Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4

1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары 8

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері 15

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау

2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын талдау 19

ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау 23

2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара байланысын талдау 31

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері 37
Қорытынды 42

Пайдаланылған әдебиеттер 45
Қосымша кесте

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс ҰБ.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

         Тартылғын  қаражаттар құрылымындағы депозиттердің  өсуіне сондай-ақ 2001 жылы Қазақстан Республикасында жүргізілген рақымшылық шаралары да ықпал етті. Соның нәтижесінде заңсыз экономикалық айналымнан 480 млн АҚШ долларында азаматтардың арнайы шотына салынып, олардың 55 пайызы әртүрлі депозиттерге орналастырылды.

Қазақстандык банктер қазіргі кезде халықаралық қарыз құралдарының нарығынан синдицирленген займдар тарту, облигацияларын шығару және активтерін секьюритизациялау арқылы ресурс тартуда белсенділік танытуда. Әрине, мұндай шаралар банктердің ұзақ мерзімді қарыздар тартуға мүмкіндік жасаумен қатар, банк міндеттемелері мен активтері арасындағы уақыт бойынша алшақдықты қысқартады.

Заемдық капиталының сыртқы нарықтарында банктердің белсенділік көрсетуі банк секторының ел тәуекеліне ұшырау қаупін күшейтіп жіберді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агентгігі меншікті капиталдын, жеткіліктілігі есебін, оның ішінде ел тәуекелін ескеруді көздейтін екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесі мен нормативтік мәні туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтканда, бейрезиденттің кредиттік рейтингіне қатысты банктің кредиттік тәуекел есебін кездейтін резидент емес ұйымдарға қатысты мейлінше жоғары талаптар енгізілді.

        Сонымен қатар «Standard & Poor's» агентгігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы болмаған резидент еместерге қойылатын талаптар 100% орнына 150% бойынша сараланады.

Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі


Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Таза пайда млрд теңге

7,1

7,4

20,6

30,1

34,9

53,1

127,5

266

ROA, %

1,3

0,9

1,8

1,8

1,2

1,8

1,4

2,3

ROE, %

7,3

6,1

12,8

13,5

9,2

14,1

14,6

18,6


 

 

2.3 ҚР бірінші және екінші  деңгейлі банк жүйесінің өзара  байланысын  талдау

 

         Қазақстан  Республикасының екінші деңгейдегі  банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.

        Лицензияның  өзіндік стандартты нысаны бар  және онда коммерциялық банктердің  айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның  дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

           Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік 0атынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

          Сонымен  қатар, екінші деңгейдегі банктер  бағалы металдармен операцияларды  жүзеге асыруға арналған лицензия  алады. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес                                  Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға рұқсат алу;
  2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті занды және жеке тұлға ашуға құкылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін өтініші;
  • құрылтайшылык шарт (түпнұсқа);
  • банктің жарғысы (түпнұсқа);
  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
  • құрылтайшылар туралы мәліметтер;
  • құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
  • егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: онын. жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымнын, қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардын, орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — біржылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
  • жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
  • жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын калыптастыру жоспары;
  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
  • нотариалды түрде куәландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.

Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық кадағалау агентгігінің банк ашуға берген рүқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап, бір жылғадейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық-техникаяық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық Банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарьща аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатгы беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік — мемлекетгің бағалы қағаздарымен;
  • дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
  • кастодиандық;
  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен катар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:

  • Филиал ашуға рұқсат алу әтініші;
  • Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
  • Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады..

Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу етініші;
  • өтініш жасаушы банктің, кұрылтайшылық құжаттары;
  • Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік amy туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
  • өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған

лицензиясынын. барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

  • аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
  • өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
  • өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсіткіштері, (% бойынша)

 


Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Қызмет көрсетілмейтін несиелер (несиелердің жалпы сомасынан)

2,1

2,1

2,0

2,1

2,9

2,2

1,6

1,5

Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялар:

               

- несиелердің жалпы сомасына

4,5

4,7

5,4

6,2

6,7

5,6

5,0

5,0

- жіктелген (күмәнді жөне үмітсіз) несиелердің жалпы сомасына

19,5

15,1

20,6

15,8

15,3

13,4

10,5

9,2

Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2)

25,7

18,6

17,7

17,2

16,9

15,9

14,5

14,4

Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4)

1,0

0,8

0,8

0,9

1,1

1,0

1,5

1,6


         Банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсеткіштеріне жоғары кестеде берілген көрсеткіштер жатады. Ондағы банк активтерін басқаруда ең маңызды көрсеткіш ретінде қызмет көрсетілмейтін несиелердің (үмітсіз) үлесі 2006 жылы 2,1%-ды құраса, ал 2013 жылы 1,5%-ға дейін төмендегендігін көруге болады.

         Несиелер  бойынша залалдарға құрылған  провизиялардың берілген несиелердің  жалпы сомасына қатысты үлесі 2006 жылы 4,5%-ды құраса, ал 2013 жылы 5%-ға дейін ескен, ал олардың жіктелген (күмәнді жене үмітсіз) несиелердің жалпы сомасы 2006 жылы 19,5%-ды құраса, ол керсеткіш 2013 жылы 9,2%-ға дейін төмендеген. Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің (к2) мәні (нормативтік мөні 0,12) 2006 жылы — 25,7-ден 2013 жылы 14,4-ке дейін азайған, оның себебі банктер активтерінің өсуіне капиталдың өсуін тек қана пруденциалдық норматив деңгейінде қолдауымен сипатталады. Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік коэффициентінің (к4) мәні (нормативтік мәні 0,3) 2006 жылы — 1,0-ден 2013 жылы 1,6-ғадейін артқандығы байқалады.

Банк жүйесінің жай-күйі көбінесе банктердің меншікті капиталының көлеміне байланысты. Оғаны қатысты іс жүзінде әлемнің көпшілік елдерінде барлық пруденциялық нормативтер есептелінеді.

Біздің ел сияқты дамушы елдердін банк жүйесінің өзіндік ерекшеліктері, ондағы банктердің капиталдану деңгейінің төмендігімен сипатталады. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев соңғы үш жылдағы қаржыгерлердің конгресінде көтерді. Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда.

 

 

 

 

3 ҚР Ұлттық Банкінің жұмыс істеу перспективалары

 

3.1 Ұлттық  қордың  негізгі  мақсаттары  мен міндеттері

 

 Ұлттық қор Қазақстан Республикасының  Президентінің жарлығына сәйкес 2000 жылғы тамызда құрылды. Қорға алғашқы түсімдер 2001 жылғы мамырда “Теңізшевройл”БК-на акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тастаудан есептелді. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың активтері 3,7 млрд. Доллардан асып  түсті, бұл ЖІӨ-нің 10,5%-на тең. Ұлттық  қорды құрудың негізгі себептерінің бірі “голландық күйзеліс” деп аталатын көріністердің алдын алу қажеттігі, сондай-ақ шикізатты өндіру және сатудан түскен кірістерді уақытқа неғұрлым әділ бөлу болды. ”Голландық күйзеліс” табиғи ресурстарды сатудан елге шетел валютасының едәуір келуі салдарынан Ұлттық валютаның айырбас бағамының нығаюынан көрінеді. Нәтижесінде шикізат өндірмейтін салалар импортпен бәсекеге түсе алмайды және күйзеліске ұшырайды. Алғаш рет осындай нәтиже Нидерландыда 80-жылдардың басында болған. Қазақстан экспортының басым бөлігін шикізат, ал шетел валютасының негізгі келуі оның экспортымен не шикізат өндіретін салаларға инвестициялармен байланысты екенін ескерсек, біздің еліміз таяу перспективада осы проблемаға кездесуі әбден мүмкін еді. Оның дұрыс шешімі, әлемдегі тәжірбие  көрсеткендей тұрақтандыру қорларын құру болып табылды.Қазақстан Ұлттық қорды құру кезінде осындай қорлары бар елдердің тәжірибесі кеңінен зерделенді. Қазіргі уақытта шикізат ресурстарының бай қоры бар және оларды белсенді түрде экспортқа шығаратын көптеген елдердің немесе олардың жекелеген аймақтарының тұрақтандыру қорлары  бар, мәселен Аляска  штаты, Норвегия, Чили, Кирибати, Венесуэла, Кувейт, Канаданың Альберта шет аймағы және басқалары. Мақсаттары және басқару саласы бойынша неғұрлым қолайлысы - әлемдегі ірі қорлардың бірі – Норвегия мұнай қорының тәжірибесі болды.Қазақстан Ұлттық қорының алдында  екі мақсат бар, ол – тұрақтандыру және жинақтау. Бііріншісі мұнайға әлемдік бағаның тұрақсыздығынан тұтастай алғанда Қазақстан эканомиикасының және  атап айтқанда мемлекеттік бюджеттің тәуелді болуының төмендеуін білдіреді. Бұл мұнай бағасы жоғарылаған кезеңде жоспарланған көрсеткіштерден асып түсетін бюджеттік кірістердің бір бөлігінің   қорға түсетінін болжайды. Және керісінше, әлемдік баға бір барелль үшін 19 доллардан төмен түскен кезде Ұлттық қордан шығыстардың белгілі бір деңгейін қолдау үшін бюджетке ақша аударылатын болады. Екінші мақсат мемлекеттің жинақталған қаражатын қалыптастыру және қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының арасында мұнай  кірістерін неғұрлым біркелкі бөлу болып табылады. Шикізат секторы кәсіпорындар салықтарының алты түрі бойынша жоғары түсім қорға есептелді. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұдан басқа, Үкімет шикізат секторының әрбір ұйымы үшін қандай нақты салықтар бойынша Ұлттық қорға жоспардан тыс түсімдер есептелетнін анықтайды.  Алғашқы уақытта тізбеде 12 ұйым болды, оған Қазақстанның 9 мұнай және 3 металлургия кәсіпорындары кірді. Кейін 2002 жылы оған 2 мұнай компаниясы қосылды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату мүмкіндігін беретін Жер кодексін қабылдағаннан кейін оларды сатудан түскен ақша да Ұлттық қорға есептелетін болды. 2005 жылдан бастап күшіне енген Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорға тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер есептелетін болды.Құрылған сәтінен бастап қазіргі уақыт аралығында Ұлттық қор қаражатын жұмсау мақсаты  қатаң шектелді. Олар тұрақтандыру фунцияларын орындауға, оның ішінде мұнай бағасы төмендеген кезде бюджеттің шығынын өтеуге, қорды басқару  және жыл сайын аудит жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады. Бұдан басқа, Ұлттық қордың қаражаты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Республикалық бюджетке жіберілуі мүмкін.Ұлттық қорды басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. Осыған байланысты Үкімет және Ұлттық банк 2001 жылғы маусым айында Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. Шартқа сәйкес Үкімет қорды Ұлттық банк  20 жылға сенімгерлік басқаруға өткізді, ал Ұлттық банк Үкіметтің мүддесіне қорды оның активтерін түрлі қаржы құралдарына инвестициялау арқылы басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.Ұлттық банк 2001 жылғы маусымда әзірлеген және үкімет мақұлдаған инвестициялық стратегияға сәйкес қордың активтерін сақтау, олардың өтімділігінің жеткілікті деңгейін қолдау, сондай-ақ тәуекелдің қалыпты деңгейі кезінде ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету Ұлттық қорды басқарудың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау  үшін Ұлттық қордың активтері тұрақтандыру және жинақтау портфелінде бөлінді. Қордың тұрақтандыру портфелі активтердің жеткілікті деңгейін қолдау үшін қажет. Қордың тұрақтандыру портфелінің негізгі мақсаты  тәуекелдің қалыпты деңгейі кезіндегі  ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің неғұрлым    жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта активтерді тұрақтандыру және жинақтау портфелдері бөлу Ұлттық қор көлемінің 16% және 84% құрайды. Фунциясына сақтау, есеп айырысуды жүзеге  асыру, бухгалтерлік есеп жүргізу, сондай-ақ Ұлттық қор активтерінің кірістілігін кіретін кастодимян банкті таңдауға да көп көңіл бөлінді. Негізгі кастодияндық қызмет көрсетудің сапасы, сондай-ақ қосымша қызмет көрсетудің сапасы, спектірі мен құнды кастодиянды таңдау кезінде маңызды критерийлер болды. Ұлттық банк қазіргі уақытта бір ауқымды кастодиянмен жұмыс істейді. Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық қор активтерінің белгілі бір бөлігі сыртқы басқаруға өткізілуі тиіс. Қазір қордың активтерін басқарумен 9 басқарушы айналысады, оларда активтердің 61%-ы бар, ал Ұлттық банк қор активтерінің 39%-ын басқарады.  Ұлттық банктің құрылған сәтінен бастап  кірісі 11,70%-ға бағаланды, бұл оның әрбір жұмыс істеп тұрған әрбір жылы үшін орташа алғанда 3,65%-ға сәйкес келеді. Ұлттық қордың активтері  75,6 млрд. астам АҚШ долларын құрады және 9,3% өсті, оның ішінде шетелдік валютада 63,5 млрд. АҚШ долларын құрады және жыл басынан бері 9,8%-ға өсті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары