Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4

1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары 8

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері 15

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау

2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын талдау 19

ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау 23

2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара байланысын талдау 31

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері 37
Қорытынды 42

Пайдаланылған әдебиеттер 45
Қосымша кесте

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс ҰБ.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

 

2.2 ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау

 

Екінші деңгейлі банктер- жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.

Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына  қарай:мемлекеттік; акционерлік; жеке; пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік); аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының турлеріне қарай: әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер; маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

         ұлттық;

         аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

өнеркәсіптік банктер;

     сауда банктері;

      ауыл шаруашылық банктері;

     құрылыс банктері;

     басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

           филиалсыз;

      көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға,

 қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.

       Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Банктік сектордың кұрылымы 90-жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, 95-жылдың орта кезінен бастап, 2000 жылғадейін Халықаралық стандартқа өтуі барысында банктеріміздің саны бірден кысқарды, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.

2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 37 құрады, соның ішінде Алматы қаласында 32 банк, 31 филиал және 284 есеп айырысу-кассалық бөлімдер қызмет етеді.

        Жалпы банктердің 90%-ының бір ірі қалада болуы банк капиталының республиканың өзге өңірлерде дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр.

Біздің ойымызша, банктердің қатарында бүгінгі күні өңірлік банктер жетіспейді, қазіргі банктердің өңірлерде филиалдарын ұстауы аймақтардың экономикалық жағынан толық қамтамасыз ете алмайтыны сөзсіз, сондықтан ендігі жерде өңірлердің өз банктерінің ашылу мәселесін шешу қажет.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша 17 млн. халқы бар ел үшін 38 банк көптік жасайды екен. Банктердің көптігі банктердің бәсекелестігін арттыра түсетіндігін ескерсек, Үкіметтің «үлкен үштіктің»  банк нарығын монополияландыруы туралы айтылған сыны орынсыздау сияқты көрінеді. Әсіресе «үлкен үштіктің» банктік қызметтер нарығын монополияландыруы, олардың банктік топ құруымен тікелей байланысты болып отыр.

Еншілес банктердің немесе шетелдік банктердің қызмет етуінің біздің банктік сектордың дамуы үшін оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оң жағы ондай банктердің болуы бәсекелестікті тудыра отырып, банктің қызметтері мен операцияларының сапаларын арттыруға ықпал етеді. Яғни жаңа технологиялармен жұмыс жасауға ынталандырады. Ал теріс әсері бүгінгі күні олардың көбі, шетелден қарыз алуға жатысты бар мүмкіндіктерін пайдаланып, банктердің сыртқы қарыздарының өсуіне ықпал етуде.

2007—2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк секторы экономикалық өсу, халықтын, табысының, нақты сектор кәсіпорындарының несиелік қабілеттілігінің есуі жөне халықаралық капитал нарығындағы қаржы ресурстарынын, арзандауы жағдайында дамыды. Осы факторларға байланысты банктердегі халықтың салымдарының және банктердің жиынты0 активтерінің көлемінің өсуі негізделді және банктердің жоғары несиелік белсенділігі мен жалпы банк қызметі ауқымының өсу үрдісі айқындалды.

Отандық банктердің сыртқы экономикалық қызметін кеңейтудің бір жолы болып шетелдерде және ТМД елдерінде өкілеттіктері мен еншілес банктерін ашу болып табылады. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің 14 өкілдіктері республикамыздан тысқары жерлерде қызмет етуде. 

 


Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі

Көрсеткіштер

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

ЖІӨ, млрд теңге

3 250,6

3 747,2

4 612,0

5 870,0

7 453,0

10 139,5

13 315,2

               

Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

25,1

30,6

36,3

45,8

60,6

87,5

87,7

Несиелік қоржынның ЖІӨ-ге қатынасы, %

15,9

19,1

23,6

30,9

41,1

59,1

66,6

Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, %

3,8

4,3

5,1

5,9

7,9

11,5

13,4

Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

15,0

18,6

21,1

27,4

33,9

46,5

48,2


 

2007 жылдан бастап, экономикалық өсудің жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсуі ықпал еткендігі белгілі. Банк активтерінің өсуіне келсек, олардың өсуі экономикаға және жеке тұлғаларға берген несиелер көлемінің артуымен байланысты болды.  2007 жылдан бастап, 2013 жылдың 1 каңтарына дейін банктік сектордың активтерініц ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2007 жылдан бастап, 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9% -дан 66,6%-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.

2007 жылдан 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін банктердің меншікті капиталының ЖІӨ-гі үлесі де 3,8%-дан 13,4%-ға артып, шамамен 3,5 есе өскендігін байқауға болады. Меншікті капиталдың артуына біріншіден, банктердің активтерінің өсуіне қарай жеткілікті мөлшерде норматив бойынша капитал деңгейін ұстау қажеттігі себеп болса, екіншіден банктердің субординирленген қарыздарының артуы және олардың кейбірінің шетелдік нарықта өздерінің бағалы 0ағаздарын ІРО-ға шығаруы да ықпал етті. Ал депозиттерге келсек, олардың да ЖІӨ үлесі 2002 жылдан бастап, 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін 15,0%-дан 48,2%-ға, яғни 3,2 есе артып отыр. Банктердегі клиенттердің депозиттерінің өсуі де халыктың табыстарының артуымен, яғни олардың артық ақша көлемінің пайда болуымен тікелей сипатталады.

Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктігінің серпіні:


Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Жиынтык меншікті капитал, млрд тенге, о.і.:

97,6

122,1

161,2

223,5

346,8

587,2

1168,6

1781,8

1-деңгейлі капитал, млрд теңге

68,9

90,7

110,6

153,3

229,1

368,4

816,5

1 283,7

2-деңгейлі капитал, млрд теңге

32,7

35,4

55,7

87,9

128,4

218,7

385,4

560,9

3-декгейлі капитал, млрд теңге

           

1,5

1,5

I деңгейлі капиталдың барлық

0,11

0,11

0,9

0,11

0,08

0,08

0,09

0,11

 активтер сомасына қатынасы (к1)

               

Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан 
активтерге және баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (к2)

0,26

0,19

0,18

0,17

0,17

0,16

0,15

0,14


 

Кестеден көріп отырғанымыздай банктеріміздің меншікті капиталы соңғы жылдары онша қатты өспеген. 2012 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ АҚШ-тағы банк капиталының ЖІО-ге қатысты шамасынан 10 есе немесе Шығыс Еуропа елдерінен 35 есе, ал Германиядан 25 есе кіші болып келеді.

Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан шамамен 10 есе үлкен болып келеді.

Банктер капиталының төмеңдігінің, біздің ойымызша мынадай себептері орын алуда, атап айтсақ соңғы жылдары пруденциялдық нормативтер қатарындағы жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің 2 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін төмендетілуі, банктердің ағымдағы пайдасын капиталды өсіруге жұмсағаннан гөрі, оның құрылтайшылары арасында белінуі, бағалы қағаз нарығының дамымауы, яғни банктердің қосымша акцияларды эмиссиялау және оларды орналастыру мүмкіндігінің шектеулігі және т.с.с.

ҚР-ғы ЕДБ-дің жарғылық капиталдырының серпіні, млрд.теңге


Бүгінгі банктеріміздің меншікті капиталын ұлғайту көзі ретінде тек қана акцияларды шығару амалы қалуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі банктеріміз өздерінің акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенітігі тарапынан күмән туғызуы мүмкін.

Банк активерінің ЖІӨ-ге қатынасы 2005 жылдың 20,3% құраса, 2012 жылы оның көлемі 87,7% мөлшеріне дейін ескендігін көреміз. Банк активтері өскен сайын банктің капиталы да сәйкесінше өсуге тиіс. Әрине активтердін, ЖІӨ-ге қатысты мөлшері 4 есеге артқан.

Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы 2005 жылдың 3,7% құраса, 2012 жылы оның келемі 13,4% мөлшеріне дейін 3 есеге өскен.

Бұл жерде активтерге қарағанда меншікті капитал көлемінің баяу өскендігі байкалады. Оған себеп, меншікті капитал өсуіндегі қиындықтардың орын алуы. Атап айтсақ, банктердің негізгі бөлігі акционерлік банктер, яғни олардың акцияларын шығарып орналастыруда бағалы қағаздар нарығының тиісті деңгейде дами алмай отыру себеп болуда.

Банк ресурстарының өсуі банк активтерінің, соның ішінде табысты активтерінің артуына септігін тигізді. Экономикадағы қаржылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін банктер қаражат тартуға тиіс. Банктердің жиынтық активтеріне қатысты олардың міндетгемелері де өсіп отыр. Банктердің экономикаға қызмет етуін қамтамасыз ететін ресурстарға банктің тартылған қаражаттары жатады.

Банктің тартылған қаражаттары да банк активтерімен қатар өсуде. Бұл жерде банктің тартылған қаражаттарының ішінде депозиттердің өсуі байқалады. Банктің тартылған қаражаттары  2000  жылдан бастап алғанда бүгінгі күнгедейін 20 есе артып, 2007 жылдын,маусым айына 8715,4 млрд теңгені құраған.

          Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтын, сенімінің артуын соңғы жылдардағы банктердегі депозиттер көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2011 жылы 3480,7 млрд теңгені құрады. Ал депозиттердің ЖІО-ге қатынасы 2005 жылы 11,3% және 2011 жылы 39,1%-ға дейін өскен.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары