Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2015 в 17:55, реферат

Описание работы

Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-Сыртқы-істер-министрлігі.doc

— 725.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы (Каспий теңізіндегі шекараны есепке алмаған кезде) 13 500 км. шамасында, оның ішінде:

- Қытай Халық Республикасымен  – 1 782, 75 км. шамасында;

- Қырғыз Республикасымен – 1 241, 58 км.  шамасында;

- Өзбекстан Республикасымен  – 2 150 км. шамасында;

- Түрікменстанмен – 426, 08 км. шамасында;

- Ресей Федерациясымен  – 7 591 км. шамасында.

Қазақстан сыртқы саясатының келесі өзекті мәселелесі шекаралық өзендер мәселесі.

Трансшекаралық өзендердің су-энергетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ОАӨ елдері ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізі – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үкіметтері арасындағы Сырдария өзені бассейініндегі су-энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы 1998 жылғы наурыздағы негіздемелік келісімді өңір мемлекеттерінің қабылдауына байланысты қаланды. Уағдаластық негізінде су қоймаларының жұмыс істеу режімдері, электр қуатының беріліс көлемі, энергия көздерінің жеткізілімі жыл сайынғы үкіметаралық хаттамалармен бекітіледі [27].

Нарын-Сырдария суқоймалары тізбегінің жұмыс режімін келісу үшін Сырдария өзені бассейні мемлекеттерінің сушаруашылық және энергетика саласындағы басшыларының мәжілістері шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Мұнымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірінің су тәуелсіздігінің және Шардара суқоймасының толып кету қаупін төмендетудің анағұрлым ұтымды және экономикалық ақталған шешімін іздестіру жалғастырылуда.

Екі жақты Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы кеңейтілуде. Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Үкіметтері 2000 жылғы қаңтарда Шу сондай-ақ Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланыстағы сушаруашылық құрылыстарын пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды.

Аталған келісім шеңберінде екі елдің мамандары су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, су объектілерін кешенді түрде бағалау және олардың жәй-күйін болжамдау жөнінде бірлескен шараларды әзірлеу әрі іске асыру мәселелерін қарайды, сондай-ақ суды пайдаланудың және суды бөлудің нормативтік көрсеткіштерін келісуді жүргізеді.

Шу мен Талас өзендері су әлеуетін тиімді пайдалануды арттырудың құралдарының бірі тұрақты жұмыс істейтін комиссия болып табылады, ол өз жұмысын жылына кем дегенде екі рет тұрақты түрде өткізеді.

Қазақстанның суға қатысты байланыстары Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) желісі бойынша да өңірдегі елдермен  артып келеді.

Аумағының бір бөлігі дағдарыс аймағында және Сырдария өзенінің төменгі сағасында орналасқан Қазақстан үшін Арал теңізі бассейнінің тұрақты даму принциптері айрықша көкейкесті. Осыған байланысты Қазақстан үшін су шаруашылығының өңірлік жобаларын төте қаржыландыру жолымен өңірдің трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану мәселелерін шешу айрықша маңызды. Донор елдердің және халықаралық қаржылық ұйымдардың өңірлік сипаттағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге қатысуының негізгі шарты – Арал теңізі бассейніндегі мемлекеттердің үлестік қатысуға дайындығы болып табылады.

Арал өңірінің қазақстандық бөлігіндегі жобалар мен бағдарламаларды іске асыру Арал жағалауы облыстарының әкімдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісімі бойынша Республика үкіметі жыл сайын бекітетін, басымдық берілетін объектілердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мәселен Қазақстанның ХАҚҚ-қа қосқан үлесі есебінен Арал теңізі бассейнінің бағдарламасы шеңберінде Арал жағалауындағы қазақстандық бөлікте 50-ден астам жоба іске асырылды.

Жобалар негізінен жергілікті жерлердегі минераландырылған жерасты суларын тұщындыру есебінен шалғайда жатқан ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, Сырдария өзенінің атырауындағы кеуіп қалған көлдерді толтыруға және каналдар құрылысын салу сондай-ақ гидротораптарды қайта жаңғырту жолымен жайлаулар мен шабындықтарға су жеткізуге, Арал теңізінің тартылып қалған табанында орман мелиоративтік жұмыстарын жүргізуге, мектептерде және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде кіші қазандық орнату арқылы ауылдағы елді мекендердің бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерін шешуге, елді мекендердің тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін су тасушы автокөліктермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қытаймен су қатынастарын реттеу Қазақстанның экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды болып табылады. Осы бағытта Қазақстанның негізгі міндеттері мыналар: өзеннің қажетті су балансын сақтау, трансшекаралық су ағындарының су ресурстарын бірлесіп пайдалануда және қорғауда ортақ ұстанымды әзірлеу, олардың ластануын және сарқылуын болдырмау.

Қазақстан аумағына Қытай тарапынан 24 трансшекаралық өзендер ағып келеді, оның алтысы Ертіс өзенінің бассейніне, жетеуі Іле өзенінің бассейніне, үшеуі – Еміл өзенінің бассейніне және сегізі – Барлық тауының кіші өзендеріне жатады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау ынтымақтастығы туралы келісімге 2001 жылы қол қойылуы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін негіз болып табылады, оған сәйкес трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі сарапшылардың Бірлескен Қазақстан-Қытай комиссиясы және жұмыс тобы құрылды.

Бірлескен комиссияның отырысы жылына бір рет тараптардың әрқайсысының аумағында алма-кезек өтеді. Бірлескен комиссия шеңберінде қазақстандық тарап шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы мәселені пысықтауда.

2004 жылғы қазанда Алматы қаласында екі жақты комиссияның екінші мәжілісі болды. Қытай тарапымен келіссөздер процесінің басты нәтижесі – Трансшекаралық өзендердегі апатты құбылыстар туралы тараптардың кідіріссіз хабарлауы туралы меморандумға қол қою болды.

ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Астана қаласына ресми сапары (2005 жылғы 4 - шілде) барысында жоғарыда аталған Меморандумның негізінде –  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Су шаруашылығы министрлігі арасында Трансшекаралық өзендердегі апатты құбылыстар туралы тараптардың кідіріссіз хабарлауы туралы  келісімге  қол қойылды.

2005 жылғы қазанда Шанхай  қаласында (ҚХР) Трансшекаралық өзендерді  пайдалану және қорғау жөніндегі  Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясының  үшінші мәжілісі болды, оның барысында қытайлық тараппен трансшекаралық өзендер саласында шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

ҚР мен РФ-ның мемлекеттік шекарасын 70-тен астам өзендер мен 20 көл кесіп өтеді, олардың негізгілері – Жайық, Есіл, Тобыл, Ертіс, Үлкен және Кіші Өзендер болып табылады.

1992 жылғы 27 - тамызда Орынбор  қаласында ҚР мен РФ Үкіметтері  арасында Трансшекаралық су объектілерін  бірлесіп пайдалану және қорғау  туралы келісімге қол қойылды, оның негізінде су объектілерін  бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстандық-ресейлік комиссия құрылды.

Комиссия шеңберінде трансшекаралық өзендердегі су ресурстарының мониторингінің жәй-күйі және нәтижелері, су ресурстарының жағдайына ықпал ететін кәсіпорындардың шаруашылық қызметін бірлесіп тексеруді жүргізу, су тасқынын өткізу, суқоймаларын толтыру және халықты сондай-ақ экономика салаларын сумен қамтамасыз етудің жағдайы мәселелері қаралады.

Осы уақытқа дейін Бірлескен комиссияның 14 мәжілісі өткізілді, олардың нәтижесінде соңғы жылдары екі жақты ынтымақтастықта елеулі прогреске қол жеткізілді. Консултациялар барысында трансшекаралық өзендер экологиясының мәселелеріне ерекше назар аударылады. 14-ші мәжілісте, трнасшекаралық су айдындары бассейніндегі ластануды азайту жөніндегі жүргізілген жұмыстардың деңгейін жеткіліксіз саналып, комиссия осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Комиссияның ұлттық бөліктері құрамына экологиялық, санитарлық, ветеринарлық, шекаралық, бақылау – қадағалау қызметтерінің (ведомстволарының) және ТЖА-ның өкілдерін қосымша енгізу қажет деп тапты.

Cу шаруашылығы саласында  бірлескен жобалар бойынша жұмыстар  жүргізілуде, олар: «Тобыл трансшекаралық  өзенінің суы сапасының мониторингі  және оны бағалау», «Ертіс өзені  су ресурстарын трансшекаралық  басқару».

Бїгінгі таѕда Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік шекарасын делимитациялау жјне демаркациялау Ќытай Халыќ Республикасымен єана толыќ аяќталєан.

Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік шекарасын халыќаралыќ-ќўќыќтыќ тўрєыдан ресімдеу жґніндегі жўмыс Ресей Федерациясымен, Тїрікменстанмен, Ґзбекстан Республикасымен жјне Ќырєыз Республикасымен жалєасуда. [11]

Жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді шешу жолдары Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23 желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында айтылған.

 

2-кесте. Ќазаќстан  Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ  Стратегиялыќ жоспарын іске асыру  бойынша ведомоствоаралыќ ґзара іс-ќимылды ќажет ететін іс-шаралар

 

N п/п

Стратегиялыќ маќсат

Міндет

Ведомствоаралыќ їйлестіруді ќажет ететін іс-шаралар

1

Мемлекеттік шекараны делимитациялау жјне демаркациялау

Ґзбекстан Республикасымен жјне Тїрікменстан мен ќўрылыќтыќ мемлекеттік шекараны демаркациялауды аяќтау, Ќазаќстан-ресей жјне ќазаќстан-ќырєыз мемлекеттік шекараларында демаркация жўмыстарын жїргізу

ЖРА - геодезиялыќ, гидрографикалыќ жјне топографиялыќ жўмыстарды ўйымдастыру, мемлекеттік шекараны демаркациялаудыѕ нјтижелері жґніндегі ќўжаттарды јзірлеу жјне басып шыєару, келіссґздерге ќатысу;

ЎЌК ШЌ (келісім бойынша) - мемлекеттік шекараны ќорєау, келіссґздерге ќатысу;

Шекаралыќ облыстар мен аудандардыѕ јкімдері - демаркация жўмыстарын жїргізуге жјрдемдесу, келіссґздерге ќатысу.

2

Каспий теѕізін тиімді пайдалану маќсатында оныѕ ќўќыќтыќ мјртебесін реттеу

Каспий теѕізініѕ ќўќыќтыќ мјртебесі туралы конвенцияныѕ жобасын келісу

Ќорєанысмині, ЎЌК, ЖРА, АШМ, ЭМРМ, Ќоршаєанортамині, Јділетмині, Ќаржымині, ККМ, ТЖМ - Каспий теѕізініѕ ќўќыќтыќ мјртебесі туралы конвенцияныѕ жобасын мемлекетішілік келісу, келіссґздерге ќатысу жјне олардыѕ ќўзыретіне жататын мјселелер бойынша ўсыныстар јзірлеу.


2-кестеден көріп тұрғанымыздай- ақ Ґзбекстан Республикасымен  жјне Тїрікменстан мен ќўрылыќтыќ  мемлекеттік шекараны демаркациялауды  аяќтау үшін, Ќазаќстан-ресей жјне ќазаќстан-ќырєыз мемлекеттік шекараларында демаркация жўмыстарын жїргізу үшін төмендегі іс-шараларды атқару керек:

Ґзбекстан Республикасымен жјне Тїрікменстанмен шекара белгілері баєаналарыныѕ ґзара орналастыру сызбасын, Ґзбекстан Республикасымен аралдардыѕ тиесілілігі кестелерін даярлау; (қосымша 4)

Шекаралыќ белгілердіѕ координаттар жјне биіктік каталогын жасау;

Жергілікті жерлерге мемлекеттік шекараныѕ ґту сызыєын бекіту;

ЖРА - геодезиялыќ, гидрографикалыќ жјне топографиялыќ жўмыстарды ўйымдастыру;

Мемлекеттік шекараны демаркациялаудыѕ нјтижелері жґніндегі ќўжаттарды јзірлеу жјне басып шыєару, келіссґздерге ќатысу;

ЎЌК ШЌ (келісім бойынша) - мемлекеттік шекараны ќорєау, келіссґздерге ќатысу;

Шекаралыќ облыстар мен аудандардыѕ јкімдері - демаркация жўмыстарын жїргізуге жјрдемдесу, келіссґздерге ќатысуы керек.

 

 

3.2 Жаңа қауіп-қатерлердің  алдын-алу саясаты

 

 

Республика қауіпсіздігі көршілес және жетекші елдердегі саяси экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз байланысты екендігі анық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегінде атап өткен: «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия аймағының қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Орталық Азияның қауіпсіздігін Орталық Еуразия қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі деп қарастырған жөн. Орталық Еуроазиаттық аймақ ғаламдық қауіпсіздік жүйесінің бөлігі болып табылатын еуроазиаттық қауіпсіздіктің бөлігі болуы керек. Осыған байланысты қауіп-қатер төндіретін барлық азимуттар бойынша, былайша айтқанда, «қауіпсіздік белдеулерін» жасау қажет», - деген сөзі арада жылдар өткенімен әлі де маңызды екендігін көрсетіп тұр [28,25-б.].

Ел Президентінің барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеу, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолындағы 2030 жылдарға дейінгі жолдауында «Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес», - деп атап көрсетілген. Бұл сөз қоғам мен мемлекеттік байланыстың қазіргідей дамып-пісіп, жетіліп келе жатқан кезеңінде өз маңыздылығын аңғартып тұрғандай. Жеке мен мемлекет мүддесінің ортақтастығы қашанда қауіпсіздік мәселесіне келіп тірелетіндігі сөзсіз. Ал қауіпсіздік мәселесі қоғамның әр мүшесінен де қырағылықты талап ететіндігі айтпаса да түсінікті [23].

Сондықтан Сыртқы Істер министрлігі Қазақстанға қауіп төндіріп отырған өзекті мәселелерді шешуге бар күш жігерін салып, аянбай еңбек етуде.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде терроризмге қарсы тұру басым бағыттардың бірі болып саналады.

Қазақстан барлық түрлері мен көріністеріндегі терроризмді қатаң айыптайды және бұл құбылыспен күресте әлемдік қауымдастықтың ұжымдық күш салысуын қолдайды, сондай-ақ БҰҰ ҚК Қарарларының талаптарын бұлжытпай орындайды және жыл сайын БҰҰ Контртеррористік Комитетіне атқарылған жұмыс жөнінде Ұлттық баяндама дайындайды. Халықаралық контртеррористік коалиция құру және оның қызметіне белсенді қатысу қолдау тапты. [7, 156-б.]

Информация о работе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі