Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 22:33, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

толем жүйесі -курс.doc

— 504.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

 

    1. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағында төмендегідей төлем жүйелері қызмет етеді:

-нақтылы уақыт режиміндегі жалпы есеп айырысу жүйесі (банкаралық ақша аударымдарының жүйесі)

-клирингілік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей жалпы төлемдер жүйесі 1996 жылдың тамызынан бастап Қазақстанның Банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталатын болатын (ІТЖ). ІТЖ жетілдіру мен оны дамыған елдерде әрекет ететін есеп айырысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық банк тарапынан көп жұмыстар атқарылды. 2000 жылдың соңына ІТЖ жүйеге қатысушылардың есепшотындағы ақша негізінде нақтылы уақыт режиміндегі есеп айырысуды жүргізетін, халықаралық қаржы ұйымдарының төлем жүйесіне қоятын талаптарына жауап беретін Ақша аударымының банкаралық жүйесі болып қайта құрылды. Кез келген мемлекетте RTGS жүйесін құру - қаржы саласында ең жоғары басымдықты қажет етеді. Мұндай жүйенің болуы- мемлекеттік банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуімен сипатталады. БААЖ-нідың мақсаты-осы жүйені пайдаланушылардың Ұлттық банк шотындағы ақшасын пайдалана отырып, ұлтық валюта қайтарымсыз және түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз ету. БААЖ-а үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады. БААЖ-а мәліметтер алудың тек электронды тәсілмен жүзеге асуы Ақша аударудағы банкаралық жүйенің қызмет көрсету ерекшелігіне жатады. БААЖ-а электронды мәліметтер беруді куәландыру мен оларды беру кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар жіберілген және қабылданған электрондық мәліметтерді есептеп, оған бақылау жүргізеді. БААЖ-а зерттелген барлық электрондық мәліметтер аудиторлық із қалдырады. Жоғарыда аталғандай, БААЖ-а төлем жүйесін пайдаланушылардың шотындағы ақша мөлшерінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады.Пайдаланушы төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасайтын ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігіне байланысты ҚБЕО-дағы төлем тапсырымындағы кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес қарастырылады. Басымдылық кодтары негізінде кезекте тұрған төлем тапсырыстарының  орындалуы олардың кезекте тұру тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырыстарының орындалу кезегін белгілеуге және өзгертуге құылы. Пайдаланушыларға кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып алуына болады. БААЖ-а мәліметтерді алу жылдамдығы орташа есеппен алғанда секундына 5-7 рет трансакцияланады.

Жүйенің операциялық күні мен қызмет көрсетуі туралы толық ақпарат ҚБЕО-ның сайтында келтірілген: www .kisc .kz

Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) – клирингілік палаталар арқылы кішігірім сомадағы төлемдердің электрондық аударымдарын жүзеге асырады. Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі – операция жүргізілетін күннің ішінде жүйеге қатысушылардан келіп түскен төлемдер бойынша олардың талап-тілектерінің айырмашыықтары анықталып, тек сол бойынша ақша аудару жүзеге асырылады. 1995 жылдың қаңтар айынан 1998 жылдың қарашасына дейін ҚБЕО-дағы клирингілік палата ретінде клирингілік қатысушыларына күнделікті дебеттік және кредиттік шектеулер қоятын облыстық клирингті жүзеге асырды. Мұндағы тәуекелдіктерді басқару жүйесі  мен қызмет көрсету қағидалары клирингке қатысушылардың аясын екінші деңгейдегі ірі банкілердің  аз ғана санымен шектейді. Дегенмен, банк жүйесінің дамуы Қазақстанның барлық қаржылық ұйымдары мен аймақтары үшін ашық клирингті құру қажеттігін туындатады.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚБЕО-да  Қазақстанның барлық банкілері мен Қазыналық зейнетақы қорларын қоса есептегенде, басқа да банкілік емес мекемелерді біріктіретін жаңа клирингілік жүйе пайдалануға берілген болатын.

1999 жылдың тамыз айына дейін  БТЖ кішігірім сомадағы банкаралық  төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО  жанындағы Алматы клирингілік палатасы мен Ұлттық банкінің облыстық филиалдары жанындағы клирингілік палаталардан тұратын болатын. Қазіргі кезде ҚБЕО-дағы, «Тимей» ЖШС, аймақтық-клирингілік палата мен қаржы-өндірістік компаниясы банкаралық клирингті жүзеге асыра бастады. 1998 жылдың соңына қарай Алматы клирингілік палатасы АҚШ-тың автоматтандырылған клирингілік палатасына сәйкес жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-дағы төлем жүйесін пайдаланушылар байланыс арналарының барлық түрлерін қамтамасыз ететін озық коммуникациялық құралдармен жабдықталған. Кеңес Одағы құлағаннан кейін, Қазақстандық қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Банкаралық есеп айырысудың Қазқстандық орталығы бұл ұйымның негізгі және осы жүйе арқылы біздің көптеген банкілер қызмет көрсетеді. Коммерциялық банкілер осы жүйе арқылы ірі қаржылық мекемелермен жоғары деңгейлі байланыс орнаты. Сонымен қатар бұл банкілер тез қарқынмен халықаралық стандарттарға өтіп, нәтижесінде өз клиенттеріне жоғары деңгейдегі әртүрлі қызметер көрсетіп келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның төлем жүйелері тұрақты, тиімді әрі қауіпсіз қызмет көрсетумен ерекшеленеді. Қазір Ұлттық банк төлем жүйелерін ары қарай дамытып жатыр. Тәжірибе алмасу мақсатында 2005 жылы қыркүйек айында Ұлттық банк Жапония, Австрия, Италия, Түркия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстанның Орталық Қлттық банкілері өкілдерінің қатысуымен «Төлем жүйелері қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде» атты кездесу өткізді. Аталмыш кездесулердің аясында тәжірибе алмасу, төлем жүйелерін құру, Орталық банк жұмысының негізгі басымдылықтарын анықтау, төлем жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемалар мен қазіргі заманғы процестер талқыланды.

Қазақстанның төлем жүйелерін Еуропалық Одақтың стандарттарына сәйкестендіру мақсатында, Ұлттық банк 2005 жылы банкілердің клиенттеріне тағайындайтын банкілік есепшоттарының құрылымын реформалауды жалғастырды. Осы жұмыстарды жүргізу шеңберінде шоттың жаңа құрылымы, шоттың жаңа біріңғай құрылымға өту мерзімі мен тәртібі әзірленді.

Халықаралық төлем жүйелері саласында Мемлекетаралық банкіге қатысушы мемлекеттердің қолма-қол есеп айырысу жүйесіндегі жобасын іске қосуға байланысты негізгі мәселелер пысықталды.

Негізгі орталық орналасқан ауданда техногендік немесе табиғи сипаттағы апаттар туындаған жағдайда төлем жүйесінің жұмысын жедел жаңартуға мүмкіндік беретін сақтық қор орталығын құру қарастырылған. Осыған байланысты Ұлттық банк Астана қаласында Жаңа сақтық қор орталығын құру концепциясын дайындады. Жаңа сақтық қор орталығын салған кезде оған орын таңдауда, жобалау мен құрылысына қойылатын жалпы талаптарына баса назар аударылды. Жаңа сақтық қор орталығы төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ Ұлттық банкінің елдегі Ұлттық қорының алтын валюта активтерін басқару жөніндегі стратегиялық маңызды функцияларын орындау, бүгінгі банкілік ақпарат жүйелері мен деректер базасын тиісті техникалық деңгейде қолдану үшін пайдаланылады деп болжануда.

 

 

2.2  Қазақстан Республикасының  төлем жүйесіндегі төлемдер

ағыны

 

Қазіргі уақытта Қазақстанның төлем жүйесі экономикалық сектордың нақты  қажеттіліктерін қанағаттандыруда, яғни қазіргі жағдайда жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары банктер мен қаржы нарығындағы басқа да қатысушылар, сонымен қатар мемлекеттің ақша-несие саясаты және мемлекеттік бюджеттің дұрыс жүргізілуінің қадағалануы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның төлем жүйесі барлық қажеттіліктерге жауап беруде. Төлем жүйесінде қолданылатын технологиялар мен нормативтік базалар соған байланысты әр уақытта нақтыланып, жүзеге асырылып отырады.

Қазақстанның төлем жүйесі Қазақстан экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады.

2007-2011 жылдарға арналған  негізгі мақсаттар.Төлем жүйесінің даму аумағындағы Ұлттық Банктің орта мерзімге арналған төлем жүйесінің жұмысын тұрақтандыру болып табылады, яғни, Қазақстан экономикасындағы әр түрлі субъектілер арасындағы төлемдер мен ақша аударымдарының жүргізілуі.

Соған байланысты 2007-2011 жылдарға Ұлттық Банк төлем жүйесінің мынадай бағыттарын ұсынады:

-төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымының модернизациялануы және жүзеге асырылуы;

-осы саясат аясында жаңа төлем жүйесінің Резервтік орталығын құру жөнінде гі жұмыстар жүргізіледі;

-төлем жүйесінің қызметтерінің қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық Банктің негізгі мақсаттарының бірі – оның жұмысының әсерлілігін және үздіксіздігін тұрақтандыру болып табылады.

Сонымен қатар бөшек және қолма-қолсыз төлемдер бойынша жұмыстар алдыңғы уақытта кең ауқымда жүргізілетін болады.

Тауарлар мен қызмет көрсетулер кезіндегі есеп айырысуларда қолданылатын төлем карточкаларының кең қолданылуы мен инфрақұрылымдық дамуына барлық қажетті жағдайлардың болуына көп көңіл бөлінеді.

Қолма-қолсыз және бөлшек төлемдер даму сферасындағы негізгі бағыттар:

-банктік қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылату және кеңейту;

-инновациялық және төлем қызметтері нарығындағы құқықтық реттелу;

-бәсекелестік нарықтық қызметтерді ынталандыру; 
төлем карточкалары үшін қолданылатын қызметтер мен қажетті инфрақұрылымдарды дамыту.

Қазақстанның қаржылық жүйесінің жалпы тенденцияларының басқа елдердің қаржы жүйелері бойынша жұмысы ЕврАзЭС елдері арасындағы жалпылама төлем жүйесін құру жұмысымен жалғасады, яғни, нақты уақыт режиміндегі Ұлттық есеп жүйесіне негізделген.

Сонымен бірге Ұлттық Банк SWIFT жүйесінің мүмкін интеграциялық жолдары да қарастырылады, мұнда  SWIFT жүйесі арқылы хаттамалардың жіберілуі және қосымша арналар арқылы төлемдердің қабылдануын қолданушыларға ұсыну қарастырылады.

Қазақстанның төлем жүйесін көтеру үшін дүниежүзілік Банктер аумағында халықаралық институттармен қарым-қатынастардың дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, СНГ (CISPI) елдерінің төлем жүйесі мен бағалы қағаздар есебі жүйесі бойынша да дамудың бағыттары ұсынылады.

Ұлттық банк 2005 жылы төлем карточкаларының нарығын дамытуға баса назар аударды. Төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау мақсатында, 2002 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасының үкіметі «Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» қаулы қабылдады. Екінші деңгейдегі банкілердің төлем карточкаларын ұлттық банкаралық жүйенің жұмысына қатыстыру үшін, «Ұлтық процессингілік орталық» акционерлік қоғамында, Ұлттық банкіге тиесілі акциялар пакетін мүдделі екінші деңгейлі банкілерге сатуға қатысты іс-шаралар жүргізілді.

Жалпы алғанда 2005 жылы ел экономикасының дамуына үлес қосқан қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер саны мен көлемінің айтарлықтай өсуі байқалды. Мәселен, 2005 жылдың І тоқсанында БААЖ мен банаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 1 646,1 мың трансакция құрап, сомасы 9 379,2 мың теңгеге жетті.

Банкаралық ақша аударымдар жүйесі: Банкаралық ақша аударымдар жүйесіндегі төлем айналымын пайдаланушы топтар бойынша төлемдер көлемі 2005 жылдың І тоқсанында 9 379,2 млрд. теңгені құрайды.

Әр ай бойынша тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдер ағымы 2005 жылдың І тоқсанында ААБЖ мен банкаралық клиринг арқылы 51 705,7 млрд. теңгені құрап, 23 221,7 мың трансакцияға жетті, ал корреспонденттік шоттар арқылы 1 137,3 млрд. теңгені құрады және 4027 мың трансакцияға жетті [19;75-78].

ААБЖ мен банкаралық клиринг арқылы өтетін төлем көлемінің тікелей корреспонденттік шоттар арқылы үлес салмағы 17,3 % (саны), 2,2 % (сомасы) да құрады. Корреспондентік шоттар арқылы жүзеге асырылатын төлемдер ағыны 3 кестеде берілген:

 

 

  2006 жыл ел экономикасын дамытудың жағымды үрдістеріне негізделген. Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер санының және көлемінің одан әрі ұлғаюы байқалды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі:

2006 жылы І тоқсанында Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 6 003,7 мың трансакция құрап, сомасы 17 098,7 мрд. Теңгеге жетті. 2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 28,8 %,-ға ал төлемдер сомасы 77,2 %-ға артқан. Бұл ретте, БААЖ арқылы жасалған төлемдерге 2006 жылдың І тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 32,2 %-ы, ал төлемдер көлемінің 97,8 %-ы келеді. Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 67,8 %-ы, ал  жалпы жасалған төлемдер көлемінің 2,2 % -ы келеді.

2006 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға  байланысты БААЖ қатысушыларының саны 52-ге жетті. Оның 34 екінші деңгейлі банкілер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазыналық комитеті, банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 10 ұйым, Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық банк (3 есепшот ашылған), Мемлекеттік банк, ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының банк-кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ) [3;69-73].

2006 жылдың І тоқсанында Ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы жалпы сомасы 16 728,8 млрд. теңгені құрайтын 1 944,4 трансакция жасалған. 2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 18,1 % -ға артып, ал төлемдер сомасының 78,4 %-ға артуымен байқалған.

2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2006 жылдың І тоқсанында байқалған БААЖ-дағы төлемдер көлемінің артуы келесідегідей операция түрлерінің артуымен байланысты болды: Қазақстан Республикасының резиденттерінің бағалы қағаздары мен операциялары  - 43,7 %-ға, банкілер мен олардың клиенттерінің депозиттері және жеке қаражаттарының аударымдары – 2,8 есе, шетел валютасы мен бағалы металдар операциясы – 2,2 есеге артқан. Бұл төлемдер көлемінің арту сомасы БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемі өсімінің 85,9 %-ын құрады. БААЖ-дағы төлемдер саны мен көлемінің артуын қарастырған кезде, БААЖ-да зерттелген төлемдердің орташа күндік санының артуы да байқалады. Төлемдердің орташа күндік саны 32,4 мың трансакция болып, сомасы 278,8 млрд. теңгені құрады. 2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің саны 5000 трансакцияға (18,1%), ал сомасы 122,5 млрд. теңгеге (78, %) артты. Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2006 жылдың І тоқсанында 8,6 млн. теңгені құрап, 2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2,9 млн теңгеге (51 %-ға) артқан. 2006 жылы І тоқсанында жүйеде жасалған төлемдерді пайдаланушыларға қатысты мәліметтерді былайша көрсетуге болады (4 кесте):

Информация о работе Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы