Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:40, курсовая работа

Описание работы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4

1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары 8

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері 15

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау

2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын талдау 19

ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау 23

2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара байланысын талдау 31

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері 37
Қорытынды 42

Пайдаланылған әдебиеттер 45
Қосымша кесте

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс ҰБ.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының  Президентіне  жүктеледі.   

  Ұлттық банк Қазақстан Республикасының  валютасын шет ел мемлекеттерінің  ақша бірліктеріне айырбастау  бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.       

    Қазақстан Республикасында  ақша банкноталарын өндіру және  коммєрциялық банктерге инкассациялауға  лицензия беру бойынша өз күштерін  енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шек қойылмайды.

Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы                      қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша   түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталармен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды.

Депозиттік банктердің эмисиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл  операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сєйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспондеттік шотында сақталынуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.

Артық резервтер бұл банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие  саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының қеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені  міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарынң көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қома-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл – айналымдағы қома-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқан мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикаға айналу жылдамдығына әсер етеді, мултипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар.

Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда - 68,5%, Германияда – 64,5%, Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды.

Ақша несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар, несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты.

 

2014-2016 жылдарға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

 

Көрсеткіштер

2014

2015

2016

Базалық инфляция

4,8-5

4-5

6-8

жылына орташа, %

5

5

7

Инфляция (ТБИ)

     

жылына орташа, %

5 – 7

4 – 6

4 – 6

Қайта қаржыландыру

     

жылдың соңына, %

6 – 6,5

6,0

5,5

ҚҰБ жалпы алтын валюта резервтері

     

Миллион АҚШ доллары

51,56

5679

6438

Өзгерістер, %

6,3

10,1

13,4

Ақша базасы

     

Млрд. тенге

411

495

574

Өзгерістер, %

31,6

20,3

16,1

Ақша массасы

     

Млрд. Тенге

1325

1607

1898

Өзгерістер, %

     

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері

     

Млрд.тенге

972

1183

1407

Өзгерістер, %

12,5

13

14

Экономикаға беретін банктің несиелері

     

Млрд.тенге

1225

1520

1844

Өзгерістер, %

30,3

24,1

21,3

Жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме, %

9,0 – 10,5

8,0 – 9,5

7,0 – 9,0

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиелер бойынша орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

12,0 – 13,5

11,0 – 13,0

10,0 – 12,0


 

2014– 2016 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны –6,0-8,0% дәлізінде сақталуы күтілуде.

 

 

 

1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық банктердің даму ерекшеліктері

 

        АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр. 
ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.                          
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады. 
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа   ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес. 
Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі – ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс. 
Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады: 
1) олар орталық банктер болып саналады; 
2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді; 
3) «банктердің банкісі» 
АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. 
Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк   қаласының   Федералдық Резервтік Банкісі. 
Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады. 
Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. 
ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады.   Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал   басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады. 
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады. 
Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма. 
           Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі.     Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған. 
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек. 
1971 жылдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды. 
Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек. 

 

2 Қазақстан  Республикасының банк жүйесіне талдау

 

2.1 Ұлттық банктің қаржылық  жағдайын талдау

  

          2012-2014 жылдардағы экономика өсуінің жоғарғы қарқыны мен Қазақстанның беделді халықаралық институттар берген жоғары инвестициялық рейтингі өндіріске қалыпты инвестициялар салу үшін ақша қаражатының жеткіліксіз болуына қатысты уайым тудырмайтын сияқты.

      Шынында да, 2012-2014 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің көлемі 11,8%-ға өсті және 10,1 трлн. теңгеден асты немесе ЖІӨ-нің 16 пайызын құрады. Банктердің жеке қаражаты мен жиынтық активтері бірнеше есе артты. Жеке капитал қазір 1 млрд. АҚШ долларын құраса, жиынтық активтер 7,3 млрд. Ақш долларынан асты немесе бұл көрсеткіштер  сәйкесінше ЖІӨ-нің 4 пайызы және 30 пайызына тең. Бұл қазақстандық банк жүйесіндегі капитализациялау деңгейінің артқанын білдіреді. Бұл көрсеткіштер Ресей мен басқа ТМД елдеріндегіден әлдеқайда жоғары болып шықты да, халықаралық инститтутардың  қазақстанға жоғары инвестициялық рейтинг беруіне мүмкіндік берді.

      Әрине, көпшілік қауым  нақты экономиканың, соның ішінде  материалдық өндіріс саласының  дамуына қажетті қаражат салуға  немесе беруге  Банк жүйесі  белсенді және ауқымды түрде қатысады деп үміттенді. Шындығында солай болды. 1998-2002 жылдары нақты нақты экономикаға бөлінген несиелер көлемі 7,5 есе артып, ЖІӨ-нің 18 пайызын құрады. Бұл салада 2000-2001 жылдары күрт өзгерістер болып, нақты экономикаға несие беру көлемдері сәйкесінше 85,6 пайыз және 77,3 пайызға көтерілді. Мұнымен бір мезгілде 2001 жылы нақты экономикаға бөлінетін несиелердің құрылымында маңызды өзгеріс болды: бірінші рет орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 2001 жылы 20,8 пайыздың 49,2 пайызға қатынасымен және 57 пайыздың 43 пайызға қатынасымен қысқа мерзімді несиелердің үлесінен асып түсті. Бұл негізгі қаражатқа, экономикаға бөлінетін несиелерге салынатын иевестициялардың жандан түскен сипатын көрсетеді.

Банк секторының несие портфелінің жағдайы жақсарды. Сонымен,                2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі жыл басындағы 36,7%-ға қарағанда жалпы несие портфелінің көлемінен 35,0%-ға дейін төмендеген.


Алайда, несиелердің өсу шамасы мен қарқындары нақты экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр. Нақты, айтқанда, бөлінген осы несиелердің көлемі, әсіресе қазір ЖІӨ-нің 10,2 пайызын құрайтын орта және ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 3-4 есе артып, ЖІӨ-нің 50 пайызын құрауы керек.

  Мақсатқа жеру механизмдерінің бірі – акционерлік қоғамдардың жарғылық қаражатының ең кіші мөлшерін айқын немесе қызметтің қаупі жоғары, ал ашық қор биржасында ұсақ акционерлердің қаражатын, яғни негізгі капиталды тарту тиімді болатын деңгейге дейін көтеру болатын еді. Өкінішке қарй, «Акционерлік қоғамдар туралы» жаң Заңда бұл мәселе парламент депутаттарының «көлеңкелі» түрде жұмыс істейтін формальды акционерлік қоғамдардың мүдделерін көздеуіне байланысты жартылай ғана шешіліп отыр. Мәселенің өзектілігі сол күйінде қалуда. Сөтсек те, акционерлік қоғамдар арасында жасалған сұраныстарға, оладың кейбірінің басшыларымен өткізілген сұхбаттарға қарағанда, олардың өздері де жарғылық қаражаттың  ең кіші мөлшерін 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде құрауда ешқандай қиындық көрмейді. Әрине, бір жағынан сыбайластықты, салық төлеуден қашқақтауды, «лас» ақшаны «жууды», компания қызметінің айқын болмауын баса айтып, оларға таңба тақса, екінші жағынан қоғамымызға, әсіресе аймақтық және кәсіпорындық деңгңейлерде барынша сіңіп қалған осындай заңсыз құбылыстармен іс жүзінде күресуге бағыттыалған іс шаралардың алдын кес- кестейді.

  Банк активтерінің жедел  өсіп отыруына қарамай, капитализациялау  деңгейі нақты экономиканы, соның  ішінде материалдық өндіріс саласын  тұтастай несиелеу үшін жеткіліксіз  болып отыр. Қалыпты нарық экономикасы жағдайындағы жеке қаражаттың деңгейі ЖІӨ-нің 4 пайызы болмай, кемінде 15- 20пайызын құрауы керек, ал активтердің көлемі кемінде 100 пайыз ЖІӨ болуы керек.   Екінші деңгейлі қазақстандық банктердің капитализациялау деңгейінің төмен болу себептері тұрғындар мен кәсіпкерлердің банктерге сенімнің жоғары болмауына және банктердің шектеулі даму стратегиясына әкеп тіреледі,. Шынында да, қол жеткен жалпы жинақтаулардың көрсеткіші шамамен ЖІӨ-нің 25 пайызы, ЖІӨ-дегі банктік депозиттердің үлесі бар болғаны 16 пайызды құрады. Оның үстіне мерзімді салымдардың құрылымында бір жылға дейін салынған депозиттер басым болып отыр, олардың да мерзімнен бұрын алынып қояр қаупі жоғары, соның нәтижесінде банктердің ірі жеке қаражаты мен ұзақ мерзімді қаражаты болмай отыр. Депозиттер мен несиелер бойынша банктік пайыздық мөлшерлемелер клиенттердің банк жүйесіне жасалатын салымдарының артуын көздемейді. Мерзімді салымдар бойынша банктің сыйақысы заңды тұлғалар үшін 5 пайыз, яғни әлі де жағымсыз, ал жеке тұлғалар үшін шамамен 11 пайыз, несие бойынша сыйақылар-заңды тұлғалар үшін 14-17 пайыз және жеке тұлғалар үшін 21-26 пайыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, айырмасы көп.

   Бірақ, мәселе тек осыған  ғана тіреліп тұрған жоқ. Ең  бастысы- өңдеу кәсіпорындары саласындағы табыс нормасы 4-6 пайыздан да төмен болған кезде, несиелер үшін төленетін сыйақының мөлшерлемесі заңды тұлғалар үшін 16-18 пайыз, ал жеке тұлғалар үшін 25 пайыз болды. Төрт жыл ішінде ақшаға деген ұсыныс 5 есе артты, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі үнемі төмендеп, бүгін 7,5 пайызды құрап отыр,ал, инфляция 6-8 пайыз төңірегінде болып отыр. Бұған қарағанда шағын және орта бизнестегі несиелік тәуекел деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін  деген қауіп барын білуге болады.

Несиелер үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуын тек бір ғана жайтпен-ақша несие нарығындағы бәсекенің төмен деңгейде болу арқылы түсіндіруге болады. Қазіргі осы уақытта нарықта 38 банк қызмет көрсетсе де, олардың көпшілігі әлсіз және бұл нарықта маңызды орын алмайды. Осы орайда банктерге ескерткім келетіні-несиелер үшін сыйақы мөлшерлері жоғары болатын уақытта шағын және орта бизнестегі тәуекел деңгейі де жоғары болып қала бермек.Сөйтіп, тәуекелшіліктітек шағын және орта бизнес кәсіпорындары ғана емес, кәсіпорындар үшін банктер де туғызады. Жүйенің негізін құрайтын   4-5 банкті есептемегенде, банк жүиесіндегі менеджмент  өзінің жоғары деңгейімен ерекшелене қоймайды. Сондықтан, шағын және орта бизнес өкілдеріне де банктерге үндеу жариялауға болатын еді. Бірақ, жалпы алғанда, бір жақтан банктер, екінші жақтан шағын және орта бизнес бір-біріне лайықты стратегиялық әріптестер болуы керек.Сондықтан, банктер бизнесмендерге кәсіпкерлік деңгейін көтеруге, оларға әр алуан сапалы  қызмет көрсетулерді ұсынуға, несие беру мен оларға қызмет көрсетуге, қарыздарды басқаруға, бизнес-жоспар жасауға байланысты жүйені жеңілдетуге көмектесіп, әр алуан сала бойынша әдістемелік қамсыздандыруды өздеріне алуы керек. Өкінішке қарай, бұл адамдар ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық даму жолдарын жасауға, Қазақстанның экономикалық моделін қалыптастыруға қатыспайды. Әзірге біздің жаңа мүмкіндіктеріміз осы мәселені шешу үшін тіпті де қолданылмайды. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк- мемелекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер» делінген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары