Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4

1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары 8

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері 15

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау

2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын талдау 19

ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау 23

2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара байланысын талдау 31

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері 37
Қорытынды 42

Пайдаланылған әдебиеттер 45
Қосымша кесте

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс ҰБ.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                           4

 

1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде                

 

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары                                                                                                              6     

 

    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары   8 

 

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері                    15

 

2 Қазақстан  Республикасының  банк жүйесіне талдау                                      

 

2.1 Ұлттық Банктің қаржылық  жағдайын талдау                                                19                                      

 

    1. ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау                                                        23

 

2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара  байланысын   талдау                                                                                                                    31

 

  1. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары

3.1 Ұлттық  қордың  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттері                                    37

Қорытынды                                                                                                          42

 

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                                 45

Қосымша кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше  орынға ие және экономикалық  басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару  құқықтарына ие "банктердің  банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы  тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.

Қазақстан Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мемкеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды.

Ол республикадағы банк  жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы  Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының  Ұлттық  банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы бойынша  жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Қазақстан Ұлттық  банкі Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін  жүргізетін барлық банктердің, бантік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер  шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің  хабаршысы”, ”Вестник Нацианального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктік құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар және сєйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.           Заңның  9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қоры 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттардың есебінен құрайды  республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық  банк тапқан пайдадан аударымдар.          

Жұмыстың  мақсаты  шетелдегі және  еліміздегі  Орталық банктің қызметі даму  ерекшеліктерімен талдау және қаржылық  жағдайына  талдау жасау.

Жұмыстың құрылымы:  кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

1 Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде

 

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органы

 

Ұлттық банкінің басқару  құрылымы  мен қызметін  ұйымдастырудың  мәселелері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» Ережесі  негізінде анықталады. Ұлттық  банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы  төменгі   сызбада көрсетілген.  Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен  басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мөшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді:    

- мемлдекеттік ақша несиелік  саясатын жасайды;                

-Ұлттық банк шығарған, банктер  ісіне қатысты нормативтік актілерді  бекітеді;  

-Парламент бекіткен тұжытым  негізінде банкноттар мен монеталардың  номиналдық құнын және әшекейлік  пішінін бекітеді;

-Ұлттық банкінің банктермен  және Қазақстан Республикасының  бюджеті мен операциялары бойынша  пайыздық мөлшермен бекітеді;

-Қазақстан Республикасының валюталық  айырбас бағамын анықтау тәртібін  белгілейді;

-сыртқы резервтерде сақтауға  алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;

-Ұлттық банкінің жұмысы туралы  есеп береді, жылдық жиынтық балансты  қарастырады;

-Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді  және Ұлттық банк департаментінің  директорларын тағайындайды;

         -банктер  және олардың филиалдары үшін эканомикалық нормативтерін   бекітеді.

         -Басқарма  шешімдерін басқарма қаулылары  формасында жүзеге асырады.                 

          -Басқарма  мәжілісі қажет кездерде немесе  айына бір рет өткізіледі.       

Кезектен тыс мєжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың   мүшесінің талабымен өткізіледі.

       Ұлттық банк  төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен  алты жылға сайланады.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық  және басқа да ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасасуға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіліктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының  бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады. 

Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мєселелер бойынша шешім қабылдайды.

Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарына келесідей: ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырылады.Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

Директорат – жоғары атқарушы орган.Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталқ операцияларды, валиюталық операциялрды жүзеге асырады.

         

 

1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары

 

   Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
  • банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
  • банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
  • Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;           
  • Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
  • банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
  • бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
  • ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің  қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу  және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен  байланысты  операциялар  жүргізеді.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары