомат

POS-терминал

           

Төлем нұсқаулары: контрагенттер мен тізімдегі стандарттар. Кез келген контрагенттердің стандарттары мен түрлері

 

 

 

 

 

 

    +

 

 

 

 

 

 

    +

 

 

 

      +

 

 

 

     +

 

 

 

 

 

 

      +

Төлемді жүргізу жөніндегі есеп беру: Құнды заңды және бухгалтерлік толық құжат

Анықтамалық құжат

 

 

 

 

    +

 

 

 

 

      +

 

 

 

 

    +

 

 

 

 

    +

 

 

 

 

    +

Қосымша стандарты сұраныстар

Бірнеше стандартты төлем сұраныстары

Анықтамалық сұраныстардың көп мөлшері

 

 

 

 

   +

   +

 

 

 

 

     +

     +

 

 

 

 

     +

    

 

 

 

 

     +

    

 

Ерікті ақпарат алмастыру

   +

   +

       

Мекеменің тізімге алу бағдарламасының интеграциясы

Ішкі есептеу жүйесін құру

Басқа құралсыз қолма-қол ақшаны алу мен төлеу

Интерфейстің тиімділігі мен қызметі

  

 

   +

 

 

   +

 

 

   +

 

 

 

 

 

 

 

 

     +

 

 

    +

Толық қызметті Win-ге қатысты жеңілдік

    +

     +

     +

     +

     +

Кестенің жалғасы

Құрылғының қарапайымдылығы

Банк қызметкерлері клиенттерінің офиске келуін талап етеді

Клиенттердің өзіндік құрылғысы болады

 

 

 

 

   +

 

 

 

 

     +

 

 

 

 

     +

 

 

 

 

     +

       

 

 

 

      +

Қажетті құрал-жабдықтар

Арнайы компьютер модемі және желі байланысы

Интернетке қосылған кез келген компьютер

Кез келген телефон

Арнайы құрал-жабдықтар

 

 

 

 

    +

 

 

 

 

 

       +

 

 

 

 

 

 

      +

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    +

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     +

Электронды қол мен айырбас қауіпсіздігі

Күрделі алгоритмдер мен құрылғылар

 

 

 

      +

       

Күрделі алгоритмдер мен қарапайым алгоритмдер. Банктің рұқсат етуі мен жауапкершілігі

 

     +

 

 

      +

 

 

 

 

       +

 

 

 

 

      +


 

Жоғарыда көрсетілген қашықтықтан қызмет көрсету құралдарының техникалық негізі – банктің немесе іс-әрекетті жүзеге асыратын компанияның бағдарламасына сәйкес компьютер болып табылады. Олардың арасындағы айырмашылық – банк-клиент пен интернет-банк жүйелерінің, ұялы телефондар мен POS-терминалдардың, банкоматтардың сан алуан қызметтерінде. Сонымен бірге, қарапайым байланыс желісі арқылы жедел қосылуға болады.

Осы құрылғыларды компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуде көп айырмашылықтар бар. Клиенттерге тиімді болу үшін күрделі жүйелерде MS Outlook немесе The Bat электрондық пошта жүйесінің стилін қолданушы интерфейсті жүзеге асырады. Бұл жүйелер арнайы құрал-жабдықтарды талап етеді. Олар: дисплей, клавиатура, санау қуаттылығы мен есте сақтау.Стандартты іс-әрекеттерді жүзеге асыратын қызметтік құрылғылар жеңілдетілген клавиатура және дисплейді қолданумен сипатталады.

Қашықтықтан қызмет көрсетудің барлық құралдары төлем  құжатының

электронды түрімен істеледі. Мұнда құжаттардың түпнұсқалығы мен төлеушінің акцепті қолданылады. Мұндағы айырмашылық иннициялизация қабілеттерінен, электронды қол қоюдан және оны құру алгоритмінің күрделігінен байқалады.

 Маңызды жүйелерде электронды  қол қоюды арнайы құрылғылары  бар немесе күрделі алгоритмді  қолданатын файл генерациялайды. Клиенттер арасында қашықтықтан  қызмет ету құралдарын жасауды  қатысушы-банкінің қызметкерлері жүзеге асырады және ол құралдар нақты бір офиске немесе компьютерге бекітіледі. Қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын қатысушы-банкілер сайтынан, компьютер немесе байланыс салондарынан еркін алуға болады.

Банкаралық корреспонденцияларды беретін көтерме жүйелер мен ірі мекемелердегі қызмет көрсетуде бұрынғыдай қауіпсіз банк-клиент құралы қолданылады. Орта және шағын кәсіпорындарда жағдайы бар адамдар қашықтықтан қызмет көрсетуді интернет арқылы жүзеге асырады. «Баға», «қызмет», «қауіпсіздік», «интернет-банк» категориялары жаппай арнайы қолданушылар үшін перспективті болып табылады.

Компьютерлік сауаты жоқ, төлем мөлшері азғантай клиенттер қашықтықтан қызмет көрсету құралдарының орнына пластикалық карталарды немесе ұялы телефондарды қолданады.Бұл құралдарды қолдану тиімді, себебі, оның дисплейі, клавиатурасы, микропроцессоры, байланыс желісі мен қауіпсіздігі қарапайым.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен төлем жүйелері терминалогиясын нақтылауды, банкілік есеп шот пен төлем құжаты қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың айырбастауға келмейтін бір бөлігі екендігі көрсетіліп кеткен [23;55-57].

Информация о работе Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы