Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4

1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары 8

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері 15

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау

2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын талдау 19

ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау 23

2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара байланысын талдау 31

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері 37
Қорытынды 42

Пайдаланылған әдебиеттер 45
Қосымша кесте

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс ҰБ.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

Қорытындылай келгенде, Ұлттық қордың соңғы уақытта өте маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет, себебі өзінің екі мақсатынан (тұрақтандыру және жинақтау) басқа шетел валютасының артық ақшасын реттеп отыру жөніндегі функциясын атқарады. Дәл осы фунция  голландтық күйзелістің  пайда болуымен күрес жүргізуге мүмкіндік береді. Бюджеттік түсімдердің бір бөлігін қорға бағыттау валютаның артық массасын рыноққа жіберуге және шетел валютасына қосымша ұсыныс жасауға мүмкіндік бермейді. Осының арқасында теңгенің айырбас бағамына түсім жасау төмендейді. Сонымен қатар, валюта түсімдерінің бір бөлігін реттеп  отыру инфляция қысымын азайта отырып, мемлекет тарапынан теңгеге сұранысты шектейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Үкіметтің экономика министрліктері (Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі) және Ұлттық банк Ұлттық қордың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын әзірлеуде. Жұмыс әлі жүріп жатқандықтан тұжырымдаманың түпкілікті түрі қандай  болатыны туралы айту ерте. Бірақ тұтастай алғанда, тұжырымдамада көрсетілген шаралар теңестірілген мемлекеттік бжюджетті алдағы уақыттағы қолдауға, инфляция қысымын төмендетуге, Ұлттық валютаның қымбаттауын тоқтатуға және Ұлттық қордың жұмысын жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Ұлттық қор активтерінің көлемі 2015 жылға қарай                                              110,0 млрд.   АҚШ доллары немесе ЖІӨ-ге қарағанда 37,2% деңгейінде болжанып отыр, ол Ұлттық қор активтерінің мерзімінен бұрын  90 млрд  АҚШ долларына немесе ЖІӨ-ге 30%-ға дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді.Ұлттық қордың валюталық портфелінің жалпы рыноктық құны 2004 жылы 30 маусымда 3.722.349.527,53 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде тұрақтандыру портфелі 600.060.097,72 АҚШ доллары (16,2 %) және жинақтау портфелі – 3.122.289.428,81 (83,88 %). Қор портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының рыноктық құны Ұлттық Банкінің кастодиан банкі ABN AMRO Mellon Global Securities Servieces деректеріне негізделеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты қорытындылай келе, Ұлттық банк – еліміздегі барлық ақша- несие жүйесін реттеущі ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қалма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эммисиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдердің Орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен  қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.

Ұлттық банк-бұл эммисиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай-ақ ақша - несие және валюта саясатын анықтайды.

Ұлттық банк-оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және президентіне есеп береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта-теңгенің ішкі-және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикамда қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қалдағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.

Эмиссия-мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіден банктерден қарыз алуан ынталдандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді.

Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасының өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.

Айналыстағы ақша массасының реттеудің біршама ыңғайлы әдісі-ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша эмиссиясының тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады яғни, қағаздар сатып алады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «банктердің банкі» қызметін атқарады, яғни комерциялық банктер резервін сақтайды, оларға қарыздар  береді қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез-келген операциялар-валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады.

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »// оқу құралы, Алматы, «Эканомика» 2000 жыл

2. С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілиас «Банк ісі»// оқу құралы, Алматы «Эканомика»2004 жыл

3. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер»// оқу құралы Алматы «Эканомика»2001

4. «Ұлттық банкінің 2004-2006 жылға  арналған ақша-несие саясатының көрсеткіштерінің болжамы» // Егемен Қақақстан, 25 сәуір, 2004 жыл

5. Әбдіәзиз алдаберген «Мақсат – инфляциялық үдерісті тежеу» // Егемен Қазақстан, 14 мамыр 2006 жыл

6 №017 Баспасөз реализі «Инфляция» // Банки Каахстана, №8, 2004 жыл

7. Асқар Елемесов «Ұлттық қардыңерекшелігі және оның жұмыс істеу перспективалары» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз 2003 жыл

8. «Ұлттық қорды өнімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері» // Егемен Қазақстан, 14 маусым, 2003 жыл

9. С.Кемелбеков «Қор активтерінің құрылымы» // «Қаржы және қаражат»№6 2004 жыл

10. Қ. Жарылқасынов «ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты туралы» // «Қаржы және қаражат»№7, 1999 жыл

11. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға есеп беруі//1997жыл

12. kk.wikipedia.org.kz               

13. www.nationalbank.kz.

14. news.nur.kz.

15. referatkaz.kz

16. westudent.kz

17. magistr.kz.

 


 



Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары