Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 22:33, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

толем жүйесі -курс.doc

— 504.50 Кб (Скачать файл)

                                            МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                            

                                                                                                

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы

1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары

1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы

 

2    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ 

       ЖӘНЕ  ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер            

    ағыны

2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын

     пайдаланудың мүмкіншіліктері

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.

Төлем жүйесі әр формада көрінеді, бірақ мақсаты әрқашанда бір ғана – ақша аударымдарының бір банкілік шоттан екінші банкілік шотына аударуды қамтамасыз етеді. Осындай жағдаймен төлем жүйесінде төлемдер мен ақша аударуларды  бір шоттан екінші шотқа сол елдің заңы бойынша аударуды, ереже және тәртіп бойынша аударудың механизмін көрсетеді.

Төлем жүйесінің рөлі – экономикалық және қаржылық қызметтің қорытындысы нәтижесінде қабылданған және тұтынушылар мен тауарлар, қызмет көрсетулер арасында ақша құралдарының аударылуын қамтамасыз етуіне сай келеді.

Қаржылық секторға төлем жүйесінің қалай әсер ететінін айтып өту қиын емес. Төлем жүйесіндегі экономикалық процестің бір немесе бірнеше қатысушыларының міндеттері уақытысында орындалуы тиіс, соған байланысты экономикалық қатысушыларына ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикалық тұрақтылыққа деген сенім ауытқуы мүмкін. Аталған жағдай қайтадан әсер етуді көрсетеді.

Мысалы, қаржы нарығындағы бір немесе бірнеше қатысушының тұрақсыздық жағдайы төлем жүйесінде қажет емес жағдайлар туғызуы мүмкін. Егер қаржылық жүйенің қатысушыларында қаржылық қиындықтар туындаса, онда басқа қатысушылардың оларға деген сенімдерінде күдік туындайды, яғни төлем жүйесінде жүйелік тәуекелдердің пайда болуына әкеліп соғады.

Осындай жағдайлардан қаржы нарығындағы тұрақтылықтар арасында, банкілік қызмет нарығында және төлем жүйесінің тұрақтылығында екі жақты байланыс орнайды.

 Төлемді жүргізу нұсқасы барлық қағидаларға сай оны жүргізу тәсіліне тәуелсіз орындалады. Төлемге қатысушылар берілген нұсқауды орындаудың алдында, өз шотында қажетті соманың бар екеніне көзін жеткізеді. Содан кейін төлем құжатында төлеушінің акцептін айқындап жазады. Алғашқыда, ақша төлеушінің шоты мен төлемші-банкінің  корреспонденттік есеп шотынан алынып, содан кейін алушы мен алушы-банкінің есепшотына аударылады.

Төлем жүйесінің теориясында келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау мен басқару, қауіпсіздік пен сенімділік төлем жүргізудің жылдамдығын таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі.

Қазақстан банкілері көп мөлшерде кредиттік-депозиттік, ал аз деңгейде есеп айырысу операцияларына бағытталған. Қазақстан банкілерінің таза пайыздық табысы комиссиялық табыстардан 5 есе артық. Біздің банкілерге қарағанда ірі Батыс банкілері кредиттік–депозиттік операциялардың пайыздық табыстарымен салыстырғанда есеп айырысу операциясынан түсетін комиссиялық табыстың көп бөлігін алады.Бұл банк бизнестің табысын айтарлықтай арттырып, тәуекелді төмендетіп, банкілерді біршама тұрақтандырады.

Банк жүйесі арқылы 60 %-дан астам көтерме ақша айналымы және 1% бөлшек айналымы жүргізіледі.Банкілік есепшоттар бойынша анықталатын қолма–қол ақшасыз есеп айырысулар міндетті түрде құжаттарды дайындауды талап етеді.Қолма–қол есеп айырысуларға құжат дайындау объективті түрде тән емес, ол мемлекеттік нормалармен анықталған.Қолма-қол есеп айырысу басым болған жағдайда экономика біршама айқын, әрі оны басқару жеңіл болады. Сондықтан салық әкімшілігі мен бюджеттік қаржыны тиімді жұмсауда қолма-қол есеп айырысудың артықшылығы айқын байқалады.

Жеке ақша айналымында төлем жүйелері тиімді болу үшін, қазіргі заманға сай электронды технологияларды пайдалануда шынайы экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін төлем жүйелерін ұйымдастыруды қайта қарастыру қажет.

Төлем жүйелерінің технологиясын, ақша айналымының тенденцияларын және клиенттердің мүдделерін ескере отырып, банкілердегі есеп айырысу қызметтерінің модельдерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды қарастыруға болады.

Төлем жүйесі күрделенген механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі қажет. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады.

Менің осы дипломдық жұмысымда төлем жүйесінің теориялық негіздері мен Қазақстан Республикасында жаңа технологияларының дамуы қарастырылған және Жалпы Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша соңғы жылдар аралығындағы төлемдер ағыны қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1. 1  Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы

 

Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандарын атап шықсам.Олар:Орталық банкінің төлем жүйесі, отандық және шетелдік ірі коммерциялық банкілер жүйесі,Cheeps және Free Wine жүйелері,SWIFT жүйесі, Visa және Europay жүйелері, жинақ картасы,Uniоn-card, Алтын карона, Western Uniоn, Mоney Gran, Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер қабылдайтын жүйелері, Webmoney, PayCash, Gyber Plat, Assist жүйелері.

Төлем жүйелері қолданысы жағынан банкаралық, карталық, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді.Мұнда қорытушы фактор болмағандықтан, мұндай бөліністің түрлерін сараптай алмаймыз. Бірінші жүйе – төлем жүйелерінің бір субъектісімен анықталса, екіншісі – төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі – технология арқылы, төртіншісі – ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады.

Жалпы алғанда, бір фактор бойынша бір ғана топтастыру жасау төлем жүйелерінің көп түрлілігі мен күрделілігін бере алмайды.

Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингілік, күнбе-күн, рейстік,оn-line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма.

Федералдық қор жүйесінің статистикасы бойынша 1000 доллар төлемінің 5 %-ын ғана құрайды, ал осы төлемдердің құны барлық төлем айналымының 88 %-ын құрайды.

Ұлттық банк пен Халықаралық есеп айырысу банкісінің ресми құжаттарында көтерме және бөлшек төлем жүйесінің анықтамасы болмайды. Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе – бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – соманы тиімді төлеу факторы.

Ұсақ төлемдерге қарағанда ірі төлемдерде жүйенің барлық амал-тәсілдерінің нақты әрі қатыгез болғаны өте маңызды. Сонымен бірге, клиенттерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің жылдам түріне қызығушылық танытады. Жүйенің жоғары талаптары үлкен тарифтер мен шығындарды анықтайтын болғандықтан, клиенттердің түсінігі бойынша тек ірі төлемдерді жүргізу тиімді болып көрінеді.

Келісім жасаушылар төлемді жүргізугекепілдік алып, оның басталуын күтпей-ақ қойса да болады. Бөлшек жүйелер банкаралық есеп айырысуды көтерме жүйе арқылы жүзеге асырады, бұл оның бөлшек жүйеге тәуелді екенін көрсетеді. Бөлшек жүйелер өзіндік зерттеу жүргізбейді және клиенттердің төлем жүргізуін жылдамдатады. Олар шығынды аз жұмсап, клиенттерден делдалдық қызметі үшін аз молшерде комиссия ұстайды.

Көтерме төлем жүйесін тек орталық банкілер қалыптастырып, өздері бақылайды, яғни мемлекеттік заңдарға сүйеніп реттейді.Себебі банкаралық есеп айырысудағы ақаулықтар елдің экономикасына соққы болып тиіп,оның экономикалық қауіпсіздігін бұзуы мүмкін. Көтерме төлем жүйелері тек кейбір жағдайда, мысалы, SWIFT және Target жүйелерін қолданған жағдайда ғана ұлттық шегарадан аса алады. Германиядан басқа көптеген елдерде тек бір ғана көтерме төлем жүйесі қалыптасқан. Мысалы, Германияда оның саны – екеу ал АҚШ-та үшеу. Сондықтан бұл елдердің жүйелері бір-бірімен бәсеке жасамайды.

Бөлшек төлем жүйесі экономикасы дамыған елдердің бәрінде қалыптасқан. Оларды заң реттеп, мемлекет бақылайды, негізінен олар жеке меншіктегі ұйымдар болып табылады. Мұндай жүйелер сан алуан нарықтық салаларда болатын, өмірдің түрлі кезеңдеріндегі әр түрлі технологиялық дәуірлерге жатады. Экономикалық маңыздылығы жағынан тек бірнеше ірі төлем жүйелерін, соның ішінде карталық жүйені ұлттық көтерме төлем көтерме жүйелерімен салыстыруға болады.

Глоссарий банкінде клиринг негізіндегі жүйелік төлемдер қатысушылар арасындағы төлемдерді өзара есептесу мен банкаралық аударма арқылы жүзеге асады.

Нақты мерзімдегі жалпы есеп айырысу жүйесінің (НМЕЖ) жалпы есеп айырысу жүйесі төлем жүйесіндегідей анықталады. Онда зерттеу мен есеп айырысу ешқандай шығынсыз, қазіргі уақыт режимінде және бірінен кейін бірі жүзеге асады.

Жалпы есеп айырысу АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, Германияның Бундес банкі мен Украинаның Ұлттық бані сияқты Ұлттық көтерме төлем жүйелеріне тән. SWIFT банкаралық коммуникация жүйесі жалпылама негізде төлем құжаттарын жүзеге асырады. Ресейдің ірі банкілерінің ішкі банкілік есеп айырысуы да жалпы негізде құрылған.

Ақша аударудың клирингілік әдісі бұрынғы буын өкілдерінің бөлшек және көтерме жүйесіне тән. Клирингтің негізінде карталық жүйе мен есепшот ашпай, жедел ақша аудару жүйесінде банкаралық есеп айырысу іске асады. Ол әсіресе, көп рейстік жүйе мен Қазақстанның Аймақаралық банкісінен орын алған.

Көтерме жүйеде төлемді нақты әрі жедел жүргізу үшін әрбір төлемді жеке жүргізуге қажет реквизиттері бар корреспонденттік шоттар бойынша көшірмені қолдану қажет.

Клирингілік жүйеде бөлшек төлемдерді жүргізу клиенттердің есебі бойынша жүргізіледі. Банкілер арасында есеп айырысу тек бір төлем жүйесі арқылы жүзеге асады, әдетте ол күніне бір рет кіретін және шығатын төлем сальдосы түрінде кездеседі. Банкаралық төлем клиент төлемдері тізілімінің алмасуы процесінде талқыланады.

Төлемдерді жинақтаудың клирингілік тиімділігіне біріңғай есеп айырысу орталығы мен уақыт қажет.Төлемдердің жинақталуы неғұрлым жоғары болса, әрбір банк үшін кіріс төлемдері шығыс төлемдеріне тең болады және осы төлемді аяқтау үшін шамалы қаржы қажет.

Жалпы негіздегі төлемдер әдетте, жеке төлем нұсқауын алғаннан кейін жүргізіледі. Клирингке қарағанда жалпы есептерде төленбеген төлем тез байқалады және бұған қатысушылардың барабар іс-шараларды қолдануға көп уақыты болады. Сол себепті оған төлемеушілік мультипликаторы енгізілмейді және клирингке қарағанда жалпы төлемдер аз дәрежеде жүйелік тәуекелге барады. Әрбір клиенттің төлемін жеке жүргізу электронды технологияларды енгізгенге дейін өте қымбат болады. Клиенттердің төлемін жиынтық түрде өткізудің салдарынан клирингілік жүйелер есеп айырысу жүйелерінен үнемдеу жасайды, сондықтан да олардың шығыны аз болды. 1990 жылдың ортасына таман енгізілген электронды технологиялар қолмен өңдеу мен қағаз құжат айналымын толықтай жойды. Жалпы жүйе өздерінің шығындарын клиринг жүйесінің дәрежесіне дейін азайта алады.

Бірнеше төлем жүйелері төлемдерін нақты бір мерзімде (оn-line), есеп айырысудың көп рейсті жүйесінде, күнбе-күн немесе бірнеше сағаттардың ішінде жүргізеді. Глоссарий банкінің халықаралық есебінде төлемді жүргізудің мерзімі анықталған. Мерзім бойынша төлемді жүргізу, төлем тапсырысын зерттегеннен кейін емес, сол төлем алынған сәттен бастап жүргізіледі. Күнбе-күн есеп айырысу дегеніміз – төлемдерді есептеу үшін қабылданған  есептердің аяқталуы. Төлемді жүргізу мерзімі деген ұғымның мағынасы кең, ол төлеушінің төлем құжаттарын берген күннен төлеушіге жүргізілген төлем есебінің көшірмесі берілгенге дейінгі уақытты қамтиды. Ал бір жақты мағынада – клиенттермен өзара байланыстарды есептемегенде, банк төлемдерін жүргізуге жұмсалған уақыт. Төлеушінің немесе алушының бухгалтерлік есебінде көрініс беретін төлем құжаттарының қалыптасуына жұмсалған уақыт әдетте, төлем жүйелерінің мерзімінен тыс қалады.

Кейбір банкілер жоғарғы дәрежеде автоматтандырылған жүйемен бағдарламалық техникалық құралдарды қолдана отырып, банкінің ішкі төлемдерін жүргізеді. Банкоматтағы ақша алынған жағдайда ол бірден банкілік карта иесінің есебінен көрініс табады. Егер төлеуші мен алушыға бір банк қызмет етсе, онда банк қызметкері төлем тапсырысы орындалып жатқанда төлеушінің есебінен алушының есебіне дейін ұзын сызық жүргізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы